Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының салымшылары меншікті қаражаты есебінен олардың пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын өндірістердің, жұмыстардың, қызметкерлер



жүктеу 1.59 Mb.
бет1/9
Дата08.10.2017
өлшемі1.59 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




№ исх: 1562 от: 31.12.2013

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2013 жылғы « » желтоқсандағы

№ қаулысымен

бекітілген

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының салымшылары меншікті қаражаты есебінен олардың пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын өндірістердің, жұмыстардың, қызметкерлер

кәсіптерінің тізбесі  

 
1. Тау-кен жұмыстары

 

1. Пайдалы қазбаларды өндiру. Геологиялық барлау жұмыстары. Шахталарды, кенiштердi, приискiлердi, метрополитендердi, жерасты каналдарын, тоннельдер мен басқа да жерасты құрылыстарын салу, реконструкциялау, техникалық қайта жарақтандыру және күрделi жөндеу
1. Шахталарда, кенiштер мен приискілерде пайдалы қазбалар өндiру жөніндегi; геологиялық барлаудағы; дренаж шахталарындағы; шахталар, кенiштер, приискілер салудағы жерасты жұмыстары:

1) жұмыс уақытының кемінде 80 % жерасты жұмыстарында iстейтiн қызметкерлер:

Жұмысшылар:

мөлшерлеу аппаратшысы;



ағынды суларды тазалау аппаратшысы;

көмір байытушы аппаратшы;

бункерші;

шпурларды бұрғылаушы;

жарушы;

гидромониторшы;



кен жұмысшысы;

гүрсілдетушi;

дозиметрші;

жол жұмысшысы;

уатушы;

кәбілші-дәнекерлеуші;

бекітуші;

лампашы;

люкші;

бұрғы қондырғысының машинисі;



вибротиеу қондырғысының машинисі;

сорғы қондырғысының машинисі;

тиеу-жеткізу машинасының машинисі;

тиеу машинасының машинисі;

өздігінен жүретін жерасты машиналарының машинисі;

көтергіш машинаның машинисі;

крепер шығырының машинисі;

шойтас кен массасын бұзу қондырғысының машинисі;

электровоз (шахта) машинисі;

көтергіш қондырғылар механигі;



пайдалы қазбаны геофизикалық сынамалау операторы;

төңкеруші;

сынама алушы;

үңгілеуші;

жарылғыш материалдарды үлестіруші;



жабдықты жөндеу және қызмет көрсету слесарі;

оқпаншы;

жабдықты жөндеу электромеханигі (аға);



жабдықты жөндеу және қызмет көрсету электрослесарі.

Қызметшілер:

Қызметтердің, учаскелердің қызметін бақылауды және оларға басшылық етуді, жерасты қоймаларында жарылғыш материалдарды сақтауды қамтамасыз ететін, сондай-ақ шахталарда, учаскелерде, қызметтерде, цехтарда, өндірістерде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз ететін қызметкерлер, оның ішінде:

геолог;


гидрогеолог;

бас механик;

бас энергетик;

диспетчер;

еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі инженері;

тау-кен жұмыстары инженері;

инженер-энергетик;

маркшейдер;



шебер (аға);

жабдықтарды монтаждау, демонтаждау, жөндеу және түзетумен айналысатын жұмысшылар және қызметшілер;

шахталық тұрақты қондырғыларды қадағалаушы (барлық санаттардағы) қызметшілер;

барлық аталымдағы (1-2 санат және санаттары жоқ) техник;

хронометражшы;

электрик (аға);

электромеханик (аға);

энергетик (аға);

2) жұмыс уақытының кемінде 80 % жерасты жұмыстарында iстейтiн жерасты жағдайларында жұмыс атқаратын басқа да кәсіпорындар, ұйымдар және олардың филиалдарының барлық қызметкерлері.

2. Кен қазбасын, метрополитендер, жерасты каналдары, тоннельдер мен басқа да жерасты құрылыстарын салудағы, реконструкциялаудағы, техникалық қайта жарақтандырудағы және күрделi жөндеудегi жерасты жұмыстары.

Жұмыс уақытының кемінде 80 % жерасты жұмыстарында iстейтiн қызметкерлер:

Жұмысшылар:

арматурашы;

бетоншы;

шпурларды бұрғылаушы;

жарушы;


автомобиль (самосвал) жүргiзушi;

тау-кен жұмысшысы;

оқшаулаушы;

бекітуші;

шығыршы;

бульдозер машинисі;

бұрғы қондырғысының машинисі;

кран машинисі (краншы);

мотовоз машинисі;

сорғы қондырғысының машинисі;

тиеу машинасының машинисі;

өздігінен жүретін жерасты машиналарының машинисі;

«Соқыр» ұңғылардағы көтергіш машинаның машинисі;

көтеру-жылжыту тас тиегіш машинисі;

үңгілеу кешенінің машинисі;

скрепер машинисі;

скрепер шығырының машинисі;

үңгілегіш бір шөмішті экскаватор машинисі;

электровоз (шахталық) машинисі;

үңгілегіш тау-кен жабдықтарының монтажшысы;

үңгілегіш желдету қондырғысының моторшысы;

үңгілегіш;

жарылғыш материалдарды таратушы;

сигналшы;

оқпаншы;

транспортерші;

проходкада жұмыс істейтін кіші станцияларға қызмет көрсету электромонтері;

электрослесарь;

жерасты тау-кен үңгілеу жабдықтарының электрослесарь-монтажшысы.

Қызметшілер:

Учаскелер қызметін бақылауды және оған басшылық етуді қамтамасыз ететін қызметкерлер, оның ішінде:

маркшейдер;

тау-кен шебері;

механик;


электромеханик;

учаске энергетигі.

3. 150 метр және одан төмен тереңдікте пайдалы қазбаларды өндiру жөніндегі разрездер (карьерлер) мен кеніштер:

разрездерде, карьерлерде және кеніштерде (жер бетінде істейтін қызметкерлерден басқа) жұмыс уақытының кемінде 80 % жерасты жұмыстарында iстейтiн қызметкерлер.

4. Тау балауызы (қоңыр көмiр балауызы) және озокерит өндiрiсi:

Жұмыс уақытының кемінде 80 % жерасты жұмыстарында iстейтiн қызметкерлер:

тау балауызы өндiрiсiнiң аппаратшысы;

шебер (аға);

құю машинасының машинисi;

озокеритті қолмен құюмен айналысатын жұмысшылар.

5. Тау-кен құтқарушылар бөлiмi (станциясы).

Жұмыс уақытының кемінде 80 % жұмыс iстейтiн жұмысшылар:

бекіту материалдарын шахтаға жеткізуші;

респираторшы.




2. Көмiрдi, кендi, тақта тасты, озокеритті, талькті, каолинді, графиттi, доломиттi, кварциттi, әктасты, мергельді, магнезиттi, гипстi, боратты, пьезокварцты, агатты, бориттi, фосфориттi, апатиттерді, күкiрттi, алмасты, мәрмәрды, граниттi, андезитті, борды, құмнан алынатын қымбат және түстi металдарды, диабазаны, гранодиоритті, базальтті, құмдақты, тақта тасты, асбесті, тұзды және басқа да қауіптілігі 1-3 сыныпты, зиянды заттар бар кен емес қазбаларды ашық әдiспен өндiру. Шахталар, кенiштер, разрездер, карьерлер, приискілер, драгалар, метрополитендер, тоннельдер, жерасты каналдары мен басқа да жерасты құрылыстарын салу. Топырақ құнарлығын қалпына келтіру, техникалық ұңғымаларды бұрғылау, жерасты өрттерiнiң, террикондағы және жынысты үйiндiлердегi өрттердiң алдын алу және оларды сөндiру жөніндегі тау-кен жұмыстары
6. Разрездерде, карьерлерде, приискілерде, гидравликаларда, драгаларда, жуу аспаптарында, шахталардың, кенiштер мен дренаж шахталарының жер үстіндегі жұмыстары және ашық тау-кен жұмыстары. Шахталар, кенiштер, разрездер, карьерлер, приискілер, драгалар, метрополитендер, тоннельдер, жерасты каналдары құрылыстары мен басқа да жерасты құрылыстарының өндiрiстiк алаңдарындағы жұмыстар. Жердi қайта өңдеу, техникалық ұңғымаларды бұрғылау, жер астындағы өрттердi, террикондар мен жынысты үйiндiлердегi өрттердiң алдын алу және оларды сөндiру жөніндегі тау-кен жұмыстары. Бұрғылау-жару жұмыстары:

Жұмыс уақытының кемінде 80 % жұмыс iстейтiн қызметкерлер:

Жұмысшылар:

тау балауызы өндiрiсiнiң аппаратшысы;

бункершi;

шпурларды бұрғылаушы;

аспалы-әуе жолдарының вагонетшiсi;

вагонетшi;

жарушы;

тау-кен массасын тиейтiн тиегiш жүргiзушiсi;

үйiндiлердегi түсiрушi;

гидромониторшы;

тау-кен жұмысшысы;

гүрсілдетушi;

жоғарыда санамаланған қазбалар мен жыныстарды тиеумен, түсiрумен айналысатын жүк тиеуші;

жеткізушi;

қашау майлаушы;

шахтаға бекіту материалдарын жеткізушi;

драгер;

мирабилит өндiретін дренажшы;

уатушы;

забойшы;


ашу және тазалау жұмыстарында жұмыс істейтiн жер қазушы;

тастарды арамен кесушi;

тас өңдеушi;

арықшы;


плиталар мен блоктарды кесушi;

бекітушi;

ұста-бұрғыларға май құюшы;

лампашы;

шығыршы;

карьер мен разрезде жұмыс істейтiн лента тазалаушы;

люкшi;

драга матросы;



бұрғы қондырғысының машинисі (көмекшісі);

тепловоз машинисі (көмекшісі);

тартқыш агрегатының машинисі (көмекшісі);

экскаватор машинисі (көмекшісі);

разрездерде, карьерлерде және үйінділерде жұмыс істейтін автогрейдер машинисі;

бульдозер машинисі, оның ішінде байыту және брикетті фабрикалар, разрездер, шахталардың жыныстар үйінділерін және жанатын террикондарды сөндіру және сұрыптауда жұмыс істейтін;

вибротиеу қондырғысының машинисі;

түзету-қағу-өңдеу машинасының машинисі;

түзету-қағу-тегістеу машинасының машинисі;

орташалау қоймалар мен үйінділердегі, разрездердегі, карьерлердегі жол-көлік машинасының машинисі;

драга машинисі;

ұсатқыш-тиеу агрегатының машинисі;

ұсатқыш қондырғыларының машинисі;

өздігінен жүре алмайтын жерге соратын жүзбелі снарядтың машинисі;

жер соратын қондырғы машинисі;

тас кесетін машина машинисі;

конвейер машинисі;

кратцер машинисі;

диірмен машинисі;

мотовоз машинисі;

дренаждық жұмыстардағы сорғы қондырғыларының машинисі;

үйінді жасаушы машинисі;

үйінді көпір машинисі;

үйінді соқасының машинисі;

қоректендіргіш машинисі;

көтергіш машина машинисі;

жол қозғағыш машинисі;

жол көтергіш машинисі;

карьерлердегі, разрездердегі және үйінділердегі кең табанды жол төсеуші машинисі;

тегістегіш машинаның машинисі;

скрепер машинисі;

скрепер шығыры машинисі;

слюда қабатын жасаушы машинаның машинисі;

карьерлерде, разрездердегі қар жинайтын және жинаушы жол машинасының машинисі;

сұрыптау машинисі;

шахта оқпандарын тұтас қимамен бұрғылау қондырғысының машинисі;

карьерлерде, разрездердегі көлік құралдарын өңдеу қондырғысының машинисі;

карьерлер мен разрездердегі шойтас кен массасын бұзу қондырғысының машинисі;

слюданы ажырату қондырғысының машинисі;

фрезагрегат машинисі;

карьерлерде, разрездердегі хоппер-мөлшерлегіш машинисі;

карьерлерде, разрездерде және үйінділерде жұмыс істейтін шпал қаққыш машинаның машинисі;

карьерлерде, разрездерде және үйінділердегі кесек тазалағыш машинаның машинисі;

тау-кен жабдығының монтажшысы;

жол монтерi;

механикалық күрек моторисi;

металды алу жөніндегі жуу аспабы моторисi;

үйiндi уатушы;

тау-кен қазбаларын жиектеушi;

озокерит өндiрiсiндегі тауар операторы;

аударып төгушi;

сынама алушы;

шағын литражды драганың кесек тасшысы;

геологиялық сынамаларды жуушы;

скуббершi-сорғышы;

сұрыптаушы;

жер бетiнде жұмыс iстейтiн оқпаншы;

тракторшы;

гидромыс қондырғысының цементаторшысы;

шлихталаушы;

шлюзшы;

диспетчерлiк жабдықтар мен телеавтоматика электромонтерi;



байланыс желі электромонтері;

телефон байланысы желiлiк құрылыстарының және радиофикациялау электромонтерi;

электр өткізу әуе желілерін жөндеу электромонтері;

байланыс электромонтері;

дабыл бергіш, орталықтандыру және блоктау құрылғыларының электромонтері.

Қызметшілер:

Учаске қызметін бақылауды және оған басшылық етуді қамтамасыз ететін қызметкерлер, оның ішінде;

геолог;


геофизик;

гидрогеолог;

тау-кен инженері (жетекші, 1-2 санатты және санаты жоқ);

маркшейдер;

шебер (аға);

механик;


электрик;

электромеханик;

энергетик.

7. Көмiрдi жерасты газдандыру жөніндегі жерүсті жұмыстар:

жұмыс уақытының кемінде 80 % жұмыс істейтін күкiрт тазалау, газгенераторлы, газды үрлеу және көмiрдi жерасты газдандырудағы бұрғылау учаскесінде (цехтарда) жұмыс iстейтiн қызметкерлер.

8. Аралық материалды өндiру, өңдеу және тасымалдау:

Жұмыс уақытының кемінде 80 % жұмыс істейтін қызметкерлер:

Жұмысшылар:

бункершi;

аспалы әуе жолдарының вагонетшiсi;

жарушы;

карьерде жұмыс iстейтiн (жүк) автомобиль жүргiзушiсi;



тау-кен жұмысшысы;

гүрсілдетушi;

мөлшерлеуші;

уатушы;


сындыру балғаларының забойшысы;

забойшы;

шығыршы;

люкшi;


автогрейдер машинисі;

диірмен машинисі;

гидросалманы араластыру қондырғысының машинисі;

экскаватор машинисі.

Қызметшілер:

шебер-жарушы;

ұсатқыш фабрика, учаске, цех шебері;

9. Инерттi шаң өндiрiсi:

Жұмыс уақытының кемінде 80% жұмыс iстейтiн қызметкерлер:

шаң түсiрушi;

тасымалда жұмыс iстейтiн кен жұмысшысы;

уатушы;


цех (уақтау, ұнтақтау және кептіру) шебері (аға);

бұрғы қондырғысының машинисі;

конвейер машинисі;

диірмен машинисі;

көтергіш машина машинисі;

кептіргіш қондырғының машинисі;

үйiндiнi уатушы;

сынама алушы.

10. Тау-кен балауызы (қоңыр көмiрлi балауыз), қоңыр көмiр базасында реагенттер өндiру:

Жұмыс уақытының кемінде 80 % жұмыс iстейтiн қызметкерлер:

Жұмысшылар:

озокерит және озокерит өнiмдерi өндiрiсiнiң аппаратшысы;

реагенттер өндiрiсiнiң аппаратшысы;

шикiзатпен және отынмен жұмыс істейтiн жүк тасушы;

уатушы;

кептiру қондырғысының машинисi;

электр пеште болат қорытушы;

қолмен қалыптаушы өзекші;

ілмектеуші;

кептіруші;

қолмен қалыптау қалыпшысы;

шламшы-бассейнші;

штампылаушы.

Қызметшілер:

шебер (аға);

механик.


2. Кен дайындау, байыту, кесектеу (агломерациялау, брикеттеу, кесектеу), кендi және кенсiз қазбаларды күйдiру
3. Агломерациялау комбинаттары, фабрикалары, цехтары, бөлiмшелерi, қондырғылары. Шекемтастар өндiру. Байыту фабрикалары мен кен, көмiр, сланец, сондай-ақ басқа да зиянды заттары бар кенсiз қазбаларды байыту жөніндегі қондырғылар. Брикеттеу. Ауырлатқыштар өндiру. Шахталардағы, разрездердегi (карьерлердегi) сұрыптау. Кендi, кенсiз қазбаларды күйдiру. Байыту (жеткізу) фабрикалары, цехтары түстi, қымбат металдарды, алмастарды алу кезіндегі кендi, құмды байыту қондырғылары. Көмiрдi сусыздандыру. Түйiршiктелген көмiр ұнтағы мен шаң тәрiздi көмiр фабрикалары
11. Жұмыс уақытының кемінде 80 % жұмыс iстейтiн қызметкерлер:

Жұмысшылар:

агломератшы;

сілтісіздендіру аппаратшысы;

мөлшерлеу аппаратшысы;

құрамында алтын бар кендерді байыту аппаратшысы;

қойылтқыш аппаратшысы;

кептіру аппаратшысы;

автоклавтар және сілтісіздендірумен айналысатын аппаратшы-гидрометаллург;

аспираторшы;

негізгі өндіріс учаскесіндегі бригадир;

бункершi;

аспалы-әуе жолдарының вагонетшiсi;

шойын балқытушы;

қалдық қоймаларының дамбаларын ұзартуда, шлам, жер жынысы мен байыту және брикеттеу қалдықтарын шығаруда жұмыс iстейтiн автомобиль жүргiзушiсi;

кен массасын тиеумен айналысатын жүргiзушi;

ыстық агломерат түсiрушi;

үйiндiдегi түсiрушi;

шаң түсiрушi;

көмiр байыту қалдықтарынан брикет жасау өндiрiсiндегі алып қоюшы;

газшы;

үйiндiлерде (дамбаларда) және қалдық шаруашылығында жұмыс iстейтiн гидромониторшы;



агломерациядағы және күйдiрудегi көрiкші;

тау-кен жұмысшысы;

гүрсілдетушi;

гүрсiлдетушi-көсеушi;

шикiзатпен, құммен, отынмен, реагенттермен, түстi металл концентраттарымен жұмыс iстейтiн жүк тиеушi;

құрамында алмас бар концентраттарды жеткізушi;

мөлшерлеуші;

уатушы;


тарту денелерiн тиеушi;

шойын балқытқыш пен пештердiң тиеушi-түсiрушiсi;

жұмыстың ыстық учаскелеріндегі қара металл өндірісін бақылаушы;

байыту өнімін бақылаушы;

концентраторшы;

шлам түзетушi;

шығыршы;

шаң жинауда жұмыс iстейтiн таспа жинаушы;

люкшi;

айналма пештерінің машинисі (күйдіруші);



қалдық сақтау орнындағы автогрейдер машинисі;

кесекше пресс машинисі;

шлам және жыныс жүйелерінде, сондай-ақ қалдық сақтау орнындағы технологиялық процеспен айналысатын бульдозер машинисі;

вагондарды төңкеру машинисі;

желдеткіш және аспирациялық қондырғылардың, соның ішінде түтін сорғышқа қызмет көрсетумен айналысатын машинист;

уату-тарту-сұрыптау механизмдерінің машинисі;

тиеу механизмдерінің машинисі;

шлам, қойыртпақ және реагенттерді айдаумен айналысатын жер соратын өздігінен жүре алмайтын жүзбелі снаряд машинисі;

шлам, қойыртпақ және реагенттерді айдаумен айналысатын жер соратын қондырғының машинисі;

кокс тиеу машинасының машинисі;

конвейер машинисі;

кран машинисі (краншы);

қалдық сақтау орнында жұмыс істейтін автомобильді кран машинисі;

кратцер машинисі;

диірмен машинисі;

араластырғыш машинисі;

шлам, қойыртпақ, өнеркәсіп өнімін және реагенттерді айдаумен айналысатын сорғы қондырғының машинисі;

түйіршіктегіш машинисі;

шаң тұндыру аппараттары және сүзгілерді тазалаумен айналысатын қайта тиегіш машинисі;

қоректендіргіш машинисі;

мөлшерлеу құрылғыларында және шаң тасымалдауда айналысатын пневмокөлік машинисі;

сүрлем және көмір мұнараларына қызмет көрсету машинисі;

көтергіш машина машинисі;

байыту қондырғыларының барлық түрлеріне қызмет көрсететін жуу машинасының машинисі;

өлшеп-орау машинасының машинисі;

кен орталау машинасының машинисі;

скиптік көтергіш машинисі;

Көмірді тиейтін скрепер машинисі;

Скреперлі шығыр машинисі;

араластырғыш барабандардың машинисі;

кептіргіш қондырғы машинисі;

қалдық сақтау орнында жұмыс істейтін құбыр төсегіш машинисі;

байыту және кесекшелеу қондырғысының машинисі;

эксгаустер машинисі;

шлам және жыныс жүйелерінде, оның ішінде концентратты тиеумен және технологиялық процеспен айналысатын экскаватор машинисі;

байыту, сұрыптауға арналған жабдық пен уату-үгіту жабдығы монтажшысы;

металлургиялық жабдықтарды жөндеумен айналысатын металлургия зауыттары жабдығының монтажшысы;

жабдықтарды жөндеумен және оларға қызмет көрсетумен айналысатын технологиялық құбыр тарту монтажшысы;

жұмыс жағдайы зиянды өндiрiстердiң кiрме жолдарында жұмыс iстейтiн жол монтерi;

күйдіруші;

графит байытушы;

ыстық жұмыстарда iстейтiн отқа төтеп берушi;

шаң, газ ұстаушы қондырғыларға қызмет көрсету операторы;

ауырлатқыш, брикеттер, препараттар мен концентраттар, оның iшінде көмiр концентраттары өндірiсiнде жұмыс істейтін басқару пультінің операторы;

қалдық қоймаларында ағаш құбыр қондырғысында жұмыс iстейтiн ағаш шеберi;

сынама алушы;

шағын литражды драга кесек тасшысы;

механикалық електерде ұнтақ елеушi;

қалдық шаруашылығындағы реттеуші;

бақылау-өлшеу аспаптарына және автоматикаға, олар орнатылған жерлерде тікелей қызмет көрсетумен және жөндеумен айналысатын бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика слесарі;

слесарь-жөндеуші;

сүзгіші;


флотаторшы;

электр жабдығын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электромонтер;

учаскелердің, цехтардың, бөлімшелердің қызметін бақылауды және оған басшылық етуді қамтамасыз ететін қызметкерлер, оның ішінде:

шебер (аға);

механик;

техник;


электрик;

энергетик (цех, учаске).

12. Шаңында 2 % және одан да көп кристалды (бос) кремний қостотығы бар кендi және кенсiз қазбаларды шикiқұрамдауда кемінде 80 % жұмыс iстейтiн (балшық кесектеу өндiрiсіндегі шикiқұрамдауды қоса алғанда) жұмысшылардың кәсiптерi, оның ішінде:

бункершi;

гүрсілдетушi;

мөлшерлеуші;

уатушы;

конвейер машинисi;



диірмен машинисi;

қоректендiргіш машинисi;

шикіқұрамшы.

13. Шаңында 2 % және одан да көп кристалды (бос) кремний қостотығы бар қара металл кенін, кенсiз қазбалар мен тау-кен-химия шикiзатын уатуда, ұнтақтауда, тартуда, сұрыптауда және байытуда кемінде 80 % жұмыс iстейтін жұмысшылардың кәсіптерi, оның ішінде:

бункершi;

гүрсілдетуші;

мөлшерлеуші;

уатушы;


конвейер машинисi;

диірмен машинисi;

құрғақ шикiзат беруде жұмыс iстейтiн қоректендiргiш машинисi; реагенттердi ерiтушi;

қалдық шаруашылығын реттеушi;

көмiр байыту қалдықтарынан брикет жасау өндiрiсiнде жұмыс iстейтін күйешi;

сепараторшы (құрғақ ұнтақтауда);

байытудың дымқыл циклінде жұмыс iстейтін сепараторшы;

скруббершi-сорғышы;

слесарь-жөндеушi;

сұрыптаушы;

кептiрушi;

брикеттi түсiрушi;

қалдық қоймаларында жұмыс iстейтiн тракторшы;

тасымалдаушы;

буып-түюшi;

сүзгішi;

флотаторшы;

бүркушi;

цнтрифугалаушы;

брабандарды, бункерлердi, рампыларды, контрациялық үстелдер мен аспирациялық жүйелердi тазалаумен айналысатын тазалаушы;

шикіқұрамшы;

шламшы-бассейншi;

шлихталаушы;

шлюзшi;


электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету электромонтерi;

жабдықты жөндеу және қызмет көрсету электрослесарі.


4. Түстi, бағалы металдар мен алмастарды алу кезiнде кендер мен құмды байыту
14. Жұмыс уақытының кемінде 80 % жұмыс iстейтiн жұмысшылар кәсіптері:

сілтіден айыру аппаратшысы;

құрамында алтыны бар кендердi байыту аппаратшысы;

автоклавтарда жұмыс iстейтiн және сілтіден айырумен айналысатын аппаратшы-гидрометаллург;

ұнтақтау учаскесінде (бөлiмшесiнде) жұмыс iстейтiн гүрсiлдетушi;

жеткізушi;

реагент мөлшерлеуші;

ксантогенат дайындауда жұмыс iстейтiн мөлшерлеуші;

ұнтақтау учаскесінде (бөлiмшеде) жұмыс iстейтiн уатушы;

ұнтақтау-диірмен жабдығындағы тиеушi;

ұнтақтауда жұмыс iстейтiн қоректендiргiш машинисi;

кептiру қондырғысының машинисi;

күйдiрушi;

балқытушы;

құрамында цианид немесе қостотықты кристалданған (бос) кремнийi бар сынамалар алумен айналысатын сынама алушы;

реагенттерді ерітуші.

15. Цианид қолданылатын сынамалық және сынамалық-талдау зертханаларының, сондай-ақ алтын өндiретiн және жұмыс уақытының кемінде 80 % кеннен алтын алу ұйымдарында жұмыс iстейтiн жұмысшылар мен қызметшілер.

16. Жұмыс уақытының кемінде 80 % цианидтi ерiтiндiлер қолданылатын жұмыстарда жұмыс iстейтiн (технологиялық және жөндеушi қызметшiлер) қызметкерлер.

17. Шаңында 2 % және одан да көп кристалданған (бос) кремний қосқышқылы бар кенді, кенсіз қазбаларды байытуда жармалаумен, ұнтақтаумен, тартумен, шикіқұрамдаумен жұмыс уақытының кемінде 80 % айналысатын жұмысшылардың кәсіптері, оның ішінде:

мөлшерлеуші;

конвейер машинисi;

құрғақ тартумен айналысатын диірмен машинисi;

шлам өңдеудегi жұмысшы;

ксантогенатты қолданатын және дайындайтын реагенттердi ерiтуші;

сепараторшы;

концентраттарды кептiрумен және кварттаумен айналысатын кептiруші;

шикіқұрамшы.

3. Металлургия өндірiсi (қара металдар)



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет