Министр ағза донорлығына қатысты ойын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният өз ағзасын трансплантациялау үшін донор болуға дайын екенін жеткізді. Сөзінше, бұл мәселе бүгінде көптеген елде өзекті.
“Бұл жерде мәселе медициналық емес, моральдық-этикалық тұрғысынан проблемалар бар. Адам өмірден өткеннен кейін оның ағзасы белгілі бір уақытқа дейін жұмыс істей беретінін түсінуі керек. Денсаулық сақтау министрлігінде электронды тізілім бар, онда кез келген азамат электронды үкімет арқылы өз ойын еркін білдіре алады. Бүгінде 40 мың қазақстандық өз ұстанымын білдірді, оның 15 пайызы келіскен. Біз бұл жұмыс бойынша ақпараттандыру шараларын жүргіземіз. Мәселен, желтоқсан айында үлкен трансплантациялар болды — екі донор тоғыз адамның өмірін сақтап қалды. Бұл мәселені жан-жақты талқылап, заң жобасын әзірлейміз”,- деді министр.
Мәжіліс кулуарында журналистер Ажар Ғинияттан "Сіз өмірден өткен соң ағзасын трансплантациялау үшін донор болуға дайынсыз ба" деп сұрады.
"Иә мен дайынмын, ниет білдірдім",- деп өз ұстанымын жеткізді.
Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.