Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінің эпидемиология, биостатистика және дәлелді медицина кафедрасының доценті Рафаил Қыпшақбаев Алматыдағы зілзаладан кейін кей тұрғындарында жүрек айнып, қан қысымы не себепті көтерілгенін түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сарапшы бұл жер асты дүмпулерінен немесе энергия факторларымен байланысты емес екенін түсіндірді.

"Біріншіден, адам генетикасы мұндай құбылыстарды қорқынышпен қабылдайды. Осылайша, кез келген кенеттен болған реакциядан жүрек айнып, қан қысымы көтеріліп және жүрек соғу жиілігі артады. Себебі адам организмі табиғи апат кезінде стресс алып, қорғаныш қабілетін іске қосады. Десе де, әр адам өзіне жауап бере алуы қажет. Ал жер сілкінісі кезінде ұйықтап, оянбаған адамдардың психикасы өте мықты десек болды", – деді Рафаил Қыпшақбаев

  • Алматыда жер сілкінісінен зардап шеккендердің саны 44-ке жетті

  • Алматыда жер сілкінісі кезінде терезеден секіргендердің бірінің жағдайы ауыр

Маман бұл кезде дүрбелең жасамауға, салқынқандылық және тосыннан болатын жағдайларға берілген нұсқаулықты орындауға кеңес береді.

"Мұндай жағдайларда алғашқы дәрі-дәрмек қобдишасында не болуы керек? Антисептиктер, гемостатикалық препараттар, қант диебетіне және қан қысымы көтеріліп кеткен кезде ішілетін дәрілер болу қажет", – деді медицина кафедрасының доценті.

Еске сала кетейік, төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев Алматыдағы жер сілкінісі кезінде тұрғындар қауіпсіз 384 орында түнеп шыққанын хабарлады.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.