"Қазақтелекомның" екі ұялы байланыс операторы катарлық инвесторларға өтеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: maxima.kz
"Power International холдингі "Қазақтелеком" АҚ-на тиесілі "Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС-ны сатып алуды жоспарлап отыр. Біз Tele2 және Altel туралы айтып отырмыз. Тараптар үшжақты келісімге ("Самұрық-Қазына" АҚ) 2024 жылғы 14 ақпанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың араб еліне ресми сапары аясында қол қойды”, – делінген хабарламада.
Алматыда интернет сапасына көңілі тoлмаған ер адам Tele2 ғимаратын жарып жіберетінін айтқан
Өткен жылы үкімет бәсекелестік орнатып, жоғары сапалы тарифке қол жеткізу үшін "Қазақтелекомға" бір операторды кәсіпорын құрылымынан шығару міндетін қойған болатын.
Қазақстанда "Қазақтелеком" компаниялар тобына кіретін операторлардың бірін сатуға қатысты мәселе көп уақыттан бері талқылануда. Алайда осы күнге дейін нақты шешім қабылданбаған.
2024 жылдың 20 қаңтарында экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында "Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС сату туралы шешім қабылданды.
2024 жылдың 14 ақпанында Катарда "Қазақтелеком", "Самұрық-Қазына" және "Power International Holding" қол қойылған келісім аясында МТ-S компаниясының 100 пайыздық үлесін сатып алудың негізгі шарттарын келіскен.
"Біз жақында келіссөздерге кірістік және, әрине, бүгінгі келісім тек Power International Holding-пен мәміле туралы ниетімізді белгілейді және болашақта сату мен сатып алудың барлық шарттары мен тәртібін талқылап, біріктіру қажет болады. Әзірге нақты сатылатын баға мен шарттар туралы айта алмаймыз", – деп атап өтті "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев.
Power International Holding – экономиканың әртүрлі секторларын қамтитын Катар конгломераты.
Еске салсақ, Қазақстанда Kcell, Tele2 және Beeline ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу басталған болатын.
Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.