Ата-анасы қазақстандық, ал бала басқа елде өмірге келсе оған “Ұлттық қор – балаларға” жобасынан қаржы түсе ме? Бала отбасымен немесе ата-анасының бірі шетелге кетсе жобаға қатыса ала ма? Осы сұрақтарға қаржы министрлігі өкілдері жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Ұлттық қор және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаменті директорының айтуынша, төлем алу үшінбір ғана маңызды шарт бар. 

“Бала Қазақстан Республикасынан тыс жерде өмірге келгенімен, Қазақстан азаматтығы болса – оған туған сәттен бастап қаржы аударыла береді. Ал егер бала басқа мемлекет аумағында туып, келген соң Қазақстан азаматтығын алса – сол сәттен бастап аударым есептеледі. Ең маңызды ереже – Қазақстан азаматы болу”, – деп мәлімдеді Айбол Арғынғазыұлы. 

"БЖЗҚ" АҚ басқарушы директоры Мұрат Шәріповтің сөзінше, ата-анасының бірі Қазақстан азаматтығынан бас тартқан күннің өзінде ешқандай мәселе туындамайды.

“Бұл ақшаны баланың өзі есейгенде пайдаланады. 18 жасқа толғанда қай елдің азаматы болатынын өзі шешеді”, – деп түсіндірді ол. 

Бұған дейін Ұлттық қор өкілі бала бақилық болған жағдайда “Ұлттық қор – балаларға” жобасынан түскен қаржы кімге беріледі, қалай жұмсалады деген сұраққа жауап берген еді. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.