Мұғалім:Құрметті қонақтар,оқушылар



жүктеу 44.65 Kb.
Дата20.04.2019
өлшемі44.65 Kb.
түріБағдарламасы

Абилхасова Жанат Ержанқызы

Бастауыш сынып мұғалімі

24 мектеп



Атырау қаласы

«Алтын күз» тәрбие сағаты бағдарламасы

Мұғалім :Құрметті қонақтар,оқушылар! Алтын күз мерекесі құтты болсын!

Ел байлығын арттырған берекелі де мерекелі күз мезгілі келді. Сары алтындай сары күз себетке толы жемісін,қамбаға толы егінін сыйлады.Олай болса «Алтын күзге»арналған ертеңгілігімізді бастаймыз.

Бұлттар төніп,

Жерге төгіп,

Дымқыл тұман басады.

Шөп сарғайып,

Өңі тайып

Дала сұры қашады,

Ойнай алмай,

Денең мұздап тоңады,

Оқушылар айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады?



Нұрбекет Қуандырып біздерді,

Мерекелі күз келді.

Кел жемісті алтын күз

Кемелденсін халқымыз!



Арайлым: Жемісі мол теретін

Күз дос екен бізбенен

Бәрін тауып беретін

Жомарт екен күз деген.



Нұрбек: О балалар,балалар!

Қоңырқай күз болыпты.

Гүл жапырақ солыпты,

Ел егінін орыпты.



Мұғалім: Оқушылар, күз мезгілі келіп жетті. Күз мезгіліне қандай айлар жатады?

-Күз мезгілінде табиғатта қандай құбылыстар болады?

( Есік қағылып,ішке «Алтан күз» кіреді. Қолында себетке салынған жемістері бар)

Алтын күз: -Алтын түске боялды,

Тау мен қырқа,дала,түз

Келдім міне ортаңа

Менің атым -Алтын күз!

Мұғалім: Қош келдің Алтын күз! Төрлетіңіз.

Күз: Сәлеметсіңдерме балалар! Иә,мен Алтын күзбін,қараңдаршы айналаның бәрін алтын түске бояп та қойдым. Мен сендерге өзімнің жемістерімді ала келдім. Жаз бойы күтіп баптап күздің келуін асыға күттіңдер. Жемістерімді қабыл алыңдар!



Мұғалім:Бүгін 1-г сынып оқушыларының әзірлеген өнерлерін қабыл алыңыз!

Алма: Пісіп тұрған алмамын,
Тамсандырар бал дәмім.
Жерге сілкіп түсірме,
Ісіп кетер маңдайым.
Шие Мен моншақты шиемін
Құмарсындар білемін,
Кетіп қалып жүрмесін
Тамағыңа сүйегім.

Алмұрт Тіл үйірген алмұртпын,
Таңсығымын бар жұрттың.
Жақсы өсіре алмайды,

Қараса егер салғырт кім.


Картоп: Мен ұялшақ картоппын

Мен емеспін жасқанар.

Мені жақсы көреді

Үлкендер мен балалар.



Сәбіз Кім бар сәбіз шырынын
Жастайынан ішпеген?
Мені жеген адамдар,
Кем болмайды күшке де!

Қызанақ Піскен кезде қызанақ,
Көз тартар қызыл түсімен.
Бар ма адам сүйсінбей,
Томат шырынын ішпеген?
Пияз Боламын мен дәмдеуіш,
Барлық-барлық тағамға.
Көкөністер ішінен,
Мен пайдалы адамға.
Бұршақ Кішкене түймедеймін мен,
Ұнаймын мен бәріне!
Дәмді тағамдарыммен,
Сый жасаймын бәріңе!
Қияр Дәмім тілді үйірген,
Мен тұздалған күйімде.
Жаңа піскен кезімде,
Жейді бәрі сүйсіне.

Мұғалім: Ендігі сөз кезегін дақылдарға берейік.

Бидай: Нан анасы - бидаймын,
Нанды елге сыйлаймыз.
Піскенімде мен қырда
Қауызыма сыймаймын.
Арпа Қызыл мұратты арпамын
Ырыс құтты арпамын
Машинаға мініп ап,
Малды ауылға тартамын.
Күріш Күнге ғашық күрішпін
Күллі жұртқа ырыспын
Аңқам кеуіп тұрған соң
Ала жаздай су іштім.

Амина : Жетті желмен алтын күз,
Жеміс жинау салтымыз.
Жиып - теріп болған соң,
Той жасайды халқымыз,
Елге бәрін сыйлайды.

Ақнұр: Астық - жеміс жиылды.
Қамбамызға құйылды.
Ардақты күз - мың алғыс.
Алдық өнім сыйыңды.
Ойын «Дәмін ажырат»

(Алтын күз оқушылармен ойын ойнайды)

Ортаға көзін жұмып 1 оқушы шығады.Алдын ала кесілген жемістер мен көкөністерді аузына салады. Ненің дәмі екенін ажыратады.

Алтын күз –Рахмет оқушылар. Енді мен сендермен тағы да ойын ойнағым келіп тұр.

Ойынның аты «Жемістер мен көкөністер»

Аналарың қыс мезгіліне дайындық жұмысын жүргізіп жатыр. Сендерге Көкөністер мен жемістерді әкелуге тапсырды. 1 оқушының анасы кампот пен тосап ,ал екінші оқушының анасы салат дайындайды . Не әкелесіңдер? (Осылайша 2-3рет ойналады)



Мұғалім:Күз мезгілінде тек адамдар ғана емес, жан-жануарлар да қыс мезгіліне дайындалады екен. Ал енді ормандағы аңдар мен үйдегі жануарлар да күздің сыйынан құр қалған жоқ. Енді солардың дайындығын көрелік.

Тиін Еркін жүрген тиінге,

Жаңғақ теру қиын ба ?

Күздің алып сыйларын

Қыстың қамын жинадым.



Қоян : Қуып мені састырған,

Қорықпаймын қасқырдан.

Аңғармасын жонымды,

Ауыстырам тонымды.



Қой : Дайын дәмді шөбім де,

Қыста жейтін жемім де.

Мырза күзге айтатын

Алғысым мол менің.



Мұғалім: Күзде балалар құстарымыз қоңыр әнге салып, туған жерін қимай, жылы жаққа ұшып кетеді. Біздер де құстарымызды шығарып салайық.

Көрініс « Қайда бара жатырсыңдар?»

( Құстар әуенмен ұшып келеді.)



Мұғалім: Қарлығаш-ау қайда кетіп барасың?

Әнге бөлеп жер мен көктің арасын.



Қарлығаш Жылы жаққа ұшып барам қайтейін

Тоңамын ғой соққан кезде борасын.



Мұғалім: Қарлығаш –ау көбейдің ғой бізге кеп,

Жақсылықтан күдеріңді үзбе деп.

Шақырамын жаз бен бірге бізге кел

Әуре болар өздеріңді іздеп ел.



Қарлығаш : Жаз бен бірге келеміз біз тағы ұшып

Ақ бұлттардың қанатына жабысып.



Мұғалім: Тырналар –ау қайда ұштыңдар тізіліп,

Бірлеріңнен бірлерің қалмайсыңдар үзіліп.



Тырналар : Жылы жаққа барамыз да қыстаймыз,

Бірге ұшамыз, бөлек-бөлек ұшпаймыз.

Көктем шыға тағы қайтып келеміз,

Жасыл жаздың әнін айтып келеміз.



Оқушылар : Көріскенше сау болыңдар ендеше.
Мұғалім: Алтын, сары, қызыл, көк
Алуан - алуан жапырақ
Ағаштардан жамырап
Ұшты кенет жамырап

Би: Жапырақтар

Мұғалім: Жаңбыр-жаңбыр жауа бер,

Қорықпаймыз біз сенен.

Қолымызда қолшатыр,

Би билейік біз деген-деп оқушылардың орындауында «Қолшатыр» биі



« Жау-жау жаңбыр» әні

Алтын күз: Ал балалар, мен сендердің өнерлеріңді көріп мен туралы жақсы ән,тақпақ айтып, би биледіңдер. Маған өте ұнады. Жарайсыңдар. Енді менің де кететін уақытым болды.

Мұғалім: Балалар күздің сыйларын алдық, күздің табиғатымен таныстық. Енді күзге біздер алғысымызды айтайық.

Елмұрат: Күз арқылы білеміз,

Жомарттықтың салтын біз.



Хормен: Біз өзіңді сүйеміз,

Рахмет саған Алтын күз. 2-рет



(Күз әуенмен шығып кетеді)

Мұғалім: Құрметті балалар,ата-аналар! Міне біздің күз мерекесіне арнаған Алтын күз атты ертеңгілігіміз аяқталды. Жомарт күздің сыйы жыл бойы халқымыздың ақ дастарханына , тойға қойылсын! Бәріміз бір-бірімізбен дос бауыр болып, тату тәтті өмір кешейік. Ертеңгілігімізді күз әнімен аяқтаймыз. Келесі мерекеге дейін аман сау болайық .
Каталог: 2014
2014 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы
2014 -> Біз Жалпыұлттық идеямыз – Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы Жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек
2014 -> Бағдарламасы қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> Қрдсм «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» шжқ рмк
2014 -> Ќазаќстан Республикасы Спорт жјне дене шыныќтыру
2014 -> Қазақстан республикасының


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет