Минералды тыњайтќыштардыњ химиялыќ технологиясы пєнінен зертханалыќ ж±мыстар



жүктеу 0.6 Mb.
бет2/4
Дата26.08.2018
өлшемі0.6 Mb.
1   2   3   4

Аралық өнім (жартылай)-өндірісте аралық кезеңде алынатын өнім.

Дайын өнім - соңғы сатыда алынатын өнім.

Технологияның барлық түрі екіге бөлінеді: механикалық және химиялық. Механикалық технология шикізатты өндеуде химиялық құрамы өзгермейтін кей жағдайда физикалық қасиеті өзгеретін, көбінесе сыртқы түрі мен қалпы өзгеруінің әдістері мен үрдісін оқытады.



Химиялық технология алғашқы заттардың химиялық құрамы өзгере жүретін үрдісті оқытады. Егер шикізат және соңғы өнім органикалық зат болса органикалық заттар технологиясы болады.

Бейорганикалық заттар өндірісі:

1. қышқылдар, негіздер, тұздар және минералды тыңайтқыштар өндірісі;

2.фармацевтикалық, бейорганикалық реактивтер және сирек элемент өндірісі;

3.электрохимиялық өндірістер (хлор, сутек, сілті т.б. заттарды электрохимиялық жолмен өндеу);

4. электротермиялық өндіріс (фосфорды, карбидті, кальций цианидін т.б. электротермиялық әдіспен өндеу);

5. металлургия (қара, түсті бағалы және сирек металлдарды өндіру)

6. силикаттар мен байланғыш материалдар (шыны, цемент, керамика т.б. өндірісі) ;

7. минералды бояу мен пигменттер өндірісі.

Техноэкономикалық көрсеткіштер.


  1. Шығын коэффициенті, өнім шығымы.

  2. Өнім сапасы

  3. Аспап өнімділігі және қуаттылығы

  4. Үрдіс және аппарат интенсивтілігі

  5. Еңбек өнімділігі

  6. Өнімнің өздік құны

Шығын коэффициенті дайын өнім бірлігіне (1кг,1т т.б.)жұмсалған шикізат пен энергия мөлшері – ол шығын коэффициенті.

Өнім шығымы практикада алынған өнім мөлшерінің (gпр кг немесе тонна) теориялық мөлшеріне қатынасы.

n=gпр/gтеор *100%

Мысалы: 65%-ті 1т азот қышқылын 186,2кг NH3 тотықтырып алса, онда азот қышқылының шығымын және шығым коэффициентін есепте.

Шешімі: 1т 65% HNO3 ерітіндіде 650 кг HNO3 бар. Теория жүзінде 17кг NH3-ден 63кг NH3 алынады.


186.2кг аммиактан сусыз 690кг HNO3 алыну керек.

17-------63

186,2------х х=dтеор=186.2*63/17=690
Немесе

690----------100%

650----------х х=650*100/690=94,2% (HNO3 шығымы)
NH3 бойынша шығым коэффициенті 186,2/650=0.286 өнім шығымы әр уақытта 100%-тен кем болады, себебі реакция толық жүрмеуі мүмкін т.с.с.
Дайын өнім сапасы (құрамы мен қасиеті ) оның құрамында болатын бөгде қоспаларға байланысты. Бұл қоспа мөлшері алғашқы және соңғы заттардың тазалығына, қосымша реакция өніміне байланысты. Әр өнімнің сапасы МЕСТ,ТУ арқылы анықталады. Мысалы: тамақ өндірісінде қолданылатын қышқылдар құрамында зиянды (Pb, Нg, As т.б.) заттар болмау керек. Аккумуляторды толтыратын күкірт қышқылына белгілі талаптар МЕСТ-та болады.

Аспаптар өнімділігі қуаттылығы өндіріс үрдісі кезінде белгілі бір жағдайда уақыт бірлігінде сол аспаппен өндірілген дайын өнім мөлшері аспап өнімділігі болады.

V=gпр/ кг/сағ немесе Т/тәул т.б.

Аспап өнімділігінің оптимальді жағдайдағы максимал мүмкіндігі- аспап қуаттылығы.

max

4. Үрдіс не аппарат интенсивтілігі-(І) оның өнімділігінің, аспаптың жұмыс беті (Ғ) немесе пайдалы көлемі (V) бірліктеріне қатынасы:
Мысалы: (а)NН3 синтезі үрдісінің интенсивтілігі бір сағатта 1м3 синтез колоннасының (катализатормен толықтырылған) алынған NН3 килограммы 5000 (б) матен пешінің интенсивтілігін тәулігіне 1м2пеш астынан алынатын болат мөлшерімен (тонна) анықталады. 

Аспаптың интенсивтілігі мен өнімділігі өзара байланысты. Өндіріс үрдісі интенсивті жүрген сайын аспап өнімділігі жоғары болады.

5. Еңбек өнімділігі- сол өндірісте еңбек ететін бір жұмысшыға белгілі уақыт аралығына шаққанда өндірілген өнім мөлшері еңбек өнімділігі деп аталады. Еңбек интенсивтілігі  еңбек өнімділігіне тең емес..

Еңбек интенсивтілігі - уақыт бөлігінде өндірілген өнім бірлігіне келетін жұмысшының жұмсаған энергия мөлшері.

Еңбек өнімділігін арттыру үшін өндіріске жаңа әдістер, жаңа технология енгізу қажет. Шикізат сапасын арттыру керек. Жұмысшылардың техникалық сауаттылығын арттыру қажет. Еңбек интенсивтілігін арттыру арқылы еңбек өнімділігін арттыруға болмайды.

6. Өнімнің өздік құны (бағасы)-өнімнің салмақ бірлігінде өндірісте жұмсалатын барлық шығын (ақшамен өлшенеді) өнімнің өздік құны болады. Өздік құнға өндірістің барлық шығыны кіреді. Біріншіден: шикізатты дайындау және сақтау; екіншіден: белгілі бір өнімді жасау үшін қажет энергия (отын) және басқа материалдар; үшіншіден: жұмысшылар еңбек ақысы; төртіншіден: электр энергиясына төленетін ақы; бесіншіден: амортизация (еңбек құралдарымен жұмыс орындарының тозуын өтеу); алтыншыдан: өнімнің сақталуы мен сатылуы.

Өнімнің өздік құны төмен болған сайын еңбек өнімділігі жоғары болады.



Өндіріс үрдісінің балансы

Өндірістің барлық техно-экономикалық көрсеткіштері материал мен энергетикалық, экономикалық баланстармен анықталады.

Баланс өндірілген өнімнің бірлігінде құрылады да, екі бөліктен тұратын кесте ретінде өңделеді; кіріс және шығыс, олардың қорытынды материалы өзара тең болуы керек.

Материалдық баланс - кіріс бөлігі өндіріске түсетін барлық шикізат кіріс (шикізат және материалдар шығыны) шығыс бөлігіне дайын өнім мен өндіріс қалдығы (қоқыс) кіреді.

Баланстар материалдық балансқа негізделеді, сондықтан ол алдымен құрылады және кез-келген технологиялық үрдісте міндетті түрде болады.

су

Газ хлор кіріс

сутегі


Тұз қышқылын алу өндірісінің материалды баланысын құру кестесі
Тұз қышқылын аналитикалық есеп беруі негізінде материалдық баланыс құру: алынатын қышқыл 30,4% , ұшатын және ұшпайтын қоспа 0,2% ,құрғақ хлор газ құрамында 95% СІ2 , 98% Н2 яғни Н2 артық мөлшері, сонда хлор реакцияға толық түседі.

Шешімі : 1 тонна тұз қышқылы үшін баланыс құру керек

1000кг 30,4% тұз қышқылында 304кг НСІ
НСІ______СІ 36,5____35,5 ; 304_____х ; 95%  бар хлор газдан және 98% H2
Дәріс 6 Өндіріс үрдісінің негізгі принциптері
Химиялық өндірістің техникалық кестесін құрғанда келесі өндіріс үрдісінің принциптерін қолданады: үздіксіз, кезеңдік, орынды, өндіріс өнімдерінің жылу энергиясын қолдану.

Кезеңдік және үздіксіз өндіріс үрдістері.
Химиялық өндірістің барлық үрдістері уақыт бойынша химиялық реакцияға түсетін заттардың әрекеттесу жағдайларының тұрақтылығына байланысты 2 түрге: кезеңдік және үздіксіз болып бөлінеді.

Кезеңдік үрдістерде әр саты үзіліспен жүреді: алдымен реакция жүретін аспап шикізаттың немесе жартылай дайын өнімнің белгілі бір мөлшерімен толтырылады, сосын реакция жүргізіледі, реакция аяқталғаннан кейін бұл үрдіс қайталанады. Кезеңдік үрдіс өнімсіз, себебі реакцияның өту жағдайы өзгереді. Бұл әдіспен көбінесе органикалық бояғыштарды, жарылғыш заттарды т.б. аздаған заттарды алады.

Үздіксіз процестертерде шикізаттарды аппараттарға салу, соңғы өнімдерді алу бүкіл жүйе бойынша үздіксіз жүреді.Үрдіс пен аппараттарды тазалағанда не жөңдеу кезінде ғана тоқтайды. Мысалы, шойын, болат қорыту, H2SO4 өндіру, аммиак синтезі.

Үздіксіз процестердің тиімділігі.
1)аппараттар тоқтамайды, сондықтан өндіруді механизациялайды, автоматтандырады;

2)аппараттар өлшемдері кішірейеді, сондықтан ғимараттар көлемі де кішірейеді.


Өндірістік қалдықтарды қолдану принциптері.

Қалдықтардың түзілуі:

1)негізгі өнім алынғанда жүретін негізгі реакциялар кезінде;

2)негізгі өнім алынғанда қосымша реакциялар жүруі нәтижесінде;

3)негізгі реакциялар толық жүрмесе;

4)шикізатта қоспа болғанда.

Өндіріс қалдықтарын қайта қолдану өте ұтымды:

1)алынған өнімнің өздік құнын азайтады;

2)кәсіпорын аймағын, қоршағаен ортаны ластанудан қорғайды.

Өндіріс техникасы және технологиясы төмен болған сайын өндіріс қалдықтары жоғары болады.Түсті металлургияда SO2 газын ауаға лақтырады. Металлургия мен котельныйлардың шлактары лақтырылады. Қазіргі кезде шлакобетондарды (цемент + құм + шлак) құрылыста қолданады.


Шикізат және энергия

Кез келген өндірістегі қажет элементтер: адам күші, шикізат, энергия және су.

Тегіне және агрегаттық күйіне байланысты шикізат 3-ке бөлінеді: минералды, өсімдікті және жануарлы; агрегаттық күйіне байланысты: қатты, сұйық және газ тәріздес; құрамына байланысты: бейорганикадық және органикалық.

Минералды шикізат жер қойнауынан табиғи түрінде алынады. Минералды шикізат 3 түрге бөлінеді:

1)кенді

2)кенді емес



3)жанғыш
Минералды шикізаттар қатты, сұйық, газ тәріздес табиғи газдар:

1) кенді шикізаттардан негізінен металдар алынады;

2) кенді емес шикізаттар мына топтарға бөлінеді:

а) құрылыс материалдары (гравий, құм, саз, т.б.)

б) индустриалды шикізат-графит, асбест, магнезит, т.б.

в) химиялық шикізат-химиялық қайта өңдеуге түседі, күкірт, фосфорит, апатит,т.б.

г)жартылай бағалы; бағалы: алмаз, изумруд, рубин, малахит,т.б. табиғи түрде де, механикалық өңделгеннен кейін қолданылады.

Кенді емес шикізатты осы әртүрлі категорияларға да жатқызуға болады.

3)жанғыш минералды шикізат отын ретінде қолданылады: тас және қара көмір, мұнай,т.б.

Өсімдікті және жануарлы шикізаттар.

Өсімдіктен және жануарлардан алынған шикізаттар-ағаш, зығыр, кендір, сора, майлар, жануар жамылғысы және т.б. тағайындалуына байланысты: тағамдық және техникалық болып бөлінеді.

Тағам үшін қолданылатын тамақтық шикізатқа –картоп, қаныт қызылшасы, сүт, астық, т.б. жатады.

Техникалық болып –механикалық және химиялық өңделгеннен кейін тамаққа жарамсыз, тек тұрмыста және өндірісте қолданылатын өнімдер. Олар: мақта, ағаш, жануар сүйектері және т.б.



Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1. Өндірістік қалдықтарды қолдану принциптері.

2. Кез келген өндірістегі қажет элементтер

3. Кенді емес шикізаттың әртүрлі категорияларға жатқызуға болады ма?

4. Минералды шикізат түрлерін ата.
Дәріс 7 Минералды шикізатты өндеудің сипаттамасы.
Қатты минералды шикізатты жер қойнауынан өндіру тау кең өндірісі деп аталады. Пайдалы қазбалар түріне байланысты және тау-кен өндірісі сипаттамасына байланысты, егер жер астынан алынса шахта, рудник, копи деп, жер бетінен өндірілсе карьер, ломпа. Шахталарда жер астынан көмір алады, рудниктерде металл кендері, копиде металл тұздары алынады.
Минералды шикізатты сапалы өңдеу.

Кез келген пайдалы қазбаларда белгілі бір өндіріс үшін керек емес қоспалар-бос жыныстар болады. Пайдалы қазбалар металлургиялық заводтарға немесе химиялық өндіріске түспей тұрып, алдын ала өнделеді.Өнделген соң мемлекеттік немесе жалпы ішкі одақтық (ГОСТ,ОСТ), ішкі немесе аралық ведомствалардың техникалық талаптарына сай болуы қажет.

Шикізатты алдын ала өңдеуге мына механикалық өңдеулер түрі жатады:

1)іріктеу және жіктеу;

2)ұсақтау;

3)брикеттеу және агломерация;

4)байыту.

1) Іріктеу ортақ химиялық немесе физикалық қасиеттеріне байланысты бөлу. Бөлікті өлшеміне байланысты шикізатты бөлу жіктеу деп аталады.

Шикізатты арнайы тор немесе елек арқылы жіктеуді грохот деп атайды. Сондықтан мұндай жіктеуді грохочение деп атайды.

Кесектері 3-4 мм -ге дейін ұсақталған шикізаттар: а)суға шөгу жылдамдығына байланысты гидравликалық немесе сулы; б)ылдый қорапта бөлшектердің бос құлауына байланысты-механикалық; в)не ауада бос құлау жылдамдығы бойынша ауадағы құрғақ не құрғақ деп аталады. Гидравликалық және механикалық жіктеу үшін қолданылатын аспаптар-классифирлер деп аталады, ал құрғақ жіктелу аспабы-ауалы сепаратор деп аталады.

2) Шикізатты ұсақтау. Шикізатты тура қолдану технологиясы, химиялық қайта өңдеу, сонымен қатар сорттар, жіктеу, байыту. Кен кесектерінің белгілі өлшемдерін қажет етеді, сондықтан үлкен кесектерді ұсатады, не ұсақ бөлшектерді престеп немесе слияние арқылы кесектетеді.

3) Кесектеу-өте ұсақ немесе шаң тәріздес шикізаттарды кесектеп, престеп жасалса - брикеттеу деп аталады.Егер шикізатты брикеттен үлкейтсе, агломерация деп аталады, алынған кесектерді агломерат дейді.

4) Байыту пайдалы минералдардын бөлігін бос жыныстан бөлу, қажет болған жағдайда өзара бір-бірінен әр минералды бөліп те алады, сол кезде пайдалы шикізат бөлудің әсерінен концентрациясы артады. Кей жағдайда көмір де байытуға түседі, сонда оның каллориясы артады.

Кесектердің көлденең өлшемдері 6-50мм болатындай етіп, байыту алдында шикізатты әр уақытта ұсақтайды. Шикізатты дайындау - байыту процесінің бөлігі болып табылады.

5) Сусыздандыру - шикізаттан суды жоғалту процесі. Барлық мұнай өнімдері байытылған өнімдер, әртүрлі шламдардан фильтрленеді немесе кептіріледі.

Байытуды арнайы байыту фабрикаларында жүргізеді.

Кесектердің көлденең өлшемдері 6-50мм болатындай етіп байыту алдында шикізатты әр уақытта ұсақтайды. Шикізатты дайындауда байыту процесі маңызды бөлік болып табылады, сондықтан кеңірек қолданылады.

Шикізатты байыту әдістері

Байыту процесін 3 түрге бөледі: механикалық, физика-химиялық (флотационды) және химиялық.

Механикалық әдіс-кеннің әр бөлігінің физикалық қасиеттеріне байланысты: өлшемі, тығыздығы, формасы (түрі), түсі, жарқырауы, бет бөлігінің бұдыры, магнитке тартылуы, электрөткізгіштігі, сулануы т.б.

Ең оңай механикалық әдіс грохочение - тесігі әр түрлі електер арқылы өткізу. Темірлі кендерге электромагнитті байыту қолданылады.

Физика-химиялық әдіс шикізаттың жеке құрам бөліктерінің сулануына немесе әр түрлі реагенттер мен еріткіштерде еруіне негізделген. Кең көп тараған әдіске флатационды байыту жатады, ол шикізаттың әр бөлігінің әр түрлі сулануына негізделген. Алтын, күміс, басқа металдарды сынаппен өңдеп (амальгама), калий немесе натрий цианидімен өңдеп (циандау), мысты күкірт қышқылында немесе аммиакта ерітіп, бөліп алу т.б.

Химиялық әдіс бойынша байыту шикізаттың әр бөлігінің химиялық құрамының өзгеруіне негізделген. Бұл әдісте шикізат термиялық өңдеуге (жағу) түседі; «балласт» өнімдер газ немесе шлак ретінде жоғалтылады. Мысалы, мыс колчеданы CuFeS2 химиялық қосылыс болғандықтан, механикалық әдістермен және флотация арқылы CuS, FeS деп бөлінбейді. Тек егер бұл колчеданды алдымен тотықсыздандыра күйдірсе, сосын құммен (SiO2) балқытса, алдымен FeO, сосын FeSiO3 шлагіне айналып, мыс Cu2S күйінде концентрленген мыс кені ретінде ары қарай өңдеуге жіберіледі.



Флотациялау арқылы байыту

Флотация арқылы минералды шикізатты байыту былай жүреді:1)алдымен шикізатты өлшемі 0,1-0,3 мм болатындай ұсақтайды да, су аралас (ылғалды) ауа ағынымен араластырады, сонда суспензия (пульпа) пайда болады, сонда гидрофобты бөлшектер ауамен су бетіне шығады, оларды арнайы ыдыстарға (желоб, камера) жинайды, ол ыдыстарда ауадан шикізат бөлшектері өздіктерімен бөлінеді, оларды флотационды концентрат деп атайды.

Гидрофильді шикізат бөлшектері суда қалып, флотационды аппарат түбіне шөгеді, олар флотационды арты (құйрығы)-хвост)деп аталады.

Ауамен араласқан гидрофобты шикізат бөлшектері берік болу үшін арнайы көбік түзгіштер қосылады (әр түрлі майлар мен шайырлар-қарағай және пихта майлары, ағаш және тас көмір дегатьтары (қарамай), кей жоғары молекулалы спирттер т.б.) көптеген шикізаттар бөлшектері гидрофобты болмайды, олар пульпаларға арнайы коллекторлар (жинағыштар) қосылады. Коллекторлар минерал шикізат бөлшектерінің бетінде адсорбцияланып, гидрофобты қабат (пленка) жасайды да, ауамен жоғары шығады. Коллектор ретінде олейн қышқылы, оның тұзы, нафтен қышқылдары т.б. бетті активті заттар (БАЗ) қолданылады.

Флотацияда көбік түзгіштер, коллекторлардан басқа реттеуші-реагенттер (реагенты-регуляторы) қолданылады (активаторлар) немесе төмендетеді (депрессорлар), яғни гидрофобтылықты реттейді. Реттеуші ретінде (регуляторлар) кей минералды қышқылдар, олардың тұздары, көмірсулар болады. Пульпаға (суспензияға) қосылатын көбік түзгіштер, коллекторлар, реттегіш-реагенттер флотореагенттер немесе флотационды реагенттер деп аталады.

Егер флотация кезінде концентратқа полиметалл кендерінен минералдар қоспасы өтсе, онда коллективті флотация деп, ал концентратқа минералдың әр түрі жеке кірсе, селективті флотация деп аталады, бұл жағдайда флотационды аппараттарда бірнеше камера болады, құрамына байланысты әр концентрат бөлек болу үшін.

Флотациядан соң концентраттарды кептіреді, сосын олар металлургиялық өндіріске түседі.

Флотационды құйрықты ары қарай қажет болса, өңдейді.



Шикізатты химиялық өңдеу үшін қажет энергия көзі

Барлық химиялық өндіріс (металл балқыту, карбонатты, силикатты минералдарды жағу, кептіру, электролиз т.б.), ұсату, шикізатты араластыру т.б. энергия қажет етеді. Негізгі энергия көзі-отын және электр энергиясы. Мысалы, 1т алюминий алу үшін 18000-22000 квт-сағ электр энергиясы керек.


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1. Шикізат алдын ала өңдеуге жататын механикалық өңдеулер түрін ата

2. Агломерация деп нені атайды?

3. Сусыздандыру деген не?

4. Кесектеу деген не?

5. Флотация арқылы минералды шикізатты байыту қалай жүреді?

6. Ең оңай механикалық әдісті ата.
Дәріс 8
Азот шикізаттары және қолданылуы.

  1. Азот қосылыстарының қолданылуы. Байланысқан азоттың қолданылуы:

  • Азот қышқылы жарылғыш заттар (тротил, пироксимен, метианит, нитроглицирин, түтінсіз оқ дәрі.т.б.), бояғыштар, фотопленкалар.

  • Калий нитриді негізінде қара оқ дәрі: аммоний нитриді негізінде аммонидтер;

  • PbN6 (НN3 қышқыл тұзы), Hg(CNO2) детонаторлар жасауға;

  • KNO3 тамақ өнімдерінің консерванты ретінде;

  • NaNO2 азобояғыштар ушін;

  • AgNO3, NaNO2 медицинада;

  • NH3 азот қышқылын алуға, тыңайтқыштар NH43, (NH4)2HPO4 т.б. NH4OH нашатыр спирті медицинада, NH4Cl бояу ісінде, гальвотехникада, медицинада;

  • NH3 тоңазтқыштарда, сода алуда.

  1. Азот шикізаттары. Жер қабығында 0,04% азот болады. Ол азот негізінен қатты жаңғыш, қазба құрамында (тас көмір, торф т.б.) 1-2% пайыз азот-натрий нитраты Чили жағалауында (Оңтүстік Америка), Мариенталда (Батыс Африкада) ғана кездеседі.

NaNO3 + H2SO4 = NaHSO4 + HNO3

Тас көмірден азот аммиак турінде бөліп алынады да суда не қышқылда ерітіледі. Өндіріс қажетін қамтамасыз ету үшін атмосферадағы азотты байланыстыру (фиксация) қажет. Бұл азoт сарқылмайтын шикізат болады, себебі ауадағы 78% азот, яғни жердің әр гектарының үстінде сегіз мың тонна.



  1. Атмосферадағы азотты бекіту(флотация). Өндіріс көлемінде атмосферада азотты бекіту әдісі он тоғызыншы ғасырда басталды:

  1. Цианидті әдіс:

CaC2 + N2 = CaCN2 + C + 70500kkaл

Температурасы 1000-11000Cқа жететін арнайы пештерде бұл реакция журеді.

Процессті тездету үшін CaF2(2%) және CaCl2(2%) қосады.

Цианид су буымен әрекеттесіп, NH3 түзеді.

CaCN2 + 3H2O = CaCO3 + 2NH3 (+1600C,p= 30aтм)

1905жылы CaCN2 Италияда осы әдіспен алына бастады.



  1. Азотты бекітудің тағы бір әдісі (доға әдісі) ауа оттегісімен азотты өзара әрекеттестіру: N2 +O2 = 2NO – 43200kkal, бұл реакция 3000-40000C (Петров доғасында) жүреді, тек екі пайыз NO алынады. Өндірісте 1905жылы Норвегияда алынды. Ары қарай 2NO + O2 = 2NO2 айналып, сумен не ізбест сүтімен жұтылады. 4NO +3O2 + Ca(OH)2 = 2Ca(NO3)2 + 2H2O

Ca(NO3)2 кальций селитрасы не Норвегия селитрасы деп аталады, тыңайтқыш ретінде қолданылады.

  1. Атмосферада азотпен сутегін қосып аммиак алу (аммиак әдісі)

Бұл әдіспен азотты бекітудің практикалық мәні көпке дейін болмады, себебі 4000C -та аммиак қайта азот пен сутегіне айырады, тек 1884 жылы француз ғалымы Ле Шаталье аммиак шығымын арттыру үшін жоғары қысымда жургізу керектігін айтты. 1913 жылы Германияда тәулігіне 20-25 тонна аммиак алуға болатын өндіретін құрал жасалды. Қысымы 200-225атм, температурасы 5500С, аммиак 8-9% шығыммен болатын Германияда 1916 жылы екінші завод салынды, тәулігіне 1500 тонна аммиак алына бастады. 1927 жылы Совет өкіметіндегі заводта қысымы 700-750атм., температурасы 5000С 30-35% шығыммен аммиак алынды.

Қазіргі кезде сутегіні: судан(электролиз), табиғи газдан CnHn = nC + m/2H2, кокс газымен алады. Азотты ауаны суытып, сығу арқылы алады.



Ауаны тазалау.

Ауа құрамында су буы, көмірқышқыл газы, шаң тозаң болады. Ауаны суытқанда су буы, көмірқышқыл газы қатты заттарға айналады да ректификациялық аппараттардың ауа өткізетін түтіктерін жауып қалады, сондықтан азот бөлініп алынбайды, сондықтан ауа алдымен декарбонизацияға және кептірілуге тиіс, ал ауаны шаңнан тазалау үшін компрессор алдынды фильтр қойылады. Декарбонизациялау мына реакция:

2NaOH + CO2= Na2 CO3 + H2O арқылы жүреді.

Судан тазалау үшін қатты натрий гидрооксидін не кальций хлоридін қолданады. 3H2 + N2 = 2NH3 +26640kkal катализатор ретінде темір, Al2O3 пен K2O активтелген алынса, реакция 300 атм.,4500C-ға, 2,5c уақыт аралығында жүреді; өндірістік құралдар:



  • Жоғары қысымдағы(700-1000 атм)

  • Орташа қысымдағы (200-300атм)

  • Төменгі қысымдағы (80-100атм) болып бөлінеді, температура 450-5000C арасында болады. 1тонна аммиак алу ушін 3000м3 азот - сутек қоспасы, 90м3су және 1750kкал – сағат электр энергиясы керек. Екі түрлі аммиак алынады: А түрі тоңазтқыштар үшін, Б түрі әртүрлі өндірісте қолдануға, азот қышқылын алу үшін. А түрінде 99,8% аммиак керек, Б түріне 99% аммиактан төмен болмауы керек. Сары түске боялған аммиак деген жазуы бар болат бетондарда 30атм. қысымды аммиакты тасиды. Бір кг аммиак сұйық 1,76 л көлемде алады. Аммаиакты көп мөлшерде тасу ушін арнайы цистерналар қолданылады. 2,5 атм қысым немесе 12,8 атм қысыммен 50м 3дейін сыйымдылықта.



Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1 Ауаны азотқа және оттегіне бөлу әдістері

2 Атмосферадағы азот мөлшері


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет