Мәтінді теру және түзету ереже



жүктеу 32.1 Kb.
Дата29.04.2019
өлшемі32.1 Kb.
түріСабақ

Мәтінді теру және түзету ережелері.



Н.Қ.Хасенова

Ғали Орманов атындағы №7 мектеп –гимназиясының

информатика пәні мұғалімі

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділігі: 1. WordPad редакторында құжатты пішімдеу тақырыбы бойынша оқушылардың білімін тексеру, редактормен жұмыс жасау ережелері және сауатты теру дағдысына қалыптастыру.

ә) Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау қабілеті мен дағдысын дамыту, тақырыпқа байланысты суреттер салу, түрлі ойындар арқылы логикалық ойлау қабілетін арттыру.

б) Тәрбиелігі: Оқушыларды пәнге деген қызығушылығын арттыру, Отаншылдыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: практикалық сабақ

Сабақтың көрнекілігі: компьютер

Оқушылар білуі тиіс: Мәтіндік редактордың ортақ мүмкіндіктерін, мәтін элементтерін.

Оқушылар үйренуі тиіс: компьютерде мәтіндерді өңдеудің артықшылықтары мен кемшіліктерін, мәтіндік құжатты әр формада сақтауды.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесіп, олардың және сынып бөлмесінің сабаққа әзірлігін бақылап, оларды түгендеп, сабақ жоспарын хабарлау.

ІІ. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою.

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

«Ғажайып қоржын» ойыны.

Қоржын ішінде өтілген тақырыптар жазылған 10 сұрақ жасырылады.



1.WordPad қандай редактор?
2. Мәтіндік редактор дегеніміз не?
3. WordPad редакторының терезе элементтері қандай?
4. WordPad - ты қалай іске қосамыз?
5. Мәтінді не арқылы тереміз?
6. WordPad редакторында үнсіз келісім бойынша жұмыс бетінде жыпылықтап тұратын І тәріздес қандай белгі?
7. Мәтіндік редактордан қалай шығамыз?
8. Мәтін қандай өлшеммен жазылады?
9. Екі сөздің ортасына не қойылады?
10. Мәтін элементтеріне нелер жатады?

IV. Білімді өзектендіру

  1. Мәтін құрған кезде құжатта қандай белгі пайда болады? (азатжол белгісі).

  2. Оны өшіруге бола ма?

  3. Жаңа азатжолды қалай қоямыз?

  4. Жаңа жол қалай қосылады?

  5. Тыныс белгілері үшін қандай пернелер пайдаланылады?

  6. 3-5 бақылау сұрақтарына жауап беру, 7-тапсырманы орындау.

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Мәтінді пішімдегенде қате терілген мәтінмен не болатындығын көрсету(бос орындардың жоқтығы, жақшалар ашылғанда, тырнақшаларда) . Мәтінді енгізуде мәтін құжаттарының маңыздылығы туралы қорытынды шығару. Тәжірибелік тапсырма ретінде мәтін теруді ұсыну.



VІ. “Кім жылдам?” тақырыбына тәжірибелік жұмыс

  1. Берілген мәтінді теру ережелерін сақтай отырып теру, суреттер кірістіру .



  1. Ұқыпсыз теруші мақалдар мен мәтелдерді тере бастап, бәрін шатастырып алыпты. Терушіге қателерін түзетуге көмектесіңдер.

Жақтылықа жақылық-ісі әр кісінің,

Жамьандыққа жақсылық-ер кісінің ісі

тамырымен мықты Ағаш,

Адамн дос-жарымен мықты.

Аққыл көпке жеткізер,

Жеткізер Өнюер көкке.



VІІ. Сергіту сәті.

Сиқырлы пернелер
1. Shift - Бас әріп жазу үшін
2. Enter – төменге түсу үшін
3. Caps Lock – Бірыңғай үлкен немесе бірыңғай кіші әріппен жазады
4. Backspace – сол жақтағы символды өшіру үшін
5. Delete – оң жақтағы символды өшіреді
6. Num Lock – цифрды енгізу үшін
Жұмбақ шешу.

Стандартты программаның бұл түрі

Келтіреді мәтінге пішінді.

Жасайды ол мәтіндік құжатты,

Қолданамыз әр түрлі қаріпті.

( мәтіндік редактор)


VІІІ. Сабақты бекіту: Таңдалған деңгей бойынша тәжірибелік жұмысты компьютерде орындау.

Сұрақтар:



  1. Алмасу буферінен мәтіннің қанша көшірмесін қоюға болады?

  2. Алмасу буферінен басқа құжатқа бөлікті қоюға болама?

  3. «Қиып алу» және «Көшіру» бұйрықтарының арасында қандай айырмашылық бар?

IX. Сабақты қорытындылау. Тәжірибелік жұмыстарын тексеріп, бағалау.

X.Үйге тапсырма §21. Тақырыпты оқу, бақылау сұрақтарға жауап беру. «Өзіңді тексерді» орындау.
Каталог: uploads -> doc -> 0321
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
0321 -> Келді міне Жаңа жыл Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет