Минералды тыњайтќыштардыњ химиялыќ технологиясы пєнінен зертханалыќ ж±мыстар



жүктеу 0.6 Mb.
бет4/4
Дата26.08.2018
өлшемі0.6 Mb.
1   2   3   4

Әдіс мәні

Калий хлоридінінің массалық үлесін 100 %–тік жалпы компоненттердің (суда ерімеген қалдықтың, натрий хлоридінің, кальций сульфатының, алты сулы магний хлоридінің және судың) массалық үлестерін химиялық және физикалық әдістермен анықталған, алып тастауға негізделген.



Суда ерімейтін қалдықты анықтау әдісі

0,1-2,0 % суда ерімейтін қалдықты калий хлоридінде анықтау әдісі: ерімейтін қалдықты фильтрлеп, еритін анализденетін сынамадан бөліп алып, сосын оны кептіріп, өлшейді.



Қолданылатын құралдар, реактивтер, материалдар.

  1. Жабық электр плиткасы.

  2. Техникалық, аналитикалық таразылар.

  3. Воронка, стакандар, колбалар, қоңыр шыныдан жасалған ыдыс.

  4. Азот қышқылды күміс, массалық концентрациясы 5 г/мл.

  5. “ақ жолақ” фильтр қағазы.

Анализге дайындық.

  1. “ақ жолақ” фильтрді стаканға салып (105+-5)0С температурада кептіргіш шкафта 30 минуттай кептіріп, эксикаторда суытып, аналитикалық таразыда өлшейді.

  2. Күміс нитратының ерітіндісі: 0,5 г AgNO3 өлшеп, 100 мл-лік өлшегіш колбада ерітіп, белгісіне дейін дистилденген сумен жеткізіп, қоңыр шыныдан жасалған ыдыста сақтайды.

Анализді жүргізу

10,0000 г калий хлоридін өлшеп алып, 400 мл-лік стаканға салып, 150 мл су құйып, араластырып, қайнағанға дейін жеткізіп, 500 мл-лік өлшегіш колбаға «ақ жолақ» фильтр қағазы арқылы фильтрлейді, фильтрдегі ерімеген қалдықты жақсылап жуып, Cl- - ионына тексереді (азот қышқылды күміс ерітіндісімен). Фильтрат суыған соң, колба белгісіне дейін дистилденген сумен жеткізеді.

Ерімеген қалдықпен фильтрді (105+-5)0С температурада кептіргіш шкафта кептіріп, эксикаторда суытып, өлшейді (фильтр қағазды алдын ала (105±5)0Стемпературада 30 минуттай кептіріп, суытып, өлшеп алады.)

Ерімеген қалдықтың массалық үлесін процент бойынша мына формуламен есептейді.

Х = (m2-m1)*100/m, мұндағы m2 – фильтр қалдықпен массасы, г

m1 –бос фильтр массасы, г

m – анализге алынған сынама массасы, г
Натрий хлоридін жалынды-фотометриялық әдіспен анықтау.

Калий хлориді құрамындағы 0,00-10,00 % мөлшердегі натрий хлоридін анықтауға қолданылады.



Натрий хлориді аэрозоль ретінде жалынға енгізгендегі натрий сәулесінің интенсивтігін өлшеуге негізделген әдіс.

Реактивтер, материалдар, қолданылған құралдар.

  1. Жалынды фотометр (ПФМ не басқа құрал).

  2. Техникалық, аналитикалық таразылар.

  3. Колбалар, цилиндр, пипеткалар, бюретка, стакандар.

  4. Х.т. калий хлориді.

  5. Х.т. натрий хлориді.

  6. Этил спирті, ректификат.

Анализге дайындық

Салыстыру үшін қажет ерітінділер дайындау.

  1. А ерітіндісі : 1,0000 г натрий хлоридін 500 мл-лік өлшегіш колбада ерітіп, белгісіне дейін дистилденген сумен жеткізеді, Т=2 мг/мл.

  2. Б ерітіндісі: 9,7000 г калий хлоридін 500 мл-лік өлшегіш колбада ерітіп, дистилденген сумен белгісіне дейін жеткізеді.

  3. Салыстыруға қажет ерітінділер (кесте)




Салыстырмалы ерітінді номері

А ерітіндісінің көлемі, мл

Салыстырмалы ерітінділердегі NaCl массалық концентрациясы, г/мл

1

2

3

0

0

0,00

1

5

0,02

2

10

0,04

3

15

0,06

4

20

0,08

5

25

0,10

6

30

0,12

7

35

0,14

8

40

0,16

9

45

0,18

10

50

0,20

11

55

0,22

12

60

0,24


Калийдің массалық үлесін перхлорат әдісімен гравиметриялық анықтау.

Әдіс мәні

Этил спиртінде ерімейтін калий перхлоратының тұнбасын алуға және оның массасын анықтауға негізделген.



Өлшеуге арналған құралдар, қосымша құралдар, реактивтер мен материалдар.

  1. Су моншасы.

  2. Электрплитка жабық.

  3. Техникалық және аналитикалық таразылар.

  4. Кептіргіш шкаф.

  5. Тигелдер.

  6. Колбалар, цилиндрлер, эксикатор, воронкалар.

  7. Х.т. хлор қышқылы, ρ=1,5 г/см3; ρ=1,32 г/мл; массалық үлесі 20%

(ρ=1,12-1,13 г/мл)

  1. Массалық концентрациясы 100 г/мл хлорлы барий (BaCl2)

  2. Тұз қышқылы, 1:1

  3. Этил спирті

  4. «ақ жолақ», «көк жолақ» фильтр қағаздар.

Анализге дайындық

  1. Барий хлоридінің ерітіндісі: 100 г BaCl2 массасын 1000 мл өлшегіш колбаға ерітіп, белгісіне дейін жеткізеді.

  2. Хлор қышқылының (HClO4) массалық үлесі 20% ерітіндісін дайындау: 234 мл хлор қышқылы (ρ=1,50 г/мл) не 360 мл (ρ=1,32 г/мл) цилиндрмен өлшеп, 1,0 л-лік өлшегіш колбаға ауыстырып, белгісіне дейін жеткізеді.

  3. Тұз қышқылы (1:1): 500 мл тұз қышқылына 500 мл су қосады.

  4. Тұнбаны жуатын ерітіндіні дайындау: 10 мл хлор қышқылын 1,0 л-лік өлшегіш колбаға құйып, этил спиртімен белгісіне дейін жеткізеді.

  5. Фильтрлейтін тигелдерді дайындау: жаңа тигельдерді тұз қышқылымен және ыстық дистилденген сумен жуады, алдымен тұз қышқылымен, сосын 5 рет сумен жуады, вакуум-насос көмегімен тартады. Тым көп кір болған тигельдерді тұз қышқылымен (1:100) 30 минут қайнатады, сосын қышқылды төгіп тастап, тигельді дистилденген суда 30 минутта 2-3 рет қайнатады.

Таза фильтрлеуші тигельдерді (120±5)0С кептіргіш шкафта 60 минут кептіреді, суытып, эксикаторда суытып, өлшейді.

Анализді жүргізу.

10 г анализденетін сынаманы аналитикалық таразыда өлшеп, 250 мл-лік өлшегіш колбаға салып, 80-100 мл су құйып 10 минут су моншасында қайнатады, цилиндрмен 10 мл тұз қышқылын құяды да, қайнап тұрған ерітіндіге ыстық барий хлориді ерітіндісін SO4 2- иондары толық тұнбаға түскенге дейін қосады (2,5 мл BaCl2 ерітіндісі 1% SO4 2- ионына есептеп). Ерітінді суыған соң «ақ жолақ» не «көк жолақ» фильтр қағазы арқылы титрлейді, алғашқы фильтрат порциясын төгіп тастау керек. 10 мл фильтратты пипеткамен бұландырғыш чашкаға құйып, 7 мл хлор қышқылын қосады, су моншасына қойып құрғақ тұз қалғанға дейін буландырады. Суыған соң чашкаға 15 мл тұнбаны жуатын ерітіндіні цилиндрмен құяды, пестикпен мұқият кристалдарды уатады (растирают) фильтрлейтін тигельге ауыстырады.

Чашкада қалған тұнбаны қайтадан 15 мл тұнбаны жуатын ерітіндімен өңдеп, уатып, қайта фильтрлейтін тигельге құяды, тұнбаны жуады. Тұнбаны жууды 5 мл этил спиртімен жуып, аяқтайды. Тұнбаны жуатын жалпы жуатын ерітінді 65-70 мл. Тұнбаны фильтр тигельдегі 30 минут (120±5)0С температурада кептіріп, эксикаторда 45 минут суытып, өлшейді.

Калийдің К2О-ға есептеген массалық үлесін мына формуламен анықтайды:

Х=(m1-m) 0,340*250*100/m2*10

m1 – калий перхлоратының тигельдегі массасы, г

m – бос тигель массасы, г

m2 – анализге алынған сынама массасы, г

250 – анализденетін ерітіндінің жалпы көлемі, мл

10 – аликвот көлемі, мл

0,340 – калий перхлоратын К2О-ға есептейтін коэффициент
Әдебиеттер:

1. Анализ минерального сырья под ред. Ю.Н.Книпович Ю.В.Морачевского. Л.: Гос. Науч.-техн.изд-во хим.лит.,1956

2. Методические основы исследования химического состава горных пород, руд и минералов. Под редакцией Г.В. Остроумова. М.: Недра,1979
Минералды шикізаттарды анализдеу пәні бойынша практикалық сабақтарға арналған тақырыптар
1. Минералды шикізаттардың Казақстанда географиялық орналасуы және олардың сипаттамасы

2.Марганец минералдары мен кендерін айыру әдістері

3. Кондиция түсінігіне анықтама беру керек және оның түрлері
1. Минералды шикізаттың кен орындарын бағалау, оның қасиеті, химиялық құрамы, жер астында орналасу жағдайлары және алыну жағдайлары

2. Кобальт кендерін айыру

3. Силикат шикізаттарындағы конституционды су мөлшерін анықтау

1. Минералды шикізаттың сынама түрлері. Сынаманы алу әдістері

2. Табиғаттағы алюминий қосылыстарының жалпы сипаттамалары

3. Шикізатты қақтағанда жоғалған масса мөлшерін анықтау


1. Минералды шикізат сынамасының химиялық анализ әдістері

2. Лантаноидтардың табиғи қосылыстары және аналитикалық сипаттамалары

3. Кремний оксидін коагуляциялық әдіспен анықтаудың әдістемесі
1.Минералды және силикатты шикізаттардың жіктелуі мен жалпы сипаттамасы.

2. Құрамында платина металдары бар жыныстарды зерттеу.

3.Балқыту арқылы силикаттарды еритін қосылыстарға айналдырудың сызбанұсқасы.
1. Карбонатты шикізатты зерттеу әдістері.

2.Сусыз алюминий оксидтерінің және қиын тарайтын (айрылатын) алюмосиликаттардың анализі.

3. Күкіртті анықтаудың сульфитті әдістемесі.
1. Силикатты анализдің жалпы сипаттамалары мен міндеттері

2. Кендердегі қалайының сандық мөлшерін анықтау (анализдеу)

3. Кремний диоксидінің мөлшерін фотоколориметриялық әдіспен анықтау
1. Минералды шикізат сынамалары анализінің физика – химиялық әдістері.

2. Құрамында хромы бар кендер анализі

3. Элементті күкіртті анықтау әдістемесі
1. Кендердегі қорғасын мен мысты бөлу және анықтау әдістерінің жалпы сипаттамасы

2. Кендерді байыту әдістері

3. Темір оксидінің (Fe2O3 ) құрамын комплексонометриялық әдіспен анықтау
1.Күкірттің табиғи қосылыстарының жалпы сипаттамасы. Орташа химиялық құрамы және касиеттері

2. Байытудың даярлау (дайырлық ) процесстері

3. Алюминий оксидін есептеу әдісімен анықтаудың сипаттамасы
1.Марганецтің табиғи қосылыстарының химика- минералогиялық сипаттамасы

2. Табиғи тұздықтар мен сулардың анализі

3. Фосфор мөлшерін фотоколориметриялық әдіспен анықтау
1. Құрамында лантаноидтары бар жыныстардың анализі

2. Шикізат категориясы және олардың жіктелуі

3. Магний балқымаларындағы алюминийді анықтау
1. Карбонатты жыныстардың сапалық диагностикасы

2. Марганецты анықтау әдістері

3. Силикатты шикізаттағы алюминий, темір және титан оксидтерінің соммалық (қосындыларының) құрамын анықтау
1.Темір кендерінің физика –механикалық қасиеттерін және заттық құрамын зерттеу

2. Байытудың флотациялық әдістері

3. Шлактардығы темірді (ІІ) анықтау
1.Минералды карбонатты шикізаттың жіктелуі және жалпы сипатамасы

2.Байытудың гравитациялық әдістері

3.Магний оксидінің құрамын комплексонометриялық әдіспен анықтау
1.Екіншілік шикізат сипаттамасы және олардың қолданылу аумағы

2.Силикатты шикізат анализінің арнайы жағдайлары

3.Титан оксидінің (ТiO2) құрамын фотоколориметриялық әдіспен анықтаудың әдістемесі
1.Қазақстандағы фосфатты шикізаттың географиялық орналасуы

2.Минералды шикізаттағы кадмийды анықтау әдістері

3.Темір(Ш) оксидінің құрамын фотоколориметриялық әдіспен анықтау
1.Құрамда кремнезем мөлшері жоғары (көп) жыныстарды зерттеу

2.Кендерді байытудың магнитті әдісі

3.Минералды шикізаттағы гигроскопиялық ылғалдылықты анықтау
1.Шикізаттағы күкірт пен сульфат – иондарының сандық анализінің сызбанұсқасы

2.Кобальттың табиғи қосылыстарының жалпы сипаттамасы

3.Марганецты колориметриялық анықтаудың негізі (мәні)
1.Қалайыны анықтаудың көлемдік әдістері

2.Минералды шикізатты кешенді қолдану

3.Кремний оксидінің мөлшерін коагуляция әдісімен анықтау әдістемесі
1.Құрамында галоген элементтері бар табиғи қосылыстардың анализінің жалпы сызбанұсқасы

2.Кендерді байытудың электрлік әдістері

3.Минералды шикізаттағы гигроскопиялық ылғалдылықты анықтау
1.Алюминий кендерінің құрамы. Бокситтер анализі

2.Екіншілік шикізат және оның сипаттамасы.

3.Силикатты шикізаттағы алюминий, темір және титан оксидтерінің соммалық (қосындысын) құрамын анықтау.
1.Корунд анализінің сызбанұсқасы

2.Минералды шикізаттарды қайта өңдеу әдістерінің сипаты

3.Магний оксидінің мөлшерін комплексонометриялық әдісімен анықтау
1.Силикатты материалдардың (қышқылмен ыдырамайтын) химиялық анализінің жеделдетілген әдісінің сызбанұсқасы

2.Мырышты қосалқы(бірге болатын) элементтерден бөліп алу әдістері

3.Фосфор мөлшерін фотоколориметриялық әдіспен анықтау

БӨЖ тапсырмалары

1,2 тапсырма


1. 1. Минералды шикізат өндірісінде шығындық мөлшерді, реагенттерді, отын, су, ауаның шығынын есептеу.

  1. Минералды шикізаттар өндірісіндегі материалдық балансты есептеу.

2. 1. Минералды шикізаттар өндірісіндегі жылу балансын есептеу.

2. Карбонатты жыныс өндірісіндегі материалдық балансты есептеу.
3 1. Карбонатты шикізаттар өндірісіндегі жылу балансын есептеу

2.Силикатты жыныс өндірісіндегі материалдық балансты есептеу


4. 1. Силикатты жыныс өндірісіндегі жылу балансын есептеу.

2.Кенді емес құрылыс материалдарының ( құм, гравий, құм- гравий қоспасы) қолданылу


5 1. Флотационды реагенттер

2. Өндіріс қалдық суларын тазалау


6 1. Қалдықсыз технология өндірісіндегі экологиялық сұрақтар

2. Минералды шикізат орындарын пайдалану жағдайының экономикалық тиімділігі


7 1. Кенді өндіру әдістері

2. Кенді байыту әдістері


8 1. Минерады шикізаттарды анализдеудің химиялық әдістері

2. Шлактардығы темірді (ІІ) анықтау


9 1.Қазақстандағы фосфатты шикізаттың географиялық орналасуы

2.Алюминий кендерінің құрамы. Бокситтер анализі


10 1.Минералды шикізаттарды қайта өңдеу әдістерінің сипаты

2. Силикатты шикізаттың құрамындағы фосфор мөлшерін фотоколориметриялық әдіспен анықтау


3 БӨЖ тапсырмасы
№1 Қазақстанның минералды-шикізат комплексі

№2 Минералды шикізат пен отынның дүниежүзілік қоры

№3 Мұхиттың минералды қоры

№4 Арктиканың минералды қоры

№5 Антарктиданың минералды қоры

№6 Қазақстан мұнайы

№7 Қазақстан табиғи газы

№8 Минералды шикізаттың қоры

№9 Минералды шикізаттың азаюы

№10 Минералды шикізаттың барлық бағалы компоненттерін толық қолдану


4 БӨЖ тапсырмасы

№1 Бір технологиялық процестің минералды шикізатының қалдығының екінші технологиялық процестің шикізаты ретінде қолданылуы

№2 Минералды шикізатты қолданғанда қоршаған ортаға әсері

№3 Минералды шикізатты қолданғанда қалдықсыз технология процесіне мысал

№4 Минералды шикізатты өндіретін орындарда жоғары технологияяны қолданып мини зауодтар салу

№5 Минералды шикізатты өңдеудің болашақ технологиясы

№6 Қазақстан экономикасына бағалы маталдар өндірудің әсері

№7 Минералды шикізаттарды өңдеудегі қиыншылықтар(проблемалар)

№8 Кенді байыту әдістері

№9 Силикатты шикізаттағы алюминий, темір және титан оксидтерінің соммалық (қосындысын) құрамын анықтау.



№10 Минералды шикізаттың сынама түрлері. Сынаманы алу әдістері




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет