Маман бірыңғай уақыт белдеуіне ауысқан соң адам ағзасы оған қалай бейімделетінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Обожаю бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: triptonkosti.ru

Сомнологтың айтуынша, адам бірыңғай уақыт белдеуіне өздігінен бейімделуі қажет. 

"Мұндай зерттеулерді бұрын ешкім жүргізбеген. Сондықтан адам бірыңғай уақыт белдеуіне өзі бейімделуі қажет деп санаймын. Уақыт белдеуіне ауысқан соң бір, екі апта немесе бір айдың ішінде адамның өзі де денесі де сол уақытқа бейімделе бастайды. Мысалы адам демалыс күндері ұзақ уақыт бойы түскі асқа дейін ұйықтаса, ол уақыт белдеуін ауыстырады. Уақыт белдеуін кері қайтару үшін шамамен бір жарым сағат немесе бір күн қажет. Ал биологиялық ырғаққа ауысу үшін екі-үш күн қажет болады",- деді сомнолог Асемгүл Қасенова.

  • Министр тұрғындардың қарсылығына қарамастан Қазақстан бірыңғай уақыт белдеуіне көшетінін айтты
  • Қазақстандықтар бірыңғай уақыт белдеуіне ауысқаннан кейін электр энергиясына көбірек төлей ме

Сондай-ақ маманның айтуынша, бірыңғай уақыт белдеуіне ауысу мемлекет емес, жер шары шеңберінде болады. Бүкіл жер шары уақыт белдеулеріне бөлінген. 

"Ресей сияқты үлкен мемлекетті алайық. Онда бір жағында күн батса, екінші жағында күн шығып жатады. Яғни, бұл біздің географиямыз, яғни географияға сәйкес өмір сүруіміз керек", — деді маман.  

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандық авиакомпаниялар бірыңғай уақыт белдеуіне көшуге байланысты рейстер кестесіндегі өзгерістер туралы түсініктеме бергенін жазған едік. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.