Министру обороны


бөлім. Әскери-далалық терапия



жүктеу 1.11 Mb.
бет4/4
Дата01.10.2017
өлшемі1.11 Mb.
түріБағдарламасы
1   2   3   4

10 бөлім. Әскери-далалық терапия

Оқу мақсаты:

Соғыс уақытында арнайы медициналық отрядта, жеке медициналық отрядта және бригаданың медициналық ротасында дәрігерге қажетті әскери-далалық терапия мәселелері бойынша зақымданғандар мен науқастарға терапиялық медицина көмегін көрсету үшін студенттерді теориялық және тәжірибелік дайындау.

Курс бағдарламасын оқу қорытындысында студенттер

білуге тиіс: терапиялық көмекті ұйымдастырудың негізгі ұстанымдарын;

иондаушы сәулелердің зақымдаушы – клиникалық көріністерін, диагностикасын және емдеу шараларын;

жараланған және күйген адамдардың ішкі мүшелер ауруларының – клиникасын, диагностикасын және оларды емдеуді;

әрекеттегі әскер жағдайында әскери қызметкерлер арасында аса жиі кездесетін ішкі мүшелер ауруларының диагностикасы мен емдеу ерекшеліктерін;

істей білуі керек: ұрыс жағдайында мүмкіндігінше сәуле ауруларының, нейтрондық және біріккен радиациялық зақымданғандардың, жараланғандар мен күйіп қалғандардың іш құрылысы ауруларына диагноз қою;

медициналық сұрыптама жүргізу және бригаданың медициналық ротасында, жеке медициналық отрядта зақымданғандар мен науқастарға терапиялық алғашқы дәрігерлік жедел көмек көрсету.


Әдістемелік нұсқаулар:

Тақырыптарды талдаған кезде әскери-далалық терапияның қалыптасуы мен дамуында келесі көрнекті ғалым-клиницистердің М.С. Вовси, А.Е. Мясников, П.И. Егоров, В.Х. Василенко, Н.С. Молчанов, С.А.Поспелов тағы басқалардың маңызы ерекше. Студенттерге барлық сабақтарда қазіргі заманғы соғыстағы терапиялық көмектің мәні, емдік – талдауды қамтамасыз ету жүйесінің салмағы, сонымен қатар, заманауи қару түрлерінен зақымдану мен оның клиникасын терең білу маңыздылығы, аурулар мен зақымданғандарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру және емдеу ерекшеліктері жеткізіледі.

Тәжірибелік сабақтар студенттердің өзіндік жұмысы арқылы, науқастардағы аурулардың ұқсас синдромдарын талдау, ауру тарихымен танысып талдау, жағдайға байланысты есептер шешу жолдарымен өткізіледі.

Радиациялық зақымдану тақырыбы ауруханада ауру тарихы бойынша оқытылады, оның жеке жүйелік көрінісі – гемотологиялық және басқа ұқсас синдромды аурулар тарихымен салыстырылып оқытылады.

Сабақтың барлық түрлерін дайындау және өткізу кезінде алғашқы дәрігерлік және білікті терапевтік көмек көрсетуге арналған әскери-медицина қызметінің жинақтық-табельді жабдықтарымен таныстыруға ерекше көңіл бөлінеді.
№ 1 тақырып. Әскерде терапевтік көмек көрсетуді ұйымдастыру негіздері.

Әскери-далалық терапияның анықтамасы мен мазмұны. Әскери-далалық терапияның даму тарихының негізгі кезеңдері. Пәннің қалыптасуындағы (М.Я. Мудров, Н.Н. Пирогов, С.П. Боткин, И.С. Вовси, П.И. Егоров, Н.С. Молчанов тағы басқа) ғалымдардың еңбектері Әскери-далалық терапияның Ұлы Отан соғысы 1941 – 1945 жылдарында ғылыми пән ретінде қалыптасуы. Әскери-далалық терапияның соғыстан кейінгі жылдарда дамуы (Н.С. Молчанов, Б.Д. Ивановский). Соғыста ауруларға терапевтік көмек көрсетуді жетілдіру және дамыту. Заманауи терапиялық патология. Қазіргі жағдайда терапевтік көмекке мәжбүр аурулардың негізгі бөлігіне сипаттама. Медициналық тасымалдау кезеңдеріндегі терапиялық науқастар мен зақымданғандарды медициналық сұрыптау ерекшеліктері. Әскери медициналық тасымалдау кезеңіндегі терапевтік көмектің көлемі. Әскери-далалық терапевтік госпитальдегі арнаулы терапевтік көмекті ұйымдастыру.

№ 2 тақырып. Радиациялық зақымданулар.

Радиациялық зақымдануды зерттеудегі отанымыз ғалымдары (И.Р. Тарханов, Е.С. Лондон, А.В. Лебединский, Н.Д. Горизонтов, Н.А. Куршанов, А.К. Гуськов, Н.С. Молчанов тағы басқалардың) үлесі. Атомдық жарылыстан бөлінетін иондаушы сәулелердің неізгі түрлері. Иондаушы сәулелердің мөлшер бірлігі. Иондаушы сәулелердің әсерсіз мөлшері туралы түсінік. Жедел сәулелік ауруының негіздері, радиация әсерінің ұзақтығына байланысты ағзаның патологиялық өзгеріске ұшырауы, (жедел, тез, ұзақ), радиациялық зақымданудың клиникалық жіктелуі. Жедел сәуле ауруының сүйекмайлық түрі. Кезеңдері, ауырлық дәрежесі. Нейтрондық зақымдану және сырттай кенет айнымалы сәулелену кезіндегі жедел сәуле ауруының клиникасының ерекшеліктері. Радиациялық зақымданудың басқа жедел түрлері (біріккен, жедел жергілікті, радиоактивтік – заттардан алынған). Жедел сәуле ауруының түрлерін ерте диагностикалау, медициналық сұрыптау және бригаданың медициналық ротасында, арнайы медициналық отрядта және жеке медициналық отрядта кезеңді емдеу. Созылмалы сәуле ауруының клиникасы, жіктелуі, диагностикасы, бригаданың медициналық ротасында, арнайы медициналық отрядта және жеке медициналық отрядта кезеңді емдеу және аурудың алдын алу.

№ 3 тақырып. Жаралылар мен контузия алғандардың іш құрылысы аурулары.

Хирургиялық жарақаттар кезінде ішкі ағзалардың патологиясын анықтауда отанымыз ғалымдары (Н.И. Пирогов, В.М. Бехтерев, И.С. Молчанов) жетістіктері. Жараланғандардың (пневмониялар, анемиялар және тағы басқа), контузия алғандардың (гипертония ауруы, нейроциркуляторлы дистония, бронхиалдық демікпе, пневмониялар және тағы басқа), термиялық жарақаттанғандардың (пневмониялар, бронхиолит, бүйрек қызметінің бұзылуы, жүрек-қантамыр жүйесінің және тағы басқа) ішкі ағза ауруларының пайда болуы және оларды диагностикалау.

Жаралылардың, контузия алғандардың және күйгендердің ішкі ағза ауруларын алдын-ала ескертудегі және оларды емдеудегі терапевтердің рөлі.

№ 4 тақырып. Өмірге қауіп төнген жағдайдағы жедел терапевтік көмек.

Өмірге қауіп төндіруші жағдайлардың сипаттамалары және жедел терапиялық көмек көрсету ұстанымдары. Жедел жүрек-қантамыр жеткіліксіздігі, жедел тыныс алу жеткіліксіздігі, жедел психомоторлық қоздыру кезіндегі, тырысу синдромдарын диагностикалау және оларға көмек көрсету. Бригаданың медициналық ротасында, арнайы медициналық отрядта және жеке медициналық отрядта зақымданғандар мен науқастарға жедел терапевтік көмекті ұйымдастыру.

11 бөлім. Әскери гигиена
Оқу мақсаты:

Студенттерді әскери гигиена мәселелері бойынша мақсатты қызметтік міндеттерін орындауға теориялық және тәжірбиелік тұрғыда дайындау.

Оқу курсының нәтижесінде студенттер

білуге тиіс: соғыс уақытында медициналық қызметке жүктелген санитарлық-гигиеналық шараларды өткізу тәртібін, көлемін және оның мазмұнын;

негізгі гигиеналық көрсеткіштер және ұйымдастыруды анықтайтын басшылық құжаттарды, соғыс уақытында атқарылатын санитарлық-гигиеналық шаралардың тәртібі мен мазмұнын;

соғыс уақытында әскерді ауыз сумен қамтамасыз ету, айналаны тазарту, азық-түлікті санитарлық қадағалау әдістерін және оны ұйымдастыруды;

әскери қызметкерлердің моншаға түсуі және кір жуу жұмыстарын санитарлық қадағалау әдістері мен оның ұйымдастырылуын;

әскери қызмет құрамының далалық орналысуын, фортификациялық құрылыстағы мекен жағдайын санитарлық бақылау әдістері мен оны ұйымдастыруды.

істей білуі керек: дайын тамақтан химиялық құрамды және энергоқұрамды заттарды сынамаға алуды, судан сынама алып, оны зертханада тексеруді;

дала жағдайында судың тұндырылуын және залалсыздандырылуын бақылауды іске асыруды;

аурулар, оның ішінде жұқпалы аурулардың пайда болуына және олардың таралуына себеп болатын қауіпті себептерді анықтау және ауруды алдын ала ескерту шараларын атқару;

санитарлық қадағалау нысанындағы санитарлық жағдайды бағалауды.

Әдістемелік нұсқаулар:

Зертханалық және іс-тәжірибелік сабақтарда студенттер соғыс уақытында әскерде өз бетімен санитарлық-гигиеналық шараларды өткізу үшін, әскери бөлімнің дәрігеріне қажетті тәжірибелік білім алады. Студенттер әскери-медицина қызметінің табельді құралдары көмегімен санитарлық-гигиеналық зерттеудің әдістерін меңгереді, азық-түлікті және суды санитарлық сараптаудан өткізуге, жұмыс орындарындағы ауаның химиялық құрамын және микроклиматты гигиеналық бағалауды, түрлі жағдайлық есептерді шешіп үйренеді.

Сабақты дайындау және өткізу кезінде табельді жиынтықтар мен құралдарды оқып үйренуге ерекше мән беріледі.
№ 1 тақырып. Соғыс уақытындағы санитарлық-гигиеналық шараларды ұйымдастыру. Әскерді далада орналастыру гигиенасы.

Әскери гигиенаның анықтамасы және мазмұны. Соғыс кезінде әскерді медициналық қамтамасыз етудің жалпы жүйесіндегі санитарлық-гигиеналық шаралардың орны және рөлі. Қарулы Күштердегі санитарлық қадағалаудың ерекшеліктері және оның мәні. Ұрыс жағдайында санитарлық-гигиеналық шараларды ұйымдастыру ерекшеліктері. Дала жағдайында әскерді орналастыруға қойылатын гигеналық талаптар. Далалық тұрақ түрлері оларды гигиена тұрғысынан бағалау. Елді мекендерде әскерді орналастыру. Ыңғайлы далалық ғимараттар: жылжымалы, блокты-контейнерлі, үрілетін. Лас аумақтар мен қалдықтарды жинау, жою. Қаза болған жауынгерлерді жинау және жерлеу тәртібі. Әскери-медициналық қызметтің міндеттері. Түрлі фортификациялық құрылыс туралы түсінік, олардың қазіргі заманғы ұрыс жағдайындағы маңызы. Оларда қоныстану жағдайының сипаттамасы. Жабық фортификациялық құрылыстағы ауаның химиялық құрамы және микроклиматтың ерекшелігі, олардың ағзаға әсер етуі. Әскердің монша – кір жуу қызметін бақылау.

№ 2 тақырып. Дала жағдайындағы әскердің тамақтануына санитарлық қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу негіздері.

Дала жағдайындағы тамақтануды ұйымдастыру. Ұрыс жағдайында тамақтануды қадағалауда медициналық қызметтің міндеттері. Жаппай жою қаруын қолданған жағдайдағы тамақтану. Азық-түліктер мен дайын тамақтың радиоактивті, уландырғыш және бактериологиялық заттармен ластану жолдары. Көшіп жүрген кезде және тамақты сақтағанда, дайындаған кезде, таратқанда және тамақ ішкенде, азық-түлікті қорғау. Радиоактивті заттар, улағыш заттар және бактериологиялық заттармен залалданған жағдайда азық-түлікті медициналық сараптамадан өткізу. Дала жағдайындағы сараптама кезеңі. Сараптама құралдары, әдістері және күштері. Зертханалық зерттеудің мүмкіндіктері және көлемі. Азық-түлікті гигиеналық сараптамадан өткізетін құралдар мен табельді жиынтықтардың қысқаша тактикалық-техникалық сипаттамасы. Азық-түлікті сараптау кезеңінде қолданылатын зерттеу әдістері. Соғыс кезіндегі азық-түлік құрамындағы радиоактивті заттар және улағыш заттардың шектелген концентрациясы. Азық-түлік пен ыдыстарды залалсыздандыру.

№ 3 тақырып. Далалық жағдайларда әскерді ауыз сумен қамтамасыз етуді санитарлық қадағалау және жүргізу негіздері.

Далалық жағдайларда әскерде ауыз суды, азық-түлікті медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырудағы инженерлік және химиялық әскердің міндеті. Су көздерін іздестіруді ұйымдастыру. Далалық жағдайда судың сапасын бағалау, пайдаланылатын табелді-жиынтық пен бұйымдар және олардың қысқаша тактикалық-техникалық сипаты, зерттеу әдістері. Су алынатын жерлер және ондағы құрылғыларға қойылатын гигиеналық талаптар. Жаппай қырып жою қаруын қолданғандағы әскерді сумен қамтамасыз етудегі санитарлық бақылау.

№ 4 тақырып. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлері бөлімдерінің еңбек гигиенасы.

Еңбек гигиенасы – жеке гигиеналық пән ретіндегі анықтама. Әскери еңбек жағдайларын анықтайтын негізгі себептердің сипаттамасы. Бронетанкті және мотоатқыш әскерінің еңбек гигиенасы. Жаяу әскердің ұрыс көліктерінің және танк экипажы мүшелерінің жұмыс орындарының сипаттамасы. Бронетанкті техниканың нысандарындағы шу, дірілдеу (сілкіну), жарық беру, метеорологиялық жағдайлар және басқа мекенді себептер. Танкшілердің тоңуын, денелерінің қызуын, үсіп-жаурауын алдын-ала ескерту шаралары. Киімге деген талаптар. Темір жолмен, автомобиль көлігімен және сапта жаяу қозғалған кездегі санитарлық-гигиеналық шаралар. Әскердің жоғарғы ыстықтық жағдайда, аптапта, биік таулармен, шөл даламен және қыста жылжыған кездегі санитарлық-гигиеналық шаралардың ерекшеліктері.

Танктерді су астымен жүргізу ерекшеліктері. Зымыран әскерлеріндегі және артиллериядағы еңбек гигиенасы. Қызмет жағдайларының ерекшеліктері, олардың адам ағзасына тиетін әсері және қорғаныс шаралары. Радиотехникалық әскери еңбек гигиенасы. Радиолокациялық бекеттердегі еңбек жағдайлары. Сыртқы ортаның арнайы және арнайы емес себептері, радиолокациялық бекеттердің жеке құрамға әсері. Радиостанциялардағы еңбек гигиенасы.


12 бөлім. Әскери эпидемиология
Оқу мақсаты:

Әскерде студенттердің алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыруда мақсатты қызмет міндеттерін орындауды атқару үшін теориялық, тәжірибелік сұрақтар бойынша бригаданың медициналық ротасының дәрігерін (бастығын) дайындау.

Оқу курсының нәтижесінде студенттер

білуге тиіс: әскерде эпидемияның шығуы және даму жолдары, қарсыластың жаппай қырып жою қаруын қолданғандағы оның ерекешеліктерін;

әскердегі және әрекет ауданындағы санитарлық-эпидемиялық жағдайды бағалау әдістерін;

бактериологиялық (биологиялық) қарудың әскери медициналық сипаттамасын;

медициналық тасымалдау кезеңінде әскерде эпидемияға және бактерияға қарсы өткізілетін шараларды ұйымдастыруды, оларды өткізуге қажетті күштер мен құралдарды;

соғыс уақытында санитарлық-эпидемиялық мекемелер бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастыруды.

істей білуі керек: бөлімнің (оның қимыл ауданынының) санитарлық-эпидемиялық жағдайын бағалап, әскерде эпидемияға және бактерияға қарсы жүргізілетін қорғаныс шараларының тізімін дайындауды;

қысқартылған көлемде бактериологиялық қаруға индикация жүргізуді.


Әдістемелік нұсқаулар:

Әскери эпидемиологиясы сабағын оқыту жұқпалы аурулар, жалпы және жеке эпидемиология, медициналық қызметті ұйымдастыру және тактикасы курстарымен танысқаннан кейін басталады.

№№ 2, 3, 5 тақырыптарының тәжірибелік сабақ барысындағы алған білімін шыңдау мақсатында түрлі жағдайлық есептерді шешу тапсырылады.

№ 4 тақырып семинарлық сабақ арқылы өткізіледі.


№ 1 тақырып. Әскери эпидемиологияның теориялық және әдістемелік негіздері.

Әскери эпидемиологияның анықтамасы, оның бөлімдері. Әскери эпидемиологияның міндеттері, оның қалыптасуы мен дамуы. Әскердегі эпидемиялық үрдістің даму механизмі, эпидемиялық үрдістің жеке құрамының арасындағы көрінісі. Жеке құрамның ішінде эпидемияның пайда болуы, жұқпалы аурудың құрылымы және оның жаппай қырып жою қаруын қолданған кездегі ерекшеліктері. Эпидемиялық диагностиканың ерекшеліктері. Эпидемияға қарсы шаралар тобы. Әскерді эпидемиядан қорғау шараларын ұйымдастыру және оны өткізуге тартылған күштер мен құралдар. Эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыруда әскери медицина қызметі мен санитарлық-эпидемиологиялық мекемелердің рөлі.

№ 2 тақырып. Соғыс уақытында әскерде эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру және оның мазмұны.

Әскерде эпидемияға қарсы өткізілетін шаралар. Соғыс уақытындағы жекеленген іс-шараларының топтамалар мазмұны мен өзгешелігі (инфекция қоздырғыштарының ошағы, берілу механизмі, ағзаның қабілеттілігі). Жаңадан келгендерді медициналық бақылау. Жұқпалы ауруларды табу, ортадан шектеу, тасымалдауды ұйымдастыру. Медициналық тасымалдау кезеңдерінің эпидемияға қарсы жұмысының тәртібі, оның мағынасы. Дезинсекция, дезинфекция және дератизация жасау құралдары және өткізу тәртібі. Шектеулік-тәртіптік шаралар, олардың түрлері. Санитарлық-эпидемиялық бақылау, оны жүргізу тәртібі.

Санитарлық-эпидемиялық барлау, оның міндеттері, әскери бөлімшеде жүргізу тәртібі, оған қойылатын талаптар. Жекеленген және көптеген аурулар ошағын эпидемиялық зерттеу: орындалатын міндеттер, қажетті күштер мен құралдар, жүргізу тәртібі. Сәтті белгілерін, сәтсіз және төтенше санитарлық-эпидемиялық жағдайдың бағалық өлшемі. Әскердің қимыл әрекет ауданындағы санитарлық-эпидемиялық жағдайын бағалау үшін ақпарат жинап оны талдау.

Әскери бөлімінің қимыл әрекет ауданындағы санитарлық-эпидемиялық жағдайына байланысты эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру және өткізу ерекшеліктері.

№ 3 тақырып. Ықтимал қарсыластың бактериологиялық (биологиялық) қаруы. Әскерді және медициналық тасымалдау кезеңдерін бактериологиялық қорғау негіздері.

Бактериологиялық қарудың ұрыстық қасиеттері және сипаттамасы. Бактериологиялық рецептура, олардың топтамаларының өлшемін қолдану тәсілі және жеткізу құралдары. Даму механизмінің ерекшеліктері және жасанды эпидемиялық үрдістің көрінісі. Жаудың бактериологиялық қару қолданған кездегі эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру және өткізу ерекшеліктерін реттейтін себептер.

Әскердегі бактерияға қарсы қорғаныс туралы түсінік. Жеке құрамның бактерияға қарсы өткізілетін іс-шараларын өткізуді ұйымдастыратын штаб командирлері мен медицина қызметінің рөлі. Жаудың бактериологиялық қаруды қолданған кездегі қарудың зардаптарын жою кезінде жүргізілетін іс-шаралары. Жаудың бактериологиялық қаруды қолданған жағдайдағы бригаданың медициналық ротасының және жеке медициналық отрядының жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері.

№ 4 тақырып. Бактерологиялық барлау және бактериологиялық (биологиялық) қаруды индикациялау.

Бактериологиялық барлауды жүргізген кездегі медицина қызметінің міндеттері. Бактериологиялық барлау түсінігінің анықтамасы, бактериологиялық заттардың индикациясы (арнайы және арнайы емес). Бактериологиялық заттарды индикация үшін сынаққа алу, оны зертханаға жеткізу тәртібі. Жолдама (жолдаушы) құжат, Бактериологиялық заттардың индикациясын іске асыратын медициналық мекеме (бөлімше). Қолдану ұстанымдары, зертхана жұмысын ұйымдастыру мен тәртібі. бактериологиялық заттарға индикация жүргізу. Индикацияның толық көлемі туралы және микробиологиялық сараптаудың толық (классикалық) жобасын пайдалануға қажеттілігінің түсінігі.

№ 5 тақырып. Соғыс уақытындағы санитарлық-эпидемиологиялық мекемелердің (бөлімшелердің) жұмысын ұйымдастыру.

Санитарлық-эпидемиялық мекемелердің (бөлімшелердің) орны және пайдалану ұстанымдары. Санитарлық-эпидемиологиялық зертханасы, оның міндеттері. Әскердің жеке құрамының бактерияға және эпидемияға қарсы қорғаныс шараларын ұйымдастыру. Армиялық (корпустық) медициналық бригаданың санитарлық-эпидемиологиялық отрядының міндеттері, құрамы, жабдықтары және оның бөлімшелерінің жұмыс тәртібі.

Майданның санитарлық-эпидемиологиялық отряды және оның жалпы сипаттамасы. Эпидемиологиялық және микробиологиялық бөлімдері, олардың міндеттері, құрамы, жабдықтары және жұмыс істеу тәртібі. Жуу-дезинфекциялау ротасы, оның міндеттері және пайдалану тәртібі.



13 бөлім. Студенттердің әскердегі оқу жиыны
Жалпы ұйымдастыру-әдістемелік нұсқаулары:

Әскердегі оқу жиыны әскери дайындықтың қорытынды кезеңі болып табылады. Ол студенттердің жоғарғы оқу орнындағы әскери және әскери-медициналық пәндерді оқу барысында алған тәжірибелік білімін, физикалық төзімділікті, сондай-ақ Қазақстан Ресубликасы Қарулы Күштері жарғыларының ережелерімен реттелген және әскери бөлімінің күн тәртібімен анықталған жағдайларға байланысты, әскери қызметтік міндеттерін орындау үшін алған білімдерін пысықтау мақсатында жүргізіледі.

Оқу жиынында: 18 күн жауынгерлік дайындыққа, 1 күн – әскери бөлімге келгеннен кейінгі жайғасуға, 1 күн – жиын аяқталуына байланысты көліктерді, қару және мүлік жабдықтарын тапсыруға беріледі.

Жиында оқу күнінің ұзақтығы 8 сағат: 6 сағат сабақтар және 2 сағат міндетті түрде студенттердің өзіндік дайындығына бөлінеді. Демалыс алдындағы күндерде өзіндік дайындық жүргізілмейді. Оқу сағатының ұзақтығы – 50 минут. Тактикалық және тактикалық-арнайы сабақтарда ату сабағы оқу күнімен реттелмейді.

Бұрын әскери ант қабылдамаған студенттер оқу жиынына келгеннен кейін алғашқы 5 күннен кейінгі жақын жексенбіде әскери ант қабылдайды. Әскери ант қабылдау уақыты бөлім бойынша бұйрықпен жарияланады. Әскери ант қабылдау күні студенттер үшін жұмыс күні емес, ол мерекелік күн ретінде есептеледі.

Сабақты ұйымдастыру мен өту барысында, жалпыәскери және әскери медициналық пәндерді, дене шынықтыру дайындығымен үйлестіру керек. Студенттердің оқу аймақтарына барып және қайтуын дене шынықтыру үшін пайдаланылады.

Әскери кафедраның оқытушылар құрамы оқу жиынында тактикалық (тактикалық-арнайы), арнайы және атыс дайындығы бойынша сабақтарды ұйымдастырып өткізеді, курсанттық бөлімшелер командирлерімен нұсқаушы-медициналық сабақтарды өткізеді, өзіндік дайындыққа басшылық жасайды. Әскери бөлімінің оқу жиынын өткізуге тағайындалған офицерлер студенттерге Қарулы Күштер тәрбие және құқықтық жұмыстарды, саптық дайындықты, 5-ші шілде 2007 жылғы № 364-ші Қазақстан Республикасы Президентінің Үкімімен бекітілген Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлерінің және әскери құралымдарының жалпыәскери жарғылары бойынша сабақты ұйымдастырып, тактикалық және атыс дайындығы сабағын өткізуге қатысады.

Тәжірибелік білім беру мақсатымен студенттердің медициналық бөлімшелерінде, мекемелерінде өтілетін әскери дайындық шараларын, бөлімшенің медициналық пунктінде кезекшілік атқару үшін, әскери кафедра бастығы алдын-ала оқу жиыны басталмас бұрын, гарнизонның медициналық қызметімен оқу өткізетін орнын және оларға студенттердің қатысу уақытын анықтайды.

Оқу жиынының қорытынды кезеңі болып «Ошақ» тактикалық-арнайы сабағы болып табылады, бұл сабаққа штаттық қаруы, арнайы қорғаныс заттары бар студенттер, оқытушылар құрамы және командирлер қатыстырылады. Оқуды өткізу кезінде, қажетті құрал жабдықты және көлікті әскери бөлім бөледі.

«Ошақ» тактикалық-арнайы сабағын өткізуде алдын-ала әскери кафедрада оқу-әдістемелік құжаттары құрастырылады, жиын орнына келгенде нақтыланып және бөлім командирімен бекітіледі.

Әскери оқу жиынына әскери кафедра бастығы басшылық етеді.

Оқу-жаттығу сабағына шынайы баға берілуі үшін кафедра бастығы оқытушылармен алдын-ала нұсқаулық жиынын өткізеді. Мұнда оқытушылардың сабаққа дайындықтары тексеріледі, олардың жеке жоспарлары бекітіледі, алдағы сабақты өту тәртібі мен әдістемесі бойынша оны қамтамасыз етуге нұсқаулар беріледі.

Барлық сабақтар әдеттегідей оқу жиындарында атыс алаңдарында және қалашықтарда өткізілуі тиіс. Барлық сабақтар барысында атыс, техниканы жүргізуді үйрену, спорттық іс-шаралар кезінде төтенше оқиғалар мен апаттар орын алмас үшін қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау керек.

Жоспарлы сабақтарға бөлінген оқу уақытын (144 сағат) тиімді пайдалану шарт. Студенттерді (себепсіз) әр түрлі шараларға қатыстыру үшін, оның ішінде шаруашылық жұмыстары үшін сабақтан босатуға тиым салынады.




  1. Тәрбие жұмысының әдісі

№ 1 тақырып. Медициналық бөлімшедегі (мекемедегі) тәрбие жұмысының мазмұны, оның ұйымдастырудың әдістемесі мен түрі.

Емдеу мекемесі ұжымының және медицина қызметкерлері мен аурулардың қарым-қатынасының психологиялық ерекшеліктері. Дәрігерлік этика және деонтология – медициналық ұжымды психологиялық қалыптастырудың негіздері.

Ауруларды дұрыс емдеу және жақсы нәтижеге деген сенімдерін қолдауға бағытталған әдістер мен әрекеттер қалыбы.


2. Қазақстан Республиксы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарының жалпыәскери жарғылары.

Оқу мақсаты:

Оқу-жаттығу жиыны кезінде қызметтік міндеттерін орындау барысында 5-ші шілде 2007 жылғы №364-ші Қазақстан Республикасы Президентінің Үкімімен бекітілген Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлерінің және әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларының ережелерін қолдану бойынша теориялық білімдерін бекіту.

Оқу-жаттығу жиыны кезіндегі оқу бағдарламасын іске асыру нәтижесінде курсанттар міндетті түрде:

білуге тиіс: тәуліктік кезекшілердің міндеттерін;

қарауылдық қызметті өтеуді ұйымдастыруды, қарауылдың өкілетті қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттерін.

істей білуі керек: ішкі және қарауылдық қызметін өтеу барысында, жалпыәскери жарғылардың ережелерін дәл орындауын және дұрыс қолдануын.
Әдістемелік нұсқаулар:

Әскерлердің оқыту орталықтары мен лагерьлерде орналасуы кезіндегі ішкі қызмет ерекшеліктері, сондай-ақ қарауыл өкілдерінің құқықтары мен міндеттері арнайы жабдықталған орындарда тәжірибелік сабақтарда оқылады. Бұл жерде әрбір нысанның күзет ерекшеліктері есепке алынады.

№ 1 тақырып. Әскерлер оқу орталықтарында және лагерьлерде орналасқан кездегі ішкі қызметтің ерекшеліктері.

Оқу орнында (лагерде) ішкі тәртіп сақтау. Күн тәртібі. Оқу орнының (лагерь) аумағы мен шекарасы. Жеке құрамды шомылдыру тәртібі. Ротаның тәулік кезекшілігі, оның құрамы мен міндеті.

№ 2 тақырып. Қарауылдық қызметті ұйымдастыру және атқару.

Гарнизонның (лагерь) ішкі қарауыл құрамы, олардың қаруы мен міндеті. Сақшының міндеті, дербес құқығы. Бекеттегі сақшының міндеттері. Сақшының қару пайдалануы. Ауыстырушының міндеті және құқығы. Қарауылдағы ауыстырушылардың саны. Қарауылды қызмет алдында дайындау. Қойманың бұзылуындағы және қабылдау, тапсыру кезіндегі жетіспеушіліктер табылған кездегі ауыстырушының қимылы. Кезекшілердің бекеттен келуі, қаруды оқсыздандыруы, қарауыл бастығына кезекшілікті тапсырғанын баяндау. Бұрынғы қарауылдың бөлімшеге қайтуы. Қарауыл бөлмесіне кіру тәртібі. Қарауылды қаруландыруға шақыру. Бекет құжаттарын жүргізу, қараулдың ішкі тәртібі. Қарауыл бөлмесін күзету.


3. Саптық дайындық
Оқу мақсаты:

Курсанттардың жекелей саптық дайындықтарын жайылған және қозғалыстағы саппен жүру дағдыларын жетілдіру:

білуге тиіс: қарумен жүру және оның әдістері;

взвод және ротаның жорық саптағы қимылын.

істей білуі керек: қарумен жылжуды және саптық әдістерін орындауды;

взвод және ротаның жорық саптағы және жайылған саптағы қимылды дұрыс орындауын.

№ 1 тақырып. Саптық тәсілдер және қарумен қозғалыс.

Саптық тұрыс. Тәсілдерді орнында тұрып жасау. Бұрылыстар және қимылдар. Саптан шығу және командирге жақындау. Сапқа қайту. Сапта, орнында және қозғалыста әскери сәлемдесуді орындау.

Қарумен сапта тұру. Орнында тұрып қарумен тәсілдер жасау. Қарумен қимылдар жасап бұрылу. Қарумен сапта, орнында және қозғалыста әскери сәлемдесуді орындау.

№ 2 тақырып. Ротаның саптық байқауы.

Ротаны бақылауға тұрғызу. Бастықты қарсы алу. Бақылауды өткізу тәртібі. Ротаның салтанатты шеруі.
4. Оқ ату дайарлығы.

Оқу мақсаты:

Атыс қаруының материалды бөлшектерін білетін, нысанаға дәл тигізе алатын, бағыныштыларына жеке қаруларымен атудың дұрыс әдістемесін үйрете білетін қосалқы топтағы офицерді дайындап шығару.

Атыс дайындығынан өту нәтижесінде курсанттар міндетті түрде:

білуге тиіс: тапанша мен автоматтың материалдық бөлшектерін, сақтау ережесін, күтіп ұстауды;

атыс қаруынан ату ережелерін.

істей білуі керек: атыс қаруын атысқа дайындау мен атыстан кейінгі тазалауды;

қозғалмайтын және пайда болған нысаналарды дәлдеуді және нормативтерді орындауды;

бригаданың медициналық ротасының жеке құрамымен атыс дайындығы бойынша сабақты ұйымдастыру және өткізуді.
Әдістемелік нұсқаулар:

Қарудың материалдық бөлшектерімен танысу, тетіктер мен бөлшектердің орналасуы, олардың жұмысы мен өзара әрекеттестігін тәжірибие жүзінде көрсету арқылы жүргізіледі. Сабақта түрлі макеттер, аспаптар, жаттығу құрылғылары, электрлендірілген стендтер, үлгілер мен басқа да көрнекі техникалық құралдар кең қолданылады.

Қарудың материалдық бөлшектерімен оқып-танысу сабақтары сыныпта ұйымдастырылады. Қарудың материалдық бөлшектерімен оқып-танысудан алған білім атыс алаңында жетілдіріліп, бекітіледі. Қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында әр сабақтың алдында, барысында және соңында қарулар тексеріледі.

Курсанттар қарумен атуға қауіпсіздік шараларын, жаттығуды орындау талаптары мен атыс тәсілдерін орындауды білетіндігі тексеріліп барып бірақ жіберіледі. (№№ 1, 3, 5 нормативтер орындалады). Оқытушылар барлық сабақтарда курсанттарға жеке құраммен сабақ өткізгенде атыс дайындығынан әдістемелік дағдыларды үйретуі тиіс.


№ 1 тақырып. Атыс қаруының материалдық бөлшектері (АК-74, ПМ).

АК-74, ПМ тағайындалуымен атыстағы ерекшеліктері. Жалпы құрылысы. Толық емес бөлшектеу және жинау. Бөлшектер мен механизмдердің арналуы. Жұмыс ұстанымы. Тазалау, майлау, сақтау және баптау. АК-74, ПМ атысқа дайындау. Ату алдындағы тексеріс және дайындық. Ату қаруының оқ-дәрісі.

№ 2 тақырып. Қозғалыссыз және көрінуші нысандарға автоматпен және тапаншамен күндіз оқ ату.

Атуға дайындалу. Атуды орындау және атуды тоқтату. Ату кезіндегі қауіпсіздік. АК-74-нан алғашқы жаттығуды, ПМ № 1 жаттығуды орындау.

5. Жалпы тактика

Оқу мақсаты:

Қазіргі замандағы жалпыәскери ұрыс жағдайында бөлімді (бөлімшені) медициналық жабдықтауды ұйымдастыруға қажетті көлемде, жалпы тактика бойынша теориялық білімдерін бекітіп, тәжірибелік білім алу.

Пәнді оқу нәтижесінде курсанттар міндетті:

білуге тиіс: мотоатқыштар (танк, механикаландырылған) бригадасының ұйымдастырылуын және қарулануын;

мотоатқыштар (танк, механикаландырылған) бригадасының қорғануы және шабуылдық ұрысын ұйымдастыру, батальонмен (ротамен) қорғаныс ұрысын жүргізудің негіздерін.

істей білуі керек: ұрыс қимылдары кезінде медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру мақсатында тактикалық және тылдық жағдайды бағалауды.

Әдістемелік нұсқаулар:

№ 1 тақырып курсанттарға штаттық қарулар мен әскери бөлімінің техникасын көрсету әдісі арқылы жүзеге асырылады.

№ 2 тақырып оқу ротасы құрамында тактикалық-саптық сабақтар әдісімен жүзеге асырылады. Оқытушы дабыл белгісіне байланысты ұрысқа дайындық деңгейіне қарай мақсат-міндет пен одан арғы әрекетті анықтайды. Ротаның жинақталу ауданын, қозғалу бағытын көрсетеді. Оқу мәселелері алдымен жекелей, кейін кешенді түрде оқытылады.

№№ 3 және № 4 тақырыптар жергілікті жерде кешенді тактикалық-арнайы сабақ әдісімен оқытылады. Сабақ алдында, өзіндік дайындық сағаттарында курсанттар оқытушының басшылығымен ұсынылған әдебиеттерді оқиды, міндеттерді анықтайды, бригада командирінің қорғанысты ұйымдастыру туралы шешімінің қимылын және жағдайды бағалап, картаға (сызбаға) түсіреді. Сабақ басында оқытушы бригада командирі ретінде ақылдасу жүргізеді және жағдайды белгілейді, алдыңғы шеп сызбасын нақтылайды, қамтамасыз етуді, шепті қорғап тұрған батальондар мен бөлімшелердің міндеттерін анықтайды, ұрыстық, тылдық және медициналық қамтамасыз ету шараларын анықтайды. Тапсырманы түсіндірудің дұрыстығын тексереді және батальон мен ротаның тірек пунктінің (батальон командирінің шабуыл туралы шешімі) қорғаныс аймағының кестесін, тыл нысандарының, батальонның медициналық пунктінің, медициналық бекеттерін, олардың кейінгі орналасуының және жеткізу мен көшіру тәртібін көрсете отырып картаны құрады.

№ 5 тақырып медициналық қызметті ұйымдастыру және тактикасы, әскери токсикология, радиобиология және жаппай қырып жою қаруынан медициналық қорғану және медициналық мүлікпен, техникамен қамтамасыз ету курстарымен кешенді түрде оқытылады.


№ 1 тақырып. Бөлімнің әскери техникасы мен қару-жарағы.

№ 2 тақырып. Соғыс дабылы және жиын бойынша көтерілгендегі қимылдар.

№ 3 тақырып. Мотоатқыш (танк, механикаландырылған) бригадасының, батальонның қорғану негіздері.

Бригада, батальон командирінің жергілікті жерде қорғанысты ұйымдастыру жұмысының тәртібі. Бөлімшелерге қорғаныс бойынша ұрыс тапсырмаларын беру:

қорғану ұрысын жүргізу:

қорғаныстың алдыңғы шебіне жақындаған қарсыласқа соққы беру;

қорғаныстың алдыңғы шебіндегі қарсыластың шабуылын тойтару;

қорғаныс аймағына енген қарсыласты жою.

№ 4 тақырып. Мотоатқыш (танк, механикаландырылған) бригадасының, батальонының шабуыл негіздері.

Бригада, батальон командирінің жергілікті жерде шабуылды ұйымдастыру бойынша жұмыс тәртібі. Бөлімшелерге шабуылға ұрыс тапсырмаларын қою, өзара әрекеттесуді ұйымдастыру және ұрыс қимылдарын қамтамасыз ету. Шабуыл ұрысын жүргізу:

атыс дайындығы мен шабуылды жүргізу;

қарсыласты алдыңғы шептің тірек бекеттері мен қорғаныс ішінде жою;

қарсы шабуылды тойтару, шабуыл кезінде тылдық қамтамасыз етуді ұйымдастыру.

№ 5 тақырып. «Ошақ» тактикалық-арнайы жаттығу сабағы.

Тактикалық жағдайға кіріспе. Жаттығу аймағына жорық жасау. Бөлімшелерге батальон командирінің шешімін жеткізу және олардың ұрыс міндеттерін (тапсырмаларын) белгілеу. Жаппай қырып жою қаруын қолданған жағдайда мотоатқыш (танкілі, механикалық) ротасымен ұрыс қимылдарын жүргізу. Ошақтағы жұмысты ұйымдастыру және жүргізу.

6. Медициналық қызметті ұйымдастыру және тактикасы


Оқу мақсаты:

Студенттердің жоғарғы оқу орнының әскери кафедрасында алған теориялық білімі мен тәжірибелік дағдысын пысықтап, бекіту. Ұрыс жағдайында және бейбіт уақытта бригадада өткізілетін емдік-тасымалдау шараларды кешенді түрде меңгеру.

Әскерде оқу жиынын өту нәтижесінде студенттер:

білуге тиіс: ұрыс жағдайындағы ротаның санитар-атқыш және санитар-нұсқаушының жұмысын ұйымдастыруды;

батальонның медицина пунктінің қорғаныстағы және шабуылдық ұрыстағы жұмысын ұйымдастыруды;

бригаданың медициналық ротасының жұмысын және жайылуды ұйымдастыруды;

бригаданың медициналық ротасының жұмысын ұйымдастыруды.

істей білуі керек: іздестіру, науқастар мен жаралыларға алғашқы медициналық көмек көрсету, ұрыс даласынан (жаппай шығын ошағынан) науқастар мен жаралыларды алып шығуда және дәрігерге дейінгі (фельдшерлік) көмек көрсетуді;

бригаданың медициналық ротасын жасақтау, қабылдау, медициналық сұрыптау және науқастар мен жаралыларға алғашқы дәрігерлік көмек көрсету бойынша ротаның жұмысын ұйымдастыру.
Әдістемелік нұсқаулар:

Оқу жиынында медициналық қызметті ұйымдастыру және тактикасы бойынша тақырыптарды мынадай сабақтар арқылы өткізу ұсыналады: тактикалық-саптық сабақ № 1, 3 тақырыптар; тактикалық-арнайы сабақ № 2, 4, 5 тақырыптар.

Тактикалық-саптық сабақтарда оқушыларға қимылдар мен әдіс-тәсілдер техникасы үйретіледі. Басында бұл қимылдар элементтер арқылы егжей-тегжейлі оқытылады. Содан кейін уақытпен белгіленген көрсеткішке көшеді.

Тактикалық-арнайы сабақтарда қарсыластың жаппай қырып жою қаруын қолданған кезде қабылдау жұмысының мазмұны, медициналық сұрыптауды ұйымдастыру және жаралылар мен науқастарға дәрігерге дейінгі (фельдшерлік) және алғашқы дәрігерлік көмек көрсету оқытылады.

Тактикалық-саптық және тактикалық-арнайы сабақтарында алған тәжірибелік білімдер «Ошақ» жаттығуы барысында жетілдіріліп, бекітіледі. № № 2, 3, 5 тақырыптары жалпы тактика курсымен өткізіледі, №№ 3, 4, 5 – тақырыптары әскери токсикология, радиобиология және жаппай қырып жою қаруынын медициналық қорғану сабағымен бірге кешенді түрде өткізіледі.

«Ошақ» тактикалық-арнайы жаттығуы студенттердің әскери дайындықты аяқтау кезеңі болып табылады. Ол студенттердің жоғары оқу орнының әскери кафедрасындағы және оқу жиынында алған білімдерін, машықтары мен шеберлігін шыңдау және бекіту мақсатында өткізіледі.

«Ошақ» тактикалық-арнайы жаттығуын өткізу үшін келесі мәселелерді қамтитын жоспар құрылады: оқу мақсаттары, уақыты және жиынның өткізілетін орны, күштер және құралдар құрамы; бастапқы тактикалық және медициналық жағдай; оқу кезеңдері, олардың ұзақтығы және қарастырылған оқу сұрақтары; оқу сұрақтарын өңдеу әдістері; әр кезең бойынша қорытынды жасау.

Оқытудың бірінші кезеңінде (6 сағат), жалпыәскери дайындық пәнімен кешенді түрде құтқару жұмыстары мен тасымалдау шараларын тікелей жалпы санитарлық шығындар ошағында өткізу сұрақтары қарастырылады. Жаттығудың екінші кезеңінде (6 сағат), әскери токсикология радиобиология және медициналық қорғану желісімен кешеңді түрде бригаданың медициналық ротасында жаппай санитарлық шығын ошағынан жеткізілген жаралыларға алғашқы дәрігерлік көмек көрсету және арнайы жартылай тазартуды жүргізу мәселелері шыңдалады. Бригаданың медициналық ротасының жиналуы.

№№ 4, 5 тақырыптар бойынша сабақ өткенде сабақтас кафедра оқытушыларын (терапевт, хирург) шақыруға болады.

Сабақ барысында оқу мәселелерінің бекітілген көрсеткіштері орындалады.

Әр сабақтың алдында студенттер теориялық және әдістемелік жағынан дайын болуға тиісті, бұл оның далалық оқу барысында сәтті жұмыс, сонымен қатар имитациялық топты дайындауын қамтамасыз етеді.
№ 1 тақырып. Ұрыс даласындағы ротаның санитарлық- нұсқаушысының (санитар-атқыштың) жұмысы.

Жараланғандарды іздестіру. Жаралыларға жақындау және оларға алғашқы медициналық көмек көрсету. Жаралыларды панаға тасу. Жаралылар паналайтын орынды белгілеу. Әскери көлікпен жаралыларды алып шығу. Шабуылдағы және қорғаныстағы ұрыс даласынан жаралыларды алып шығу. Тасымалдау көлігін әзірлеу және оған жаралылар мен науқастарды тиеу.

№ 2 тақырып. Батальонның медициналық пунктінің қорғаныстағы және шабуылдағы жұмысын ұйымдастыру.

Батальонның медициналық пунктінің жеке құрамының және жинау бөлімі мен бригаданың медициналық ротасының тасымалдау бөлімшелерінің жинаған жаралыларға алғашқы медициналық көмек көрсету және батальон бөлімшелерінен жаралыларды алып шығу жұмысы. Әртүрлі ұрыс қимылдары кезінде батальонның медициналық пунктінің жұмысын ұйымдастыру.

№ 3 тақырып. Бригаданың медициналық ротасын жаю, жабдықтау және жинау.

Бригаданың медициналық ротасын жаю үшін орын таңдау, алаңды дайындау және белгілеу. Жаюға байланысты жеке құрамның алдына міндеттер қою. Шатырларды жаю, қызметтік бөлімшелерді жабдықтаудағы тәжірибелік жұмыс. Бригаданың медициналық ротасының қорғаныстағы және күзеттегі сызбасын жасау. Бригаданың медициналық ротасының алаңын инженерлік жабдықтау. Бригаданың медициналық ротасын жинау. Мүліктерді автокөлікке тиеп орналастыру.

№ 4 тақырып. Бригаданың медициналық ротасының жұмысын ұйымдастыру.

Бригаданың медициналық ротасының функциональды бөлімшелерін жаю және жабдықтау. Жай қарудан жарақат алған жаралыларды бригаданың медициналық ротасына қабылдау, алғашқы сұрыптаудан өткізу, сұрыптау алаңындағы сұрыптаушы бригаданың қызметі, таңғыш бөлмеде бірінші дәрігерлік көмек көрсету, тасымалдау мезгілінде оқшаулайтын жердің, дәріхананың жұмыстарын ұйымдастыру. Химиялық, бактериологиялық қарудан жаппай зақымданғанда бригаданың медициналық ротасының функцианальды бөлімшелерінің жұмысы. Бригаданың медициналық ротасының жинақталуы.

№ 5 тақырып. Қорытынды «Ошақ» тактикалық-арнайы жаттығу сабағы.

Студенттерге тактикалық, тылдық және медициналық жағдайға кіріспе оқу. Батальонның жасанды ұрыс қимылдарын ұйымдастырып, оларды медициналық қамтамасыз ету. Қарсылас тарапынан тактикалық ядролық қару қолдану әрекетін көрсету. Жаралылар мен жаппай шығын ошақтарындағы жаралылар мен зақымданғандарға жаппай қырып жою қаруының салдарын жою отрядының және батальонның медицина қызметі құрамының іздестіруі мен алғашқы медициналық көмек көрсету көлемі. Зақымданғандарды ошақтан залалданбаған жерге алып шығу және ары қарай бригаданың медициналық ротасына жеткізу. Зақымданғандарға алғашқы дәрігерлік көмек көрсетуді ұйымдастыру.


7. Оқу-ұрыс әрекеттері жағдайында әскери бөлімді медициналық

қамтамасыз етуді ұйымдастыру негіздері


Оқу мақсаты:

Студенттерге әскери бөлімде емдеу-алдын алу, санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыруды сондай-ақ, дәріхана жұмысын жүргізуді үйрету.


Әдістемелік нұсқаулар:

Аталмыш бөлім бағдарламасы бөлімнің медициналық ротасында штаттық медициналық қызметкерлерді жұмылдыру арқылы оқытылады.

Сабақты өткізу уақыты медицина қызметінің лауазымды тұлғаларымен келісе отырып, алдын ала белгіленеді.

Медицина қызметкерінің міндеттерін тәжірибе жүзінде меңгеру үшін, студенттерге бригаданың медициналық ротасында кезекшілік ұйымдастырылады.

№ 1 тақырып. Медициналық ротасында емдеу-алдын алу жұмысы.

Бригаданың медициналық ротасының міндеттері. Бөлімнің медициналық ротасын жасақтау, жабдықтау, орналастыру. Бөлімнің медициналық ротасында және одан тыс жерде шұғыл медициналық көмек көрсету тәртібі және ұйымдастырылуы. Емханалық қабылдау және емханалық емдеуді ұйымдастыру. Медициналық ротасының лазаретінде науқастарға стационарлық емдеу жүргізу. Бөлімнен тыс жерде науқастарды тексеруді ұйымдастыру және емдеу және офицерлер мен сержанттарға үйде көмек көрсету. Медициналық есепке алу және есеп беру құжаттары.

№ 2 тақырып. Әскери бөлімдегі санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шаралар.

Санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша басшылық құжаттар. Жеке құрамның оқу-ұрыс әрекеттері, тұрмысы және өмірінің барлық қырларын санитарлық қадағалау бойынша бөлім дәрігерінің құқықтары мен міндеттері. Ішек аурулары (дизентерия, іш сүзегі, вирусты гепатит) және жедел тыныстық аурулары пайда болған кезде бөлімде эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру.

8. Әскери токсикология, радиобиология және жаппай қырып жою

қаруынан медициналық қорғану


Оқу мақсаты:

Студенттердің жоғары оқу орнында алған теориялық және тәжірибелік білімдерін бекіту мен дамыту, соғыс уақытында қызметтік міндеттерін атқаруына және жаппай қырып жою қаруынан қорғану мақсатында іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу дағдысын жетілдіру.

Әскердегі оқу жиыны нәтижесінде студенттер:

білуге тиіс: қорғаныс жеке құралдарын қолдану ережелерін;

бригаданың медициналық ротасында және жеке медициналық отрядында улағыщ заттар мен бактериологиялық заттар залалдаған жағдайда арнайы санитарлық тазарту жұмыстарын, олардың құралдарын пайдалануды ұйымдастыруды;

радиометриялық, дозиметриялық, химиялық бақылау аспаптарының көмегімен бригаданың медициналық ротасында және жеке медициналық отрядында радиациялық және химиялық барлауды ұйымдастыруды.

істей білуі керек: қорғаныс жеке құралдарын қолдануды, арнайы санитарлық тазалауды, радиациялық және химиялық барлауды, радиометриялық, дозиметриялық және химиялық бақылау аспаптарын қолдануды;

бригаданың медициналық ротасының арнайы санитарлық тазалау алаңын жаю және улағыш заттармен мен бактериологиялық заттармен зақымданғандар түскен жағдайда атқарылатын жұмыстарды ұйымдастыруды;

радиоактивті заттармен зақымданғандарға жүргізілетін санитарлық өңдеудің толықтығын бақылауды, оны жүзеге асыруды;

жаппай қырып жою қаруынан қорғану, әскери-медициналық дайындық бойынша көрсеткіштерді орындауды.


Әдістемелік нұсқаулар:

сабаққа өзіндік дайындық кезінде, студенттер жоғары оқу орнында алған теориялық білімдерін бекіте түседі.

сабақ дала алаңында табельді жабдықталған қорғаныс құралдарын қолдану арқылы жүргізіледі.

жоспарланған тақырыпты тактикалық-саптық, тактикалық-арнайы сабақтарымен және тактикалық-арнайы жаттығу тәсілдерімен сабақтастыра жүргізу ұсынылады.

тактикалық-саптық сабақ алғашқыда баяу, кейін бекітілген көрсеткіштің уақыты бойынша өткізіледі.

Студенттердің сабақта алған білімдері тактикалық-арнайы сабақтар мен «Ошақ» тактикалық-арнайы оқу-жаттығу сабағы барысында бекітіледі. Тактикалық-арнайы сабақтар медициналық қызметті ұйымдастыру және тактикасы пәнімен бірге кешенді түрде өткізіледі.


№ 1 тақырып. Жеке қорғаныс құралдарын қолдану.

Сүзгіш газқағар, респиратор және жалпыәскери қорғаныс топтарын қолдану ережелері. Газқағармен жаттығу. Жаппай қырып жою қаруынан қорғану жаттығу көрсеткіштерін орындау. Газқағардың бүтіндігін тексеру, істен шыққан газқағарды уланған ауада қолдану әдісі. Жаппай қырып жою қаруынан қорғану көрсеткішін орындау. Зақымданған адамға газқағарды кигізу әдістері. Басынан жараланған адамға «шлем-масканы» кигізу әдісі. Жеке аптечка, шприц-тюбикті қолдану, әскери-медициналық дайындықтан көрсеткіштерді орындау.

№ 2 тақырып. Уландырғыш және радиоактивті заттармен уланған аймақта жеке құрамның іс әрекеті мен амал-тәсілдері.

Ядролық жарылыс кезінде жеке құрамның жаппай қырып жою қаруынан қорғану көрсеткіштерін орындау. Радиоактивті және химиялық улану жағдайында дабыл қағу тәртібі. Дабыл қағылған кездегі жеке құрамның іс әрекеті. Жаппай қырып жою қаруынан қорғану көрсеткіштерін орындау. Жеке құрамды уланған аймақтан алып өту дайындығы. Жеке құрамды уланған аймақтан алып өту.

№ 3 тақырып. Медициналық бөлімдер мен бөлімшелерде дозиметриялық, радиометриялық және химиялық бақылауды, радиациялық және химиялық барлауды ұйымдастыру.

Жеке медициналық отряд, бригаданың медициналық ротасы құрылған және жабдықталған алаңда радиациялық және химиялық барлауды жүргізу. Медициналық тасымалдау кезеңінде уландырғыш және радиоактивті заттармен зақымданған жаралылар мен науқастарды, медициналық мүлікті, санитарлық көлікті анықтау. Жеке медициналық отрядында және бригаданың медициналық ротасында дозиметриялық бақылауды ұйымдастыру және өткізу.

№ 4 тақырып. Жартылай арнайы өңдеуді өткізудің әдістері және тәсілдері.

Жартылай арнайы өңдеуді өткізудің әдістері мен тәсілдері. Қарсылас уландырғыш заттарды қолданған жағдайда, соғыс алаңында және одан тыс жерде жеке қаруды дегазациялау тәртібі. Радиоактивті заттармен уланған жағдайда жеке қаруды дезактивациялау. Жартылай арнайы өңдеудің әдістері мен тәсілдері.

№ 5 тақырып. Бригаданың медициналық ротасында арнайы өңдеуді өткізетін алаңды жаю және жұмысын ұйымдастыру.

Бригаданың медициналық ротасында арнайы жартылай өңдеуді өткізетін алаңды таңдау. Алаңды жаю және жабдықтау. Уландырғыш және радиоактивті заттармен уланған жаралылар мен науқастарды жартылай санитарлық өңдеуден өткізу. Медициналық мүлікті, киімді, санитарлық көлікті жартылай дезактивациялау мен дегазациялау.

№ 6 тақырып. Арнайы медициналық отрядтың (жеке медициналық отрядтың) арнайы өңдеуді өткізетін бөлімшесін жаю және жұмысын ұйымдастыру.

Арнайы өңдеуді өткізетін бөлімшенің жұмысын ұйымдастыру, жаю және жабдықтау. Бөлімшенің ядролық және химиялық ошақтардан түскен жаралыларды қабылдау кезіндегі іс-шаралары. Арнайы толық санитарлық өңдеудің жұмысының атқарулын бақылау.

№ 7 тақырып. Қорытынды «Ошақ» тактикалық-арнайы оқу-жаттығу сабағы.

Ядролық жарылыс ошағында радиациялық барлауды жүргізу. Ошақтан түскен жаралылар мен науқастарды, санитарлық көлікті радиометриялық бақылаудан өткізу. Бригаданың медициналық ротасына ядролық ошақтан көп зақымданғандар түскен жағдайда арнайы өңдеуді өткізу жұмысын ұйымдастыру және құрастыру.



3. Ұсынылатын әдебиеттердің тізімі


  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995.

  2. Қазақстан Республикасының 20 қаңтар 1993 жылғы «Әскери қызметкерлерді және оның жанұясы мүшелерін әлеуметтік қорғау және дәрежесі туралы» Заңы.

  3. Қазақстан Республикасының 07 қаңтар 2005 жылғы «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері және қорғаныс туралы» Заңы.

  4. Қазақстан Республикасының 08 шілде 2005 жылғы «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Заңы

  5. Қазақстан Республикасы Президентінің 25.маусым 2006 жылғы № 124 «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлерде және әскери құрамаларда әскери қызметті өту Ережелерін бекіту туралы»Үкімі.

  6. Қазақстан Республикасы Президентінің 21 наурыз 2007 жылғы № 299 «Қазақстан Республикасы Әскери доктринасы бекіту туралы»Үкімі.

  7. Қазақстан Республикасы Президентінің 05 шілде 2007 жылғы № 364 «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлерінің және әскери құрамаларының жалпы әскери жарғыларын бекіту туралы»Үкімі.

  8. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 24 мамыр 2006 жылғы № 449 «Мемлекеттік мекемелердің азаматтарды әскери қызметке даярлауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету Ережесін бекіту туралы» Қаулысы.

  9. Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрінің 19 сәуір 2004 жылғы № 150 бұйрығы: «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін медициналық қамтамасыз ету Ережелерін бекіту және іс жүзіне асыру туралы (бейбіт уақытқа)».

  10. Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрінің 22 сәуір 2009 жылғы № 131 ққа бұйрығы «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін медициналық қамтамасыз ету Ережелерін бекіту (соғыс уақытына)».

  11. Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрінің бірінші орынбасары-штабтар бастықтары Комитетінің төрағасының 10 желтоқсан 2008 жылғы № 574 ққа бұйрығы «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Құрлық әскерін ұрыстық қолдану Ережесін бекіту туралы, үшінші бөлім (взвод, бөлімше, танк)».

  12. Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрінің бірінші орынбасары-штабтар бастықтары Комитетінің төрағасының 20 сәуір 2009 жылғы № 138 ққа бұйрығы «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Құрлық әскерін ұрыстық қолдану Ережесін бекіту туралы, екінші бөлім (батальон, рота)».

  13. Шелепов А.М., Костенко Л.М., Бабенко О.В. «Медициналық қызметті ұйымдастыру және тактикасы»: Оқулық /РМҒА корр-мүшесі проф. И.М.Чиж ред. СПб.: ООО «Фолиант баспасы», 2005. – 504 б.

  14. Әскери токсикология, радиобиология және медициналық қорғану/ С.А. Куценко ред.- СПб.: «ФОЛИАНТ баспасы», 2004.- 520 б.

  15. Медициналық радиобиологияның негіздері / И.Б. Ушаков ред.- СПб.: 2004. – 384 б.

  16. Әскери токсикология және төтенше жағдайлардың токсикологиясы. Оқу құралы. А.А. Бова құрастырған – Минск 2000ж. - 297б.

  17. Адамның және жануарлардың радиобиологиясы. Оқу құралы. С.П. Ярмоненко., А.А. Вайнсон. ред – М.: Жоғары мектеп, 2004. – 459 б.

  18. Әскери токсикологиядан, радиологиядан және медициналық қорғану бойынша тесттік тапсырмалар. Оқу құралы. С.А. Куценко ред. – СПб 2005. – 224 б.

  19. Әскери топография.Оқулық-Москва. Әскери баспа, 1980ж.

  20. Әскери дәріханалардың жұмысы бойынша нұсқау. М. 1987ж.

  21. Тылдық қамтамасыз етудің техникалық құралдары. В.И. Исаков ред. – М.: 2003-344б.

  22. Шанин Ю.Н., Захаров В.И. Жарақаттық ауру және медициналық реабилитация – СПб.: 1996.

  23. Әскери далалық хирургия бойынша нұсқаулар – М.: 2000.

  24. Әскери далалық хирургия /Н.А. Ефименко ред. – М.: 2000.

  25. Жарақаттар және жарақаттық инфекция. Кузин М.И. – М.: 2000

  26. Әскери далалық хирургия. Оқулық/ проф. Е.К. Гуманенко ред. – СПб.: ООО « Фолиант баспасы», 2004. – 464 б.

  27. Әскери далалық терапия. Бова А.А., Горохов С.С. – М.: 2000.

  28. Күрт уланулар. Лужников Е.А., Костомарова Л.Г. – М.: Медицина, 2000.

  29. Радиацияға қарсы қорғанудың медициналық құралдары/ В.И. Легезы, А.Н. Гребенщикова. – СПб.: «Лань баспасы», 2001

  30. Ұрыстық терапевтік патологияның фармакотерапиясы/ Новоженов В.Г., Белков С.А., Стародубцев А.К. – М.: Мегатрон XXI, 2003.

  31. Әскери далалық терапия./Оқулық. проф. А.П. Раков, проф. А.Е. Сосюкин ред. – СПб.: ООО «Фолиант баспасы», 2003. – 384 б.

  32. Әскери гигиенаның дамуының жетістіктері мен алдағы дамуы. Әскери-медициналық академияның еңбектері/ Б.И. Жолус ред. – СПб.: ӘМедА, 1996.

  33. Радиоактивтік қауіпсіздік және қорғану. Анықтама/.Ильин Л.А., Кириллов В.Ф., Коренков И.П. – М.: Медицина, 1996.

  34. Жалпы және әскери гигиена. Оқулық/ Б.И. Жолус ред. – СПб.: ӘМедА, 1997ж.

  35. Әскери гигиена бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған нұсқаулар. Архангельский В.И., Бабенко О.В. – М.: ГЭОТАР - Медиа, 2007.

  36. Әскери гигиена және эпидемиология. Беляков В.Д., Жук Е.Г. – М.: Медицина, 1988.

  37. Биологиялық қару және оның зақымдау қасиеттері туралы қазіргі заманғы ұғымдар. Оқу құралы /В.Ю. Шигаев. СПб.: ӘМедА, 1998. 41 б.

  38. Қазіргі кезеңдегі төтенше жағдайлардағы санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру. Шапошников А.А., Карниз А.Ф. –М.: ВУНМЦ, 1999. – 226 б.

  39. Әскерлерді биологиялық қорғау. Оқу құралы /Огарков П.И. – СПб.: ӘМедА, 2003. – 100 б.

  40. Биологиялық лаңкестікке қарсы тұру. Эпидемияға қарсы қамтамасыз ету бойынша тәжірибелік нұсқау. Г.Г. Онищенко ред. – Петит-А, 2003. – 301 б.



Каталог: student -> specialty
student -> Оқу жылындағы құқық негіздері пәні бойынша 1-ші курс студенттері үшін 051301 Стоматология мамандығына арналған тест бақылаудың сұрақтары
student -> Құқық негіздерімен сот медицина кафедрасы
student -> Жұмыс бағдарламасы пәні: Даму ақаулықтары қалыптасуының биологиялық негіздері бойынша электив Мамандығы: 051301-«Жалпы медицина»
student -> 1 ші–тақырып. «Құқық негіздері» оқу курсының жүйесі. Мақсаты. Студенттерді «Құқық негіздері»
specialty -> Гистология, цитология және эмбриология кафедрасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет