Методика расчета тарифов



жүктеу 118.19 Kb.
Дата20.04.2019
өлшемі118.19 Kb.




Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу

агенттігі төрағасының

2007 жылғы «___» ________

№_____бұйрығымен

бекітілген

IP–телефония (Интернет-телефония) операторларының телефон трафигін қосу және өткізу үшін тарифтерді есептеу әдістемесі


  1. Жалпы ережелер




  1. Осы IP–телефония (Интернет-телефония) операторларының телефон трафигін қосу және өткізу үшін тарифтерді есептеу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.

  2. Әдістеме ІР-телефония (Интернет-телефония) қызметтерін пайдаланушыларының телефон трафигін бастамалау мен өткізуді қамтамасыз ететін жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желісі (бұдан әрі - ЖПТЖ) бойынша ІР-телефония (Интернет-телефония) операторларының желілері арасындағы телефон трафигін қосу мен өткізу қызметтеріне тарифтерді есептеу қағидаттары мен тетігін айқындайды.

  3. Әдістеме ІР-телефония (Интернет-телефония) қызметтерін пайдаланушылар, ІР-телефония (Интернет-телефония) операторлары және тіркелген байланыс операторлары арасындағы мүдделер балансын сақтауға бағытталған.

  4. IP–телефония (Интернет-телефония) операторларының телефон трафигін қосу және өткізуге арналған тарифтерді есептеудің негізін қалаушы қағидаттары мыналар болып табылады:

    1. осы қызметтерді көрсетуге жұмсалған экономикалық негізделген шығындардың орнын толтыру;

    2. осы реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсету бойынша байланыс операторларының тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін пайда алу мүмкіндігі;

    3. желіаралық қосылысты ұйымдастыруға қатысатын әрбір байланыс операторлары үшін осы реттеліп көрсетілетін қызметтердің тарифтерін есептеудегі ашықтықты қамтамасыз ету болып табылады.

5. Осы Әдістемені қолдану мақсатында мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) авторлау – телекоммуникация қызметтерін пайдаланушының қол жеткізу құқығын тексеру оған берілген құқықтарға сәйкес ресурстарға қол жеткізуді алу;

2) аутентификация – пайдаланушыға ұсынылған идентификатор мен түпнұсқалығын растау арқылы телекоммуникация қызметтерін (субъектінің қол жеткізуін) тексеру;

3) E1 – дауыстарды немесе деректерді жеткізудің 30 арнасына дейін жеткізуді қарастыратын цифрлық интерфейс. Әрбір арна 64 кбит/с жолақты алады. Бұдан басқа, синхрондау үшін жеке арна және басқарушы сигналдарды табыстау үшін жеке арна пайдаланылады, яғни E1 ағыны 64 кбит/с бойынша барлығы 32 арнаны қосады және ол 2 Мбит/с жылдамдыққа ие;

4) трафик бірлігі – телефон қосылысының секунды, минуты немесе телекоммуникация желісі бойынша берілген ақпарат кбайты;

5) техникалық құралдардың (ресурстардың) бірлігі – телекоммуникация желісінің бір абоненттік немесе қосушы жолы, бір арна, EI бір арыны, бір қосу нүктесі;

6) IP-телефония (Интеренет - телефония) – абоненттері өз арасында IP-желі (Интернет) арқылы қосылуды жүзеге асыруға мүмкіндік алатын телекоммуникация желілерін IP-желісіне (Интернет) шлюздар арқылы қосу жолымен ұйымдастырылған байланыс жүйесі;

7) IP-телекоммуникация желісі абонентінің түсетін сигналы нақты уақытта цифрлық кодқа кодталып пакеттерге сығымдалады, одан кейін арналған жеріне жіберіледі, онда кері операция жүргезіледі және телекоммуникация желісінің басқа абонентімен қосылу жүзеге асырылады;

8) құзыретті орган – байланыс саласында мемлекеттік саясатты, мемлекеттік бақылауды жүргізетін, байланыс саласындағы қызметтерді көрсететін тұлғалардың немесе ол қызметтерді пайдаланушы тұлғалардың қызметін реттейтін орталық атқарушы орган;

9) келтіру коэффициенті – бір қосылу нүктесіне табыстарды оңтайландыру мақсатында желілер мөлшеріне түсетін жалпы жүктемені жеке бөлу;

10) жүктеме – берілген уақыт аралығында шақыру ағындары келіп түскендегі коммутациялық жүйе шығыстарының бос болмайтын жиынтықты уақыты;

11) IP-телефония операторы (Интернет-телефония) – IP-желі пайдалана отырып нақты уақыт режимінде телефон байланысының қызметін ұсынатын байланыс операторы;

12) есептік кезең – байланыс операторының қызметіне белгіленген тарифтерді бекітуге немесе өзгертуге өтінім берген күннің алдындағы қаржы жыл;

13) IP-телефонияны пайдаланушы (Интернет-телефония) – IP-телефонияның (Интернет-телефония) қызметтері ұсынылатын телекоммуникация желісінің абоненті немесе өзге пайдаланушысы;

14) есептік тарифтер (ставкалар) – технологиялық процестің белгілі бір кезеңінде телекоммуникацияның желісі бойынша телефон трафигін өткізіуді қамтамасыз ететін техникалық құралдардың және жабдықтардың ұсынылу мен оларға қызмет көрсету құнын құрайтын тарифтер (ставкалар);

15) қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасы (ҚАРБ) – телекоммуникацияның реттеліп корсетілетін қызметтерін ұсыну кезінде қолданылатын есептік кезеңнің соңындағы ұзақ мерзімді активтердің (негізгі қорлардың және материалдық емес активтердің) және таза айналымдағы капиталдың (ағымдық активтер мен ағымдық міндеттемелер арасындағы айырмашылық ретінде есептелетін) жиынтықты құны;

16) қосу желісі – бір оператор желісінен екінші оператор желісіне дейінгі бүкіл созылымы бойынша нақты жолды қамтитын техникалық құралдар кешені, сонымен қатар осы жолдың жұмысын қамтамасыз ететін қосылатын және қосатын желі операторының станциялық жабдық бөлігі;

17) қосатын стандартты нүктесі - бір желіні екіншісіне қосу үшін қажетті аппараттық және бағдарламалық құралдардың регламенттелген жинағы, сонымен қатар уәкілетті органның келісімі бойынша құзыретті орган бекітетін осы қосуды жүзеге асыру бойынша жұмыстар көлемі;

18) қосу деңгейі – телекоммуникация желісіне қосылатын сатылы тарамы бойынша анықталатын желі деңгейі;

19) уәкілетті орган – табиғи монополиялар саласындағы қызметтерді бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

20) IP-желісінің шлюзі – тіркелген байланыс операторының телекоммуникация желісіне ІР-телефония операторының қосу үшін қамтамасыз ететін аппараттық-бағдарламалық кешен;

21) Эрланг – қарқындылық бірлігі немесе бір сағат ішінде бір құрылғының жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін талап етілетін жүктеме өлшемін көрсету үшін қолданылатын жүктеменің жүктеме бірлігі,яғни нақты уақытқа есептелген бір сағат телефон трафигін білдіреді. (Мысалы, егер арна сағатына 120 минут трафикті өткізетін болса, онда бұл екі Эрлангты құрайды).

Әдістемеде қолданылатын өзге де ұғымдар және терминдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.

6. IP-телефония (Интернет-телефония) операторларының IP-желілерінің шлюздерін тіркелген байланыс операторларының телекоммуникация желілеріне қосу қалааралық және халықаралық телефон байланысы операторларымен жасалған үлгі шарттарының негізінде ұйымдастырылады.

7. ІР-телефония (Интернет-телефония) қызметтерін пайдаланушыларының ІР-желісіне жалнан ПСПТЖ-нің кез келген телефон аппараттынан қол жеткізуі аутентифтеуден және авторлаудан кейін жүзеге асырылады.


2. IP-желісіне трафикті қосу және өткізу қызметтерін тарифтеу қағидаттары


8. Әдістеме тарифтерді есептеу және мынадай қызметтерді көрсету кезінде өзара есептесуді жүзеге асыру тәртібін анықтайды:

1) IP-телефония (Интернет-телефония) операторының ІР-желісінің шлюзын белгіленген байланыс операторының желісіне қосу қызметтері.

2) IP – телефония (Интернет-телефония) операторларының ІР-желісіннен тіркелген байланыс операторының желісіннен трафик өткізу қызметтері.

9. ІР-телефония (Интернет-телефония) операторларлары және тіркелген байланыс операторлары арасындағы телефон трафигін қосу және өткізу қызметтерінің тарифтері аталмыш қызметтерді ұсынуға негізделген шығындар негізінде белгіленеді.

10. Қосу қызметтерінің тарифі (бір реттік төлем) қосудың стандартты нүктесін ұйымдастыру құнынан құралады және:

1) қосуды іске асыруға қажетті жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу шығындарын;

2) қосу нүктесін құратын байланыс құралдарын монтаждау және баптау шығындарын ескереді;

3) ІР-телефония (Интернет-телефония) операторларының ІР-желілерін жеке нақты қосу шығындары және ІР-телефония (Интернет-телефония) операторлары мен тіркелген байланыс операторлар желілерінің техникалық-технологиялық өзара әрекет ету шығындарын ескереді;

4) салықтар, алымдар және Қазақстан Республикасының бюджетіне төленетін басқа міндетті төлемдер.

11. Қосу қызметтерінің тарифтерін анықтау кезінде тарифтеу бірлігі бір стандартты қосу нүктесі болып табылады.

12. ІР-телефония (Интернет-телефония) операторының таңдауы бойынша стандартты емес қосу нүктесін ұйымдастыру олардың арасында келісілген тариф бойынша тіркелген байланыс операторы жүзеге асырады.

13. Екі рет есепке алмау мақсатында бір стандартты (стандарттықемес) қосу нүктесіне қызмет көрсету шығындары ІР-телефония (Интернет- телефония) операторының телефон трафигін өткізуге арналған тарифке жатқызылады.

14. Трафикті өткізу қызметтерінің ай сайынғы тарифін анықтау кезінде ескеріледі:

1) қосудың стандартты (стандартты емес) нүктесін құратын байланыс құралдарын пайдалану-техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге байланысты шығындар;

2) ІР-телефония (Интернет-телефония) операторының ІР-желісіне трафикті өткізу жөніндегі тиісті қызметтерін көрсету кезінде қолданылатын тіркелген байланыс операторы желісінің пайдалану бөлігіне байланысты шығындар;

3) амортизациялық аударымдар және нормативтік пайда;

4) салықтар, алымдар және Қазақстан Республикасының бюджетіне төленетін басқа да міндетті төлемдер.

Телефон трафигін өткізу қызметтерінің тарифін анықтау кезінде: пайдаланушы – ЖПТЖ АТС және пайдаланушы – ЖПТЖ АҚТС (МЦК/ТУ) желі учаскісінде абоненттік жолдарды құру және пайдалану шығындары ескерілмейді


3. IP-телефония (Интернет-телефония) операторларының және тіркелген байланыс операторларының ІР-желісіне қосу қызметтерінің тарифтерін есептеу тәртібі

15. IP-телефония (Интернет-телефония) операторының жабдығын жалпы пайдаланымуғы телекоммуникация желісіне қосу қызметтерін ұсынудан түсетін тіркелген байланыс операторының жоспарлы тарифтік табысы мынадай формула бойынша анықталады:



ТДпсн = Зпсн + ДУПпсн


мұндағы:

ТДпсн - IP-телефония (Интернет-телефония) операторының жабдығын жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желісіне қосу қызметтерін ұсынудан түсетін тіркелген байланыс операторының жоспарлы тарифтік табысы, теңге;

Зпсн - салықтарға және Казақстан Республикасының бюджетіне төленетін басқа да төлемдерге байланысты жоспарлы қызметтер көлеміне есептелген, IP-телефония (Интернет-телефония) операторының жабдығын ЖПТЖ-ға қосу қызметтерін ұсыну бойынша тіркелген байланыс операторының жиынтықты экономикалық негізделген жоспарлы шығындары, теңге;

ДУПпсн - IP-телефония (Интернет-телефония) операторының жабдығын ЖПТЖ-ға қосу қызметтерін ұсыну бойынша табыстың (таза табыстың) жол берілген деңгейі, теңге.

16. IP-телефония (Интернет-телефония) операторының жабдығын ЖПТЖ-ға қосу қызметтерін ұсыну бойынша тіркелген байланыс операторының жиынтықты экономикалық негізделген жоспарлы шығындары шығындарды ерекше қалыптастыру тәртібіне және уәкілетті орган бекіткен табыстар мен шығындарды бөлектеп есепке алу тәртібіне сәйкес анықталады.

17. IP-телефония (Интернет-телефония) операторының жабдығын жалпы ЖПТЖ-ға қызметтерін ұсыну бойынша табыстың (таза табыстың) жол берілген деңгейі мынадай формулабытынша анықталады:

ДУПпсн = РБЗАпсн х СП,

мұндағы:


РБЗАпсн – осы қызметке арналған тіркелген байланыс операторының қолданысқа енгізілген активтерінің реттелетін базасы, теңге;

СП – осы қызметке арналған тіркелген байланыс операторының қолданысқа енгізілген активтерінің реттелетін базасының пайда ставкасы, %.

18. ІР-телефония (Интернет-телефония) операторының жабдығын ЖПТЖ-ға қосу қызметтерін ұсынуда қолданысқа енгізілген активтердің реттеу базасы және осы қызметке арналған тіркелген байланыс операторының қолданысқа енгізілген активтерін реттеу базасының пайда ставкасы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен есептеледі.

19. ІР-телефония (Интернет-телефония) операторы желісін қосудың бір келтірілген стандартты нүктесінің базалық тарифі мынадай формула бойынша анықталады:



Tст =,

мұндағы:


Тст – IP-телефония (Интернет-телефония) операторының желісін қосудың бір өткізілген стандартты қосу нүктесінің базалық тарифі;

Ki – сериялық қосудың әрбір жолы бойынша иеғұрлым көп жүктеме сағатына (ҮЖС) құрылатын жүктеменің жиынтықты қарқындылығына (кіріс пен шығыс) ескере отырып анықталатын Е1 (2048 кбит/с) стандартты цифр ағынды қолданатын ІР-телефония (Интернет-телефония) операторының ІР-желісінің бір келтірілген стандартты нүктесіне қосу нүктелерінің мүмкін нұсқаларын қайта есептеуге мүмкіндік беретін келтіру коэффициенті;

Nik - ІР-желісі қосуының і-үлгідегі стандартты қосылу нүктесіндегі қолданысқа енгізілген қосылу жолдарының саны.

20. IP-желі шлюзының і-ші үлгісі үшін келтіру коэффициенті төмендегі формула арқылы анықталады:



,

мұндағы:



Qmaxi – IP-желісі шлюзының і- үлгісі бойынша үлкен жүктемедегі сағатына Эрлангта құрылатын жүктеменің ең жоғарғы қарқындылығы,;

а – қосу жолдары үшін 0,7 Эрлангқа тең сериялық қосылудың әрбір жолы бойынша ҮЖС құрылатын жүктеменің жиынтықты қарқындылығы.

21. ЖПТЖ-ға ІР-телефония (Интернет-телефония) операторының ІР-желісінің бір келтірілген шлюзына ІР-телефония (Интернет-телефония) операторының ІР-желісінің шлюзын қосу қызметтерінің тарифтері мынада формула бойынша анықталады:

Tiст =Tст*Ki,

мұндағы:


Tiст - ІР-телефония (Интернет-телефония) операторының ІР-желісінің шлюзын қосу қызметтерінің тарифі;

Ki - IP-желісінің шлюзын келтірудің орташа өлшенген коэффициенті.

22. АТС, АҚТС немесе МЦК/ТУ деңгейінде жүзеге асырылатын тіркелген байланыс операторының желісіне ІР-желісі шлюздарын қосу тарифтерін егжей-тегжейлі есептеу пайдаланылатын байланыс арналарының сипаттамасына сәйкес жүргізіледі.
4. Тіркелген байланыс операторлары мен IP-телефония (Интернет-телефония) операторларының телефон трафигін өткізу қызметтерінің тарифтерін есептеу тәртібі

23. ЖПТЖ-дан ІР-телефония (Интернет-телефония) операторының телефон трафигін өткізу қызметтерін ұсынудан тіркелген байланыс операторының жоспарлы тарифтік табысы мынадай формула бойыншы анықталады:


ТДппт = Зппт + ДУПппт


мұндағы:

ТДппт – ЖПТЖ-дан ІР-телефония (Интернет-телефония) операторының телефон трафигін өткізу қызметтерін ұсынудан тіркелген байланыс операторының жоспарлы тарифтік табысы, теңге;

Зппт - салықтарға және Қазақстан Республикасының бюджетіне төленетін басқа да төлемдерді ескере отырып, жоспарлы қызметтер көлеміне есептелген, ЖПТЖ-дан IP-телефония (Интернет-телефония) операторының телефон трафигін өткізу қызметтерін ұсыну бойынша және ЖПТЖ-ға ІР-телефония (Интернет-телефония) операторының стандартты қосу нүктесін қамтамасыз ету бойынша тіркелген байланыс операторының жиынтықты экономикалық негізделген жоспарлы шығындары, теңге;

ДУПппт - ЖПТЖ-дан IP-телефония (Интернет-телефония) операторының телефон трафигін қосу және өткізу бойынша стандартты қызмет көрсету нүктесінің қызметтерін ұсыну бойынша табыстың (таза табыс) жол бірілген деңгейі, теңге.

24. ЖПТЖ-дан IP-телефония (Интернет-телефония) операторлары үшін телефон трафигін өткізуге бекітілген байланыс операторларының экономикалық негізделген жиынтық жоспарлық шығындарына стандартты қосу нүктесіне қызмет көрсетуге жұмсалатын шығындар кіреді және шығындарды қалыптастырудың айрықша тәртібімен және уәкілетті орган бекіткен табыстар мен шығыстарды жеке есептеуді жүргізу тәртібімен анықталады.

25. Телефон трафигін өткізу бойынша қызметтерді ұсынуға жол берілген пайда (таза табыс) деңгейі мынадай формула бойынша анықталады:


ДУПппт = РБЗАппт х (1 + СП),

мұндағы:


РБЗАвп – осы қызметке арналған тіркелген байланыс операторының қолданысқа енгізілген активтерінің реттелетін базасы, теңге;

СП – осы қызметке арналған тіркелген байланыс операторының қолданысқа енгізілген активтерінің реттелетін базасының пайда ставкасы, %.

26. ІР-телефония (Интернет-телефония) операторы үшін телефон трафигін қосуды және өткізуді стандартты нүктесіне қызмет корсету жөніндегі қызметтерді ұсынудағы қолданысқа енгізілген активтердің реттеу базасы және осы қызметке арналған тіркелген байланыс операторының қолданысқа енгізілген активтерін реттеу базасының пайда ставкасы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен есептеледі.

27. ІР-телефония (Интернет-телефония) операторы желісінің бір келтірілген стандартты нүктесінің базалық тарифі мынадай формула бойынша анықталады:

Tпт=,

мұндағы:


Тпт – ЖПТЖ-дан IP-телефония (Интернет-телефония) операторының трафигін өткізудің базалық тарифі;

Vпт – ЖПТЖ-дан IP-телефония (Интернет-телефония) операторы үшін телефон трафигінің жиынтықты көлемі.

_________________________________________________

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет