Министрінің 2017 жылғы № бұйрығымен бекітілген Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін



жүктеу 81.58 Kb.
Дата07.03.2019
өлшемі81.58 Kb.


Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің

2017 жылғы « »

№ бұйрығымен

бекітілген




Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында инфекциялық және паразиттік аурулардың әкелінуін және таралуын санитариялық-карантиндік бақылауды жүзеге асыру және

Қазақстан Республикасының шекарасы мен аумағын санитариялық

қорғауды қамтамасыз ету қағидалары




  1. Жалпы ережелер




1. Осы Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында инфекциялық және паразиттік аурулардың әкелінуін және таралуын санитариялық-карантиндік бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасының шекарасы мен аумағын санитариялық қорғауды қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі — Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) және Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 28 мамырдағы № 299 шешімімен бекітілген Кеден одағының кедендік шекарасынан өтетін адамдар мен көлік құралдарына, Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы және Кеден одағының кедендік аумағында өтетін бақылаудағы тауарларға мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды (бақылауды) жүзеге асыру тәртібі туралы ережеге (одан әрі – Ереже) сәйкес әзірленген және Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында инфекциялық және паразиттік аурулардың әкелінуін және таралуын санитариялық-карантиндік бақылау және Қазақстан Республикасының шекарасы мен аумағын санитариялық қорғауды қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.


2. Санитариялық-карантиндік бақылау (қадағалау) – адамдардың және жүктердің Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өтуі кезінде ел аумағына инфекциялық және паразиттік аурулардың, сондай-ақ адам денсаулығына әлеуетті қауіпті заттарды және өнімдердің әкелінуіне жол бермеу мақсатында өткізілетін, жүктердің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайын және адамдардың денсаулық жағдайын бақылау (қадағалау).

3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттеріндегі санитариялық-карантиндік бақылау (қадағалау) Қазақстан Республикасының шекарасы мен аумағын санитариялық қорғаудың құрамдас бөлігі болып табылады.

4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде халық денсаулығына қауіп төндіретін жолаушыларға, экипаждарға, пойыз бригадаларына, көлік құралдарына, жүктерге санитариялық-карантиндік бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыру үшін санитариялық-карантиндік пункттер ұйымдастырылады.

5. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу (санитариялық-карантиндік пункттерде) пункттеріндегі санитариялық-карантиндік бақылауды (қадағалауды) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының көліктегі бөлімшесі жүргізеді.




2. Қазақстан Республикасының шекарасы мен аумағын
санитариялық-карантиндік бақылауды жүзеге асыру және
санитариялық қорғауды қамтамасыз ету тәртібі

6. Санитариялық-карантиндік бақылау (қадағалау) мынадай инфекциялық және паразиттік аурулардың әкелінуіне және таралуына жол бермеу мақсатында жүргізіледі:

1) карантиндік инфекциялар (оба, тырысқақ, сары қызба);

2) аса қауіпті инфекциялар (контагиозды вирусты геморрагиялық қызбалар: Ласс, Марбург, Эбола, Хунин, Мачупо, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы);

3) ауыр жіті респираторлық синдром немесе атипиялы пневмония;

4) патогендігі жоғары жаңа кіші тип тудыратын пандемиялық тұмау (A/H1N1, A/H5N1 құс тұмауы және басқа типтер);

5) паразиттік аурулар (безгек);

6) Ережеге 2-қосымшада көзделген басқа да инфекциялық аурулар.

7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының уәкілетті тұлғалары:

1) осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ақпаратына сәйкес инфекциялық және паразиттік аурулар бойынша қолайсыз елдерден жолаушы және өзге де көлік құралдары немесе жеке тұлғалар келгенде;

2) жолаушы және өзге де көлік құралының экипажынан көлік құралында инфекциялық және паразиттік аурумен ауыратын науқастың немесе ауруға күдікті адамның болуы туралы хабарлама алғанда;

3) жөнелтуші, транзит елдің немесе алушы елдің құзыретті органдарынан халықтың денсаулығына қауіп төндіретін жүктің келуі туралы ақпарат алғанда;

4) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде контейнерлер мен лихтерлердің ашылу белгісі анықталғанда немесе олардың бүтіндігі бұзылғанда;

5) көлік құралында осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген инфекциялық және паразиттік ауруларды таратушы жәндіктер, кеміргіштер және өлген кеміргіштер анықталғанда;

6) әуе немесе теңіз (өзен) кемесінің бортында санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағын санитариялық қорғауды жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жүргізуді талап ететін, осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген инфекциялық ауруларға күдікті адамның болмауы туралы белгіленген тәртіппен алдын ала ақпарат берілмегенде;

7) халықаралық тасымалды жүзеге асыратын көлік құралында бұрын жүзеге асырылған санитариялық-карантиндік бақылау (қадағалау) барысында Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасының бұзушылығы анықталғанда;

8) бұрын қолданыста болған және ауру жұқтырған аудандары бар елдерден немесе эпидемия аймақтарынан әкелінген ішінде киім-кешек, киім, төсек жабдықтары немесе тұрмыста қолданылатын басқа да заттар, ыдыс-аяқ, ойыншықтар бар, бүтіндігі бұзылған халықаралық пошталық жөнелтілімдер анықталғанда санитариялық-карантиндік бақылауды (қадағалауды) жүргізеді.

8. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыратын уәкілетті тұлғалар және көлік объектілерінің персоналы адамдар денсаулық жағдайына шағымданып жүгінген кезде санитариялық-карантиндік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті тұлғаларды дереу хабардар етеді.

9. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыратын уәкілетті тұлғалар қызметтік куәлігін көрсете отырып, халықтың денсаулығына қауіп төндіретін экипаж мүшелері, жолаушылар және жүктер бар үй-жайларға, көлік құралдарына кедергісіз кіреді. Эпидемиологиялық жағдай ушыққан жағдайда санитариялық-карантиндік бақылау барлық бақылау (қадағалау) түрлерінен (шекаралық, кедендік және басқа) бұрын өтеді.

10. Санитариялық-карантиндік бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыратын уәкілетті тұлғаларға әуе кемелері экипаждарының командирлері, теңіз кемелерінің капитандары, пойыз бригадаларының бригадирлері мынадай құжаттар ұсынады:

1) әуе көлігінің жалпы декларациясының санитариялық бөлімі, теңіз (өзен) кемесінің теңіздік медициналық-санитариялық декларациясы, теңіз (өзен) кемесінің санитариялық бақылаудан өткендігі туралы куәлігі, теңіз (өзен) кемесінің санитариялық бақылаудан босатылғаны туралы куәлігі, темір жол көлігіндегі санитариялық және рейстік журналдар, қажет болған жағдайда вакцинация туралы халықаралық куәліктер;

2) жолаушы және өзге де көлік құралын дезинфекция, дезинсекция мен дератизация жүргізілгенін растайтын құжаттар;

3) экспорттаушы елдің құзыретті органы берген жүктердің қауіпсіздігін куәландыратын олардың ілеспе құжаттары (санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды (гигиеналық қорытынды, гигиеналық сертификат), тисті (санитариялық, сәйкестік, сапа, денсаулық және басқа) сертификаттары.

11. Жеке тұлғаларды (әуе кемелерінің, теңіз кемелерінің және пойыздардың жолаушыларын қоспағанда) санитариялық-карантиндік бақылау (қадағалау) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде Қазақстан Республикасының аумағына инфекциялық және паразиттік аурулардың әкеліну және таралу жағдайларын болдырмау мақсатында тұрақты жүргізіледі.

12. Санитариялық-карантиндік пункттерде тепловизорларды, байланыссыз термометрлерді пайдалану арқылы жеке адамдарға санитариялық-эпидемиологиялық тексеру және осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген инфекциялық және паразиттік аурулар бойынша қолайсыз елдерден келген адамдарға, сондай-ақ келген көлік құралының экипажынан инфекциялық және (немесе) паразиттік ауру симптомдары бар науқастың немесе оған күдікті адамның болуы туралы ақпарат алған кезде сұрау жүргізіледі. Санитариялық-карантиндік пункттерде кезекшілік ауысымының құрамы екі маманнан кем болмауы тиіс. Санитариялық-карантиндік бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыратын уәкілетті тұлғалар командирдің немесе әуе, су (өзен) көлігі экипажының жауапты мүшесінің, пойыз бастығының, автокөлік құралы жүргізушісінің сұрауы бойынша көлік және (немесе) жол құжаттарында көлік құралына санитариялық шаралар қолданғандығы туралы белгі қояды.

13. Инфекциялық және (немесе) паразиттік аурулармен ауыратын науқас анықталған жағдайда халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының уәкілетті тұлғалары мынадай:

1) науқасты денсаулық сақтау ұйымына емделуге жатқызғанға дейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пунктінің оқшаулағышында уақытша оқшаулау;

2) науқаспен қарым-қатынаста болған адамдарды обсервациялауды, медициналық айғақтары бойынша оларды денсаулық сақтау ұйымына емделуге жатқызу;

3) бортында инфекциялық және паразиттік аурулардың симптомдары бар немесе инфекциялық және паразиттік ауруларға күдіті адам анықталған көлік құралында дезинфекциялық іс-шараларды ұйымдастыру бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (санитариялық-профилактикалық) іс-шараларды жүргізеді.

14. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының уәкілетті тұлғалары жүзеге асыратын санитариялық-карантиндік бақылау (қадағалау) нәтижелері бойынша Кодекстің 71-бабының 1-тамағының 2-тармақшасына сәйкес бекітілген санитариялық-эпидемиологиялық тексеру актісі толтырылады, онда қажетті ілеспе құжаттардың болуы, келген көлік құралының түрі және бағыты, жолаушылар мен экипаж мүшелерінің саны, инфекциялық және паразиттік ауруларға күдікті науқастардың болуы, халықтың денсаулығына қауіп төндіретін жүктің атауы көрсетіледі.

15. Келген көлік құралдарында таратушы жәндіктер, кеміргіштер немесе өлген кеміргіштер анықталған жағдайда тиісті аумақтардағы және көліктегі бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлердің санитариялық-эпидемияға қарсы (санитариялық-профилактикалық) іс-шараларды жүргізу туралы қаулысы бойынша көлік құралдары жүктерімен бірге (бар болған жағдайда) дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық іс-шаралар жүргізілетін санитариялық тұраққа (санитариялық айлақ, санитариялық алаң, санитариялық тұйық және басқа арнайы қарастырылған орындары) жіберіледі.

Дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау аяқталғаннан кейін санитариялық-карантиндік бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыратын уәкілетті тұлға көлік құралының халықаралық медициналық-санитариялық құжатына белгі қояды және өңделген көлік құралдары жүктерімен бірге (бар болған жағдайда) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінеді.



16. Санитариялық-карантиндік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті тұлғалар инфекциялық және паразиттік аурулар бойынша қолайсыз елдерге баратын жолаушыларға және туристік фирмалардың өкілдеріне нұсқаулар жүргізеді. Көлік құралдарының персоналы және жүктерге және жолаушыларға қызмет көрсетуге қатысатын әуежайлар, порттардың және вокзалдардың қызметкерлері көліктегі дәрігерлік-ұшқыштық сараптау комиссиясының және көліктегі медициналық ұйымдардың штатына кіретін санитариялық-эпидемиологиялық бейінді мамандары гигиеналық оқудан жылына кемінде бір рет жиілікпен өтуі тиіс.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет