Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев жалған ақпарат таратпауға және азаматтарды дүрлікпеуге шақырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев Алматы халқына үндеу жасады.

"Құрметті, Алматы қаласының тұрғындары. Қазіргі таңда сағат таңғы 5-ке қарай қатты жер сілкінісі болады деген жалған ақпарат тарап жатыр. Барлығыңыздан сабыр сақтауларыңызды сұраймыз. Тек қана ресми дереккөздерге сенулеріңізді сұраймын. Сейсмологтардың мәліметінше қайталама дүмпулер күтілмейді”, – дейді Нұрлан Атығаев. 

Еске салсақ, Алматыда қуатты жер сілкінісі болып, қала тұрғындары үреймен көшеге шыққан. 

Жер сілкінісі кезінде не істеу керек?


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.