Методолгиялыќ экономикалыќ єылымныѕ



жүктеу 157.36 Kb.
Дата02.05.2019
өлшемі157.36 Kb.

УДК 330.101.
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМНЫҢ ДАҒДАРЫСЫ:

СЕБЕПТЕРІ МЕН СИПАТЫ
Экон.ғыл.канд. М.Қ.Сейдахметов

С.Р. Нарматов



Мақала экономикалық теориялық ғылымның аса өзекті методо-логиялық мәселесіне арналған. Авторлар дүниежүзілік экономикалық ойда экономикалық теорияның пәні туралы мәселе төңірегінде орын алған ғылыми пікірталастыққа шолу жасай отырып, экономикалық ғылымдағы дағдарысты игеру туралы өздерінің ұсынысын ортаға салған. Мақала аспиранттарға, магистранттарға, жалпы алғанда методологиялық мәселелермен шұғылданушыларға арналған.

2015 жылы «Саяси экономия» деген атпен өмірге келген экономикалық ғылымның 400 жылдық мерейтойын бүкіл әлем тойлауы қарсаңындамыз. Экономикалық ғылымдағы ірі тұлғалы ғалым П.Самуэльсоннің (АҚШ) сипаттауы бойынша саяси экономия «экономикалық ғылымдардың ханшасы» (королевасы). Одан басқаша дәл анықтама беру мүмкін емес. Және де бұл сипатама асыра айтылған сөз емес. Саяси экономия алғашқы қадамынан бастап ғылыми пән ретінде экономикалық құбылыстарды таным құралы болды және методологиялық қызметтер атқара бастады. Ал ХХ-ғасырдың бас кезінен бастап мемлекеттің экономикалық саясатының теориялық негізін қалап келеді. Саяси экономиядан басқа экономикалық ғылыми пәндер бөлініп шығып, экономикалық ғылымдар жүйесі қалыптасты. Өзінің эволюциялық дамуы барысында әлемдік экономикалық ғылым елеулі жетістіктерге ие болды. Дүниежүзілік экономикалық ойдың алтын қорына осы ғылымның өкілдері үлкен үлес қосып, теориялық бағыттар мен мектептердің негізін қалады, құндылығына баға жетпес көптеген көрнекті еңбектер жазды.

Бірақ, әлемдік экономикалық ғылым өзінің елеулі жетістіктеріне қарамастан, ол бүгінгі таңда, яғни ХХI-ғасырдың басында экономикалық және әлеуметтік дамудың жаңа талаптармен ғана емес, методологиялық және теориялық мәселелермен соқтығысып отыр. Оларды зерттеу керек, олардың жауабын табу керек. Сонымен қатар ол терең дағдарыстық жағдайды басынан кешіп отыр. Сол дағдарысты зерттеуші мамандар оны екі жақты сипаттайды. Біріншіден, ол –объективті онтологиялық дағдарыс, яғни экзогенді факторлардан туындаған. Екіншіден, ол –экономикалық ғылымның гносеологиялық (танымдық) дағдарысы, яғни ішкі (эндогенді) факторлардан туындаған. Зерттеуші мамандар экономикалық ғылымның дағдарысының екінші сипатына көбірек мән беріп, дағдарысты көп жағдайда ғылыми пәнді зерттеу мен оны түсіндірудегі қиыншылықтармен байланыстырады.

Теориялық экономикалық ғылымдағы дағдарыстың көптеген көрініс формалары бар, атап айтқанда:

- ХХ - ғасырдың соңына қарай көптеген «жаңа» экономикалық ғылымдардың қалыптасуы нәтижесінде ғылымның пәнін анықтаудағы шатасушылықтар мен қателіктердің орын алуы. Мысалы, «экономикс» (бұрынғы атауы «каталлактика»), «экономикалық теория», «жалпы экономикалық теория», «институционалды экономика», «транзиттік экономика», «әлеуметтік экономия», «эволюциялық экономика», «экспериментальді экономика», «салыстырмалы экономика» (компаративистка), «гиперэкономика», «іргелі экономика» сияқты дербес ғылыми және оқу пәндерінің қалыптасуы ғылымның пәнін анықтау мәселесін тұйыққа тіреді.

- Жаңа пайда болған пәндердің қазіргі экономикалық ғылымдар жүйесінде базалық ғылыми пән ретінде орын алуға деген дәмелілігі. Мысалы, экономикалық ғылымдар жүйесінде қайсы ғылыми экономикалық пән методологиялық роль атқарады деген сұраққа «саяси экономия», «экономикс», «экономикалық теория», «жалпы экономикалық теория», «әлеуметтік экономия» және басқаларының өкілдері өздерінің пәнін (ғылымын) атайды.

- Ғылыми экономикалық пәндердің зерттеу объектісін анықтаудағы қиыншы-лық (дағдарыс) жоғарғы оқу орындарында базалық оқу пәндерін таңдап алуда қиыншылықтарды туындатып отыр. Сондықтан жекеленген елдердің оқу орындарында базалық оқу пәндері ретінде «экономикс», немесе «экономикалық теория», немесе «жалпы экономикалық теория», немесе басқасы таңдап алынған. Ал Ресей Федерациясында өтпелі кезеңде базалық пән ретінде жоғарғы оқу орындарына «экономикалық теория» енгізілген болатын. Бірақ қазіргі кезеңде ол елдің ғалымдары «саяси экономияны» қайтадан жандандыруға нақты қадамдар жасап жатыр және «жаңа саяси экономияны» ендіруді ұсынуда.

Экономикалық ғылымдағы дағдарыс өз кезегімен жоғарғы оқу орындарында экономикалық білім беру процесін ұйымдастыруда көптеген қиыншылықтар мен қайшылықтарды туындатты. Мысалы, кафедралардың атауларында, оқу жоспарлары мен бағдарламаларында, стандарттарында елеулі алшақтықтар орын алды.

Неліктен, қандай себептерден экономикалық ғылымда дағдарыс орын алды? Біздің елдің және бұрынғы посткеңестік елдердің біраз оқымыстылары оны тек «марксизм ілімінің дағдарысы» деп түсінеді. Ондай түсінікке Кеңестер Одағының іс-жүзіндегі саясаты мен идеологиясы негіз болды. Шын мәнінде кеңестік бояудағы «марксизмге» К.Маркстің ешқандай қатысы болған жоқ. К.Маркстің аты саяси мақсаттарға пайдаланылды, оның ілімі КСРО-да және басқа социалистік елдерде коммунисттік қоғам құру ісінде идеологиялық қамтамасыз ету барысында мүмкіндігінше бұрмаланды. К.Маркстің ғылыми ойларын «марксист-коммунисттер» қалаулары бойынша идеологиялық бояумен түсіндіріп, догмалық сипатқа жеткізді.

Ал, К. Маркстің ілімін нейтралды көзбен қарастыратын болсақ, оның ілімі әлемдік экономикалық ғылымда үлкен орын алатынын байқау қиын емес. К.Маркстің басты еңбегі «Капиталда» жазылған ілім құндылығы бойынша әлемдік экономикалық ойдың алтын қорының негізгі байлығының бірі болып есептеледі. Ғылыми еңбек ретінде «Капиталдан» озар еңбекті осы күнге дейін ешкім жазған жоқ. К.Маркстің капитал, құн және құн заңы теорияларын бүгінгі таңда да әлемдік ғылыми экономикалық элита жоғары бағалайды. Батыс елдерінде ғалымдардың басым көпшілігі К.Марксті өткен мыңжылдықтың аса дарынды ғалымдарының бірі деп есептейді. 2000 жылдықты (миллениумды) әлемдік тойлау қарсаңында БҰҰ өткен мыңжылдықтың аса дарынды тұлғаларының тізбесін жасағанда, К.Марксті бірінші 30-дықтың ішіне енгізген болатын. Осы фактінің өзі де К.Маркстің қандай тұлғалы ғалым екендігін көрсете алады.

Әлемге аты әйгілі АҚШ-тық ірі ғалым Джон Гэлбрейттің пікірі бойынша К.Маркс «социалисттер мен коммунисттерге оп-оңай басыбайлы бере салмайтын аса дарынды және ірі тұлғалы ғалым». /1/

Ал, КСРО - да болса, экономикалық ғылым К. Маркстің ілімін бұрмалауға

мәжбүр болды, өйткені ол ғылым саяси бұғауда болды. Экономикалық құбылыстар мен процестерді бейтарап көзқарас тұрғысында қарастыратын методологиялық ілімді дамытудың орнына кеңестік ғалымдар идеологиялық «тапсырыстарды» орындаумен шектелуге мәжбүр болды. Коммунистік партия экономикалық ғылым мен экономикалық саясатқа «өте түсінікті» түрде «айқын» міндеттер мен мақсаттарды тұжырымдап беріп отырды.

Сондықтан, нақты тәжірибеде бүкіл адамзат үлкен үміт артқан социалисттік қоғам шырақ (факел) жағып, капитализмнің алдында жүріп отырудың орнына оның артында түтін бұрқыратып келді.

Ал, социалистік экономикаға сипаттама беретін болсақ, ол ең алдымен әскери-қорғаныс комплексінің (ӘҚК-ВПК) экономикасы болды. «Капитализмнің қоршауында тұрған экономиканың қорғаныс қабілетін арттыру қажет» деген сылтаумен ресурстардың басым көпшілігі әскери қорғаныс саласына тартылып, сол сала алғышартты дамтылды. Әскери қорғаныс экономикасы ретінде социалисттік экономика тек саясат тұрғысында ғана түсіндіріле алады, ал саясат ғылыми қисынды сақтай бермейді. Сондықтан «социалисттік саяси экономия» деп дамытылған ғылымда таным жасаудың диалектикалық тәсілі болмады. Нәтижесінде социалисттік және коммунисттік экономика құрудың ғылыми негізі жасалмай, ғылыми таным социализм туралы тек абстрактты, мазмұнсыз ойланумен шектелді. Социализмнің саяси экономиясы нақты мазмұнынан айырылып, схоластиканың ең нашар түріне айналды. Кеңестік саяси экономия «өзге» пікірлерді қабылдамады, оларға жол мүлдем жабық болды. Ол ғылымның өкілдері «біз капиталисттік саяси экономияның шектеулерінен асып түсіп, алға кеттік» деп құр мақтанды, бірақ бәрі керісінше болды. Өз уақытында атақты неміс философы Гегель айтқан болатын, алға екі түрде кетуге болады: алға әрі қарай, немесе кері қарай. Сол Гегельдің айтқаны расталды. Кеңестік экономикалық ғылымның артқа кеткені соншалық, адамзат экономикалық ойының алтын сандығын толықтыратын бір де құнды ілім жасай алмады. Оның орнына ғалымдар «социалисттік экономика жоспарлы дамиды ма, әлде пропорционалды дамиды ма?», «материалдық сала маңызды ма, әлде материалдық емес сала ма?» деген сияқты мәселелер бойынша нәтижесіз және бітіспес дискуссиямен шұғылданды. Нақты, ғылым мен тәжірибе қажетіліктерінен туындаған мәселелермен шұғылдануға идеология кедергілік жасалды. Көп жағдайда экономист-ғалымдар мәнін ашуға ұмтылыс жасаған ұғымдар экономикалық ғылымның категориясы емес, мемлекеттік саясаттың құралы болды. Диалектикалық танымға жол жабық болғандықтан, экономикалық ғылым социалисттік саяси экономияны капиталисттік саяси экономияға қарсы қоюмен шектелді. Мұндай әрекеттерге және КСРО-ның саяси жүйесіне К.Маркстің ілімінің ешқандай қатысы жоқ. Оның жазған еңбектерінің бірде-біреуінде социалисттік қоғамда меншік мәні жағынан тек мемлекеттік меншік сипатында болады деп жазылмаған. Ал, нақты тәжірибеде КСРО-да меншік қоғамдық сипатқа ие болмай, мемлекеттік меншік (монопольді түрде) сипатында болды. /2/ Социалисттік меншіктің мемлекеттік меншік екендігі туралы Р.Хасбулатов алғашқылардың бірі болып батыл жариялаған болатын. Теориядан белгілі, кез келген қоғамда меншіктік қатынастар сол қоғамның экономикалық ірге тасын қалайды, меншіктің сипатына байланысты қоғамның сипаты қалыптасады. Осындай пікірді ұстана отырып, социалисттік саяси экономия социалисттік меншікті (оның айқын байқалып тұрған сипатына қарамастан) қоғамдық меншік деп дәлелдеуге тырысты.

Сонымен қатар, социализмнің саяси экономиясында рыноктық қатынастарды зерттеуге орын болмады, себебі социалисттік идеология ақшалы-тауарлы қатынастарды тарихи өтпелі құбылыс ретінде қарастырды және кәсіпкерлік қызметке тыйым салынды. Ақшалы-тауарлы қатынастардың өрісі өте тар болды. Демек, социалисттік экономикалық ғылым ұдайы өндіріс процесстерін толық қамтымады: айырбас тыс қалып қойды.

Социалисттік идеологияның басты лозунгі «Бәрі –адам үшін, бәрі –адамның жан-жақты дамуы үшін» шын мәнінде басқа, «материалдық өндіріс –адамдардың ақуаттылығының негізі» деген қағидамен алмастырылып, ұдайы өндірістің тұтыну фазасына жеткілікті мән берілмеді. Ал, өндіріс сферасы «капиталисттік қоршаудағы социализмнің қорғанысын нығайту» сылтауымен әскери-қорғаныс комплексінің басымдылығыммен сипатталды.

Кеңестер Одағы ыдырағаннан соң экономисттер жаппай рыноктық қатынастарды зерттей бастады. Олар рыноктық қатынастарды ұдайы өндірістің басқа буындарымен байланыстырмады.

Жоғарыда айтылғандарға ұзақ тоқтала отырып, біз экономикалық ғылымның дағдарысын, оның себептерін тек марксизмнің дағдарысы түрінде сипаттау үлкен қателік деп есептейміз. Марксизмнің дағдарысы оның бір ғана аспектісі. Экономикалық ғылымның дағдарысының себептері тереңде жатыр және басқа факторлармен байланысты. Ертеректе институционализм бағытының негізін қалаушы теоретиктердің бірі Т. Веблен былай деп айтып кеткен еді: «экономисттер қажет нәрсенің орнына басқа нәрселермен шұғылданып келеді. Олар үнемі рыноктық бағаны зерттеп келді, ал нағыз қоғамдық ғылым себепті-салдарлы мәселелермен шұғылдануы тиісті болатын...»

ХХ-ғасырдағы экономикалық ғылымның даму заңдылықтарындағы ерекшелік –ол оның әлеуметтік бағыталуы. Сондықтан экономикалық ғылым айналысып келген көптеген мәселелер, мысалы, толық жұмыстылық, экономикалық белсенділік пен еркіндік, табыстарды әділ үлестіру, экономикалық қамтамасыз ету және басқалар, әлеуметтік бояуға ие болды. Экономикаға социомәдени факторлардың әсеріне алғашқылардың бірі болып институционализм мектебінің өкілдері назар аударды (Т. Веблен, М. Вебер, Дж.Кларк, Дж. Гэльбрейт). Бүгінгі таңда эволюциялық немесе әлеуметтік-институционалды теорияның өкілдері зерттеудің аясына көптеген әлеуметтік, құқықтық, этикалық, психобиологиялық, технико-экономикалық және де басқа экономикалық емес мәселелерді қосып, «саяси экономия» мен «экономикске» тән шектеулерден аса алды. Дегенмен, олар да экономикалық ғылымның пәнін дәл анықтай алмады.

Экономикалық ғылымның дағдарысы қандай себептен туындады деген сұрақтың жауабын біз ғылыми еңбек бөлісуінің дамуымен байланыстырамыз.

Ғылыми еңбек бөлісуі қоғамдық еңбек бөлісуі сияқты объективті заңдылық және қажеттілік. Ғылыми еңбек бөлісуінің барысында бір ғылымнан ғылыми ойдың кемелденген белгілі бір тармағы бөлініп шығып, дербес ғылым ретінде дами бастайды. Демек оның егеменді зерттеу пәні (ғылыми) және ерекше зерттеу әдістері қалыптасады.

Экономикалық ой ұзақ уақыт эволюциялық дамып, осыдан шамамен 400 жылдан бұрын бір жүйеге келтірілген экономикалық білім саласы ретінде «Саяси экономия» деген атпен өмірге келді. Зерттеушілер бұл ғылымға ат беруші ретінде француз оқымыстысы Антуан Монкретьен Ваттевильді атайды.[3] Ол 1615 жылы «Саяси экономия трактаты» атты еңбегін жарыққа шығарған болатын. Сол еңбектің аты методологиялық экономикалық ғылымға ат берді. Оған дейін экономикалық ой «экономика» (түп нұсқасы -Economicus) деген ұғымды пайдаланып келді. «Экономика» ұғымын ғылыми айналысқа 2400 жылдан астам бұрын Көне Греция ойшылы Ксенофонт Афинский енгізген болатын. Бірақ экономикалық ой XVI-ғасырдың соңы -XVII-ғасырдың басында ғана дербес ғылым ретінде қалыптаса алды. Қазіргі таңда 400 жылдан астам даму тарихымен сипатталатын экономикалық ғылымның жүріп өткен жолы оның көптеген теориялық бағыттарымен және мектептерінің пайда болуымен сипатталады. Әр кезеңде оның аты да өзгеріп отырды. Экономикалық теорияның алғашқы мектебі меркантилизмнен бастап классиктер (У.Петти, А. Смит, Д.Рикардо, К. Маркс) мен маржиналисттер (К.Менгер, Бем-Баверк, Л.Вальрас, Джевонс және басқалары) экономикалық теориялық ғылымды «Саяси экономия» деген атпен дамытты. IX-ғасырдың екінші жартысында неоклассикалық бағыт өмірге келіп, оның өкілдері экономикалық теориялық ғылымды «Экономикс» деген атпен дамыта бастады. /4/ Одан кейінгі кезеңде оқымыстылар бұл ғылымды «теориялық экономика» деген атпен де дамытты, бірақ авторын анықтау мүмкін болмай отыр. Бұл бағыттың өкілдері ретінде Дж. Клак, К. Менгер, М.И. Туган-Барановский, Й.Шумпетер, А.В.Чаянов сияқты ғалымдардың аты аталып жүр. Қазіргі таңда теориялық экономикалық ғылым Батыс елдерінде «Экономикс» деп аталып, бірақ «Экономикалық синтез» деген қосалқы атпен дамытылып келеді./5/ Кейбір елдердің жекеленген жоғарғы оқу орындарында, мысалы Франция мен Италияда және сол елдердегі коммунисттер теориялық экономикалық ғылымды бүгінгі таңда да «Саяси экономия» деп атап отыр.

Ғылыми еңбек бөлісуінің дамуы және тереңдеуі барысында бастапқы бірегей «Саяси экономиядан» көптеген экономикалық жалпы методологиялық, салалық және функционалды ғылыми және оқу пәндері бөлініп шықты. Солардың ішінде жалпы методологиялық пәндердің де көп санын айтуға болады: «экономикс» (бұрынғы атауы «каталлактика»), «экономикалық теория», «жалпы экономикалық теория», «институционалды экономика», «транзиттік экономика», «әлеуметтік экономия», «эволюциялық экономика», «экспериментальді экономика», «салыстырмалы экономика» (компаративистка). Бірақ олардың өкілдері егеменді ғылыми пәндер ретінде сол пәндердің ғылыми пәні мен зерттеу объектісін дәл анықтай алмай, бүгінгі таңға дейін жалғасып келе жатқан өткір де және бітіспес ғылыми пікірталастықты (ғылыми дискуссияны) туындатты. «Саяси экономияның», «Экономикалық теорияның», «Экономикстің» және тағы басқаларының өкілдері өздерінің ғылыми пәнін методолгиялық ғылым деп жариялап, оның зерттеу пәнін әртүрлі тұжырымдайды. Мысалы, методологиялық ғылым ретінде «Саяси экономияның» өкілдері (әсіресе К.Маркс және марсисттер) оның пәні ретінде өндірістік қатынастарды атаса, «Экономикстің» өкілдері шектеулі ресурстарды рационалды қолданудың жолдарын іздестіруді атайды. Ал басқа теориялық мектептердің өкілдері әлеуметтік-экономикалық қатынастарды өздерінің ғылымының пәні ретінде атайды. Нәтижесінде бүгінгі таңда толық шатасушылық және басқа егеменді ғылымдардың пәніне немесе атқаратын қызметіне «қол сұғушылық» орын алып отыр.

Олай дейтін себебіміз, қазіргі таңда, жоғарыда айтылғандай, ғылыми еңбек бөлісуі барысында көпетеген экономикалық пәндер дербес ғылым ретінде бөлініп шықты. Сыныптайтын болсақ, оларды төмендегідей жіктеуге болады: /6/

- Жалпы методологиялық («саяси экономия», «экономикалық теория», «жалпы экономикалық теория», «теориялық экономика», «экономикс»);

- Салалық экономикалар («өнеркәсіп экономикасы», «ауыл шаруашылығы экономикасы», «көлік экономикасы», «құрылыс экономикасы» және тағы басқалар);

- Функционалды экономика (бухгалтерлік есеп және аудит, еңбек

экономикасы, менеджмент, қаржы, экономикалық статистика және тағы басқалар);



-Басқа ғылымдармен жанасқандар (экономикалық география, демография, экономикалық психология, экономикалық социология және тағы басқалар).

Осы аталғандар дербес ғылыми немесе оқу пәндері ретінде дамытылуда. Ал дербес ғылыми пәннің өзінің еншілес зерттеу объектісі мен ғылыми тәсілдері болуы тиісті екендігі айтпаса да түсінікті. Егер пәннің еншілес зерттеу объектісі болмаса, онда бір пәнді екіншісінен ажыратудың қажеті болмайды. Осы қағида бүгінгі таңда сақталмай отыр. Мысалы, «Экономикс» бағытының өкілдерінің анықтамасы сынға төтеп бере алмайды. Себебі барлық экономикалық ғылымдар жүйесі шектеулі ресурстарды рационалды қолдану жолдарын белгілі бір деңгейде және белгілі бір аспектісін зерттейді. Демек, бұл мәселеге бәрінің қатысы бар. Сонда қалай болғаны, бәрі тек бір мәселемен ғана шұғылданады ма? Әрине, олай болуы мүмін емес. «Экономикс» бағыты өзінің зерттеу пәнін дәл және тиянақты тұжырымдамай, жалпылама (сондықтан түсініксіз) тұжырымдаған.

Сонымен қатар, «Экономикстің» кейбір өкілдері (К.Макконнелл, С.Брю және басқалар) сол ғылыми пәннің зерттеу объектісі ретінде рыноктық қатынастарды атайды. Мұндай пікір де дұрыс емес, себебі рыноктық қатынастарды өздерінің таңдап алған аспектілері бойынша бірнеше экономикалық ғылым зерттейді («маркетинг», «рыноктық экономика», «менеджмент», «қаржы» және басқалар)

Кейінгі жылдары «жалпы экономикалық теория» деген жаңа атпен теориялық экономикалық ғылымды дамытуға әрекеттер жасалып жатыр. Сондай ұқсас атпен оқулықтар да баспадан шығарылды. Олардың құрылымына үңілсек, «экономикс», «саяси экономия» «менеджмент» пен «маркетингтің » негіздері гибридттелгенін байқауға болады. Синтез емес, «гибрид» ! Басқаша айтқанда, сол ғылыми пәндердің мәселелері қарапайым біріктіріле салған. Сол пәндер синтезделген болса дұрыс болар еді, себебі синтез органикалық бірігуден немесе біріктірілуден туындайды.

Өндірістік қатынастарды ғылымның пәні деп қарастыратын «Саяси экономия» өкілдерінің анықтамасына назар аударсақ, олар жалпы социологияның пәніне «қол сұққанын» байқаймыз, өйткені өндірістік қатынастарды жалпы социология аталық-мәндік қатынастар ретінде зерттейді.

Кеңестік «саяси экономияның» өкілдері өндірістік қатынастарды жіктеп, олардың келесі түрде сыныптады:

- аталық-мәндік қатынастар түріндегі анықтаушы, бастапқы қатынастар (первичные, определяющие отношения). Мұндай қатынастарды қоғамның бет пердесін көрсететін, «гендік кодын» алып жүретін қатынастар деп жариялады. Осы қатынастардың жүйесінде меншіктік қатынастарға қоғамның экономикалық ірге тасының ролі берілді.

- екінші, үшінші және тағы басқа ретті қатынастар, туынды қатынастар. «Саяси экономияның», әсіресе «социалисттік саяси экономияның» үйретулері бойынша осы аталған қатынастардың жалпы сипаты бастапқы қатынастармен, яғни бірінші топтағы, анықталады, солардың ықпалында болады.

- қондырмалық қатынастар. Оларға саяси, әлеуметтік және басқалары, яғни экономикалық қатынастардан басқаларының бәрі жатқызылды.

Өндірістік қатынастарды (кейде оларды экономикалық қатынастар деп те атап отырды) осылай сыныптай отырып, «саяси экономия» өзінің негізгі пәні ретінде бірінші топтағы қатынастарды атады, бірақ басқа топтардағы қатынастар экономикалық дамуға әсер етіп отыратындықтан, олардың әсерінің әлеуметтік-экономикалық салдарын да саяси экономия зерттейді деп жарияланды. Міне, сондықтан, біз жоғарыда атап айтқандай, басқа ғылыми пәндердің еншілес объектісіне «қол сұғушылыққа» жол берілді. Сонымен қатар, біртұтас ғылым орынсыз бөлшектендірілді. «Тар мағынадағы саяси экономия» және «кең мағынадағы саяси экономия» деген ұғымдар пайда болып, «капиталисттік саяси экономия» мен «социалисттік саяси экономия» дербес дамытылды, олар тиесесінше капиталисттік және социалисттік өндірістік қатынастарды зерттеуге бейімделіндірілді.

М.В. Ломоносов атындағы ММУ-ң (МГУ) профессоры Ю.М.Осипов саяси экономияның пәнін анықтаудағы дағдарыстық жағдайды былай деп төмендегідей суреттейді (біз оригиналды бүлдіріп алмас үшін қазақ тіліне аудармастан ұсынып отырмыз): «Строго говоря, предмет политэкономии так и не был окончательно определен, хотя предложений по этому поводу на протяжений, как минимум трехсотлетней истории политэкономии было множество. Даже само название науки весьма туманно, ибо что значит собственно та же «экономия»: знание о хозяйстве вообще или только об экономике, как и о производстве благ вообще или же их экономическом – и экономном, т.е. эффективном, производстве, да и о производстве ли благ более всего пеклась политэкономия, а может, более всего об их распределении? –как и что значит здесь слово «политическая»: городская –от полиса, государственная, социальная, собственно политическая – уже от политики как таковой? Тут много неясного.». /7/ Бұл жерде автор дұрыс пікір айтып отыр. Кейбір зерттеушілер сияқты саяси экономияның пәнін ғылымның атынан іздестіру нәтиже бермейді, керісінше, шатасушылыққа алып келеді.

Біздің пікірімізше, экономикалық ғылымды дағдарыстан шығарудың жолы табылды деп есептеуге болады. «Туран» білім беу корпорациясының вице-президенті, экономика ғылымдарының докторы О.Ж. Әлиев өзінің доктолық диссертациясы мен монографиясын осы мәселеге арнап, құнды ұсыныстар жасаған. Оның ұсыныстарын Ресейдің әлемге әйгілі ғалымдары жоғары бағалап отыр. /8/ Профессор О.Ж.Әлиев өте көлемді аналитикалық жұмыстар жүргізіп, ауқымды тарихи материалдарды қорытындылап, экономикалық ғылымның «ішек-қарнын аршып», экономисттердің әртүрлі көзқарастарын талдап, олардың кемшіліктерін көрсетіп берді.

О.Ж.Әлиевтің құнды және ғылыми негізделген ұсыныстары ұзаққа созылған ғылыми пікірталастыққа соңғы нүкте қоятынына біз сенімдіміз, өйткені ол әрбір экономикалық пәннің еншілес ғылыми объектісін нақты анықтап берді.

Сонымен, О.Ж. Әлиевтің пікірі бойынша:

-өндірістік қатынастар мәндік-аталық қатынастар ретінде жалпы социоологияның, экономикалық қатынастар «түрдік» (видовые) қатынастар ретінде теориялық экономияның, жалпы экономикалық қатынастар (геоэкономикалық, этноэкономикалық, эколого-экономикалық, технико-экономикалық және басқалары) –жалпы экономиканың, әлеуметтік-экономикалық қатынастар рекше қатынастар ретінде әлеуметтік экономияның, рыноктық қатынастар –экономикстің зерттеу пәні болуы тиісті.
Әдебиет
1. Қараңыз: И.А.Левяш. Культурология. –М., А-Пресс, 2004 ж. 59 бет.

2. Хасбулатов Р.И. «Какая у нас собственность?» - газета «Социологическая индустрия» от 10.02.1989г.

3. «Саяси экономия трактаты» атты ғылыми еңбектің және алғашқы оқулықтың авторы А.Монкретьен де Ваттевиль экономикалық ілімдер тарихында меркантилизм мектебінің ірге тасын қалаушылардың бірі ретінде саналады.

4. «Экономикс» бағытының негізін әйгілі ағылшын оқымыстысы А. Маршалл өзінің «Экономикс прициптері» (түп нұсқа –«The Princips of Economics») деген еңбегінде қалап берді.

5. Қараңыз: К.Макконнелл мен С. Брю «Экономикс». 1-2 том. –М., 1993 ж.

6. Қараңыз: Нарматов С.Р., Ертаев Қ.Е. Парадигма фундаментальной экономической мысли в Казахстане. – кітап: «Теоретическая экономика: прошлое, настоящее, будущее». Алматы, ун-т «Туран». 2006 ж. 496-505 беттер.

7. Осипов Ю.М. Политэкономия. – кітап: «Теоретическая экономика: прошлое, настоящее, будущее». Алматы, ун-т «Туран». 2006 ж. 134 бет.

8. О.Ж.Әлиев. Теоретическая экономика: общедисциплинарная модель. Алматы.

НИЦ. 2004 ж.

М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінің

көпсалалы колледжі, Тараз

КРИЗИС ЭКОНОМИЧЕСКОЙ НАУКИ:ПРИЧИНЫ И ХАРАКТЕР
Канд.экон.наук М.К.Сейдахметов

С.Р. Нарматов


Статья посвящена чрезвычайно актуальной методологической проблеме теоретической экономической науки. В статье авторы, анализируя альтернативные взгляды ученых по вопросу о предмете экономической теории, предлагают свой вариант вывода экономической науки из кризиса. Статья предназначена аспирантам, магистрантам и всем, кто интересуется методологическими проблемами экономической науки.

CRISIS OF THE ECONOMIC SCIENCE:REASONS AND NATURE
Cand.tech.sci. M.K.Seydahmetov

S.R. Narmatov


The Article is dedicated to exceedingly actual methdological problem of the theoretical economic science. In article authors, analyzing alternative glances scientist on question about subject of the economic theory, offer its variant of the conclusion of the economic science from crisis. The Article is intended graduate student, magisters and all, who is interested methodological problem of the economic science.
Каталог: rus -> all.doc -> Vest-10-2 -> 1 2010 -> 1.1
1.1 -> Ауыл шаруашылық Өнімдерін өткізуде стратегиялық маркетингті қалыптастыру
1.1 -> Адамзат дамуының гендерлік аспектілері және гендерлік қатынастар
1.1 -> Азыќ-тїлік ќауіпсіздігі — заман талабына сай
1.1 -> Ќазаќтсан Республикасында шаєын жјне орта кјсіпорындарды дамытудыѕ индустриалды-инновациялыќ негіздері
1.1 -> Облыстаєы мал тўќымын асылдандыру жаєдайы мен перспективалары туралы
1.1 -> Жамбыл облысының индустриялды – инновациялық дамуының Қазіргі жағдайы және оны жетілдіру жолдары
1.1 -> Табыстар мен тұтынулардағы теңсіздік – кедейшіліктің алғышарты ретінде
1.1 -> Агроґнеркјсіптік кешенніѕ елдіѕ азыќ-тїлік ќауіпсіздігін ќамтамасыз ету бойынша міндеттерді шешетінін ескере отырып, ќазір ќолымызда бар отандыќ ауылшаруашылыќ ґндірісін ќолдау аса ґзекті мјселеге айналып отыр
1.1 -> Басқару есебінің негізгі теориялық МӘселелері


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет