Методическая разработка открытого урока пән / предмет: Өнеркәсіптік электроника



жүктеу 108.72 Kb.
Дата04.01.2019
өлшемі108.72 Kb.
түріМетодическая разработка


«Қостанай облысы әкімдігінің білім баскармасы

КМҚК " Қостанай жоғары политехникалық колледжі"

КГКП "Костанайский политехнический высший колледж"

Управления образования акимата Костанайской области»

КЕЛІСІЛДІ / СОГЛАСОВАНО БЕКІТЕМІН / УТВЕРЖДАЮ

Директордың ҒЖЖ орынбасары/ Директордың ОІЖ орынбасары / Зам. директора по НМР Зам. директора по УР

______ _________________ ______ _______________

қолы Т.А.Ә. / Ф.И.О. қолы Т.А.Ә. / Ф.И.О.

____________________ ____________________

«____» ________2018 ж. «____» ________2018 ж.

АШЫҚ САБАҚТЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ӘЗІРЛЕМЕСІ /
МЕТОДИЧЕСКАЯ РАЗРАБОТКА ОТКРЫТОГО УРОКА
Пән / предмет: Өнеркәсіптік электроника

Тақырып / тема: Түзеткіштер туралы түсінік.Түзеткіштердің тағайындалуы және олардың құрылымдық сұлбасы

Топ / группа: Э - 6
Мамандық / специальность: 0911000 “ Электр және электрлі механикалық жабдықтарды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу
Әзірлеген оқытушы / разработал преподаватель: Мукат А.К.
ЦМК отырысында қарастырылды

№ ___ хаттама «__»_______2018 ж. /

Рассмотрено на заседании ЦМК

Протокол №____ от «___»___2018 г

__________ _________________

қолы Т.А.Ә.


Қостанай 2018

Ашық сабақтың әдістемелік әзірлемесі /

Методическая разработка открытого урока.

Күні / Дата 14.05.2018

Топ / Группа Э - 6

Пән / Предмет: Өнеркәсіптік электроника

Сабақтың тақырыбы / Тема занятия: Түзеткіштер туралы түсінік.Түзеткіштердің тағайындалуы және олардың құрылымдық сұлбасы Сабақтың типі / Тип занятия: Біріктірілген

Сабақтың мақсаттары / Цели урока:

Білімдік / образовательная: Студенттерге түзеткіштің құрылымдық сұлбасы, классификациясы, қоректену көзінің құрылымдық сұлбасы, жартылай периодты түзеткіштердің жұмыс істеу принциптері мен өндірісте түзеткіштің түрі қызметі мен таныстыру.

Дамытушылық / развивающая: Барлық салаларда электрлендіру кеңінен қолданылуын және электр энергиясының құнды қасиеттерін байланыстыра отырып, студенттердің таным белсенділігін арттыру.



Тәрбиелік:Студенттердің бойында электр қондырғыларын күтіп ұстау, өзін - өзі жетілдіруге талпыну,шығармашылық қабілетін дамыту, жауапкершілікпен жұмыс жасауға және ұқыпты тиімді жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс / Межпредметная связь: Электротехника және Электроника негіздері,Электрлік өлшеулер,Физика

Көрнекі құралдар / Оборудование: Слайд, анимациялық сұлба, жазбаша текст интербелсенді тақта.

Сабақтың барысы / План занятия

I.Ұйымдастыру кезеңі / Организационная часть:

Сәлеметсіздерме оқушылар! Қал жағдайларыңыз қалай?

Ал енді ашық сабағымызды бастайық. Студенттерді журнал бойынша тексеру, назарын сабаққа аудару. Студенттердің дәптер, қаламдарын, сыртқы келбетін тексеріп, оларды жаңа сабаққа ынталандыру.

Студенттерге сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.


II. Өткен материалды қайталау және тексеру / Опрос и проверка пройденного материала:

Ал енді өткен тақырып бойынша үй жұмысына дайын болыңыздар. Сіздер ауызша карточка бойынша жауап бересіздер.Тест жазуға дайындалып отырыңдар. Тесттерді арнайы телефон бағдарламасы quickkeyapp арқылы тексеремін. Бірінші топ мынандай сұрақтарға жауап беру керек:

1. Интегралдық микросұлбалар қайда қолданылады?

2. Интегралдық микросұлбалар қалай жіктеледі?

3. Гибридті сұлбалардың ерекшеліктері неде?

4. Жартылай өткізгішті интегралдық микросұлбаны қалай жасайды?

5. Интегралдық микросұлбалардың параметрлері?

6.Транзистор дегеніміз не?

7.Интегралдық микросұлбалардың басты кемшілігі?

8. Қолдануына қарай интегралды микросұлбалар қалай бөлінеді?

9.Диэлектрик деген не?

10. Конденсаторлардың сыйымдылығы формуласын көрсетіңіз?

Тест сұрақтарына жауап беру


  1. Электронды есептеу машиналарының құрамында қанша элемент бар?

  1. 157 жуық

  2. 107 шамасында

  3. 5  104 шамасында

  4. 126 астам

  1. Интегралдық микросұлбалардың басты кемшілігі -

  1. Параметрлерінің дәлдігігің төмен болуы

  2. Бағасы қымбат

  3. Берер қуатының аздығы

  4. Массасы және көлемі үлкен

  1. Интегралдық микросұлбаның бір текше сантиметр көлемінде орналасқан элементтердің санын не деп айтады:

  1. Жинастыру тығыздығы

  2. Интеграциялық дәрежесі

  3. Функциялық қолданымы

  4. Индуктиві паратметрі

  1. Қолдануына қарай интегралды микросұлбалар нешеге бөлінеді?

  1. 3

  2. 4

  3. 2

  4. 5

  1. Интегралдық микросұлбалардың басты артықшылығы -

  1. Қысымға шыдамдылығы

  2. Дымқылға қарсы тұруы

  3. Жоғарғы жылдамдығы

  4. Жоғарғы сенімділігі және өте үлкен еместігі.

  1. Интегралды микросұлбалар жасалу технологиясы бойынша нешеге бөлінеді?

  1. 3

  2. 4

  3. 2

  4. 5

  1. Элементтердің арасындағы изоляция міндетін р-түрлі қандай элемент аткарады?

  1. Литий

  2. Силиций

  3. Натрий

  4. Стронций

  1. Логикалық интегралды микросұлбалар дегеніміз не?

  1. Кіретін және шығатын сигналдар арасында шамамен пропорциалық тәуелділікке әкелетін микросұлбалар бар құрылғы

  2. Дараланған элементтері мен элементтер ара байланыстары диэлектриктің беткі қабатына жартылай өткізгішті материалдары қабыршақ (пленка) жолымен жалатылған құрылғы

  3. Бірнеше кірістері және шығыстары бар құрылғы

  4. Резисторлар, конденсаторлар мен индуктивті шарғылар төсеніштің үстіне әртүлі әдіспен жұқтырылатын қабық жартылай орнатылған құрылғы

  1. Үлкен интегралды сұлбалардың актив элементтерінің тығыздығы қанша болады?

  1. 10000-50000 эл/см3

  2. 20000-40000 эл/см3

  3. 1000-45000 эл/см3

  4. 15000-30000 эл/см3

  1. Егер микросұлбаның құрамында оннан жүзге дейін элемент болса қанша интеграциялық дәрежелі деп саналады?

  1. Үшінші

  2. Бірінші

  3. Екінші

  4. Төртінші

Learningapps бағдарламасы арқылы сөзжұмбақтарға жауап беру

1.n өткізгіштік не деп аталады?(Электрон)

2.p өткізгіштік не деп аталады?(Кемтиктер)

3. Ауасы жоқ орта не деп аталады?(Вакуум)

4. Екі электроды бар төртқабатты кремнийлік вентиль не деп аталады?(Динистор)

5. Электр тербелістерін күшейту мен генерация жасауға арналған және 3 облыстан тұратын кремний немесе германий платинасы болып табылатын шалаөткізгіш аспап не деп аталады?(Транзистор)

6. Екі электродты жартылай өткізгіш(Диод)

7. 5 электродты шам не деп аталады?(Пентод)

8. Электрондық - сәулелік түтікше қалай аталады?(Осциллограф)

9. Потенциалдар айырымын не деп атайды?(Кернеу)

10. Газразрядты құралдардың түрлері(Стабилитрон)

III. Жаңа тақырыпты өту / Изучение нового материала:

Жоспар / план.

Түзеткіш деп – айнымалы электр тоғын тұрақты тоққа түрлендіру. Әдетте, тоқты түзету – тоқ тек қана бір бағытта өтетін вентильмен іске асырылады. Қолданылатын вентиль типіне қарай вакуумдық, газразрядты, шалаөткізгіш және электр түйіспелі т.б түрлері бар. Түзеткіштің құрылымдық сұлбасы

Күштік трансформатор – (лат. transformo – түрлендіремін) – кернеулі айнымалы токты жиілігін өзгертпей басқа кернеулі айнымалы токқа түрлендіретін статикалық электрмагниттік құрылғы.

Вентиль – түзету үшін арнайы шығарылған жартылай өткізгішті диод .

Сүзгі (фильтр) - тегістейді, яғни түзетілген тоқтың айнымалы құрамын азайтады.

Жүктеме – қуатты тұтынатын қондырғы.

Түзеткіштердің топтастырылуы:

1. Түзету сұлбасы бойынша– бір жартылай периодты, екіжартылай периодты, көпірлік, көпфазалы және бірфазалы т.б

2. Түзеткіш элементің типі бойынша– шамдық, жартылай өткізгіштік, газотрондық және т.б

3. Түзетілген кернеудің өлшемдері бойынша – төмен кернеулі және жоғарғы кернеулі

4. Тағайындалуы бойынша –анодтық тізбектерді қоректендіру үшін, басқарылатын тізбектер және транзистордың коллекторлық тізбектері және аккумулятор зарядкалары үшін қолданылады.

Түзеткіштің жұмыс істеу принципі бір бағытта тоқ жүретін жүктеменің қорек көзіне қосылуын қамтамасыз етеді. Түзеткіш тоқ деп түзеткіштің жүктемесінде оң қысқышынан теріс қысқышына қарай жүретін тоқты айтады




Жарты периодты түзеткіш сұлбасы

Суретте ауыспалы кернеудің трансформатордан диодқа өтеді, диод ауыспалы токты бірполярлы токқа түзететін құрылғы. Диод негізінен токты бір бағытта ғана өткізетін болса, бұл сызбада ол оң жарты толқынды өткізеді. Екі жарты периодты сызбаның кемшілігі болып трансформатордың орамдарын екі есе көбейту қажеттігі болып табылады, сондықтан өндірісте көпірлік (мостовая) түзеткіш сызбасын қолдану кеңінен таралған.



Бір фазалы түзеткіштің көпірлік сұлбасы



Түзеткіштің көпір сызбасында кіріс кернеудің оң таңбалы жарты толқыны кезінде VD1 және VD3 диодтары ашылады да тізбектегі жүктемеде ток импульсі пайда болады. Кернеудің теріс таңбалы толқыны VD2 и VD4 диодтарын ашады, осы кезде жүктемеде ток импульсі жүреді. Қазіргі кезде түзеткіш сызбасында жеке диодтар емес көпір сызбасын құрайтын 4 диод жиынтығы қолданылады.


Трансформатордың өндірісте конструктивті түзеткіш сұлбасы.

1.Түзеткіш блогі

2.Ұстағыш

3.Сақтандырғыш

4.Аппаратура блогі

5.Желдеткіш

6.Тұрақты тоқ реле

7.Күштік трансформатор

8.Екі орамды трансформатор

9.Бір орамды трансформатор


IV. Бекіту / Закрепление:

1. Бірінші бөлікті learningapps бағдарламасы бойынша бекітеміз.

1)Түзеткіштердің топтастырылуын анықтау

2) Айнымалы ток графигінің элементтерін көрсету

3)Түзеткіштердің құрылымдық сұлбасын жалғау

4)Трансформатордың конструктивті сұлбасы элементтерін анықтау

Қорытынды тапсырма:

1.Үшке бөлінген топтар кестені толтырулары керек.


- Түзеткіштің жұмыс істеу принципі?




- Түзеткіш тоқ деп?




-Түзеткіштің түрлерін атаңыз?




-Түзеткіш деп?




-Түзеткіш вентиль типіне қарай қатарын көрсетіңіз




Түзеткіштің түзету сызбасына байланысты




Шағын видеоны қарап тестке жауап беру

1.Kahoot бағдарламасы арқылы тесттерге жауап беру


  1. Айнымалы электр тоғын тұрақты электр тоғына түрлендіруге арналған электр құрылғысын қалай атаймыз?

А. Түрлендіргіш

В. Айырғыш

С. Сақтандырғыш

Д. Түзеткіш

2. Түзетілген тоқтың толықсуын азайту үшін қандай сүзгілер қолданылады?

А. Стабилизатор

В. Тегістегіш

С. Диод


Д. Тиристор

3. Шығыс кернеуді тұрақты етіп қандай электр құрылғысы ұстап тұрады?

А. Диод

В. Тиристор



С. Стабилизатор

Д. Түзеткіш

4. Түзеткіштің жүктемесінде оң қысқышынан теріс қысқышына қарай жүретін тоқты қалай атайды?

А. Түзеткіш ток

В. Басқарылатын ток

С. Айнымалы ток

Д. Тұрақты ток

5. Өндірісте алынатын кернеудің қуатының көптігіне байланысты түзеткіштер?

А. Бір фазалы түзеткіштер

В. Көпірлік түзеткіштер

С. Жартылай периодты түзеткіштер

Д. Екі жартылай периодты түзеткіштер

6. Өндірісте жиі қолданылатын түзеткіш сұлбаны атаныз?

А. Өткелдік

В. Көпірлік

С. Жарты периодты

Д. Бір жартылай периодты

7. «Бір және екі жарты периодты, көпірлік және нөлдік шықпасы бар» түзеткіш деп жіктеледі?

А. Түзеткіштің құрылымдық сызбасы

В. Конструктивті түзеткіш сызба

С. Бір жартылай периодты сызба



Д. Түзеткіштің түзету сызбасы

8.Көрсетілген сұлба қай түзеткішке жатады?

А. Жарты периодты түзеткіш сызба

В. Көпірлік түзеткіш сызба

С. Бір жарты периодты бір фазалы түзеткіш сызба

Д. Екі жарты периодты көпірлік түзеткіш сызба

9. Тегістегіш сүзгі мен жүктеменің арасына қандай электрондық құрылғы қосылады?

А. Түзеткіш

В. Диод


С. Стабилизатор

Д. Тиристор

10.Бір фазалы және көп фазалы тоқ түзеткіштері арқылы ажыратады, мұндай түзеткіштер қалай аталады?

А. Басқарылатын түзеткіштер

В. Көпірлік түзеткіштер

С. Өткелдік түзеткіштер

Д. Құрылымдық түзеткіштер


V. Қорытынды жасау / Подведения итогов:

Жалпы өткен тақырыптар, материалдар бойынша сұрақтар қою, сабақ барысында белсене қатысқан студенттерге қойылған бағаларды айту және анализ жасау, сабақтың көрнекілігін талдау.

VI. Үй тапсырмасы / Домашнее задание:

Берілген сұрақтарға жауап іздеп келу.Қосымша мәліметтер жинау

1. Бір фазалы токтың кішкене қуатты түзеткіштері қандай бөліктерден тұрады?

2. Бір жартылай периодты бір фазалы түзеткіш қалай жұмыс істейді?

4. Аталған түзеткіштердің кемшіліктері мен артықшылығы неде?

5. Қандай шартта трансформатор төмендеткіш трансформатор болады?

VII. Әдебиет / Литература:

Әдістемелік құралдар.



1. Электроника, радиотехника және байланыс. -Алматы: Рауан, 2015.
2. Койшибаева К.Ж. Джабагина З.К. «Өндірістік электроника» пәні бойынша оқу құралы, Алматы: КазККА, 2017. 
3. Садыкбек Т.А. «Энерго ресурстардың екепке алу автоматтандырылған жүйесі» пәнінен тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулар, Алматы: КазККА, 2017.
4. Хусаинов Б.Н. «Электр тізбектерінің теориясы» пәнінен студенттердің оқытушы жетекшілігімен өзіндік жұмысына арналған әдістемелік нұсқаулар, Алматы: КазККА, 2017.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Алтын күз Атырау облысы Атырау қаласы Махамбет ауданы Алға орта мектебінің Шағын орталық топ
2018 -> Ысқақова Айнұр Жанболатовқызы, СҚО, Ақжар ауданы, Айсары ауылы, «Айсары негізгі мектебі»
2018 -> Қуыршақты шомылдыру
2018 -> Жарманың өнімдерінің құрамында
2018 -> Мектеп: №46 жобб мектебі Мерзімі: 5. 01. 2018ж №7 Мұғалім Митанова г сынып «Г» Оқушылар саны 12 Тақырып
2018 -> Сабақ тақырыбы: «Дәнекерлеудің мәні қызметі және түрлері»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет