Методические рекомендации по изучению учебного предмета «география» (7-9классы) в рамках обновления содержания образования методическое пособие



жүктеу 4.18 Mb.
бет1/18
Дата22.10.2017
өлшемі4.18 Mb.
түріМетодические рекомендации
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Министерство образования и науки Республики Казахстан


Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы

Национальная академия образования имени И. Алтынсарина





БІЛІМ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ АЯСЫНДА (7-9 СЫНЫПТАРДА) «ГЕОГРАФИЯ» ОҚУ ПӘНІН ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР ӘЗІРЛЕУ
Әдістемелік құрал

МЕТОДИЧЕСКИЕ РЕКОМЕНДАЦИИ ПО ИЗУЧЕНИЮ УЧЕБНОГО ПРЕДМЕТА «ГЕОГРАФИЯ» (7-9КЛАССЫ) В РАМКАХ ОБНОВЛЕНИЯ СОДЕРЖАНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ
Методическое пособие

Астана


2017

прямоугольник 280

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2017 жылғы 20 ақпан № 2 хаттама)


Рекомендовано к изданию Ученым советом Национальной академии образования им. И. Алтынсарина (протокол № 2 от 20.02.2017 года)

Білім мазмұнын жаңарту аясында (7-9 сыныптарда) «География» оқу пәнін оқыту бойынша әдістемелік ұсыныстар әзірлеу. Әдістемелік құрал. - Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2017. – 122б.


Методические рекомендации по изучению учебного предмета «География» (7-9классы) в рамках обновления содержания образования. Методическое пособие. - Астана: НАО имени И. Алтынсарина, 2017. – 121с.

Осы әдістемелік ұсынымдар жалпы білім беру мазмұнын жаңарту аясында «География» пәні бойынша оқу бағдарламалары негізінде әзірленді. Құралда 7-9-сыныптарға арналған «География» пәні оқу бағдарламаларының ерекшеліктері, оқытуды ұйымдастырудың түрлері мен әдістері көрсетілген. Жаңартылған білім мазмұны жағдайында сабақты жоспарлау және өткізу бойынша әдістемелік ұсынымдамалар берілген.

Осы әдістемілік құрал жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге әдістемелік көмек көрсету мақсатымен ұсынылып отыр.
Данные методические рекомендации разработаны на основе учебной программы по предмету «География» в рамках обновления содержания образования. В пособии показаны особенности учебной программы предмета «География» для 7-9 классов, формы и методы организации обучения. Даны методические рекомендации по планированию и проведению учебных занятий при изучении предмета в рамках обновления содержания образования. Издание предназначено для руководителей школ, методистов и учителей географии.

© Ы. Алтынсарин атындағы

Ұлттық білім академиясы, 2017.

© Национальная академия образования

им. И. Алтынсарина, 2017.
Кіріспе
Қазақстан Республикасында жалпы орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына елеулі өзгерістер енгізілуде. Білім мазмұнын жаңартудың басты мақсаты – білім сапасын көтеру.

Жалпы орта білім беретін мектептердегі «География» оқу пәнінің мазмұны білім алушылардың бойында ғылыми-жаратылыстану білімдерін, табиғат, қоғам және экономиканың жүйелі байланысы, Жер туралы түсініктері мен көзқарастарын, Қазақстан Республикасының әсем табиғаты және экономикасының ерекшеліктері туралы білімдерін қалыптастыруға, функционалдық сауаттылықты және жүйелі-кешенді немесе «географиялық» сананы дамытуға бағытталған.

Негізгі орта білім деңгейінде білім алушылардың бойында:

- жалпы географиялық ұғымдар мен заңдылықтар, материктер мен мұхиттардың табиғатының ерекшеліктері туралы білім және көзқарас қалыптастырудың;

- карталармен, сызбалармен, кестелермен, диаграммалармен жұмыс істеу дағдыларын дамытудың, әр түрлі географиялық ақпарат көздерінен қажетті материалдарды жинақтаудың;

- адамдардың тіршілік әрекетінде табиғаттың маңызы, адам мен табиғаттың, қоғам мен табиғаттың өзара байланысының әлеуметтік, экономикалық жағдайға тәуелділігі туралы ұғым негізінде экологиялық білімін одан әрі жалғастырудың;

- географиялық қабықтың және жекелеген аумақтардың жалпы заңдылықтары, жердің сыртқы қабығының құрылысы және өзара байланысы туралы білім қалыптастырудың, экономикалық ұғымдар мен көзқарастарды дамытудың негізі қаланады.

Сонымен қатар, орта білім беруді жүйелі жаңғырту жағдайында мұғалімдерге жан-жақты қолдау көрсету болып табылады.

Әдістемелік құралды әзірлеудің мақсаты: білім беру мазмұнын жаңарту аясында 7-9 сыныптарда «География» оқу пәнін оқытуды ұйымдастыру, білім алушылардың білімін бағалау критерийлерін құрастыру, мақсаттарға байланысты тапсырмалар дайындау бойынша әдістемелік ұсыныстар әзірлеу; сонымен бірге құралда білім мазмұнын жаңарту аясында (7-9 сыныптарда) «География» пәні оқу бағдарламасының ерекшеліктерін ашу, «География» оқу пәнін оқытуды ұйымдастырудың формалары мен әдістері; сабақтың тақырыбына және мақсатына байланысты тапсырмалар мен білімді бағалаудың критерийлерін әзірлеу, заманауи сабақты жобалау мен ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстар беру.
1 Білім мазмұнын жаңарту аясында (7-9 сыныптарда) «География» пәні оқу бағдарламасының ерекшеліктері
Білім мазмұнын жаңарту аясында негізгі орта білім деңгейінде «География» пәні 7-9-сыныптарда оқытылады.

География туралы бастапқы ұғым 5-6-сыныптардағы «Жаратылыстану» пәнін меңгеру барысында қалыптастырылады.

Атап айтқанда, 5-6-сыныптарға арналған «Жаратылыстану» пәнінің оқу бағдарламасында «негізгі орта білім деңгейінде оқытылатын «Биология», «География», «Химия», «Физика» пәндерін зерделеу, негізін қалауға бағытталған кіріктірілген курс болып табылады» деп көрсетілген [1].

5-6-сыныптардағы «Жаратылыстану» пәнін оқу бағдарламасының мақсаты оқушыларды жаратылыстану ғылымы тұрғысынан табиғат пен қоғамның өзара байланысы, табиғаттағы заңдылықтардың біртұтастығы туралы білім, ұғым, түсінік қалыптастыру және білімдерін күнделікті өмірде кездесетін табиғат құбылыстары мен үдерістерін түсіндіру, сипаттау, болжау үшін қолдану білігін дамытуға бағытталған.

5-6-сыныптарына арналған «Жаратылыстану» пәнінің білім мазмұны жеті тараудан тұратын болса, оның үш тарауының, яғни «Ғалам. Жер. Адам», «Тірі және өлі табиғаттағы үдерістер», «Экология және тұрақты даму» материалдары географияға қатысты:


  1. «Ғалам. Жер. Адам» бөлімінің бөлімшелері:

  1. макро- және микроәлем;

  2. жер туралы жалпы мағлұматтар;

  3. жер қабықтары және олардың құрамдас бөліктері;

  4. жердегі тіршілік;

  5. жер бетін бейнелеу тәсілдері,

  6. материктер мен мұхиттар;

  7. халық географиясы.

  1. «Тірі және өлі табиғаттағы үдерістер» бөлімінің бөлімшелері:

  1. өлі табиғаттағы үдерістер;

  2. тірі табиғаттағы үдерістер.

  1. «Экология және тұрақты даму» бөлімінің бөлімшелері:

  1. экожүйелер;

  2. тірі ағзалардың саналуандығы;

  3. табиғатты қорғау.

Негізгі орта білім деңгейінде «География» пәнінің оқу бағдарламасын әзірлеу барысында, яғни пәннің мақсаты мен міндетін анықтауда, білім мазмұнын құрастыруда 5-6-сыныптардағы «Жаратылыстану» пәні оқу бағдарламасында берілген оқу мазмұны ескерілген.

7-9-сыныптарда «География» пәнін оқытудың мақсаты:

- дүниенің географиялық бейнесін тұтас қабылдайтын;

- географиялық ойлау қабілеті дамыған;

- географияның әдістері мен тілін білетін және қолданатын;

- географиялық мәдениеті бар;

- дүниенің географиялық бейнесін түсінетін;

- география тұрғысынан ойлау қабілеті бар тұлға тәрбиелеу болып табылады [2].

«География» пәнін оқыту барысында тұлғаның географиялық мәдениетіне, географиялық ойлауға, дүниенің географиялық бейнесіне аса көңіл аударылады.

Тұлғаның географиялық мәдениеті дегеніміз тұлғаның бойындағы Жер, қоршаған орта, табиғат туралы, оның алуан түрлілігінің себептері, халқы мен шаруашылық әрекеті туралы білім мен «адам – табиғат – қоғам – мәдениет» жүйесіндегі өмірлік құндылықтарды меңгеруінің көрінісі.

Дүниенің географиялық бейнесі – аумақтық табиғи-қоғамдық жүйелердің қасиеттері мен заңдылықтары туралы көзқарастар жиынтығы.

Географиялық ойлау деп географиялық нысандар, үдерістер мен құбылыстарды, олардың арасындағы байланыстарды тану және олардың маңызды қасиеттерін бейнелеуді айтады.

«География» пәнінің міндеттері:

– географияның ғылыми пән ретіндегі рөлі мен оның қазіргі заманғы адамзат мәселелерін, сондай-ақ ғаламдық мәселелерді шешудегі әлеуетін түсінуге мүмкіндік беру;

– оқушылардың бойында табиғат пен қоғам арасындағы өзара байланыстарға, осы байланыстардың кеңістіктік ерекшеліктеріне ғылыми көзқарастарды қалыптастыру;

– қоғамдық өндірістің, табиғатты қорғау мен табиғатты тиімді пайдаланудың ғылыми жаратылыстану, әлеуметтік-экономикалық негіздерін ашу;

– оқушылардың географиялық зерттеу әдістері мен зерттеу дағдыларын игеруіне ықпал жасау;

– оқушылардың география ғылымының түсініктері мен терминдерін меңгеруіне ықпал жасау;

– кеңістіктік ойлау мен картографиялық дағдыларды қалыптастыру;

– географиялық білімді күнделікті өмірде, өз іс-тәжірибесінде пайдалану дағдыларын қалыптастыру.

Типтік оқу жоспарына сәйкес «География» пәні бойынша оқу жүктемесі төмендегідей:


  1. 7-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;

  2. 8-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;

  3. 9-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат.

«География» пәні оқу бағдарламасының мазмұны оқытудың бөлімдері арқылы ұйымдастырылған. Бөлімдер сыныптар бойынша күтілетін нәтиже түрінде берілген оқу мақсаттарын қамтитын бөлімшелерден тұрады.


Каталог: files -> blogs
blogs -> Негізгі орта білім беру деңгейінің «Технология» білім саласы пәндерінің
blogs -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ақсу қаласы гимназиясы
blogs -> Молекулалық-кинетикалық теория негiздерi
blogs -> Сабақ жоспары Тақырыбы: ХІХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы Қазақстанның ауыл шарушылығы
blogs -> Оқу әдістемелік кешен Қазақстанның физикалық географиясы
blogs -> Ақсу қаласы гимназиясының тарих пәні мұғалімі Альдекенова Анар Толыбайқызы Тест
blogs -> Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясы Химия пәні бойынша дидактикалық материалдар 9-сынып
blogs -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы мектепке дейінгі ересек жастағЫ
blogs -> Электромагниттiк тербелiстер


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет