Минералды тыњайтќыштардыњ химиялыќ технологиясы пєнінен зертханалыќ ж±мыстар



жүктеу 0.6 Mb.
бет1/4
Дата26.08.2018
өлшемі0.6 Mb.
  1   2   3   4




КАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Семей қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18-0.1.15/03-

2015


ПОӘК

«Минералды шикізаттың анализі» пәнінің оқу-әдістемелік материалы

« » 2015ж.

№ 1 басылым




ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«Минералды шикізаттың анализі» пәні
5В072000 - «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы»

мамандығы үшін




ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей


2015
Мазмұны


  1. Дәрістер

  2. Практикалық және зертханалық сабақтар

  3. Білім алушының өздік жұмысы


1,2 дәрістер

Әлемдік шаруашылықтағы минералды шикізат

  1. Минералды шикізат өндірісі және оның қолдану аясы.

  2. Минералды қор және өндіріс күші.

  3. Әлеуметтік-экономикалық аспекті минералды қорды қолдану.




  1. Кез келген өндірістің алғашқы материалы – минералды шикізат. Минерал – қатты металл емес металды зат, ол жер қыртысында табиғат процестері әсерінен пайда болған. Металды минералдар құрамында әр түрлі элементтер – металдар болады: темір, мыс, алтын т.б. Минералды шикізат – кендер. Ең көп минерал затына – темір кенін жатқызуға болады, әлемдік қоры ~ 200 млрд.б. бар, жылына ~ 1 млрд.т. темір кені өндіріледі, олай болса, 200 жылдай уақытқа жетеді.

Минералды шикізаттар көбінесе ашық әдіспен, сонымен бірге жер асты әдісімен өндіріледі.

Минералды қор геологиялық көрсеткіштермен бағаланады.Жер қыртысында пайдалы қазбалар таралуы әр түрлі.

Көптеген минералды шикізаттар кен күйінде, шығу тегі бейорганикалық заттар, кездеседі. Энергиялық шикізаттар тегі органикалық.

Егер минералды шикізаттар қорғаныс өндірісінде қолданылса – стратегиялық деп аталады.

Минералды шикізатты кешенді қолдану және оның әр түрлі қалдықтарын іске асыру үшін (жою үшін) ғылым мен практика көп көңіл бөлуде, қазіргі кезде қалдықсыз технология қолданып, қоршаған ортаға зиян келтірмеудің жағдайын жасауда. Өңдіріс қалдықтары қазір ондаған мың гектар жерді алып жатыр, олар атмосфераны, су қоймаларын, жер асты суларын ластайды.

Әлемде өндіріс өскен сайын, көптеген шикізаттың қолданылуы да артты. Мысалы, 1945 – 1975ж.ж. аралығында минералды шикізаттың қолданылуы бүкіл адамзаттың осы уақытқа дейінгі тарихында қолданылғанына тең болды.

Шикізат қолданылуының динамикасын мына факторлар анықтайды:

-материалды өндіріс деңгейі;

-ғылыми – техникалық прогресс (ҒТП)

ҒТП өндірістің жаңа салаларының дамуына әкелді: атомды, авиакосмостық, электрондық т.б., олар жеңіл және сирек металдарға сұраныс жасады. Ежелгі уақытта адам ~ 18 химиялық элементті қолданса, 18 ғасырда – 29, ал ХХ ғасырдың ортасында – 80 элементті қолданды, қазір периодтың жүйенің барлық элементтері қолданылады.

Қазіргі кезде минералды шикізатты қолдану біраз азайды, себебі олардың орнына қолданылатын – шикізаттың синтетикалық түрлері пайда болды, бірақ олар металлдардың орнына қолданыла алмайды. Болат және түсті металлдар қазіргі өндірістің негізі болып қала береді. Минералды шикізат қоры жер қыртысы мен мұхитта көп болғанымен, біту мүмкіндігін де ұмытпау керек. 90-шы жылдары темір

-190 жылға, никель – 76 жылға, алюминий – 280 жылға, мыс - 60 жылға, көміртек – 600 жылға, газ – 54 жылға, мұнай – 45 жылға жету керек деп болжам жасалған.




  1. Дамыған елдердің ішінде минералды қор ең көп елдер: Австралия (уран, темір және марганец кені, боксит, Pb, Zn, Ti, Au, алмаз), ЮАР – оңтүстік Африка республикасы (марганец және хром кені, V, Au, Pt, алмаз, U), Канада (U, Pb, Zn, W, Ni, Co, Mo, Nb, Au, калий тұздары ), АҚШ (Cu, Mo, фосфат шикізаты).

Дамушы елдер аймағында әлемдік жанбайтын минералды қордың 50%, 2/3 мұнай, ½ табиғи газы бар: Персид шығанағында мұнай, Бразилия (темір және марганец кені, боксит, Sn, Ti, Au, Ta, Nb), Мексика (мұнай,Cu, Ag ), Чили (Cu, Mo), Гвения (боксит), Заир (Cu, Co, алмаз), Замбия (Cu, Co). Ресейде минералды қор АҚШ та 3 есе, Қытайдан 4,4 есе көп.


  1. Минералды шикізат – халықаралық сауданың 19% алады. 1928ж 7 үлкен компанияларды (Галф ойл, Тексако, Стандарт ойл оф камфорниа, Мобил ойл, Бритиш петролеум, Ройял датч-шелл, Компания Франсэз де петроль) біріктірген мұнай картелі құрылды. Ол Персия шығанағынан, тағы басқа елдерден шығатын мұнайды (барлаудан бастап сатуға дейін) бақылауда ұстады. 1900 ж. әлемдегі мұнай өндіру 20 млн.т. болса, 1977 жылы 3 млрд.т. болды. Мұнай өндіретін елдердің табиғи байлығын көзсіз жұмсамау үшін ОПЕК (мұнай экспорттайтын елдер ұйымы) 1960 ж құрылды, ол мұнай бағасын картель сияқты төмендетпей, бірқалыпты, не жоғары ұстайды.

Табиғи қорды азайтпау үшін энергия көзі ретінде атом энергиясын қолдануға көшті, дамыған елдер минералды қоры бай елдерде әскери активтілік көрсетеді, мысалы АҚШ әлемнің көптеген аудандарын өздерінің ұлттың мүдделеріне айналдырды.

70-жылдардан бастап шикізат бағасы дайын тауар бағасынан қала бастады.

Қазақстан алуан түрлі пайда қазбалар қорымен бай: 105 Менделеев кестесіндегі элементтердің 99 бар, өндіріске ~ 60 элемент тартылды. Қазақстан барлау бойынша әлемде 1-орын: Zn, W, борит; 2-орын: Ag,Pb, хромит; 3-орын: Си, флюорит; 4 орын: Мо, 6 орын – Аи алады.

ТМД елдерінен Қазақстан хром, қорғасын қоры бойынша 1 орын; мұнай, Ag, Си, Mn, Zn, Ni, фосфор шикізаты бойынша 2 орын; газ, көмір,Au, Sn – 3; Қазақстан – ірі мұнай өндіруші ел. Қазақстанда өндірілетін қара және түсті металдар кендері Жапония, Оңтүстік Корея, АҚШ, Канада, Ресей, Қытай, Европа елдеріне экспорталуда.

Қазақстанның әр регионындағы пайдалы қазбалар: мұнай: қоры Атырауда, Манғыстау, Ақтөбе, Батыс-Қазақстан облыстарында; негізгі мұнай өндіруші компаниялар: Қазақстан мұнай-газ, Тенгизшевройл, CNPC – Актөбемұнай газ; Қарашығанақ петролиум оперейтинг, Росмұнай т.б. ұлттық компаниялар.

Табиғи газ: Әлемдік қордың 1,7% -ті, мұнай ұлттық компаниялары өндіреді.

Көмір: Қоры 162 млрд.т. 300-дей өндіріс орны барланған 10 бассейн жұмыс істеп тұр, жылына 100 млн.т. өндіріледі; Қарағанды, Павлодар, Қостанай облыстарында.

Кенді пайдалы қазбалар: Темір – ТМД елдерінің ішінен 3 орында (Ресей, Украина), негізі қоры Солтүстік Қазақстан – Соколов-Сарыбай кен орны.

Марганец – Орталық Қазақстан (Атасу, Жезді).

Хром – Мугаджар тауында (Кемпірсай, Донская); Қостанай және Шығыс Қазақстанда.

Никель, алюминий – Мугаджар тауында.

Мыс – мыс кені өте үлкен, Жезқазған, әлемде 7 орында. 92% экспортқа шығарылады.

Қорғасын, мырыш – кенді Алтайда

Алтын – 190 –дай жерде шығады, кенді Алтайда, Қостанай облысында, Орталық Қазақстанда (Степняк, Аксу, Майқайын).

Сирек металдар (W, Mo, V, Bi, Sb) – кенді Алтайда

Жер қойнауындағы Қазақстан байлығы 10 триллон АҚШ долларына тең деп есептеледі, табиғи байлығы бойынша әлемде Даниель Фоин, доктор Массачусет технологиялық институтынан (АҚШ) табиғи қор және энергетика бойынша маман бағалары бойынша Совет үкіметі құлағында (1991) барлық қордың 90% хром кені, 26% мыс, 33 % Pb және Zn, 38% W Қазақстанда қалған.

Қазақстанда қазіргі кезде 3 мұнай өндіретін зауод бар: Атырауда (1945 жылы салынған), 1970 жылдары салынған Павлодарда және Шымкентте. Павлодар зауоды толықтай, Шымкент зауоды жартылай өндіретінтін өнімдері үшін шикі мұнайды Сібірден (Ресей) алады, өнімнің көп бөлігін Ресейге жібереді.

Қазір Қазақстан алтын қорының тек 1% - тін өндірсе де әлемде 6 орын алуға жағдай жасады.

Қазақстан химиялық шикізатқа да бай: калий тұздары, борат, бром, сульфат, фосфорит көп. Полиметалл кендерінде күкірт колчеданы да өте көп, сондықтан күкірт қышқылын да мол өндіруге жағдай жасалған.

Қазақстан шыны және фосфор, фаянс өндірісіне қажет шикізатқа да бай, сонымен бірге мол дәулет ретінде минералды, емдік, өндіріс және термалды сулар бар, бірақ олар әлі кең қолданыс алған жоқ.

Сондықтан Қазақстанға көз тігіп отырған елдер өте көп: АҚШ, Батыс Европа елдері, Турция, Иран, Пакистан, Жапония, Қытай. Мұнайды толығырақ эксплуатацияға кіргізсе, Қазақстан Сауд Аравия, Кувейт, Біріккен Араб Эмиратынан қалмаған болар еді, Каспий теңізіндегі Тенгиз, Прорва, Қаламқас, Қаражанбас мұнай орындары тек мұнай қорының аз ғана бөлігі.

Қазіргі кезде мұнай химия өндірісінің өнімдері: этилен, полипропилен, каучук, синтетикалық жуғыш заттар, химиялық талшықтар, синтетикалық шайырлар, пластмассалар, цемент шығарылады.


3 дәріс

  1. Анализге сынама алу.

  2. Сынаманы ыдырату және оны ерітіндіге өткізу.

Елімізде бай кен қорларының көп болғандығынан минералды шикізаттарға анализ жұмыстарын жүргізу Қазақстанның химиктері үшін маңызды мәселе. Минералды шикізаттарға анализ жасау негіздерін геологтар, металлург-химиктер, бейорганикалық заттар мен материалдардың технологтары, химик-аналитиктер білу қажет.

Күрделі материалдарға химиялық анализ жүргізгенде көп жағдайда келесі сатылардан тұратын әдістерді қолданады:

Анализге сынама алу.

Сынаманы ыдырату және оны ерітіндіге өткізу.

Химиялық реакциялар жүргізу.

Сынаманың белгілі компонентіне А реагентпен R әсер етіп, нәтижесінде реакция өнімі В түзіледі : А+ R→В. Бұл анализдің маңызды сатысы және негізгі көп көңіл оның дұрыс орындалуына бөлініуі қажет.



Анықталатын заттың өзінің не реагенттің, реакция өнімінің қандай да бір физикалық параметрлерін өлшеу.

Осы өлшеулер негізінде анализденетін қоспадағы анықталатын компоненттің сандық мөлшері туралы талқылайды.


Сынамаларды анализге дайындау.

Анализге түсетін заттың сынамасын дұрыс алу керек. Алғашқы анализге түсетін заттың физикалық күйі (ірілігі, ылғалдығы, пайдалы не зиянды компоненттердің мөлшері біркелкі болмауы және т.б.) сынаманы алдын ала дайындап алмай бірден анықтауға жағдай жасамайды, сондықтан оларды алдымен дайындайды: ұсатады, массасын анықталатын заттардың мөлшеріне сәйкес келетіндей етіп, азайтады. Сонымен соңғы сынама 20-30 г болу керек, кесектігі 0,1 мм-дей

Сынама алуды 2 жағдайда жүргізеді: 1) минералдың формуласын анықтау үшін; 2) кен орнының құрамын анықау кезіндегі орташа сынаманы алу.

Орташа сынама алу-алғашқы сынаманы ұсақтау, араластыру, қысқарту арқылы жүреді.

Егер кен темір жолмен келсе, алғашқы орташа сынаманы былай алады: вагонның әр жерінен (кем дегенде 6 орыннан) аздап бөлшекті сынамалар алынады. Бөлшекті сынамалар салмағын Ричардс формуласымен (қысқарту формуласы) анықтайды: q=kdα , мұндағы q – сынама салмағы, кг; к-пропорционалдық коэффициенті; d – бөлшек диаметрі,мм; α – бөлшек мөлшерінің шамасының дәрежесі көрсеткіш. k=0,25 (кедей жыныстар үшін); 2,2 – дейін (бай жыныстар үшін) өзгереді. α –1,5-2,7 (осы формула бойынша кестеден алынады, 1 мәні алынады).


  1. Сынаманы алдын ала аздап кептіру (подсушка)

Пайдалы қазбалардың алғашқы сынамаларында әр уақытта су болады. Кей жағдайда ылғалдылығы көп болғандықтан сынаманы бөлу қиындайды: құралдар тесіктері бітеліп қалады (баттасып), сондықтан сынаманы аздап кептіру қажет.

Көп (үлкен) сынамаларды бөлу үшін алдымен ауада кептіреді, бетоннан, металдан, ағаштан жасалған орында қалындығы 1-2 үлкен кесектердей етіп жайып қояды да, мезгіл мезгіл араластырып отырады. Кептіру уақыты сынаманың ылғалдылығына, қоршаған орта температурасына, сынама жайылған орынның ауа алмасу жағдайына да байланысты. Сынаманы кептіру жазғы уақытта тез жүреді. Сынаманы кептіру 1000-тан жоғары болмау керек, себебі кристаллизациаланған су не сульфидті кендерден күкірт ұшып кетпеу үшін.

0,5 кг кесектігі ~ көмірдің зертханалық сынамасы кептіргіш шкафтарда 3 сағаттай, қоңыр көмір 5 сағаттай 50+-50 температурада 4 рет араластыру арқылы кептіріледі (МЕСТ 6379-52).
2. Сынаманы ұсақтау және ұсату

Бұл операцияларды сынамадан (проба) анализге қажет үлгі алуға (навеска) дейін қысқарту үшін жасайды.

Кесек 25 мм-дей болатын етіп ұсату үшін көбінесе қолдан болат плиткаларда жүргізеді. 0,1 мм кесек жасау үшін фарфор не агат ступкаларда (келі) майдалайды да елеуіштен өткізеді.

3.Сынаманы араластыру.

Сынаманы араластыру әдістері: перелопачивание (күректеу); сақина және конус әдісі, перекатывание (аунату) және механикалық араластыру.

Күректеу әдісі: араластырутын көп еңбек талап ететін, бірақ қарапайым әдісі. Егер сынама бірнеше жүз килограмм болса және кесек ~ 100 мм-дейін болса. Бұл әдісте сынама бір үйіндіден екінші үйіндігі күрекпен лақтырылады. Сынама жерде жатуға болмайды, тек бетонды металл не ағаш орындарда жатуы керек.

Сақина және конус әдісі – бұл әдіс қолмен араластырудың ең таралған түрі. Сынаманы сақина тәрізді етіп ағаш, металл не бетон орында орналастырады, одан күрекпен конус тәрізді етіп сынаманы лақтырады, конус түзілген соң, тақтайшамен үстінен басады да дискіге айналдырады, сосын күрекпен дискті айналдырады, сосын күрекпен дискті қайта сақинаға айналдырады, бұл операцияны 3 рет қайталайды


Аунату әдісі (перекатывание) – бұл әдіс 20-25кг ~ 10мм кесек сынамалар үшін жүргізіледі. Араластырылатын материал брезенттен, клеенка не қағаздан жасалған квадрат төсенішке (одеяло) салынып, төсеніштің бұрыштарын көтеру арқылы араластырады, толық араласу үшін 20-30 рет аунатады.

Механикалық араластыру арнайы илегіш қондырғыларда не зертханалық шар тәрізді диірмендерде жүргізеді.

Сынаманы қысқарту (азайту)

Араластырып болған соң сынамаларды қысқартуға көшеді. Сынамаларды қысқарту келесі тәсілдермен жүргізіледі:1) бөлшектеу (кварттау); 2) квадраттау; 3) тасымалданатын қысқартқыштар көмегімен; 4) механикалық қысқартқыштар көмегімен.



Кварттау. Кварттауды сақина және конус тәсілі бойынша сынамаларды араластырудан кейін қолданады. Сынамаларды конусқа 500 кг/40-50 мм салады. Соңғы мақсат – 1 кг ≤ 1мм алу. 20-40 қысқарту операциясы жүргізіледі. Конустың бөлігін ағаш күрекпен салады және конустың беткі қабатына түседі, 4 бөлікке бөледі. Қарама – қарсы кварттар алынып тасталады, ал қалған 2 бөлігі біріктіріліп, сақина мен конус тәсілімен араластырылады және 5-10 кг сынама 5 мм алынбайынша қайтадан кварттайды.


қалдық



сынама

Бұл әдіс бойынша қате 8-10 % арасында. Одан

Кейін сынаманы келіде, шар тәрізді диірменде ұсақтап, 1 см500 саңылауы бар елеуіш көмегімен елейді. 1кг, 1мм алынған сынаманы ыспаланған тығынды 3 шыны ыдысқа бөледі. Шыны сауыттың біреуін кен өндіретін зауыттың аналитикалық зауыттың зертханасына, екіншісін техникалық бақылау бөлімінің тұтынушысына жібереді. Соңғы сынаманы препаратор зертханада дайындайды.

Квадраттау. Сынаманы жылтыр қағазды үлкен қағазға салып, жақсылап араластырады да жұқа қабатпен біркелкі тегістеп жаяды, сосын бірдей 20-25 бірдей квадраттарға бөледі (5*5 см), ұсақтығы 1 мм-дей, қалындағы ~ 1 см, сынаманы 25г жуықтап бөледі


с

қ

с

қ

С

қ

с

қ

с

Қ

с

қ

с

қ

С

қ

с

қ

с

Қ

с-сынама; қ – қалдық


Сынамаларда әр уақытта өте ұсақтай беруге болмайды, мысалы, Fe2+ бар сынаманы өте ұсақтаса, ол Fe3+ өтіп кетеді,сондықтан Fe2+ бар сынаманы спирт астында ұсақтап, артынан спиртті ұшырады. Кристаллогидраттарды өте ұсатса, суы өзгеруі мүмкін.

Тасымалданатын қысқартқыштар көмегімен қысқарту.

Бұл әдісте сақина және конус әдісінің кварттауы сияқты, бірақ құрал қолданылады, әдіс қатесі 2-8 есе азырақ.



Таңбалау (маркировка), жазу және сынаманы сақтау.

Кез келген анализге түскен сынаманың паспорты болады, оған мынадай мәліметтер жазылады: 1. сынама аты; 2.сынама алынған жер; 3.сынама алынған уақыты (күні, сағат).

4 дәріс
Пайдалы қазбалар түрі.

1. жанғыш пайдалы қазбалар

2.Кенді емес пайдалы қазбалар
Минералды шикізат – тау-кен өндірісінің өнімі. Минералды шикізатқа пайдалы қазбалар жатады. Пайдалы қазбалар түрі: 1. жанғыш пайдалы қазбалар – (мұнай, табиғи газ, жанғыш сланцтар, торф, көмір) сарқылатын ресурсқа жатады, қайта орнына келмейтін пайдалы қазбалар, қайта орнына келетін ресурстар – су, топырақ.

Мұнай – майлы жанатын сұйық зат, әр түрлі көмірсутектерден тұрады, одан бензин, керосин, парафин алады.

Табиғи газ – көбінесе мұнай шығатын жерде және өзінің де табиғи қоры болады, ол ең арзан отын.

Көмір (тас көмір және қоныр көмір) – құрамында 97% - дейін көміртек болады, ең жоғарғы сапалы көмір антрацит деп аталады, қоныр көмірде 78%-дейін көміртегі болады, көбінесе жылу электр станцияларында қолданылады. Тас көмір металлургия және химия өндірісінде қолданылады.

Торф - өсімдіктердің жартылай ыдыраған қалдығынан тұрады, батпақ, саз жерлерде түзіледі, арзан отын.

2.Кенді емес пайдалы қазбалар (құрылыс материалдары – ізбес, құм, саз т.б., құрылыс тастары (гранит))



  1. Кендер (қара, түсті және бағалы металдар кендері), темір кені – құрамында Fe, V, Ti, S, P болады.

Марганец кені – құрамында Fe, Mn, P болады.

Титан кені – TiO2 түрінде кездеседі.

Хром кені – Cr2O3, Al2O3, MgO, FeO болады.

Алюминий кені – боксит, нефелин.

Мыс кені CuS, FeS, ZnS болады.

Полиметалл кені құрамында Pb, Zn, Cu, Sn бағалы металлдар болады.

2. Таухимиялық шикізаттар – апатит, фосфат, минералды тұздар, барит, бораттар, калий-магний тұздары болады.


  1. Гидроминералдар (жер асты минералды сулар және тұщы сулар).

3. Түсті тас шикізат (ешма, роданит, агат, оникс, хальцедон, нефрит, т.б.) және бағалы тастар (алмаз, изумруд, рубин, сапфир т.б.)

Минералды шикізаттың жер бетінде таралуы біркелкі емес, көптеген минералды шикізат бейорганикалық текті кен ретінде кездеседі. Пайдалы қазбалардың энергетикалық шикізаттары шекті, оларды минералды шикізатқа тек шартты түрде жатқызады. Қорғаныс өндірісіне қажет шикізаттарды стратегиялық деп атайды. Көбінесе импортталатын материалдар: Cr, Sn, Zn, W, U, Mn, Pt, бокситтер.

Минералды шикізатты комплексті қолдану жолдарын қарастыру керек. Қоршаған ортаны сақтау үшін қалдықсыз технология пайдалану қажет.

Қазіргі кезде ондаған мың гектар жер өндіріс қалдығы астында қалды, сондықтан су, атмосфера, топырақ кірленуде.

Осыдан 30 жылдай бұрын ең терең жер асты шахталар 2,5 км болса, қазір 4 км-ден асты, теңіз түбінен шикізат алу дегенді ойламаған да болса, қазір мұхиттан 5 км тереңдіктен кен алады.

Минералды шикізаттан тауарлық өнім алу үшін оларды біразын аздап өңдейді: тұзсыздандырады, сусыздандырады, тазалайды, кептіреді, фильтрлейді, ұсатады т.б. Кей шикізаттарды терең өндейді.

Кей жағдайда тауарлық өнім ретінде металл болады, мысалы, алтын, платина, күміс.

Еліміз минералды шикізатқа бай, анализ жұмыстарын жүргізу маңызды мәселе. Табиғи нысанды анализдеудің керекті немесе басқа әдістерін таңдамастан бұрын аналитик, ең алдымен, қандай аналитикалық міндетті орындау керектігін болжайды. Химик-аналитиктің іс-әрекеті әрқашан нақты мақсатқа бағытталады. Химик – аналитик анализдің түрлі әдістері туралы, олардың қолданылу мүмкіндіктері туралы жақсы біліуі керек, яғни терең білімі болуы керек.

Химик-аналитик алдына қойған мақсатты дұрыс шешу үшін: 1) міндеті қоя білуі; 2) тәжірибені бағдарлай білуі; 3) тәжірибені дұрыс жүргізе білуі; 4) алынған нәтижелерді бағалай және қорытындылай біліуі қажет.

Минералды шикізаттардың және олардан өндірілген өнімдер сапасы жоғарылату үшін өндіру және анализдеу стандарттар мен техникалық жағдайларға (МЕСТ, ТЖ) сәйкес болуы керек. 1966 жылы 8 мемлекеттік стандарт қара және металдар кендері мен концентраттары үшін енгізілген. Сонымен, қазіргі кезде молибден концентратына, марганец концентраты және кені т.с.с. МЕСТ-терде сынаманы алу, оны химиялық анализге дайындау, ылғалдылықты, құрамын анықтау әдістері беріледі. МЕСТ жасайтын арнаулы институттар бар.


Силикаттарды анализдеу.

Кенді емес қазбаға силикаттар, карбонатты жыныстар, хлоридтер, сульфиттар, фофаттар, фторидтер, бораттар жатады. Кристалды силикатты жыныстар – күрделі минерологиялық құрамынды жыныстар.

Силикатты минералдар алуан түрлі, әр түрлі дәрежеде таралған, олардың саны 500-ден астам. Олардың минерологиялық құрамы күрделі. Минералдар түрі көп, химиялық құрамы әр түрлі.

Силикатты жыныстардың орташа құрамын көптеген силикаттардың көптеген анализі нәтижесінде шығарған %: SiO2 – 59,83; Al2O3 – 15,02; FeO – 3,43; Fe2O3-2,62;CaO-4,78; MgO-3,74; Na2O-3,37; K2O-3,05; TiO2-0,79; CO2-0,49; P2O5-0,29; BaO-0,10; MnO-0,10; S-0,10; H2O-1,42; SrO-0,043; NiO-0,026; Cl-0,063; ZrO-0,023; Cr2O3-0,048; V2O3-0,026; Li2O-0,011

Кремнеземнің құрамына қарай полиминералды силикатты жыныстар 5 топқа бөлінеді:


  1. ультрақышқылды, құрамында кварц немесе аморфты түрдегі кремнеземнің артық мөлшері бар кремний қышқылымен күшті қаныққан. Мұндағы кремнеземнің құрамы 78% -дан асады. Бұл топқа аплитті гранитер, кварцты кератофирлер, гейзендер, кварцтолиттер және басқа жыныстар жатады.

  2. Құрамында 65-78% SiO2 бар кремнеземмен аз дәрежеде қаныққан қышқыл жыныстар. Оларға граниттер мен гранититтер, липариттер, кварцты порфирлер, липариттер-дациттер, дациттер, граносиениттер жатады.

  3. Барлық кремнезем шекті мөлшері SiO2 55-65% силикаттармен байланысқан және көрсетілген – орташа жыныстар. Оларға сигниттер, андезиттер, порфириттер, трахиттер, кварцты флориттер, андезиттер-дациттер жатады.

  4. Құрамы 38-55% SiO2 кремний қышқылмен қанықпаған – негізгі жыныстар. Оларға пироксениттер, габбронориттер, диориттер, трахититтер, нереминді сиениттер жатады.

5 дәріс
Бейорганикалық заттар технологиясының жіктелуі.



Технология шикізатты халық тұтынатын өнімдер немесе өндіріс құралдарына айналдыру үрдіcін және әдістерін оқиды (технос-кәсіп). Шикізат деп белгілі бір бағасы бар алғашқы заттарды атайды.

Әр түрлі өндірістің алғашқы заты ретінде қолданылатын шикізаттың бірнеше түрі болады. Шикізат қатты болса, белгілі бір өнім алғанда араласатын болса, ондай қоспа шихта деп аталады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет