Әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Дохада өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің финалына шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: wtatennis.com

Жартылай финалда қазақстандық теннисші әлемнің 32-ракеткасы ресейлік Анастасия Павлюченкованы 6:2, 6:4 есебімен ұтты. Теннисшілердің кездесуі бір жарым сағатқа созылды. 

Финалда Елена Рыбакина жекпе-жексіз финалға шыққан әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швонтекке (Польша) қарсы ойнайды. Ига Швонтектің қарсыласы чех теннисшісі Каролина Плискова беліндегі жарақатына байланысты жартылай финалдық кездесуден шығып қалған еді. 

Еске салсақ, бұған дейін Елена Рыбакинаның WTA 1000 турнирінің жартылай финалына жолдама алғаны туралы жазған едік.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.