Мырзабекова Акжаркын Муратовна



жүктеу 101.98 Kb.
Дата27.04.2019
өлшемі101.98 Kb.

Мырзабекова Акжаркын Муратовна

Республикалық жоғары техникалық колледжінің оқытушысы
«Кәсіптік қазақ тілі пәнінде оқушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыру»
 Бүгінгі таңда тіл үйретудің ең жоғарғы нәтижесі – студентті кәсіби маман ретінде тілдесімге шыға алатындай мақсатқа бағытталған. Осы арқылы жоғары білікті, кәсіби құзыретті маман дайындау көзделіп отыр. Өйткені қазақ тілін кәсіби салада оқыту мәселесін де қоғам өміріндегі қажеттіліктердің өзі туындатып отыр. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл дәрежесі нығая түскен сайын, түрлі салалардағы кәсіби қазақ тілінің маңызы арта түсері сөзсіз. Себебі жақсы маман болумен қатар, тілдік білімі жоғары, мемлекеттік тілде кәсіби сөйлей алатын маманның ұйым, мекеме, мемлекеттік қызмет және қоғам үшін де алар орны, көтерер абыройы бөлек.

Қазіргі заманымызда қойылған басты талаптардың бірі - өмірден өз орнын таңдай алатын, өзара қарым-қатынаста өзін еркін ұстап, кез-келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласынан білімі мен білігін көрсете алатын, өз ойы мен пікірін айта білетін мәдениетті жеке тұлға қалыптастырып, тәрбиелеу. Оқушының, студенттің жеке тұлға болып дамуы мен алған білімін іске асыруда сөйлеу тілін, әрекетін, тіл мәдениетін, әдебін қалыптастыру педагогиканың қазірдегі өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Бұл кез-келген мамандық иесінің алдында тұрған міндет болып есептеледі.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Тілдерді қолдану мен дамыту бағдарламасында»: «Тілді дамыту - Қазақстан Республикасы мемлекеті саясатының аса өзекті бағыттарының бірі» , сондай-ақ «Мемлекеттік тілді оқытудың саны мен сапасына көңіл бөлу керек» делінген. Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде» - деп тұжырымдайды.Ал, қазақ халқының тіл келешегі мектеп оқушыларында, студент жастарда.

Әрбір мелекеттің өсіп –өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы - ұстаз берген білім. Сондықтан да, дамудың ең биік көкжиегінен көрінгісі келген мемлекет, ең алдымен, білім беру саласын жолға қойып, сапасын жақсартуды мақсат етеді. Ендеше осындай бәсекеге қабілетті, рухы биік ұрпақ тәрбиелеу жаңа формация оқытушының еншісіне тиері анық. Осы арқылы жоғары білікті, кәсіби құзыретті маман дайындау көзделіп отыр. Яғни қоғамдық-әлеуметтік сұраныстан туындап отыр.

Бұл сұраныс оқыту саласында жаңа парадигманы қалыптастырды. Бұл парадигмадағы басты талап - коммуникативтілік құзіреттілік пен сарамандық қажеттілікке мән беру болды.

Тіл үйретуге қатысты алғанда басты нәрсе - уақытты аз жұмсап, көп нәрсені игеру. Бұл оқытудың тиімді жолдарын қажет етеді. Оқытудың тиімді жолдары оқытушының шеберлігіне байланысты. Яғни оқыту технологиясының құрылымы мен мазмұны қандай болу керек деген мәселені алдымызға қояды? Тіл үйрену мен тіл үйретудегі басты нәрсе – МОТИВАЦИЯ.

Мотивация екі түрлі болады – ішкі және сыртқы мотивация. Ішкі мотивация бұл - адамның өзінің қызығушылығы. Ал сыртық мотивацияны қалай тудыру керек?


  • Қазақ тілін білудің қажеттілігі (мемлекеттік тіл, мемлекеттік қызметкерлер мемлекеттік тілді білуі керек, өзге ұлттың тілі мен мәдениет білу)

  • Сабақты қызықты өткізу, бұл ұйымдастыру шеберлігіне байланысты. Оқушы сабақтан жалықпау керек. Ал, оны жалықтырмаудың амалын табу.

  • Оны қайдан іздеуге болады? Ол – инновация. Жаңашылдық. Осы тұста айта кететін нәрсе әдістеме қатып қалған нәрсе емес. Өткен ғасырдың басында Алаш зиялыларының бірі- Жүсіпбек Аймауытов былай деп айтқан екен: «Оқыту әдістемесі – ол жаңадан жаңаны табу». Яғни жаңа деген нәрсенің өзін аудиторияның деңгейіне, қажеттілігіне, сабақтың мазмұны мен құрылымына қарай түрлендіріп отыру.

Сонда оқытушының міндеті- ұйымдастырушылық, бағыт сілтеушілік болып табылады.

Ұйымдастырушылық дегенге нені жатқызамыз?

Орта қалыптастыру – тақырыпқа баратын жол - бүгінгі тақырыптың не туралы болатындығына аудиторияны дайындау. Фатикалық қызмет атқаратын нәрселерді қолдана білу.

Фатикалық дегеніміз – коммуникацияға ортаны алдын-ала дайындау.

Осы орайда мәтінмен жұмыс үлгісі көрсетіледі.

Мәтінмен жұмыс үлгісі
1. Мәтін беріледі (әр оқушының алдында болғаны жөн)
Қасқырды киелі деп табыну қазақ халқына тән нәрсе қазақ руларының туында бәрінің алтын басы бейнеленген. Жоңғарларға қарсы жорықта даңқы шыққан Жәнібек батырдың бөрі басы салынған туы жау келер алдында дүрілдеп, немесе ерекше дыбыс шығарып, алда болар айқасты білдіріп отырған.

Қасқыр – өте ақылды жыртқыш. Ол ашық алаңқайларды ұнатады, себебі онда жемтігін ұстау жеңіл. Әдемі және тез жүгіреді, бейне бір жерге бауырымен төселіп жатқандай әсер береді. Қасқыр жемтігін екеулеп аулайды. Есту қабілеті ерекше жетілген.

Қасқырдың өзге хайуандардан дара, олардың ешқайсысына ұқсамайтын қасиеттері көп. Қасқырлардың ішіндегі көк аспан түстес келетіндері мен ақ қасқырлар аса киелі деп есептеледі. Олардың адамға көрінуі де сирек. Мұндай көк бөрімен кезіккен адам да «тегін адам емес, киелі қасиеттерге ие кісі» болып табылады.

Қасқыр – қайсар хайуан. Қайсарлығы оның кез-келген айқаста жеңіске жеткенше, не жеңіліп демі үзілгенше шайқасуынан көрінеді.

Қасқыр бір ғана отбасына ие және бөлтірік тәрбиесін толықтай өз мойнына алған хайуан. Ауыздандыру, бөлтірігін көкжалға айналдыру - бәрі-бәрі осы ата қасқырдың құзырындағы міндет. Өзге хайуандарда жоқ осы қасиеттер киелі жаратылыс иесін әр кез даралап тұрады.

«Қасқыр да қас қылмайды жолдасына» деген жолдардан бауырмалдықты және мәрттікті ұғуға болады. Ал, мәрттік тек бөріге ғана тән.



(«Дарабоз» журналынан)
Әрекет арқылы тақырыпты меңгерту. Мысалы біз мәтін арқылы оқытуды алайық.

Мәтінге кірмес бұрын, жетек сұрақтар арқылы сабаққа қажетті сөздерді анықтап аламыз. Бұл нені қалыптастырады? Оқушыны тақырыптың ішіне кіргіземіз?


2. Мәтінді оқымас бұрын аудиторияға сұрақ қойылады: Олардың жауабы кестеге жазылады:

а)Қасқырдың адамға келтіретін зияны қандай?

ә)Қасқырдың қоршаған ортаға пайдасы бар ма?

б)Қасқырға қатысты қандай ақпараттар бар?




Қасқырдың

Ақпараттар

1

пайдасы

зияны




2










3










4












3. Мәтінді мәнерлеп оқу. (оқушы немесе оқытушы)

4. Келесі сұрау: Бұл мәтін сіздерге ұнады ма? Ұнаса несімен, ұнамаса несімен?

Бұл мәтіннің таңдалудағы себебі: біріншіден қазақы танымға жақын.

Түркілер өздерін көкбөрінің ұрпағымыз демей ме?!

Мүмкіндігінше аудиторияға ұсынылған мәтін қазақы танымға жуықтайтын, қазақ тілін насихаттайтын, Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік, мәдени жақтарын танытатын болуы керек.

Мәтін ең алдымен ықпал ету күшіне ие болу керек. Яғни ол оқыған адамға әсер ету керек. Яғни аудиторияның қызығушылығын мәтін арқылы, оның мазмұны арқылы тудыру.

5. Мәтін бойынша сұрақтар

1. Қасқырдың басы қайда бейнеленген?

2. Қасқыр қандай аң?

3. Қайсарлығы туралы не айта аласыз?

4.Ата қасқырдың құзырындағы міндеттер?

5.Мәрттік сөзін қалай түсінесіз?

6.Тағы не айтылған?
Тақтаға барлық жауаптар жазылып тұрды.
6. Қосымша сұрақ:

Осы айтылғандардың ішінде қайсысы мәтіннің басты идеясы бола алады?



Неге? (Ойын дәлелдеу керек)

Қай ақпарат мәтінде қосымша?

Неге бұл ақпарат қосымша?

Оқушы мәтіндегі ақпараттар арқылы өз білімдерін құрастырып, қойылған сұрақтарға жауап береді.
7. Салыстыру тапсырмасы:

Ит пен қасқырды мәтін мазмұны бойынша салыстыру тапсырмасы: Мұнда тек жай ғана салыстыру емес, сол салыстыру арқылы астарлы ойды тапқызу мақсаты көзделеді. Мысалы:

Қасқыр еркіндікке құштар – ит еркіндік жоқ, қожайынға тәуелді

Еркіндік болғанымен, ол өзін -өзі ғана асырайды - итті қожайыны асырайды (бейқамдық)


8. Келесі тапсырма түрі: егер мәтінде тұрақты тіркестер, мақал –мәтелдер болса, олардың беретін мағынасын анықтау және мәтіндегі орнын басқа мағыналас сөздермен, тіркестермен ауыстыру тапсырмасы. Бұл мазмұнды толық түсінуге мүмкіндік береді.

Мысалы: көк бөрі, «Қасқыр да қас қылмайды жолдасына»


9. Келесі кезекте осындай қасқыр секілді өзіндік ерекшелікке ие қандай хайуан бар? (Әркім өз ойын айтады?

Арыстан - жолдасының аузындағысын тартып жейді екен?

Жолбарыс – күшіктеп жатқанда аталығы соны асырайды, бірнеше күнге дейін) осындай тағы қай хайуанаттың қандай ерекше қасиеттері бар? Ой – толғаныс.

Түсінікті дамыту. Әркім өз ойын айтады.



10. Осы айтылғандарды жинақтап келгенде шығатын түйін: оқушылар ДИАЛОГ құра білулері керек. Мұндағы диалог кең ұғымдағы түсінік. Араласу, пікір білдіру, өз ойын айту және оны дәлелдеу.

Кесте 1.Оқу/оқытудың негізгі қағидалары мен мақсаттары



Қағидалар

Мақсаттар



Орта қалыптастыру

  • білім алушы өз әрекетінің жемісті екендігін сезінетін жағдай жасау;

  • үйренушілер арасында еркін қарым-қатынас орнату;

  • дайын білімді бермей, ізденуге бағыт көрсету;




Әрекет арқылы үйрету

  • әрекет арқылы ғана алынған білімнің тиімді екендігі;

  • белсенділікке баулу;




Өмірмен байланыстыру

  • үйрену/үйретуді сараманға негіздеу;

  • тақырыпты күнделікті өмірде туындайтын мәселені шешу деп түсіну;




Өзінділік пен дербестікке баулу

  • өз пікірін айтуға дағдыландыру;

  • сыни және аналитикалық ойлай білуге бағыттау.



Кесте 2


Мәтінмен жұмыс түрлері





Мәтін

1

Екі мәтін және екі эпиграф беріледі, әр мәтіннің эпиграфын таңдау қажет.

2

Әдеби этюд. (минор, мажор)

3

Мәтіндік құрастырылым

4

Мәтінді сурет бойынша суреттеу

5

Мәтінді 5 сөйлеммен қысқаша баяндау

6

Мәтін және мен

7

Мәтінге пиктограмма салу (сурет)

8

Мәтінге 6-7 сұрақ қою (оқығанға дейін), мәтінді оқып, жауап табу

9

Мәтінді сахналау

10

Мәтінмен жұмыс (таныс емес сөздерді табу)

11

Мәтін беру, оған 3-4 цитата беру, мәтінге лайықтысын табу

12

Мәтінді диологқа айналдыру

13

Аяқталмаған мәтін – аяқтау

14

Кластер құру – (ассоциограмма)

15

5 минуттық шұғыл хат

16

Кіріспесіз мәтін

17

Көп нүктенің орнына сөздерді қою

Кесте 3





Мәтін

1

Автор туралы (оқушылар айтуы қажет)

2

Мәтін әр оқушының алдында болуы тиіс

3

Мәнерлеп оқу (оқушы немесе оқытушы)

4

Әңгіме (Сізге мәтін ұнады ма?)

5

Ауызша суреттеу (кадр құрастыру)

6

Етістіктерді табу, уақытты анықтау

7

Мәтіннен эпитетті, гиперболаны табу

8

Дауыстылар мен дауыссыздарды табу (аллитерация, ассонанс)

9

Мәтінді аудару

10

Қорытынды шығару

Орта қалыптастыру






Әрекет арқылы үйрету



Өмірмен байланыстыру




Каталог: uploads -> doc -> 0651
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
0651 -> Күні: 31. 10. 2015 Сынып: 10 «А» Тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет