Қазақстанда бұрын ауыр қылмыс жасаған адамдарды мектепке орналастыру фактілері анықталып жатыр. Бас прокурордың аға көмекшісі Арғын Айтқожин осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Istock

Анықталған осындай жағдайлар туралы бүгін сенаттағы дөңгелек үстел кезінде Айтқожин айтып берді. 

“Осы уақытқа дейін жалғасып келе жатқан тексеріс бұрын ауыр қылмыс және жыныстық қылмыс жасаған адамдардың мектепке жұмысқа орналасқанын анықтады. Алматыда мектепте 2006 жылы кісі өлтірген әйел еден жуушы болып жұмыс істеген. Ал кісі зорлаған адам зертханашы болып еңбек еткен. Астанада бұрын зорлағаны үшін сотталған дене шынықтыру пәні мұғалімі халықаралық колледжде жұмыс істеді. Сонымен қатар сыпырушы әйел мен мұғалім денсаулыққа қасақана зиян келтіргені үшін жауапқа тартылған”, – деп хабарлады бас прокурордың көмекшісі.

Баяндамашының сөзінше, бұл сирек кездесетін жағдай емес. Мұндай оқиға барлық өңірде бар.  

Бұған дейін Ақтөбе облысында оқушыларды қалаға жарысқа өз көлігімен апарып, жол апатына ұшыраған мұғалімге сот үкімі шыққанын жаздық.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.