Министерство здравоохранения Республики Казахстан



жүктеу 0.68 Mb.
бет1/4
Дата27.04.2019
өлшемі0.68 Mb.
  1   2   3   4


Қазақстан Республиксының Денсаулық сақтау Министрлігі

Нашақорлықтың медициналық әлеуметтік проблемаларының Республикалық ғылыми-практикалық орталығы

А.Л. Катков
Психобелсенді заттардан тәуелді тұлғалардың стратегиялық полимодальді психотерапиясы: макротехнологиялық және метатехнологиялық тәсілдер
Әдістемелік ұсыныстар

Павлодар, 2012

Катков А.Л.

Психобелсенді заттардан тәуелді тұлғалардың стратегиялық полимодальді психотерапиясы: макротехнологиялық және метатехнолгиялық амалдар : Әдістемелік ұсыныстар. – Павлодар, 2012. – 50 б.
Әдістемелік ұсыныстар м.ғ.д., проф. А.Л. Катков дайындаған.
Ұсынылып отырған әдістемелік ұсыныстар аддиктологиялық профильді мамандарға, яғни психотерапевт-дәрігерлер, психологтар, әлеуметтік жұмыстар бойынша мамандарға арналған.
Әдістемелік ұсыныстарда ПБЗ тәуелді тұлғалардың стратегиялық полимодальді психотерапиясының авторлық тәсілінің негізгі сипаттары –белгілері, түрлері, таралу түрлері, топографиясы, химиялық тәуелді тұлғалар континентінің өзгешілігін ескеретін тәсілдің өзекті ерекшеліктерін егжей-тегжейлі қаралады. Тәсілдің ғылыми негіздеу сұрақтары, жекелеп айтқанда, кеңес беру, әлеуметтік-психологиялық тернинг және т.б. тәжрибесіндегі негізгі терапевттік нәтижесін трансляциялау мүмкіндігіне қол жеткізетін қос деңгейлік коммуникацияның даму үлгісінің құрылуы егжей-тегжейлі қарастырылады. Психотерапия коммуникациясының макротехнологиялық (лонгитудиналды, кросс-секциялық және когеренттік стратегиялар) және метатехнологиялық ресімделуіне негізгі көңіл бөлінеді. Осы әмбебап құралдарды қолдану стратегиялық полимодальді психотерапия технологияларында ғана емес, әр түрлі психотерапиялық көмек көрсету үлгілерінде қолдану мүмкіндіктері дәлелденген.

Рецензенттер:

Медицина ғылымының докторы Толстикова А.Ю.

Медицина ғылымының докторы, профессор Кудьярова Г.М.
Әдістемелік ұсыныстар нашақорлықтың медициналық әлеуметтік проблемаларының Республикалық ғылыми-практикалық орталығының Ғылыми кеңесінің отырысында қаралды (ғылыми кеңестің төрағасы – А.Т. Ескалиева, 2012 жылдың 17 қыркүйегіндегі № 268 хаттама).
Қазақтан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің Республикалық медициналық білім беру және ғылымның инновациялық технологиялар Республикалық орталығы қабылдаған және ұсынылған (2012 жылдың "23" қазан № 10 хаттамасы).

МАЗМҰНЫ
Кіріспе …………………………………………………………………………4

1. Іске асыру көрсеткіштері мен түрлері………………………………………..4

2. Тәсілдің өзекті сипаттары мен ерекшеліктері.......... ………………………..6

3. Ғылыми негіздеу.........…………………………………………………………9

4. Қос деңгейлік даму коммуникациясының үлгісі......... ……………………23

5. Стратегиялық полимодальді психотерапияның метатехнологиялары........27

6. Стратегиялық полимодальді психотерапияны макротехнологиялық түрде ресімдеу....………………………………………………………………………..35

Қорытынды………………………………………………………………………48

Қолданылған әдебиеттер тізімі........... …………………………………………49
Қорытынды

Полимодальді психотерапия заттардан тәуелді стратегиялық полимодальді психотерапия полимодальді психотерапияның нозоайрықша сегментінен тұрады (терминнің авторы профессор В.В. Макаров), ол өз тарапынан психотерапиядағы интегративтік және элективтік бағыттағы ғылыми негізделген және дәлелденген нұсқалардың бірі болып табылады. Осы және басқа себептерге сәйкес, (белгілі бір макротехнологиялық, метатехнологиялық, шынында технологиялық мазмұны болуы; негізгі терапевттік өзіндік қағидаттарын құру және жүзеге асыру ) біз стратегиялық полимодальді психотерапия ПБЗ-нан тәуелді тұлғалардың клиенттік тобының ерекшелігіне барынша сәйкес келетін дербес тәсіл ретінде қарастырамыз.

Тәсілді ғылыми жете зерттеу, 2001 жылдан бастап 2010 жылға дейін уақыт аралығында оны тиімді қолдану шекарасын зерттеу бөлек жоба шеңберінде ғылыми – практикалық бағыттағы интегративтік және элективтік психотерапиясын зерттеу бойынша өткізілді (негізгі орындаушылар - Нашақорлықтың медициналық әлеуметтік проблемаларының Республикалық ғылыми-практикалық орталығының психотерапия, психиатрия-наркология және эклектикалық психотерапия кафедрасы, жетекші – профессор А.Л. Катков; Дипломнан кейінгі білім беру Ресей Академиясының психотерапия және секология және сексопотология курсымен медициналық психология кафедрасы, жетекші – профессор В.В. Макаров. )
1. Жүзеге асыру көрсеткіштері мен түрлері

Стратегиялық полимодальді психотерапия тәсілін қоланылатын негізгі пациенттер тобы - психобелсенді заттарға тәуелді тұлғалар (алкоголь, есірткі, уландырғыг заттар), осы профиль бойынша жоғарғы тәуекелділік тобына кіретін тұлғалар.

Тәсіл жеке де, топтық форматта да наркологиялық көмек көрсетудің барлық кезеңінде жүзеге асырылады: алдын алу және алғашқы наркологиялық көмек көрсету, амбулаторлық және ауруханада сауықтыру, рецидивке қарсы және қоладу көрсету терапиясы.

Ең тиімдісі тәсілді топтық форматта арнайы жинақталған көмек көрсету және дамыту технологиялар – кеңес беру, тренингтік және бағы басқаларды қолдану арқылы кол жеткізіледі.

Сонымен қатар, тәсілдердің болар-болмас өзгертулері кездескен жағдайда, психологиялық тәуелділіктің деструктивтік түрін (ойынға құштарлық, компьютерге тәуелділік) емдеуге қолдануға болады.

Стратегиялық полимодальді психотерапия терапияның жалғыз тәсілі ретінде өзін көрсете алады (мысалы, ПБЗ-ға тәуелді тұлғаларға амбулаторлық ем көрсету және рецидивке қарсы және қолдау көрсету терапиясы), сонымен қатар, өздерінің принциптік ұстамы бойынша үйлесімді басқа да емдеу технологияларымен және ПБЗ-ға тәуелді тұлғаларды сауықтыру кешенін қолдану арқылы жүзеге асады.

Ем болмаушылыққа, психотерапияның жалпы ем болмаушылығынан басқа, осы жағдайда келесі жатады: алкогольдік мастану, психотәрізді декомпенсация және психопаттық белсенділік көрсетумен айқындалған абстиненцияның ауыр түрлері, анықталған зиялылық жетіспеушілік, пациенттің сәйкесінше сауықтыру немесе терапевттік бағдарламасына қатысудан үзілді-кесілді бас тартуы.

Стратегиялық полимодальді психотерапия наркологиялық көмек көрсетудің үшінші кезеңдегі тәуелді тұлғаларға (амбулаторлық және ауруханада ем қабылдау кезеңі ) күніне 3-4 сағат сайын өткізіледі, ұзақтығы 2 айдан 4 айға дейін.

Төртінші кезеңде – рецидивке қарсы қолдау көрсету терапиясы – 2-3 сағат сайын, аптасына 3-тен 1-ге дейін.

Екінші кезеңде – алғашқы наркологиялық көмек көрсету – терапевттік кездесулердің ұзақтығы және циклдің жалпы ұзақтығы көмек көрсетудің нақты түрін ұйымдастыруға байланысты, бірақ кез келген жағдайда, ең аз дегенде күн сайынғы кездесулерге қатысуға тырысу керек, ұзақтығы 1 сағаттан кем емес.

Бірінші кезеңде – алғашқы-алдын алу наркологиялық көмек көрсету – психотерапевттік интервенция көлемі 1-3 кездесумен шектелген, ұзақтығы 1 сағаттан 2,5 сағатқа дейін.

Наркологиялық көмек көрсетудің үшіші кезеңіндегі стратегиялық полимодальді психотерапияның тиімділігі – ПБЗ-нан тәуелді тұлғалардың амбулаторлық немесе ауруханада сауықтыру – 2 айдан төмен мерзімге, ал күн сайынғы терапевттік сессиясы 2 сағат кем уақытқа шектелген жағдайда төмендейді.

Тәсілдің тиімділігінің шегі, басқа тең шарттар бойынша, маман-психотерапевттің жалпы сұрақтар бойынша да, стратегиялық полимодальді психотерапия саласындағы құзіретіне байланысты.
1.1 Топография

Топография – кәсіби психотерапия координатының жалпы жүйесіндегі стратегиялық полимодальді психотерапияның орны – келесі параметр арқылы анықталады:

1) негізгі ареалға тиістілік – қарастырылған тәсіл дәлелденген тиімділікпен қоса ғылыми-негізделген психотерапевтік технология болып табылады;

2) уақытша форматтар – стратегиялық полимодальді психотерапия барлық уақыт форматтарында қолданылады: экспресс-психотерапия (1-3 терапевттік сессия); қысқа мерзімді (10 сессияға дейін); орта мерзімді (50-100 сессиялар); ұзақ мерзімді психотерапия (100 сессиядан көп);

3) негізгі бағыттарға тиістілік – нинтегративті және эклекті бағыт психотерапия;

4) негізгі формаларстратегиялық полимодальді психотерапия келесі формалар арқылы жүзеге асады:



- психотерапевттік белсенділік бағыттылығы бойынша – аутопсихотерапия, жеке және топтық психотерапия;

- негізгі терапевттік акцент және контекст бойынша құрылымдық технологиялық психотерапия үдерісі бағытталған – қолдау көрсету, даму;

5) негізгі дәрежелерстратегиялық полимодальді психотерапия көбіне, мінез-құлық паттерннің қайта қалыптастыру деңгейінде (К.Г. Юнг бойынша) немесе жеке тұлғаның қайта қалыптасу деңгейінде (Б.Д. Карвасарский бойынша) жүзеге асады;

6) басты психотерапевті тәсілдер, олардың контекстеттері бойынша стратегиялық полимодальді психотерапия тәсілі – психотерапияның психологиялық және клиникалық тәсілі жете зерттелген және жүзеге асады;

7) кәсіби қызмет көрсетудің негізгі салалары, олардың шеңберінде осы тәсіл жүзеге асадыпревентті психо-педагогикалық тәжрибе, медицина (аддиктология, наркология).
2. Тәсілдің өзекті сипаттамалары мен ерекшеліктері

Стратегиялық полимодальді психотерапия тәсілінің өзекті сипаттамасы ретінде, тәуелді тұлғалар контингентімен жұмыстың барлық қиындықтарын мүмкін болатын ең жоғары дәрежеде ескере алатын жағдайын айтып кету керек, олардың санына әлбетте келесілер жатады:

1) терапевттік өзгертулерге бөгет болатын, психологиялық және мінез-құлық саласындағы жай ғана сипаттамалар:

- кездейсоқ факттер мен жағдайлардың әсерінен жиі ауысатын тұрақсыз уәждеу, немесе жағдайлардың салдарынан болған терапевттік бағдарламаларға тартылатын тәуелді тұлғалардың елеулі бөлігінің құрылымдық уәждеуі болмауы;

- айтылғанға байланысты, қарсылық көрсету жиі кертартпаның орын алуы, сауықтыру режимін оппозициясы, терапевттік контракт және оның мазмұнында көрсетілген мінез-құлық тәртібіне немқұрайлықпен қарау;

- деструктивті психологиялық қорғаудың қызметі шамадан асуы;

- тұрақсыз көңіл белгілерінің жиі кездесушілігі, көтеріңкі агрессия, албырттық;

- ұзақ зейін қою бойынша қиындықтардың орын алуы, көбіне терапевттік бағдарламаға ену кезеңінде болатын көтеріңкі шаршағыштық;

- психикалық үдерістің ебдейсіздігі, әсіресе, бұрын болған қарқынды және ұзақ уланудан өткен тұлағларда ерекше білінеді (мыслаға, 5 жылдан жоғары есіртке қолдану тәжірибесіне ие полинаркомания аурулары);

2) тәуелді тұлғалардың іріктемелі терапевтті белсенділіктің ерекшеліктері, тәуелді тұлғалардың өзекті тұтыну керектерінің саласына қатысы жоқ дерексіз мәселені жартылай немесе толық қабылдамау; абстрактті тақырып бойынша ұзақ «сөйлесу» терапиясы көбіне зейін қою, уәждеуден айырылуға әкеліп соқтырады, енжарлар (пациент диалогтан «шығып қалады») немесе белсенділер (терапевттік сессияны тоқтатау үшін әр түрлі сылтау іздейді) қарсылық кертартпалары білінеді; осындай мінез-құлық кертарпалар көбіне терапевттік бағдарламаға ену кезеңінде резинденттерге тән, бірақ та соңғы кезеңдерде де орын алуы мүмкін;

- «тақырптық» - демек, тіршілік әрекетінің қандай да бір мәселелі саласын көрнекі және өз қырын көрсететін тәсілге бейімділік;

- терапевттік өзгеру динамикасына айтарлықтай күш салудың керектігі мен оған дайындылықты түсінбей (ренталық ұстанымның орын алуы) «керемет» сипаттамалары бойынша тез жүзеге асатын қорытындыны аңсау;

- мінез-құлыққа еліктеуге бейімділік, әсіресе, терапевттік бағдарламадағы бірінші кезеңдерде кездеседі;

3) ашық топтағы бағдарламаға ену кезеңін басынан кешіріп отырған «жаңадан енген тұлға» мен терапевттік бағдарламаның елеулі бөлігін меңгерген резиденттердің өзара қарама-қатынас қиындықтары.

Біріншіден, ашық және жабық терапевттік топтаға МӘС (медициналық-әлеуметтік сауықтандыру) резиденттерін жүргізу стратегиясын таңдау қиындықтары туралы айтып кету керек.

Жабық топ нұсқасы келесі көз қарасы бойынша жағымды, МӘС екінші және үшінші кезеңдерінде - негізі жұмыс сатысында – топқа жаңа қабылданған пациенттермен «араласпайды» және терапевттік динамикасының аяқ алған қарқынынан төмендемейді. Сонымен қатар, осындай сыртынан қарағанда тиімді нұсқа, басқа асқынуларға алып келуі мүмкін – осы жағдай бойынша терапевттік бағдарламаға пациенттердің енуінің бірінші кезеңін топ бойынша психотерапия үдерісін жүргізуші маман-психологқа, психотерапевтке жүктеледі. Осы жағдайлардың жағымды ядросы тез пайда болмайды – 3-4 апта бойы – сонымен бірге, теріс ядроның пайда болуына өз үлесін қосатын теріс бағытталған жетекшілердің басымдылық көрсету мүмкіндігі туындайды. Осы жағдайлар барысында мінез-құлық бойынша еліктеу факторы жеткіліксіз жіті жұмыс жасайды (бұл жерде маман-психотерапевттің оң әсер етуі ғана жеткілісіз болып саналды), немесе осы фактор, топтың теріс ядро әсерінен, терапевттік динамикаға қарсы жұмыс жасайды. Соңғы оқиғаның өрбу нұсқасының мүмкіндігі, біздің мәліметтерге сәйкес, осы жағдайда шарасыз болған топ терапаевттерінде эмоциялық құлдырау қалыптасу жағдайының озық ықтималдығын көрсетеді.

Ашық топтағы пациенттерді жүргізу нұсқасы кәсіби экология тұрғысынан жағымды деп саналады - терапияның мінез-құлық компоненті бойынша салмақтың елеулі бөлігін үлкен резиденттерден тұратын топтың оң ядросы өзіне жүктейді. Сәйкесінше, теріс бағытталған жетекшілердің басымдылығы немесе топтың теріс ядросының қалыптасуы осы жағдайлар бойынша, айтарлықтай төмендейді. Бірақ, сонымен қатар, бағдарламада әр түрлі мерзімде болған резидеттердің терапевттік қалаулары арасындағы қарама-қайшылықтардың көзін жою мүмкіндігі туындайды, олар толығымен ПБЗ-дан тәуелді тұлғалардың стратегиялық полимодальді психотерапиясында қаралады;

4) психотерпевттік технологиялар мен басқа даму тәжірибелерінің байланыстарының мәселелері (егер, терапия нышанды түрде өткізілген жағдайда, мысалға, ПБЗ-дан тәуелді тұлғалардың медициналық-әлеуметтік сауықтыру бағдарламасының шеңбері аясында).

Маңызды факт ретінде бұл жерде технологияда қолдынылатын қайшылықсыз және өзарақуаттандыру болып табылады, ол толығымен ПБЗ-тан тәуелді тұлғалардың стратегиялық полимодальді психологиясында есепке алынады.

Қарастырылып отырған модальдылықтың әдістемесі, жекелей торап компонентінде негізгі нысананы анықтау ретінде қарағанда; әмбебап және арнаулы мәселе қалыптастыру; макротехнологиялық, метатехнологиялық және құрылымдық – технологяилық тәсілдің мазмұнынын дайындау – біріншіден, жоғарғыда көрсетілген қиындықтарды азайтуға барынша көзделген. Екіншіден, ПБЗ-дан тәуелді тұлғалардың терапевттік динамикасысының ерекшеліктерін дұрыс жоюға көзделген.


3. Ғылыми негіздеу

Осы бөлімде ПБЗ-дан тәуелді тұлғалардың стратегиялық полимодальді психологиясының екі басты жағдайы жете қаралады, олар өз бетімен, психотерапия модальдылығында қаралатын жүйе құрайтын негіз ретінде саналады.

Бірінші жағдай қарастырылып отырған тәсілдің әмбебап мақсатын негіздейді – психобелсенді заттар мен қоршаған ортаның жағымсыз әсерінен тәуелділікке екінші рет тартылуға психологиялық тұрақтылық қасиетін дамытуды тездету – және оны бөлек құрамдарға – психологиялық тұрақтылық қасиеттеріне саралайды. Айтылып кеткен құрамдас бөлшектер өз тарапынан, қарастырылып отырған тәсілдің жалпы форматы бойынша психотерапевттік технологияларының екінші деңгейінің нысаны болып табылады.

Екінші негізгі жағдай (наркологиялық көмек көрсету саласындағы 2-4 кезеңін жүзеге асыру) шектелген уақыт аралығында психобелсенді заттардан тәуелдікке екінші рет тартылуға қарсы жоғары дәрежелі тұрақтылықтың дамуын тездетуге мүмкіндіктің негізін қалайды, наркологиялық көмек көрсету қызметі бойынша мемлекеттік мекемелердің мүмкіндіктеріне байланысты 3 айдан 6 айға дейін уақыт мерзімін құрайды.


3.1 Қарқынды эпидемиологиялық, клиникалық және экспериментальді-психологиялық зерттреуден тұратын 10 жылдық жобаны зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру барысында, біз деструктивтік әлеуметтік індет, соның ішінде, ПБЗ-дан тәуелділікке тартылуға тұрақтылықты қамтамасыздандыратын әмбебап фактор жүйесіне келесі функциональді талаптарды қалыптастырдық. :

- сәйкестендіру сипаттамалары: 1) белгілі терминдер мен анықтамалар көмегімен сәйкестендіру факторларды анықтау мүмкіндігі 2) қабылданған тесттер мен әдістемелерімен өлшеу; 3) статистикалық анықталған және анық көрстеліген жоғарғы дамудың теріс корреляциясы, химиялық және деструктивті психологиялық тәуелділікке тартылу факттері мен қауіп-қатерінің дәлелденген сәйкестендіру сипатының даму дәрежесінің оң корреляциясы; 4) эпидемиологиялық, экспериметтік-клиникалық және эксперименттік- профиолактикалық зерттеулерінің ұйғарымы мен үн рет жабумен қамтамасыздандыратын сәйкестендіру сипаттамасының сенімділігі; 5) келешектегі алынған сипаттамаға қысқа мерзімде (апталар, айлар) және орта мерзімде (1-5 лет) тиімді әсер ету мүмкіндігі;

- технологиялық сипаттамасы: мүмкіндік: 1) кейінгі профилактикалық, емдеу және сауықтандыру әсер ету мақсатымен сәйкес жеке нысана құру; 2) БАҚ арналарын қолдану арқылы алғашқы профилактикалық сипаттамасы бойынша ақпараттық әсер ету мақсатымен әлеуметтік нысана құру; 3) сәйкесінше жеке және әлеуметтік әсер ету тиімділігін анықтайтын диагностикалық және скрининг бағдарламасын құру; 4) жоғарғыда айтылғанның негізіндегі, деструктивті әлеуметтік эпидемияға тартылу жеке және әлеуметтік тұрақтылықтың жоғарғы дәрежесін қалыптастырудың технологиялық инновациясы; 5) жоғарғыда көрсетілген, жеке және әлеуметтік өзін-өзі ұйымдастырудың жоғарғы дәрежелерін негізінде.

3.1.1 Орын алған зерттеулердің қорытындысы бойынша, жоғарыда айтылып кеткен тараптың функционалдық талаптарына анықталған психологиялық факторлар жүйесі едәуір дәрежеде сәйкес келетіні анықталды, оларды біз ортаның агрессиялық әсеріне психологиялық денсаулық –тұрақтылығы ретінде белгіледік:

- жеке сәйкестендірудің толығымен аяқталуы;

- позитивті (cәйкестендіру) –өмірлік сценаридің бар болуы;

- еркін және жауапты таңдау әдетін қалыптастыру;

- ішкі бақылау локусын қалыптастыру;

- позитивті өмірлік сценариін жүзеге асыруға қажет психологиялық ресурстың бар болуы;

- агент туралы адекваттық, негізгі (cәйкестендіру) өмірлік сценариге байланысты агрессивті және деструктивті ақпараттылықтың болуы.

Өздігінше жеткілікті түрде дифференцияланған және тұлғаны ұйымдастыруда жекешеленген құрылымды білідіретін жоғарыда көрсетілген қасиеттер, өзара шарттастық өзара тәуелділік және өзара толықтыру принциптері бойынша арақатытта болады.



Сәйкестендіру қасиеттердің және олардың онтогенетикалық динамиканың қысқаша сипаттамасы келесідей болады:

Жеке сәйкестендіру – белгілі америка психологы Э. Эриксон (1959) сипаттаған интегративтік психологиялық сипаттамалардың маңыздыларының бірі. Аталған қасиеттің толық қалыптасу процесі, сәби және балалық шақ кезден басталып, 12-18 жас диапазонында құрылымдық формаларға жетеді. 18 жасқа, Э. Эриксон бойынша, сәйкестендіру процесі аяқталуы тиіс. Осы уақыттан бастап, адам ол кім және осы өмірде қандай мақсаттарға жеткісі келеді, деген сұрақтарға нақты жауап білу керек. Бұл жауаптар, әлеумет қолдаған сырттан таңылған стереотиптік сценарийлерді қайталамай, өзінің ерекшелігін сезінетін, сәйкестендірілген жеке түйіннен шығу тиіс. Жеке сәйкестендіру кезеңін толық аяқтаған тұлғаның алдында (оған көпшілікте Э.Эриксон бойынша 4 өмірлік күйзелістен өту барысында дамудың негізгі агенттердің адекватты ынталандыратын белсенділігі көмегін тигізеді), өзінің өмірлік жолының анық болашағы пайда болады, ол жолмен оны, әлеуметтік парызды сезіну ғана емес, тілектер энергиясы алып жүреді. Сәйкесінше, кейінгі қалыптасу мен мақсаттарға жету процесіне едәуір күшті психологиялық ресурстар қосылады, олар қажетті циклды толық қанағаттандырудың барынша жоғары мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Сәйкесінше, осындай адамда, ПБЗ немесе деструктивті мекемелер іс жүзіне асыратын арнайы психотехнологияларды қабылдауға байланысты «бахытқа қысқа жолдарды» іздеу мен табу мүмкіндігі едәуір төмен болады.

Позитивтік, сәйкестендірілген өмірлік сценарий – бұл қасиет, анықтау бойынша тұлғаның сәйкестендіру сипаттамасы болып табылатын, барлық қабылданған әдістемелік критерийлеріне сәйкес денсаулық-тұрақтылық психологиялық сипаттамаға бөлініп шығарылады (3.1 тарауды қара). Конструктивті өмірлік идеяны құрылымдық безендіру, жеке сәйкестендіру өтіп жатқан жас диапазонында өтеді – 12-18 жас. Алайда, бұл үдеріс аяқталу уақытына конструктивті өмірлік сценарий дайындалу деңгейінде болуы мүмкін, және түпкілікті тек 19-21 жасқа қалыптасады. Осы уақытқа адам өзінің басты, сәйкестендірілген мақсаттары мен тілектері жүзеге асу үшін не істеу керектігін білу керек. Конструктивті өмірлік сценарий, аталған жағдайда – тұлға түйінімен біріктірілген тереңдетілген және тұрақты пайда болған зат. Осындай сценарий тұлғаның жеке жоспарлары мен өткінші ниеттерімен едәуір айырмашылығы бар, олар бойынша әдетте тиісті шешімдер мен әрекеттер болмайды (тұлғаның жігерлі, мақсатты әрекеттерде жүзеге асатын адекватты шешімдердің бар болуы, қаралып отырған қасиеттің ерекше белгісі болып табылады). Басқа ерекше белгісі – заманға сай адамның тұрмысын құрылымдастыратын негізгі конструкторларға (сценарийлер) қатысты белгісіздік жағдайда тұлғаның базистік қаупі мен іздестіру белсенділігінің едәуір төмендеуі. Осылайша, толық сәйкестендіру процесін аяқтаған тұлғаның жеке түйінінен шығатын позитивтік өмірлік сценарий, координаталар жүйесін маңызды міндетін атқарады және келесіні қамтамасыз етеді: қойылған мақсаттарды жүзеге асырудағы тұрақты қозғалысын, әрекеттік қанағаттандыру сезімін, эмоционалды жайлылық, тұлғаның өмір сүру сапасын едәуір жоғарлату, осының бәрі жиынтықта, адаптациялық бұзушылықтардың, осыдан шығатын салдардың бәрін қосқанда, қалыптасу қаупін жеткілікті түрде нық алдын алады.

Жауапкершілікпен таңдау жасау икемділік – бұл жеке қасиет, жақсы жағдайда, позитивтік өмірлік сценарийдің міндетті белгісі болу қажет, немесе, шартты түрде, – оны балама ұсыныстар толып жатқан агрессивті ортада сәтті жүзеге асыру қандай да бір кепілі (көбінесе, қысқа мерзімді және көп болашағы зор болашақ). Жауапкершілікпен таңдау икемділігіне сүйенетін тұлғаның базалық қасиеттеріне: автономдық пен сенімділік (қалыптасудың нормативті жасы – 2-3 жас); бастама (қалыптасудың нормативті жасы – 3-6 жас) жатады; жалпы жауапкершілікпен таңдау икмеділігі 12-15 жасқа қалыптасады. Жауапкершілікпен таңдау қасиетінің негізгі сипаттамасына бәсекелес сценарийлердің дивидендтерінен бас тарту икемділігі жатады (моральдық-өнегелі әдебиетте «еліктіруге тұрақтылық» сияқты белгіленеді). Мүмкін болған баламаға қатысты тұрақсыз немесе қабылданбаған шешімі бар қандай да бір артық көрушілік пен жалған таңдаудың бар болуы, бір жағынан, икемсіздік пен ебдейсіздік – басқа жақтан, жоғарыда келтірілген сипаттамадан сапалы түрде айырмашылығы бар. Яғни, біздің жағдайда, балама шешімдер сценарийлерден бас тарту – әбден саналы да ойланған қадам, ол барлық мүмкін шығындарды (әдетте қысқа мерзімді болашақта) және жетістіктерді (әдетте орта мерзімді және ұзақ мерзімді болашақта) түсінумен жасалады. Осы ретте балама сценарийлерден бас тарту, олардың сыртқы көркемдігі дезавуациясымен жетектеледі, оның қандай да бір ішкі шиеленістің пайда болу салдары болмайды. Жауапкершілікпен таңдау икемдері қалыптасқан тұлға, біріншіден, агрессивті таңылған таңдау жағдайында нақты, бір мағыналы және ретті шешімдерді қабылдау қолынан келетінін бекітіп айта алады. Екіншіден, – қысым жалғасытырылып жатқанына қарамастан, өз таңдауында қалу. Құрылымдық өмірлік сценарийге қатысты жауапкершілікпен жасалған таңдау, осылайша, сырты әдемі, сәйкестендіру болшағына қатысты мәні конфронтациялық және агрессивті балама сценарлық жоспарларға «тойтарыс беріп» (мысалы, масайрау, ынталандыру және релаксация әсерін алу үшін ПБЗ қабылдау немесе бұл жерде сені «шын мәнінде түсінеді» дейтін деструктивті сектаға ену ұсынысы және т.б.), өзінің өмірлік жолын өту қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Еркін және жауапкершілік таңдау бойынша акцияның позитивтік қолдауы ретінде, нағыз сыйлығы – жауапкершілік шешім қабылданған жоспарды жүзеге асырудан толық қанағат алу болып табылады. «Мен өз таңдауымды жасадым, өзімнің айтқанымда нық тұрдым, нәтижеде менікі дұрыс болып шықты» – міне өзінің өмір жолының қауіпсіздігін қамтамасыз еткен және таңдалған өмірлік ұстанымның әрекеттік қанағат алған жеңімпаздың ойлар мен күйзеліс кешені.

Ішкі локус-бақылаудың сапасы – бұл тұлғаның қасиетін (интернальдық-экстеналдық) америка психологы Д. Роттер зерттеп, толық сипаттаған (1947). Локус-бақылаудың сипаттамалары тұлғаның өзін өзі ұйымадстыру белсенділігінің өте маңызды құрылымы болып табылады. Жалпы, осында белсенділіктің қажеттілігі бойынша шешім, ішкі локус-бақылаудың қалыптасқан метаұстанымы бар тұлғадан шығады. Бұл қасиет 12-18 жаста қалыптасады. Оның алдында, автономдық (2-3 жас), ынта (3-6 жас), жауапкершілік (5-12 жас) сияқты қасиеттер дамиды. Ішкі локус-бақылау қасиеті дамыған тұлға, онымен өмірде болып жатқан жағдайлары үшін өзі ғана жауап беретінін сезінеді. Бұл мета-ұстаным жеке адамның өмір сапасын едәуір жақсарту мүмкіндіктерін жоғарлатады, егер оны бар шарттар көңілден шықпаса, жеке және әлеуметтік дамудың бар құралдары есебінен. Өзінде бірдеңе өзгерту немесе, кем дегенде, осындай өзгерістердің қажеттілігін мойындаудың өзі – даму жолына іске асатын қадам, кәсіби немесе басқа конструктивті көмек пен қолдауға кіріспе. Осылайша, қалыптасқан ішкі локус-бақылау қасиеті, тұлғаны ұзақ мерзімді, сәйкестендіру мақсаттарына сай келетін, ақапаратты және психологиялық ресурстар жағына тұлғаны бағыттауды барынша жоғарлатады. Және де алдын алады, осылайша, патологиялық адаптацияға байланысты санаға салынбаған «бақытқа деген қысқа жолдарды» іздеу.

Позитивтік өмірлік сценарийді іске асыру үшін психологиялық ресурстар – тұлғаның бұл қасиеттері, бір жағынан, интеграциялайтын және жоғарыда аталған едәуір маңызды тұлғалық сипаттмалар тізімін қамтитын қасиет болып табылады (бұл айтарлықтай түсінікті аспектіні осы жағдайда талдаусыз қалдыруға болады). Басқа жақтан – тиісті профилактикалық және терапевтік нысаналарды қалыптасытруға негіз болатын келесі ерекше сипаттамаларды қамтиды: 1) өзгерулерге ашық, синегрияға көңіл бөлінген талқыланған базистік стратегия (серіктестік), әр каналдар бойынша түсетін ақпаратты меңгеруді жеңілдету, сонымен қатар, – жаңа, өзекті ақапараттар топтамасын генерациялау. Аталған сипаттаманың бастапқы негізіне сенім білдірудің базистік қасиеттері (1 жас), автономдық-сенімділік (2-3 жас), еңбек сүйгіштік (5-12 жас); нормада қалыптасу 18-20 жасқа қарай аяқталады; 2) адаптациялық шиеленіс кездерінде маңызданатын және осындай кезеңдерден стресс-серфинг режимінде өтуге көмегін тигізетін, барынша жетістік пен минимум шығындармен талқыланған ресурсты жеке мәртебенің бар болуы (Мен-ресурстымын). Осындай сипаттама қалыптасудың негізгі бастапқы ынтаның базистік қасиеттері болады(3-6 жас), еңбек сүюшілік пен жауапкершілік (5-12 жас); қалыптасудың аяқталуы 18 жасқа келеді; 3) өзінің өмірлік және кәсіби жоспарларын жүзеге асыруға жеткілікті білім-икемділік-дағды қажетті мөлшердің болуы. Бұл сипаттамалары өмір бойы қалыптасады, бірақ ерекше жіті 23 жасқа дейін. Арнайы атап кететін нәрсе, аталған ресурстық сипаттамалар амалдарында, жүріс-тұрысты синергетикалық стратегия мен тұлғаның сыртқы даму агенттері мен ішкі психикалық сатылармен қамтамасыз ететін артықшылық креативтік- пластикалық ресурстарға беріледі. Стеротиптік психологиялық ресурстардың, биологиялық бейімделу сипаттамалардың шамасы едәуір деңгейде креативті-пластикалық басым топтың маңыздану есебінен көбею мүмкін. Тұлғаның ресурстық жеткіліктігі өздігінше бәрінен тез, энергия мен эмоционалды жайлылықтың шамалық-патологиялық көздері жақтарына ізденіс жүріс-тұрыстың алдын-алады.

Сәйкестендірілген негізгі өмірлік сценарийлерге қатысты агрессивті және деструктивті агенттер жөнінде адекватты ақпараттылық – тұлға түйінінен едәуір алытатылған психологиялық қасиет, сонда да, оның жеке реакцияларға тура қатысы бар, ол тұлғаның қоршаған ортаның агрессивтік әсеріне қатысты жүріс-тұрыс векторын анықтайды. Бұл қасиетті, тұлғаның ресурстық жеткіліктің алдыңғы позицияда аталған стереотиптік білімдер сипаттамалырынан айыра білу керек. Едәуір айырмашылық, сәйкестендірілген сценарийлерге және осы негізде қалыптасқан бағалы мақсаттарға арнайы ұйымадстырылған ақпараттың жолдануы мүмкін болатын деструктивті қасиетті «сценарлық» шиеленіс механизмін «қосады». Нақты осы жағдайларда соңғылар, нығайған, тұлғалық құндылықтарға қарағанда бөтен және агрессивті түрде сәйкестендіріледі. Осылайша, «ақпараттық екпе» технологиясы жүзеге асады, ол тұлғаның мүмкін болатын іздеу жүріс-тұрысын әлеуметтік эпидемияларға тартылу қаіпімен шектеледі.

Каталог: images -> Metodichki 2012
images -> Бағдарламасы 11. 09. 2017-17. 09. 2017 ДҮйсенбі, 11 қыркүйек 7: 00 ҚР Әнұраны 7: 00 "Ауырмайтын жол ізде"
Metodichki 2012 -> Патологическое пристрастие к азартным играм (игромания), интернет-зависимость
Metodichki 2012 -> Патологическое пристрастие к азартным играм (игромания), интернет-зависимость
Metodichki 2012 -> Министерство здравоохранения Республики Казахстан
Metodichki 2012 -> Министерство здравоохранения Республики Казахстан
Metodichki 2012 -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі нашақорлықтың медициналық әлеуметтік проблемалары Республикалық ғылыми-практикалық орталығЫ


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет