Елімізде көлік жүргізушілеріне салынатын айыппұл көлемі артпақ. Мәжіліс депутаттары белгіленген мөлшерден сағатына 60 шақырым немесе одан да көп жылдамдық асырған жүргізушілерге 147 мың теңге айыппұл салуды ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Егер көлік иесі бір жыл ішінде ережені екі рет бұзса, әкімшілік жазаның мөлшері де өседі. Осылайша, адам өлімімен аяқталатын апаттардың алдын алу көзделмек. 

Қазір қолданыстағы заң бойынша белгіленген шамадан жылдамдығын сағатына 40 шақырым асырғандарға жаза бар. Ережені елемейтін көлік жүргізушілеріне салынатын айыппұл көлемі 74 мың теңге. Енді осы ережеге автокөліктің белгіленген жүріс жылдамдығын сағатына 60 шақырымға дейін арттырғандарды да жазалау қосылмақ. Мұндай жүргізушілерге 147 680 теңге айыппұл салу қарастырылып отыр. 

"Егер соны қайталаған жағдайда онда соны 60 АЕК айыппұл салынсын деген ұсыныс енгізілді. Жол жүрісін бұзушылықтың жалпы саны 9 млн болса соның жартысы 4 жарым млн-ы осы жылдамдық асырғаны үшін жауапкершілікке тартылғандар. 
Жауапты ведосмтво өкілдері соңғы уақытта қала ішінде сағатына 180-220 шақырым жылдамдықпен жүретіндер көбейген дейді. Оның үстіне оң-солына қарамай жүйіткейтін жүргізушілер бұл әрекетке саналы түрде барады деп отыр. Бірақ соңы адам өлімімен аяқталады", — деді ішкі істер министрлігі ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.  

Ал қызылордалық жүргізушілердің айтуынша, өте тар әрі ой-шұңқыры көп көшелерде жылдамдықты шамадан тыс асыру мүмкін емес.

Жаңа норма әлі мәжілістің қарауында. Депутаттар мақсатымыз айыппұл арқылы мемлекет қазынасын толтыру емес, қайғылы оқиғаға әкелетін апаттардың санын азайту дейді. Себебі соңғы бір ай ішіндегі жол апаттарының 15 пайызы жылдамдықты шамадан тыс асырған жүргізушілердің кесірінен болған. 

Айта кетейік, бұған дейін Енді көлігін дұрыс емес жерде ұзақ уақыт қыздырып тұратын жүргізушілерге айыппұл салынатыны туралы жазған едік. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.