Мінездеме



жүктеу 303.08 Kb.
Дата03.12.2017
өлшемі303.08 Kb.

2010-2011 оқу жылындағы «Алғашқы әскери даярлық»

пәні бойынша

ЕСЕП
Қазақстан Республикасының Президентінің 1995 жылғы 30 маусымдағы № 2441 жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 мамырдағы № 449 «Мемлекеттік органдардың азаматтарды әскери қызметке даярлауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету ережелері» Қаулысына, Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет» туралы 08.07.2005 жылғы № 74 Заңына, Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғаныс» туралы № 100-1 07.05.1997 жылғы Заңына және облыс әкімінің «Тұрғын халықты Төтенше жағдайлар кезінде қорғау шараларын ұйымдастыру» туралы 2002 жылғы 23 желтоқсанындағы № 215 шешіміне сәйкес Ақтөбе қаласының білім бөлімі қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасымен және Азаматтық қорғаныс пен Төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасымен бірлесе отырып 2010-2011 жылғы оқу жылында қаланың жалпыға бірдей білім беретін мектептерінде АӘД және АӨҚ пәндерін оқыту мен ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді.

2010-2011 оқу жылының жұмыс қорытындысы төмендегідей ретпен көрсетілген:

Алғашқы әскери даярлық сабақтарына қатыстырылды

1. Класс саны:

а) 10 кластар-125

оның ішінде оқушылар-2950

ер балалар-1316

б) 11 кластар-113

оның ішінде оқушылар саны-2806

ер балалар-1213

2. Оқу жылының нәтижелері:

а) АӘД пәнінің бағдарламасы барлық мектептерде 100% орындалды.

б) Мектептер бойынша үлгерім сапасы 100%

в) АӘД пәнінің толық курсын аяқтаған оқушылардың білім деңгейі төмендегідей бағаланды.

- үздік бағамен -35 %

-жақсы бағамен -39,7 %

-қанағаттанарлық бағамен - 26,3 %

-қанағаттанарлықсыз бағамен - 0 %

г) Оқушылардың білім сапасы -89,7 %

д) 12-19 мамыр аралығында «Достық әскери-спорттық сауықтандыру лагерінде өткізілген оқу-далалық жиынына 11 кластың 1104 ер баласы қатыстырылды. Ақтөбе қаласының орта мектептерінің базаларында өткізілген «Медициналық білім негіздері» сабақтарына 1521 қыз бала және денсаулығының жарамсыздығына байланысты оқу-далалық жиынынынан босатылған 109 ер бала қатыстырылды.

Алғашқы әскери даярлық пәні қаланың 57 орта мектебінде АӘД пәнінің 50 мұғалім-ұйымдастырушысымен жүргізілді. № 15, № 40, № 38, № 16, № 37, № 31, Мектеп-интернат орта мектептерінде № 47, № 17, № 27, № 33, № 25, Благодарный мектептерінің АӘД пәнінің мұғалім-ұйымдастырушыларымен сағат беруші мұғалімдер ретінде жүргізілді.

АӘД пәнінің мұғалім-ұйымдастырушыларының сапалық деңгейі келесі түрде көрсетілген:

- жоғарғы білімі бар 47 әскери жетекші немесе 94 %

- орта-техникалық білім бар 1 әскери жетекші ( Елек ОМ) немесе 2 %

- орта-арнаулы білімі бар 2 әскери жетекші (№ 22 ОМ, Благодарный ОМ) немесе 4 %

50 әскери жетекшінің:

- запастағы офицерлер – 25 немесе 50 % құрайды

- старшиналар – жоқ

- сержанттар мен жауынгерлер – 25 немесе 50 % құрайды

Оның ішінде АӘД пәнінің мұғалім-ұйымдастырушылары ретінде жұмыс стажы бар:

1 жыл -3

3 жылға дейін 4 адам

5 жылға дейін 10 адам

10 жылға дейін 13 адам

15 жылға дейін 6 адам

15 жыл үстінде 14 адам

Жылдық есеп тапсыру кезінде АӘД және АӨҚ пәндері бойынша қаланың барлық мектептері мәліметтер тапсырды.

Осы жылдық есеп тапсыру кезінде қаланың кейбір мектептерінде Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 24 мамырдағы № 449 қаулысы орындалмай отырғандығы белгілі болды. 10 кластарда АӘД пәнінің «саптық даярлық» және басқа да кейбір тараулар жүргізілген кезде 10-шы кластың қыз балаларымен 17 сағат көлемінде «Медициналық-санитарлық даярлық» сабақтары бөлек жүргізілуі керек. Бірақ бөлек сабақтар № 2, 26, 33, 53, 9, 37, 39, Қызылжар ОМ, Пригородный ОМ ұйымдастырылған. Басқа мектептерде Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 24 мамырдағы № 449 қаулысы орындалмай отыр. Дәлірек айтқанда «Саптық даярлық» тарауы кезінде қыз балалармен «Медициналық-санитарлық даярлық» сабақтары жүргізілмейді. Бұл АӘД пәнінің бағдарламасын орындаудағы үлкен кемшілік болып табылады.

Оқу жылының барысында АӘД және АӨҚ пәндерінің оқытылу деңгейін көтеру мақсатында қаланың барлық мектептері бойынша мектеп директорлары 121 сабақтарды тексерген.

АӘД пәнінің мұғалім-ұйымдастырушылары өз мектептерінің деңгейінде 57 ашық сабақ өткізген. Штаттан тыс әдістемелік кеңестің жұмыс жоспарына сәйкес қалалық деңгейде 5 ашық сабақ өткізілді (№ 23 ОМЛ әскери жетекшісі аға лейтенант Е.Құсалинов, № 3 ОМ әскери жетекшісі аға сержант С.Оплачко, № 13 ОМ әскери жетекшісі подполковник Ж.Иманқарин, Россовхоз ОМ әскери жетекшісі сержант Ж.Бүркітбаев, Құрашасай ОМ әскери жетекшісі аға сержант Б.Нұрмағанбетов) және 3 кластан тыс патриоттық іс-шара өткізілді (№ 26 ОМ әскери жетекшісі капитан Ш.Бисалин, № 24 ОМ әскери жетекшісі сержант Е.Сариев, Георгиевка ОМ әскери жетекшісі аға сержант А.Софронкин). Осы өткізілген ашық сабақтардың ішінде барлығы да жоғарғы дәрежеде ұйымдастырылып өткізілді.

Облыстық білім жетілдіру және қайта даярлау курстарының тыңдармандарымен № 29, 33, 22, 6 ОМ АӘД пәнінің мұғалім-ұйымдастырушылары капитан К. Нұрғожаев, капитан С. Сраж, капитан А. Смирнов, майор Е. Түбір 10 ашық сабақ өткізді.

2010-2011 оқу жылында АӘД пәнінің деңгейін талқылау барлық мектептердің педагогикалық кеңестерінде қарастырылған, бұл мектеп әкімшіліктерінің АӘД пәнінің өткізілуі мен ұйымдастырылуына ерекше мән беретіндігін көрсетеді.

АӘД пәнінің оқытылу және ұйымдастырылу деңгейі 12-19 мамыр аралығында «Достық» әскери-спорттық сауықтандыру лагерінің территориясында өткізілген оқу-далалық жиынында қортындыланды. Оқу-далалық жиынына барар алдында облыстық балалар құқығын қорғау департаментінің кестесіне және қалалық білім бөлімінің бұйрығына сәйкес, қала мектептерінің барлық 11-ші класс оқушылары құрылған график бойынша Ақтөбе қаласының территориясында орналасқан «Екі мәрте Кеңес Одағының батыры Т.Бигелдинов атындағы Ақтөбе Жоғарғы әуе-қорғаныс күштері институтына» саяхатқа барып, курсанттардың өмірі және тұрмысын бақылап, әскери техникаларды көріп, олардың техникалық, тактикалық мінездемесімен танысты.

Оқу-далалық жиыны Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2006 жылғы 24 мамырындағы № 449 «Мемлекеттік органдардың азаматтарды әскери қызметке даярлауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету ережелері» Қаулысына, Ақтөбе қаласының әкімінің 2011 жылғы 04 сәуіріндегі № 725 «2010-2011 оқу жылында Ақтөбе қаласының жалпы орта білім беретін мектептері оқушыларымен оқу-далалық жиындарын өткізу туралы» қаулысына және Ақтөбе қалалық білім бөлімінің 2011 жылғы 08 сәуіріндегі № 272 бұйрығына сәйкес қаланың жалпыға бірдей білім беретін мектептерінің 11-ші класс оқушыларымен өткізілді. Оқу-далалық жиынына 11- кластың 1104 ер баласы қатыстырылды. Қала мектептерінің базасында ұйымдастырылған өткізілген «Медициналық білім негіздері» сабақтарына 1521 қыз бала және денсаулығының жарамсыздығына байланысты оқу-далалық жиынынынан босатылған 109 ер бала қатыстырылды, 2 ер бала оқу-далалық жиыны уақытында емдеу-сауықтыру мекемелерінде емделіп жатты.

Оқу-далалық жиынына оқушылардың қатысымы, бірегей әскери киіммен, қажетті құралдармен жабдықталуы өткен оқу жылындағы оқу-далалық жиынына қарағанда артықшылығы байқалды. Мектеп әкімшіліктері оқу-далалық жиынына оқушыларды даярлау кезінде үлкен жауапкершілік танытқаны көрінді.

Оқу-далалық жиынына жоғарғы жауапкершілікпен қатысып, әскери тәртібімен көзге түскен орта мектептер оқушыларының топтары қалалық білім бөлімінің мақтау қағаздарымен марапатталды. Кухнядағы наряд қызметін атқару кезінде жоғарғы тәртібімен № 9 ОМГ оқушылары көзге түсті.

Оқу-далалық жиыны кезінде көптеген әскери жетекшілер мен оқушылар өткен сабақтарды өте жақсы меңгергендігін, тәжрибе жүзінде орындай алатын қабілетін көрсетті. Жоғарғы ұйымдастырушылық қабілет көрсеткені үшін АӘД пәнінің 48 мұғалім-ұйымдастырушысы және 18 дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері, сонымен қатар алға қойған мақсатқа жетудегі ынта-талабы үшін 36 оқушы қалалық білім бөлімінің мақтау қағаздарымен марапатталды.

Әскери тәртібімен, әскери даярлығымен ерекше көзге түскен № 51 Гимназия, № 53 ОМ, № 30 ОМ, № 36 ОМ, 24 ЛМГ, Мұхтар Арын атындағы Қарғалы Қазақ ОМ Ақтөбе қаласының әкімдігінің алғыс хатымен және бағалы сыйлықпен марапатталды.



Оқу-материалдық базасы

Қаланың көптеген мектептерінде оқу-материалдық базасының деңгейі талапқа сай. Барлық мектептерде жабдықталған АӘД кабинеттері бар, мектептердің 72 % әскери мүліктерді сақтау бөлмесі бар, 78 % саптық даярлық алаңы жабдықталған, 28 % атыс тирімен, 32 % ауыспалы атыс тирімен, 69 % жабдықталған спорттық алаңдары бар. Бірақ қазіргі таңда ешбір мектепте «тосқауылдар алаңы» жоқ. Сонымен қатар қаланың ешбір мектебінде «сақшының қарауыл қызметін атқаратын посты» (грибок, қаруды оқтау және оқсыздандыру орыны) жоқ. Мектеп директорлары қаржының жоқтығына байланысты десе де «тосқауылдар алаңының» және «сақшының қарауыл қызметін атқаратын орынның» қарапайым түрлерін барлық мектептерде жабдықтауға болар еді.

Қала бойынша № 22 ОМ ( капитан А.Смирнов), № 33 ОМ (капитан С.Сраж), № 6 ОМ ( майор Е.Түбір), № 47 (сержант Б.Жарылғасинов), № 25 ОМ (сержант Қ.Санай), № 26 ОМ (капитан Ш. Бисалин), Пригородный (капитан Қ.Байгуринов), № 21 (сержант Ж. Убниямов), № 30 (капитан Х.Жұбатыров) орта мектептеріндегі АӘД кабинеттері жоғарғы дәрежеде жабдықталған.

№ 2, № 51, № 16, № 26, № 27, Ақтөбе ОМ тарихи деректерге бай мұражайлар жабдықталған. № 33 ОМ әскери-патриоттық тақырыптағы Бауыржан Момышұлына арналған мектепішілік мұражай жабдықталған.

Үлкен қиындықтар туғызатын мәселерге, мектептердегі инженерлік, артиллериялық, химиялық қорғаныс мүліктерінің, радиациялық, химиялық барлау құралдарының, АӘД пәнінің оқулықтарының, ҚР ҚК әскери жарғыларының жетіспеушілігін жатқызуға болады. Мектептерде пневматикалық мылтықтардың және «Калашников автоматының» макетінің жетіспеушілігі байқалады. Қала ішіндегі мектептерде 2-3 мылтықтан болса, қала сыртындағы мектептерде 1 мылтықтан. Оның көпшілігі ескірген, қолдануға жарамсыз. Сондықтан оқу процессін қалыпты дәрежеде өткізу үшін мектеп директорлары «Калашников автоматының» макетін және «Пневматикалық мылтықтарды» сатып алуы қажет. Және де бұл қаруларды сақтау арнаулы күзет құралдарын қажет етпейді.

АӘД пәнінің 1997 жылы енгізілгенінен бастап көптеген АӘД пәнінің мұғалім-ұйымдастырушылары кезекті әскери атақтарын ала алмай жүр. Қазіргі кезде 48 АӘД пәнінің мұғалім-ұйымдастырушыларының 25-і старшина, сержант, қатардағы жауынгер атағында жүр.



Әскери-патриоттық тәрбие

Қала мектептерінде оқушыларға патриоттық тәрбие беру, өз Отанын сүю, елжандылық қасиеттерін дамыту бағытында көптеген жұмыстар жасалды. 2009-2010 оқу жылының қорытындысы бойынша әскери оқу орындарына талапкерлер дайындау жұмысы бойынша мектептер төмендегідей нәтиже көрсетті:





Мектебі

Ұсынылған үміткерлер саны

Оқуға түскен оқушылар саны

1

№ 1 ОМ

2

2

2

№ 2 АОМ

2

-

3

№ 3 ОМ

2

-

4

№ 4 АОМ

2

-

5

№ 5 ОМ

-

-

6

№ 6 ОМ

1

-

7

№ 9 ОМГ

-

-

8

№ 11 АОМ

-

-

9

№ 12 ОМ

-

-

10

№ 13 ОМ

1

-

11

№ 14 ОМ

2

-

12

№ 15 ОМ

-

-

13

№ 16 ОМ

1

-

14

№ 17 ОМГ

-

-

15

№ 18 ОМ

-

-

16

№ 19 ОМ

2

1

17

№ 20 ОМЛ

1

1

18

№ 21 ОМГ

1

1

19

№ 22 ОМ

-

-

20

№ 23 ОМЛ

-

-

21

№ 24 линг мектеп-гимн

-

-

22

№ 25 АОМ

1

-

23

№ 26 ОМ

1

-

24

№ 27 КОМ

-

-

25

№ 28 ОМ

1

-

26

№ 29 ОМ

-

-

27

№ 30 ОМ

1

-

28

№ 31 ОМ

-

-

29

№ 32 ОМГ

1

1

30

№ 33 ҚОМ

2

1

31

№ 34 ОМ

-

-

32

№ 35 ОМ

2

1

33

№ 36 ОМ

-

-

34

№ 37 ОМ

-

-

35

№ 38 ОМ

-

-

36

№ 39 ОМ

1

1

37

№ 41 ОМ

-

-

38

№ 42 ОМ

-

-

39

№ 44 коррекц кешкі ОМ

-

-

40

№ 47 АОМ

1

-

41

№ 48 ОМ

-

-

42

№ 50 ОМ

-

-

43

№ 51 МГ

2

1

44

№ 53 ОМ

2

-

45

Ақтөбе ОМ

-

-

46

Георгиевка ОМ

-

-

47

ҚҚОМ

-

-

48

Сазды ОМ

-

-

49

Құрашасай ОМ

-

-

50

Благодар ОМ

3

1

51

Пригород ОМ

1

1

52

Новый ОМ

-

-

53

Россовхоз ОМ

-

-

54

Қызылжар ОМ

-

-

55

Мектеп-интернат

-

-

16- желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі мерекесіне орай қала мектептерінің барлығында осы мейрамдарға байланысты іс-шаралар өткізілді. Қала мектептерінде семинарлар, пікірталастар, қабырға газеттерінің байқауы, шығармалар байқауы, «Менің отаным Қазақстан», «Туған жерім», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары» атты класс сағаттары, «Жас сарбаз», «Жас ұлан» әскери-спорттық сайыстары өткізілді.


Қазіргі таңда қаланың жалпыға бірдей білім беретін мектептерінде алты (6) әскери-патриоттық бағыттағы клуб жұмыс жасайды.



Әскери-спорттық клубтардың аталымы, паспорттық құжаттарының берілген уақыты

Мекен-жайы, қандай ұйым жанында жұмыс істейтіні көрсетіледі

Мәдени-көпшілік шаралар, акциялар, әскери-спорттық ойындарды өткізуі

1

Халық қахарманы Б.Момышұлы атындағы әскери-патриоттық клуб (паспорты жоқ)

№ 33 ҚОМ базасында Беркімбаев 91 көшесі

Мектепішілік «Жас ұлан» әскери саптық байқауы

Қалалық «Жас ұлан» әскери-спорттық жарыстары 2007-2008-2009-2011 жыл (1-ші орын)

Облыстық «Жас жауынгерлер» әскери-спорттық жарысы 2007 жыл (2-ші орын), 2008 жыл ( 2-ші орын), 2010 жыл (3-ші орын)

Республикалық «Алау» әскери-спорттық жарыстары Ақтау қаласы 2009 жыл (2-ші орын)

Халықаралық әскери-патриоттық клубтар жарысы Орск қаласы 2009 жыл (2-ші орын)

«Мерген сарбаз-2008» облыстық жарысы 3-ші орын, Мерген сарбаз-2009 қалалық жарысы 2-ші орын

«Жауынгерлік өлеңдер-2008» қалалық байқауы жүлделі 3-ші орын.


2

«Айбын» әскери-спорттық клубы (паспорты жоқ)

№ 51 Гимназия базасында

Қалалық «Жас ұлан» әскери-спорттық жарыстары. Облыстық «Жас сарбаз» әскери-спорттық жарысы

Облыстық «Жас жауынгер-2011» жарысы 1-ші орын



3

Кеңес Одағының батыры Қожабай Жазықов атындағы әскери-патриоттық клуб (паспорты жоқ)

Благодар ОМ

Қалалық «Жас ұлан» әскери-спорттық жарыстары 2008 жыл (3-ші орын). Облыстық «Жас сарбаз» 2009 жыл. (3-ші орын) әскери-спорттық жарысы

4

Әлия Молдағұлова атындағы әскери-патриоттық клубы (паспорты жоқ)

№ 53 ОМ

Қалалық «Жас ұлан» әскери-спорттық жарыстары. Облыстық «Жас сарбаз» әскери-спорттық жарысы

Облыстық «Жас жауынгер-2011» жарысы 2-ші орын



5

«Қыран» әскери-патриоттық клубы (паспорты жоқ)

№ 38 ОМ

Қалалық «Жас ұлан» әскери-спорттық жарыстары. Облыстық «Жас сарбаз» әскери-спорттық жарысы

6

"Алау" әскери-патриоттық клубы (паспорты жоқ)

№ 6 ОМ

Қалалық «Жас ұлан» әскери-спорттық жарыстары. Облыстық «Жас сарбаз» әскери-спорттық жарысы

Бірақ бұл клубтардың барлығы мектепішілік болып есептеледі. Клубтар қалалық деңгейде паспортталмаған.



Қыркүйек айының 25-26 күндері қалалық білім бөлімінің ұйымдастырған қалалық дәрежедегі «әскерге дейінгі жасөспірімдер арасындағы үшсайыс түрінен спартакиада» өткізілді. Спартакиада қорытындысы бойынша:
Пневматикалық мылтықтан нысана көздеп ату сайысынан;

Алған орны

Пневматикалық мылтықтан нысана көздеп ату

(КОМАНДАЛЫҚ)

Алған ұпай саны

1

Пригород ОМ

158

2

22 ОМ

156

3

6 ОМ

142

иеленді.

Пневматикалық мылтық атудан нысана көздеп ату сайысына: № 14, № 23, № 39, № 44, № 51 ОМ топтары қатысқан жоқ.
Белтемірге тартылудан;

Алған орны

Белтемірге тартылу жарысы (КОМАНДАЛЫҚ)

Тартылған ұпай саны

1

30 ОМ

122

2

33 ОМ

121

3

36 ОМ

111


Белтемірге тартылу сайысына: № 14, № 23, № 39, № 44, № 5 ОМ топтары қатысқан жоқ.

2000 метрге жүгіру сайысынан;

Алған орны

2000 метрге жүгіру сайысы

(КОМАНДАЛЫҚ)

Соңғы адаммен есептелген уақыты

1

Пригород ОМ

6 минут 32 секунд

2

30 ОМ

6 минут 44 секунд

3

ҚҚОМ

6 минут 49 секунд


2000 метрге жүгіру сайысына: № 14, № 23, № 39, № 44, № 5, № 38 ОМ топтары қатысқан жоқ.

Үшсайыс бойынша жалпы командалық есеп бойынша орын алған командалар;

Алған орны

(КОМАНДАЛЫҚ)




1

Пригород ОМ




2

33 ОМ




3

30 ОМ -№ 36 ОМ






Жекелей сайыс бойынша

Пневматикалық мылтықтан нысана көздеп атудан

1-ші орын № 22 ОМ оқушысы Ким Андрей. Ұпай саны: 40

2-ші орын № 22 ОМ оқушысы Күртеков Артур. Ұпай саны: 35

2-ші орын Пригородный ОМ оқушысы Айтпағамбет Нұртілеу. Ұпай саны: 35

3-ші орын Құрашасай ОМ оқушысы Базарбаев Санжар. Ұпай саны: 34

3-ші орын Пригородный ОМ оқушысы Амандықов Данияр. Ұпай саны: 34


Жекелей сайыс бойынша

Белтемірге тартылу сайысынан

1-ші орын № 42 ОМ оқушысы Жақсылық Заманбек тартылу: 26

2-ші орын № 36 ОМ оқушысы Сәлімхан Асылжан тартылу: 25

3-ші орын № 30 оқушысы Көбенов Әлібек тартылу: 24

3-ші орын № 33 ОМ оқушысы Қарқұжақов Темірлан тартылу: 24

3-ші орын № 33 ОМ оқушысы Ерсайынов Қыдырәлі тартылу: 24

Жекелей сайыс бойынша

2000 метрге жүгіру сайысынан


1-ші орын № 17 ОМГ оқушысы Таубатыров Ілияс. Уақыты: 6 минут 12 секунд

2-ші орын № 9 ОМГ оқушысы Абрамов Никита Уақыты: 6 минут 13 секунд

2-ші орын Пригородный ОМ оқушысы Таскенов Бақытжан: Уақыты: 6 минут 13 секунд

3-ші орын № 36 ОМ оқушысы Есқалиев Бақытжан Уақыты: 6 минут 15 секунд

Елек ОМ оқушысы Ығылманов Жандос Уақыты: 6 минут 15 секунд
Жеңімпаз мектеп топтары мен оқушылары қалалық білім бөлімінің мақтау қағаздарымен марапатталды.

2010 жылдың 21-25 қыркүйегі аралығында Қазақстан Республикасының «Аумақтық қорғанысты ұйымдастыру туралы» 06.11.2001 жылғы № 718 жарлығына және Ақтөбе облысы әкімінің 12.06.09 жылғы № 4 шешіміне, қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқарма бастығының 11.11.09 жылғы № 6122 қатынас қағазына сәйкес қаланың жалпыға бірдей білім беретін мектептерінің АӘД пәнінің мұғалім-ұйымдастырушыларының қатыстырылуымен «Бөгет-2010» кешенді-тактикалық жаттығуы өткізілді.

Ақтөбе қалалық білім бөлімінің 11.09.10 жылғы № 431 бұйрығына сәйкес 2010 жылдың 21-25 қыркүйегі аралығында еңбек ақысы сақтала отырып «Бөгет-2010» кешенді-тактикалық жаттығуын өткізуге әдістемелік көмек көрсету мақсатында ҚББ АӘД пәнінің әдіскері капитан С.Сраж, № 51 Г АӘД пәнінің мұғалім-ұйымдастырушысы аға сержант Ә.Көшербаев, № 41 ОМ АӘД пәнінің мұғалім-ұйымдастырушысы аға сержант Ж.Әнетов негізгі жұмысынан босатылды. Барлық АӘД пәнінің мұғалім-ұйымдастырушыларына теориялық және тәжрибелік жаттығулар кезінде жоғарғы көрсеткіштер көрсеткені үшін қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқарма бастығының атынан алғыс айтылды.

2010 жылдың қараша айында және 2011 жылдың желтоқсан айларында Кеңес әскерлерінің Ауғаныстаннан шығарылғанына 22 жыл толуына байланысты қала мектептерінде жауынгер-интернационалистермен кездесулер, дөңгелек үстелдер, байқаулар жүргізілді.

Желтоқсан айының 01-09 күндері аралығында Ақтөбе қаласының әкімінің 2010 жылғы 24 қарашасындағы № 18 шешіміне, Ақтөбе қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасының 30.11.10 жылғы № 7334 қатынас қағазына және қалалық білім бөлімінің 30.11.10 жылғы № 591 бұйрығына байланысты Ақтөбе қаласының жалпыға бірдей білім беретін мектептерінің базасында (№ 17 ОМГ, № 9 ОМГ, № 2 АОМ, № 15 ОМ, Пригород ОМ, № 33 ОМ) «жұмылдыру-жаттығу дайындығы» сабақтары өткізілді. Қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқарма бастығы жұмылдыру-жаттығу сабақтарының ұйымдастырылуы мен өткізілуіне жоғарғы баға берді.

24 қараша күні атыс тирінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі мерекесіне арналған қалалық дәрежедегі «Мерген сарбаз -2010» пневматикалық мылтықтан нысана көздеп ату сайысы өткізілді. Сайыс қорытындысы бойынша командалық есеп бойынша

1-ші орынды Пригородный орта мектебінің оқушылары

2-ші орынды № 22 ОМ оқушылары

3-ші орынды 6 ОМ оқушылары жеңіп алды.

Жекелей сайыс қорытындысы бойынша ер балалар арасында:

1-ші орынды бірдей ұпай санымен (40 ұпай) № 6 ОМ оқушысы Арыстанғалиев Исламбек және № 11 ОМ оқушысы Фролов Ярослав

2-ші орынды бірдей ұпай санымен (38 ұпай) № 22 ОМ оқушысы Ким Андрей және № 47 ОМ оқушысы Тлеуғалиев Әнуар

3-ші орынды бірдей ұпай санымен (37) Пригород ОМ оқушысы Таскенов Бақытжан, № 51 МГ оқушысы Қыдырбай Марғұлан, Георгиевка ОМ оқушысы Омарбеков Темірлан, № 36 ОМ оқушысы Қуандықов Санжар жеңіп алды.

Жекелей сайыс қорытындысы бойынша қыз балалар арасында:

1-ші орынды (37 ұпай) Пригородный ОМ оқушысы Сүлейменова Злиха

2-ші орынды бірдей ұпай санымен (36 ұпай) № 29 ОМ оқушысы Насырова Ақерке және Пригородный ОМ оқушысы Сущенко Христина

3-ші орынды бірдей ұпай санымен (33 ұпай) № 6 ОМ оқушысы Амирина Ақбота және № 22 ОМ оқушысы Зинченко Татьяна жеңіп алды.

Барлық жеңімпаз атанған оқушылар мен командалар қалалық білім бөлімінің мақтау қағаздарымен марапатталды.



Сайысқа № 5 ОМ, № 23 ОМЛ, № 44 ОМ оқушылары қатысқан жоқ.

Осы мерекеге орай 16 желтоқсан күні «Мерген» сауда үйінің базасында облыстың спорт мектептері және әскери-спорттық клубтары арасында тағы бір ПМ нысана көздеп ату жарысы өткізілді. Жарысты ұйымдастырушы Ақтөбе облысының спорт және дене шынықтыру басқармасы, ал жарысты өткізуші «облыстық балалар және жасөспірімдер спорт мектебі» болды. Жарыстың қорытындысында 1-ші орынды № 5 «балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің» командасы, 2-ші орынды Хромтау ауданының «балалар және жаөспірімдер спорт мектебінің» командасы, 3-ші орынды № 33 ОМ Бауыржан Момышұлы атындағы әскери-патриоттық клубының командасы иеленді.

Ақпан айында қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасында мамандық таңдау жұмысына байланысты қала мектептерінің жоғарғы класс оқушыларымен Екі мәрте Кеңес Одағының батыры Т.Бигелдинов атындағы Ақтөбе Жоғарғы Әуе Қорғаныс Институтының қызметкерлерімен және Ақтөбе қаласының территориясында орналасқан №6655 әскери бөлімінің қызметкерлерімен кездесулер ұйымдастырылды. Кездесудің негізгі мақсаты мектеп бітіруші жастарды әскери мамандық алуға және болашақ офицер мамандығын алуға үгіт-насихат жүргізу болып табылды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 мамырындағы «Мемлекеттік органдардың азаматтарды әскери қызметке даярлауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету ережелері» Қаулысына Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғаныс» туралы № 100-1 07.05.1997 жылғы Заңына және облыс әкімінің «Тұрғын халықты Төтенше жағдайлар кезінде қорғау шараларын ұйымдастыру» туралы 2002 жылғы 23 желтоқсанындағы № 215 шешіміне және қалалық білім бөлімінің 01.02.2011 жылғы № 77 бұйрығына сәйкес қаланың жалпыға бірдей білім беретін мектептерінің барлығында «халықаралық азаматтық қорғаныс айлығының 1-ші наурыз Халықаралық азаматтық қорғаныс күніне арналған іс-шаралары өткізілді. Наурыз айының 01-20 аралығында қаланың барлық білім беру мекемелерінде азаматтық қорғаныс айлығы жоғарғы деңгейде ұйымдастырылып өткізілді. Наурыз айының 01-02 күндері Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментімен бірлескен кешенді-тактикалық оқу жаттығулары № 30 ОМ базасында өткізілді.

16 ақпан күні қалалық білім бөлімінің 01.02.10 жылғы № 78 бұйрығына сәйкес Кеңес Одағының батыры жерлесіміз Әлия Нұрмұхамедқызы Молдағұлованың ерлігін еске алу мақсатында облыстық «Әлия мұражайымен» бірлесе отырып қала мектептерінің және Ақтөбе облысының аудандарының жоғарғы класс оқушылары қыз балаларының арасында Атыс тирінде дәстүрлі «Мерген ару-2011» пневматикалық мылтықтан нысана көздеп атудан жарыс өткізілді. Жарысқа қаланың 52 мектебінің командасы қатыстырылды. Жарыс қорытындысы бойынша

1-ші орынды № 17 ОМГ

2-ші орынды бірдей ұпай санымен № 6 ОМ және № 11 ОМ

3-ші орынды № 22 орта мектебінің оқушылары иеленді.

Жекелей сайыс қорытындысы бойынша

1-ші орын және «Мерген ару-2011 атағын № 6 орта мектеп оқушысы Есенғазина Дана (27 ұпай) жеңіп алды.

2-ші орынды бірдей ұпай санымен (25 ұпай) № 22 орта мектеп оқушысы Зинченко Татьяна, № 17 ОМГ оқушысы Бадикова Яна.

3-ші орынды бірдей ұпай санымен (41 ұпай) Пригородный орта мектеп оқушысы Сүлейменова Зылиха және № 14 орта мектебінің оқушысы Балмұратова Нұршат жеңіп алды.

Жеңіске жеткен барлық командалар мен жекелей сайыста жеңіске жеткен оқушылар қалалық білім бөлімінің мақтау қағаздарымен марапатталды.

Белгісіз себептермен жарысқа; № 1 ОМ, № 4 ОМ, № 5 ОМ, № 19 ОМ, № 24 ОМ оқушылары қатысқан жоқ.

Наурыз айының 15-16 жұлдызы күндері қалалық білім бөлімі және қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасы бірлесе отырып Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырысымен және Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрлігінің демеушілігімен ашылған «Арыстан» мектеп-интернатына 8-ші класс бітіруші оқушыларды іріктеу жұмысы жүргізілді.

Наурыз айының 25 күні Ақтөбе «Мұнай-Газ колледжінің» базасындағы «Атыс тирінде» Облыстық Мемориалды Әлия мұражайының және қалалық білім бөлімінің бірлесіп ұйымдастыруымен өткізілген Республикалық дәрежедегі «Мерген ару-2011» пневматикалық мылтықтан нысана көздеп ату сайысы өткізілді.

Сайысқа Алматы облысының, Ақмола облысының, Астана қаласының, Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының, Батыс Қазақстан облысының, Маңғыстау облысының, Қостанай облысының және Ақтөбе облысының командалары қатыстырылды. Жарыс нәтижесінде;

1-ші орынды Ақтөбе облысының командасы

2-ші орынды Батыс Қазақстан облысының командасы

3-ші орынды Астана қаласының командасы жеңіп алды.

Жекелей сайыс қорытындысы бойынша;

1-ші орынды Ақтөбе қаласының № 17 ОМГ оқушысы Бадикова Яна

2-ші орынды бірдей ұпай санымен, Ақтөбе қаласының № 6 ОМ оқушысы Есенғазина Дана және № 22 ОМ оқушысы Зинченко Татьяна

3-ші орынды бірдей ұпай санымен, Батыс Қазақстан Облысының оқушысы Иванова Надежда және Маңғыстау облысының оқушысы Курешова Нұрзия жеңіп алды.

Барлық жеңімпаз командалар мен жекелей сайыста жеңіске жеткен оқушылар Облыстық Мемориалды Әлия мұражайының және қалалық білім бөлімінің мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

Қалалық білім бөлімі бастығының 25.02.2011 жылғы № 121 бұйрығына сәйкес наурыз айының 26- күні № 42 ОМ базасында қаланың жалпыға бірдей білім беретін мектептерінің мұғалімдері арасында «Мерген мұғалім-2011» пневматикалық мылтықтан нысана көздеп ату сайысы өткізілді. Сайысқа қаланың 49 мектебінің командалары қатыстырылды.

Сайыс нәтижесінде;

1-ші орынды Георгиевка ОМ

2-ші орынды № 6 ОМ және № 11 ОМ командалары

3-ші орынды Новый ОМ және № 51 Г командалары жеңіп алды.

Жекелей сайыс қорытындысы бойынша ерлер арасында;

1-ші орынды № 42 ОМ мұғалімі С.Ерман

2-ші орынды № 6 ОМ мұғалімі Е.Түбір

3-ші орынды бірдей ұпай санымен № 22 ОМ мұғалімі А.Смирнов, Георгиевка ОМ мұғалімі А.Софронкин, № 51 Г мұғалімі Ә.Көшербаев жеңіп алды.

Жекелей сайыс қорытындысы бойынша әйелдер арасында;

1-ші орынды № 11 ОМ мұғалімі И.Дементьева

2-ші орынды бірдей ұпай санымен Новый ОМ мұғалімі А.Қошабаева және Георгиевка ОМ мұғалімі О.Софронкина

3-ші орынды бірдей ұпай санымен Елек ОМ мұғалімі З.Сейілханова және № 9 ОМГ мұғалімі Е.Коршикова және № 51 Г мұғалімі Ф.Нұрмағамбетова жеңіп алды.

Барлық жеңімпаз командалар мен жекелей сайыста жеңіске жеткен мұғалімдер қалалық білім бөлімінің мақтау қағаздарымен сыйлықтарымен марапатталды.

Белгісіз себептермен сайысқа; № 1 ОМ, № 4 ОМ, № 14 ОМ, № 35 ОМ, № 21 ОМГ, № 48 ОМ, Қызылжар ОМ, Россовхоз ОМ командалары қатысқан жоқ.

Ақтөбе кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының 26.03.11 № 02-07-369 қатынас қағазына сәйкес Қазақстан Республикасының «Қызыл жарты ай» қоғамымен бірлесе отырып, қалалық білім бөліміне қарасты қаланың жалпыға бірдей білім беретін мектептерінің АӘД пәнінің мұғалім-ұйымдастырушылары «гуманитарлық құқық негіздері бойынша» ашық сабақтар өткізді. № 3 ОМ АӘД пәнінің мұғалім-ұйымдастырушысы аға сержант В.Оплачко, № 47 ОМ АӘД пәнінің мұғалім-ұйымдастырушысы аға сержант Б.Жарылғасинов, 36 ОМ АӘД пәнінің мұғалім-ұйымдастырушысы сержант М.Қожахметов, № 51 гимназиясының АӘД пәнінің мұғалім-ұйымдастырушысы аға сержант Ә.Көшербаев, № 17 ОМГ АӘД пәнінің мұғалім-ұйымдастырушысы майор З.Мұқанов, ҚББ АӘД пәнінің әдіскері капитан С.Сраж. Ашық сабақтар қорытындысы бойынша Ақтөбе облыстық «Қызыл жарты ай» қоғамының директоры Н.Үдербайдың атынан АӘД пәнінің мұғалімдеріне белсенділік танытқаны үшін алғыс айтылды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 мамырындағы «Мемлекеттік органдардың азаматтарды әскери қызметке даярлауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету ережелері» Қаулысына және Ақтөбе қаласының әкімдігінің № 130 19.03.11 жылғы «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 66- жылдығына дайындық пен оны мерекелеуді өткізу іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылған күніне және Ұлы Жеңістің 66 жылдығына арналған іс-шаралар қала мектептерінің барлығында жүргізілді. Мектептерде «жауынгерлік өлеңдер» байқауы, «Алау», «Қайсар» әскери-спорттық жарыстары өткізілді. Облыстық дәрежеде № 6655 ішкі әскер бөлімінің территориясында Облыстық «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының демеушілігімен, батыс әскери округының әскери прокуратурасының басшылығымен, № 6655 ішкі әскери бөлімінің қолдауымен, облыстық білім басқармасының және қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен жоғарғы класс оқушылары арасында 30 сәуір күні дәстүрлі «Жас жауынгерлер» әскери-спорттық жарысы өткізілді. Жарысқа финалға шыққан Ақтөбе қаласының жалпы орта білім беретін мектептерінің 7 командасы (№ 51, № 53, № 6, № 17, № 16, № 38, № 37 ОМ) және облыстың 1 командасы (Бестамақ ОМ командасы) қатыстырылды. Нәтижесінде:

1-ші орынды № 51 Г

2-ші орынды № 53 ОМ командасы

3-ші орынды № 17 ОМГ командасы жеңіп алды.

Орта буын оқушылары арасында №35 ОМ территориясында жүргізілген «Жас ұлан» әскери-спорттық жарысының финалдық сайысы өткізілді. Сайыс үш (3) кезеңмен өткізілді. Қазан, ақпан және мамыр айларында. Осы үш сайыстың жеңімпаздары: Ақтөбе ОМ, № 36 ОМ, № 24 ОМ, № 26 ОМ, № 33 ОМ, № 32 ОМГ топтары 04 мамыр күні финалдық сайысқа қатыстырылды. Сайыс қорытындысы бойынша

1-ші орынды 33 ОМ оқушылары

2-ші орынды 36 ОМ

3-ші орынды № 32 ОМГ оқушылары жеңіп алды.

Қазақстан Республикасының «әскери қызмет және әскери міндеткерлік» Заңының 17 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырындағы «Қазақстан Республикасы аумағындағы әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы» № 371 ережесіне сәйкес, Ақтөбе қаласы әкімінің 06.12.2010 жылғы № 17 «1994 жылғы туған азаматтарды Ақтөбе қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасының шақыру учаскесіне тіркеу жүргізу» туралы шешіміне және Ақтөбе қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқарма бастығының үкіміне орай 2011 жылдың 3 қаңтарынан бастап 29 наурызға дейін қала мектептерінде білім алатын 1994 жылы дүниеге келген ер балаларды әскери есепке тіркеу науқаны жүргізілді. Әскери есепке тіркеу науқанында қала мектептері көрсетілген график бойынша оқушыларды қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқарма жанындағы медициналық комиссиядан өткізді. Барлық мектептер әскери есепке алу науқанын ескертусіз өткізді.

Ақтөбе қалалық балалар құқығын қорғау департаменті және қалалық білім бөлімі бірлесе отырып қаланың жалпыға бірдей білім беретін мектептерінің жоғарғы класс оқушыларының арасында діни экстримизм көзқарастарының қанат жаюына және радикалдық идеялардың таралуына жол бермеу мақсатында сонымен қатар жасөспірімдер арасында әскери қызметтің мәртебесін арттыру мақсатында Ақтөбе қаласының территориясында орналасқан әскери бөлімдерге мен әскери оқу орындарына барудың жоспар кестесі жасалды. Осы жоспарға сәйкес қала мектептерінің жоғарғы класс оқушылары Ақтөбе қаласының территориясында орналасқан № 30238 артиллерия және ракета бригадасына және Екі мәрте Кеңес Одағының батыры Т.Бигелдинов атындағы Ақтөбе Жоғарғы Әуе Қорғаныс Институтына экскурсияға баруы ұйымдастырылды.

2010-2011 оқу жылындағы мектептерде жүргізілген әскери-патриоттық тәрбие беру жұмыстары оқушыларды Қазақстандық патриотизм, интернационализм, рухында тәрбиелеуге толық мүмкіндік береді. Қаланың жалпыға бірдей білім беретін мектептеріндегі АӘД пәнінің оқытылу деңгейі қанағаттанарлық дәрежеде деп бағалауға болады.
Мектеп директорларына ұсыныстар:

-АӘД пәнін оқытуды ұйымдастыру деңгейін көтеру мақсатында Калашников автоматының оқу макетін сатып алу мүмкіншілігін қарастыру қажет

-Мектептерде әскери-патриоттық клубтардың немесе үйірмелердің жұмысын жандандыру қажет

-Спорт алаңдары бар мектептерде «тактикалық қалашықты» жабдықтауды қарастыру қажет



-АӘД пәнінің бағдарламасына сәйкес қыз балалармен 10 кластағы 17 сағат көлеміндегі медициналық-санитарлық даярлық негіздері сабақтарын ер балалардан бөлек ұйымдастыру қажет


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет