Ресейлік ақпарат көздері Мәскеу маңында орналасқан "Крокус Сити Холл" концерт залында болған шабуыл кезінде 15 жастағы қырғызстандық Исламның жанқиярлық көзсіз ерлігін жарыса жазып, қызу талқылап жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 24.kg-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Mash
Жасөпірім орталықтың гардеробында жұмыс істеп жүрген. Теракт кезінде ол 100 шақты адамды ғимараттан аман алып шыққан.

Журналистердің мәліметінше, оқушының отбасы Ресейге Қырғызстаннан көшіп келгендеріне біраз уақыт болған. Исламның өзі Ресей Федерациясында туып-өскен. 

"Адамдар топырлап кетті. Оларды жақсы түсінемін. Мен де бірден қашқым келді. Алайда бәрін нұсқаулыққа сәйкес істедім. Қонақтарды дереу сыртқа шығарып, артынша өзім шығуым керек деп ойладым. Адамдарды ғимараттан алып шығып бара жатқанда соңынан еріп жүрдім. Себебі артымызда ешкімнің жоқ екеніне және басқалардың қалып қоймағанына көз жеткізгім келді", – деді ол журналистерге берген жауабында. 

Исламның айтуынша, барлық әкімшіліктегі қызметкерлерге төтенше жағдай кезінде не істеу керектігі туралы бұған дейін нұсқау берілгенін айтты. Сонымен қатар ол сол нұсқауларды орындағанын атап өтті.

Лаңкестердің шабуылы кезінде жасөпірім Ислам адамдардың дүрбелеңге салынбауын қадағалаған. Ол дереу дәретхана жанына жиналған адамдар легін байқап, эвакуцияға жасауға әрекет етеді.

Ол адамдарды тар өткелден алып шығып, "Экспо" маңына бет алған. Ары қарай қызметтік есік арқылы қауіпсіз жерге шығып кеткен.

Айта кетейік, жасөспірім Ислам бос уақытында гардеробта жұмыс істейді және "Спартак" балалар футбол клубында ойнайды.

Еске салайық, "Крокус Сити Холлда" лаңкестердің шабуылынан зардап шеккендердің бірі өзін құтқару үшін көз жұмған кейпінде ұстап, өмірін құтқарып қалды. Қыз жантүршігерлік оқиға туралы "112" Telegram-арнасында айтып берді.

2024 жылы 22 наурызда Мәскеудегі "Крокус Сити Холлға" концерт кезінде террорлық шабуыл жасалып, ғимарат өртке оранды. Террористер ғимаратта 18 минут болған. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.