Мемлекеттік сапармен Катарға барған Тоқаевты шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни “Diwan Amiri” сарайында қарсы алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: t.me/aqorda_resmi

Резиденцияда Қазақстан Президентін салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті. Құрмет қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт берді. Қазақстан мен Катардың әнұрандары шырқалғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Салтанатты рәсімнен кейін екі ел басшылары келіссөз залына өтті.

Бұған дейін Президенттің мемлекеттік сапармен Катар еліне аттанғаны туралы жазған едік.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.