Алматылық тұрғындар қаладағы ең жылдам транспорт түрі – метроның қазіргі күйіне шағым айта бастаған. Жер асты жолының қызметкерлері де соңғы уақытта орын алған бассыздықтар туралы шағым түсірген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Время басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Метро қызметкерлері 15 адамның қолы қойылған жазбаша үндеуін де жолдаған. Тоннель құрылысы дистанцияларының бастығы Қалдарбек Әлібаевтың айтуынша, барлығы метрополитенді  Қанат Ахметов басқара бастаған сәттен басталған.

“Жаңа "Сарыарқа" және "Бауыржана Момышұлы" стансаларының құрылысы кезінде "Метрополитен" мемлекеттік кәсіпорнының қызметін тексерген комиссия құрамында Экономикалық тергеу департаментінің қызметкері Рахат Рысжанов болды. Сөйтіп, осы Рысжановқа арқа сүйеп кәсіпорынға оның туыстары мен айналасындағы адамдар тағайындалды”, – дейді ол.

Оның айтуынша, бір жылға жетер-жетпес уақыт ішінде кәсіпорындағы ішкі бақылау бөлімі толықтай жасақталып, жаңадан тағайындалғандардың барлығы бір кездері ішкі істер органдарының қызметкерлері болған. Ұжымдық шағымда Рысжановтың “крышалығымен” жаңа қызметкерлер "кәсіпорында толық террор туғызып, бүкіл мемлекеттік ұйымға қоқан-лоққы жасап, қорқытып, ашық әкімшілік қысым жасады" делінген.

Мұндай қатынасқа шыдамаған қызметкерлер құзырлы органдарға жүгінген. 2023 жылдың қыркүйегінде кәсіпорында тексеру жүргізіліп, нәтижесінде жағдайды тұрақтандыру шаралары қолға алынды. Яғни, біліктілік талаптарына сай келмейтін Рысжановтың байланыстары мен туыстары арқылы тағайындалған адамдарды жұмыстан шығарған.

Алайда бассыздықты бастаған жоғарыда аталған азаматтардың ешқайсысы жазаға тартылмаған.

  • Алматыдағы метро құрылысы: Аялдама санын ұзарту үшін сатып алынатын жер иелеріне ақша қашан төленеді?
  • "Билетсіз жүргендермен күреспей ме қайта": Астаналықтар жол жүру ақысының қымбаттауына наразылық білдірді

“Алайда тексерістен кейін метро директорының міндетін атқарушы Қанат Ахметов ұзақ мерзімді еңбек демалысына, кейін жалақысы сақталмайтын демалысқа шығып, комиссияның ұсынысына қарамастан бірде-бір рет тәртіптік жауапкершілікке тартылған жоқ. Ал комиссияның шешімінде мұны күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей жасау керек екені айтылған! Рысжанов болса метродағы оқиғадан кейін судан құрғақ шықты және шамасы, оған ешкімнің қолы тимейтін сияқты”, – деп шағымданады Әлібаев.

Осы келеңсіздіктен кейін директордың міндетін атқарушы бұрын директордың қаржы жөніндегі орынбасары қызметін атқарған Алмасбек Орынбетов тағайындалған. Алайда басшылардың ауысуы кәсіпорындағы жағдайды өзгерте алмады.

“Енді Орынбеков сол саясатты – моральдық езгісін жүргізе бастады, жер-жерде қиын жұмыс жағдайын қалыптастырып отыр. Мұның бәрі қазір дәл сол шағымға қол қойған қызметкерлерге қатысты. Бап бойынша қызметкерлерді жұмыстан шығарамын деп қорқыту, өндіріс нәтижелеріне теріс баға беру, басқа қызметкерлердің көзінше өткір жағымсыз мәлімдемелер, құқық қорғау органдарынан қорқыту және сыбайлас жемқорлыққа негізсіз айыптау қолданылады. Бұл ретте ол бұйрықтың Алматы әкімдігі басшылығынан келіп түскеніне сілтейді”, – дейді Әлібаев.

Осыдан кейін, 2024 жылдың басында метро қызметкерлері түрлі мемлекеттік органдарға жаңа ұжымдық шағым жолдайды. Алайда, уәкілетті органдар тарапынан бұдан әрі ешқандай тексеру жүргізілмеген.

Бұған дейін Алматы метрополитенін салу кезінде 5 миллиард теңгеден астам қаржы ұрланғаны белгілі болған.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.