Министрліктердіѕ



жүктеу 49.28 Kb.
Дата07.05.2019
өлшемі49.28 Kb.

Министрліктердің, қызметкерлер мен жұмыс берушілер бірлестіктерінің арасындағы өзара ынтымақтастық туралы

МЕМОРАНДУМ
Атырау қ. 3 қараша 2010 жыл
Бұдан әрі әріптестер деп аталатын,

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі атынан Министр Г. Н. Әбдіқалықова, Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі атынан А.С. Таспихов, Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрлігі атынан А. М. Мағауов, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі атынан К.К. Бөрібеков,

бұдан әрі «Қызметкерлер бірлестіктері» деп аталатын қызметкерлер бірлестіктері атынан Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы С. О. Мұқашев, тау-кен өнеркәсібі еңбеккерлері кәсіподағының төрағасы А. Ж. Нұралин, мұнай-газ кешені қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Т. Б. Қабдолов,

бұдан әрі «Жұмыс берушілер бірлестіктері» деп аталатын жұмыс берушілер бірлестіктері атынан «Атамекен» Одағы» ұлттық экономикалық палатасының төрағасы А. Т. Перуашев, кен өндіру және тау-кен кәсіпорындары республикалық ассоциациясының атқарушы директоры Н. В. Радостовец, Қазақстан мұнайгаз және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы «KAZENERGY» атқарушы директоры А.Б. Матишев,

осы Меморандумда төмендегі туралы келіседі:
1-бап

Меморандумның мақсаты әлеуметтік диалогті дамыту, әлеуметтік әріптестік тараптарының мүдделерін объективті ескеру негізінде мұнайгаз секторы мен тау-кен кешені салаларындағы әлеуметтік тұрақтылық пен қоғамдық келісімді қамтамасыз етуге жәрдемдесу болып табылады.


2-бап

Министрліктер барлық күш-жігерін осы мақсатқа бағыттайды және мыналарды:

- әлеуметтік әріптестік тараптарының еңбек және әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттары жөніндегі позициялары келісімін қамтамасыз етуді;

- салалық комиссиялардың отырыстарын, консультацияларын өткізуді және салалық келісімдер, ұжымдық шарттар жасау мәселелері бойынша ұсынымдар әзірлеуді;

- ұйымдағы ұқсас позицияларда істейтін отандық және шетелдік қызметкерлер жалақысының елеулі саралануына жол бермеуді қоса, Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылаудың тиімділігін арттыру жөнінде мониторинг жүргізуді және шаралар қабылдауды;

- еңбекті қорғау және еңбекақы төлеу, кадрларды даярлау және қайта даярлау мәселелері бойынша әлеуметтік әріптестік тетіктерінің қолданылу аясын ұлғайту мақсатында еңбек заңнамасын жетілдіруді;

- әлеуметтік әріптестермен бірлесе отырып ұлттық біліктілік жүйесін, ұлттық және салалық біліктілік шеңберін, кәсіптік стандарттарды әзірлеу жөнінде іс-шаралар жүргізуді;

- еңбекақы төлеудің ең төмен стандарттарын қолданыстағы заңнамаға сәйкес қарауды ниет етеді.


3-бап

Жұмыс берушілер бірлестіктері мен қызметкерлер бірлестіктері барлық күш-жігерін осы мақсатқа бағыттайды және мыналарды:

- Еңбек кодексіне сәйкес салалық келісімдерді әзірлеуді және оларды әлеуметтік әріптестік жөніндегі салалық комиссиялардың қарауына ұсынуды;

- 2010 жылы мұнайгаз секторы мен тау-кен кешені салаларындағы 2011-2013 жылдарға арналған келісімдерге тең құқылы және әлеуметтік әріптестік тараптарының өзара мүдделерін құрметтеу негізінде қол қою шараларын қабылдауды;

- мұнайгаз және тау-кен салалары кәсіпорындарында ұжымдық шарттар жасау (қайта қарау) жөнінде іс-шаралар жүргізуді;

- салалық біліктілік шеңбері мен кәсіптік стандарттарды әзірлеуді;

- кәсіпорындағы ұқсас позицияларда істейтін отандық және шетелдік қызметкерлер жалақысының елеулі саралануына жол бермеу жөніндегі іс-шараларды салалық келісімдер мен ұжымдық шарттарда бекіту шараларын қабылдауды ниет етеді.
4-бап

Әлеуметтік әріптестік тараптары кез келген тараптың осы Меморандум ережелерінің орындалуына қатысты сұрау салуы бойынша консультациялар өткізеді.

Осы Меморандумның ережелерін түсіндіру немесе қолдану кезінде даулар мен келіспеушіліктер туындаған жағдайда, әлеуметтік әріптестік тараптары оларды консультациялар мен келіссіөздер арқылы шешеді.
5-бап

Осы Меморандум әлеуметтік әріптестік тараптары қатысушылары болып табылатын басқа шарттардан туындайтын тараптардың құқықтары мен міндеттеріне әсер етпейді.

Осы Меморандумға қол қойған тараптардың әрқайсысы өзінің өз өкілеттігі шегіндегі жауапкершілігін мойындайды және туындаған проблемаларды өзара келісім мен жасалған уағдаластық принципімен шешу үшін ынтымақтасуға міндеттенеді.

6-бап

Осы Меморандум қол қойылған сәтінен бастап күшіне енеді.

Атырау қаласында 2010 жылғы қарашада мемлекеттік және орыс тілдерінде бір данада жасалды, бұл орайда, екі мәтіннің күші бірдей.

Меморандумның түпнұсқасы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде болады.


Меморандумға қол қойды:

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі атынан

Министр
___________ Әбдіқалықова Г. Н

Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрлігінен атынан

Вице-министр
_____________ Мағауов А. М.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі атынан

___________ Бөрібеков К.К.



Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі атынан

____________ Таспихов А.С.






Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы атынан

Төраға
________________Мұқашев С.О.

Мұнайгаз кешені қызметкерлері кәсіподағы атынан

Төраға
________________Қабдолов Т.Б.

Тау-кен өнеркәсібі («Казпрофметалл») еңбекшілері кәсіподағы атынан

Төраға
________________Нұралин А.Ж.

Қазақстанның «Атамекен» Одағы» Ұлттық экономикалық палатасы атынан

Төраға
_______________Перуашев А. Т.

Кен өндіру және тау-кен кәсіпорындары республикалық ассоциациясы атынан

Атқарушы директор
______________Радостовец Н.В.

Қазақстан мұнайгаз және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы



«KAZENERGY» атынан


Атқарушы директор
______________ Матишев А.Б.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет