Міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру тәртібі



жүктеу 16.64 Kb.
Дата20.04.2019
өлшемі16.64 Kb.

Міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру тәртібі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 17 мамырдағы № 523 қаулысына сәйкес, 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті техникалық байқауды көлік құралының тіркелген жеріне және көлік құралы иесінің тұрғылықты жеріне қарамастан, бірақ көлік құралының санатына сәйкес техникалық байқаудың стационарлық және ұтқыр желілерін пайдалана отырып, техникалық байқау орталықтары жүргізеді.

Көлiк құралдарының міндетті техникалық байқауын өткiзу техникалық байқау орталықтарының тiзiлiміне қосылған күнiнен бастап техникалық байқау орталықтары жүзеге асырады.

Көлік құралдарының иелері:

1) көлік құралының тіркелген жеріне және өзінің тұрғылықты жеріне (тұрғылықты орнына) қарамастан, міндетті техникалық байқаудан өту үшін техникалық байқау орталығын дербес таңдайды;

2) Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізудің кезеңділігімен бекітілген міндетті техникалық байқауды өткізу мерзімінің шегінде міндетті техникалық байқаудан өту уақытын дербес анықтайды;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті техникалық байқаудан өтуді жеке немесе өздерінің өкілдері арқылы жүзеге асырады;

4) техникалық байқау орталықтарына техникалық байқау орталықтары белгілеген тариф шегінде міндетті техникалық байқау өткізу қызметтері үшін төлем жүргізеді;

Міндетті техникалық байқаудан өту үшін көлік құралының иесі техникалық байқау орталығына мынадай құжаттарды ұсынады:

1) көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;

2) жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген тәртіппен ағымдағы күнтізбелік жыл үшін көлік құралдары салығын төлегенін растайтын немесе оны төлеуден босату құқығын растайтын құжаттар;

3) көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы шарт.

Механикалық көлік құралдарының міндетті техникалық байқауы туралы толық ақпараты 2011 жылғы 26 мамырдағы «Егемен Қазақстан» газетінде немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің www.goverment.kz сайтында таңыса аласыз.



«ШҚО Курчатов қаласы ТҮКШ, кісі тасу және

автомобиль жолдары бөлімі» ММ

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет