Ўмытылмас ўлаєатты тўлєа



жүктеу 71.68 Kb.
Дата11.01.2018
өлшемі71.68 Kb.
түріПоэма

Қуатов Б.

Ұмытылмас ұлағатты тұлға

Шынымды айтсам, мен өзімді үстіміздегі жылы туылғанына 90 жыл толғалы отырған дарабоз ақын жерлесіміз Жұбан Молдағалиев туралы біршама жазып келе жатқан қаламгерлердің бірінен санаймын. Өйткені алпысыншы жылдары оның жекелеген жыр жинақтары мен әрқайсысы ұлттық поэзиямыздың алтын қорына өз орнын ала қосылған «Туған жер», «Жесір тағдыры», «Сел», «Қыран дала», «Байқоныр баспалдақтары» атты эпикалық поэмалары туралы ой-пікірлерімді жергілікті баспасез құралдары арқылы ортаға салып отырсам, оның жетпіс және сексен жылдықтары тұсында соңғы ширек ғасыр бойына аралас-құралас жүрген жерлес інісі ретінде ақын ағаның азаматтық келбеті жөнінде естеліктер жазуға тура келді. Бұлардың сыртында 2000 жылы ақынның тандамалы өлеңдері мен поэмаларының екі томдық жинағын құрастырып және оған алғысөз жазып, Оралдағы «Дастан» баспасынан жарық көруіне атсалысканым және бар. Солардың арасынан «Қазақ әдебиеті» газетінің редакторы Ж. Шаштайұлының тапсырысы бойынша жазылып, өткен жылы сол газеттің тұтас бір бетіне жарияланған «Ақындық пен азаматтықт ізгінін тең ұста-ган тұлға» деген тақырыптағы естелік-мақаланы айрықша атап көрсетер едім. Өйткені бұған дейін Жұбақаң туралы мұндай көлемде мақала жазған автор некен-саяқ.

Бірақ мен қанша жазғаныммен аса дарынды ақынның адами абзал қасиеттерін жеріне жеткізе ашып көрсете алмай келемін. Себебі ол жете зерттеуді қажет ететін өте күрделі тұлға. Сондықтан болса керек, әлде біреу Жұбақаң туралы әңгіме бастай қалса, менің ойыма оның асқақ үнді ақындығына қоса тума-туыстары мен жолдас-жораларына жасаған жақсылықтары мен тұла бойына туа біткен басқа да адами абзал қасиеттері орала береді. Осыған орай бүгін маған ол туралы қайталап қалам тербеуіме өткен маусым айында Ақжайық аудандық газетінде жарияланған еңбек ардагері Шакимов Мақсот ағаның «Ғұмырдағы көрікті бір күндерім» атты естелік мақаласы ықпал еткендігін ашып айтқым келеді. Өйткені Мәкең мақаласында Жұбақаңның елге 1962 жылы келген сапары жөнінде әңгімелеген екен. Ал мен оның сол сапарында да біраз күн бірге жүргенім бар. Ол былай болған еді:

Мен университет бітіріп, диплом алар қарсаңда Жұбақаң отбасымен Оралға жүрмек болды. Оларды шығарып салуға барғанымда Жұбақаң маған: «Біз ол жақта біраз боламыз. Ауылға келген соң хабарлас. Қай жерде жүргенімді сұрастырып табасың ғой», - деген-ді. Ауылға келген соң сұрастырып қарасам, ол Сайқұдық пен Қырыққұдықта болып, ата-қонысын аралап, қазір «Есенсай» совхозының аумағында жүр дегенді естідім. Сәлем бере бардым. Жұбақаң туған топырағында бала кезінде бірге өскен құрбы-құрдастарымен қауышып, көтеріңкі көңіл күйде жүр екен. Мені диплом алуыммен құттықтай келіп совхоз директоры Айтмұхамбетов Уахит ағамен таныстырды.



  • Сен өзің тайпақтық болғаныңмен туған ауданынды жақсы білмейтін

шығарсың, - деді ол сосын назарын маған тіктей аударып. - Ертең ана «Тайпақ» совхозының Дүйімбай жайлауында шопандар тойы болады екен. Аудан басшылары да сонда болатын сыңайлы. Бірге жүр, таныстырайын. Бұл сенің еңбек жолыңа да қажет болады...

Мен қуанып қалдым. Өйткені бұған дейін мен аудан орталығын да көрген емес едім. Рас, алтыншы және жетінші сыныпта оқыған жылдары сол тұста Сайқұдық селолық Кеңесінің төрайымы болған Күнсүйген шешеме (қазір республикаға танымал соғыс және еңбек ардагері, белгілі қоғам қайраткері Бисен Жұмағалиевтің анасы) атқосшы болып Жайық жағасындағы орман қорықшысының үйіне дейін қос ат жеккен тарантаспен үш-төрт рет барғаным бар. Бірақ, Күнсүйген шешем арғы бете қайықпен өтіп кетеді де мен оның қайта оралуын күтіп, бергі бетте ат бағып қалатынмын. Демек, мен бұған дейін Алматыға барғанда пароммен әрлі-берлі өткенім болмаса, Жайыққа да түсіп көрмеген едім.

Сондықтан болса керек, Сайқұдық пен Қырыққұдықтан асып көрмеген мен үшін Дүйімбай жайлауы жұмақтың төріндей көрінді. Өйткені сол жылы жаз өте ыстық болды. Ал шопандар тойы ми қайнатқан шілде айында өткізілді. Бұл кезде қырдың шөбі түгелдей күйіп кеткен болатын. Шамасы, осы совхозды отыз жылға жуық басқарған тәжірибелі дирек­тор Исатаев Жақия ақсақал шопандар тойын өткізу үшін көктем суымен көтерілген шалғын шөпке әдейі мал тұяғын тигізбей сақтап келген сыңайлы. Сол шалғынның бел ортасына қанаттаса тігілген киіз үйлердің сыртқы көрінісі де, ішкі үйлесімі де айрықша көз тартады.

Тойға халық өте көп жиналды. Арасында аудандық партия комитетінің хатшылары Сабай Ниязов пен Тобанияз Табылдиев, ауатком төрағасы Төреш Мұрадимов сынды ел ағалары бар. Негізінен мал шаруашылығымен шұғылданатын совхоз директорлары мен партком хатшылары да түгелге жуық келген.

Бұл жартылай Одақтық бағыныста болған «Тайпақ» совхозының атағы дүрілдеп тұрған кезі. Осыган орай қозы алып, қаракөл елтірісін өндіруде озат атанып, орден-медальдармен марапатталған шопандар да көп болатын. Жұбақаң солардың әрқайсысымен жеке-жеке әңгімелесіп, өндірістік көрсеткіші мен отбасы жағдайы туралы да, қандай газет-журналдарға жазылып, радиодан қандай хабарлар тыңдайтындығы (ол тұста әр шопанның қолында бір-бір транзистор жүретін) жөнінде де тәптіштей сұрастырып, көбісін қойын дәптеріне түсіріп отырды.

Ертеңіне қайтар жолда күннің ыстығына қарамастан «Базатөбе», «Орал» совхоздарының аумағында пішеншілер бригадаларына соғып, малшы-шопандар ауылын аралаған кезде де қолы қаламнан үзілген жоқ. Жұбақаң мұдайда біреулерге мәніс айтып, ақыл қосып көрген емес, керісінше кездескен адамдарының әңгімесін басқаларымен салыстырып, өзінше ой түйіп отыратындай сезілді маған. Жалпы, мен осы сапарда ақын ағамыздың зеректігі мен білімдарлығына, ерінбейтін еңбекқорлығы мен ізденімпаздығына тәнті болып қайтқан едім.

Содан «Жұлдыз» журналының 1963 жылғы 11-санында Жұбан ағаның «Тайпақ таңы» деп аталған көлемді очеркі жарияланды. Онда ауданның экономикалық, мәдени-әлеуметтік ахуалы түгел дерлік қамтылған. Ақынның сол сапарында кездескен адамдарының ешқайсысы ұмыт қалмаған тәрізді. Кейін үш томдық таңдамалы шығармалар жинагына енгізілген очеркте жүздеген адамның аты-жөні аталып, атқарған қызметі мен қол жеткізген табыстары атап көрсетілген. Арасында менің есімімді де еске түсірген екен. Онда былай жазған еді: «... Қазір аудан да, мектептер қатары да, мұғалімдер қатары да нығая түскен, жасара түскен, - деп жазыпты ақын аға очертің «Әр түрлі ағымдағы мәселелер» аталған алтын­шы тарауында ауданның білім беру саласы туралы әңгімелей келіп. Бірсыпырасы жаңағы жоғары оқу орындарын бітіріп, ұшқан ұясына оралғандар. Солардың бірі боп биыл қазақтың С.М. Киров атындағы мемлекеттік университетін бітіріп Базарғали Қуатов барды. Бұл университеттен алған білімінің үстіне Алматының әдебиетші қауымын төңіректеп, «тірі жазушыларды» көрген жігіт. Қош алып, алғашқы кезде қолтыктан сүйеп жіберсе, әдебиеттің, сөз жоқ, жақсы мұғалімі болайын деп тұр...».

Бұл Жүбақаңның менің есімімді баспасөз бетінде екінші рет атағаны болатын. Алғашқысы - 1960 жылы мен жазғы каникулда ауылға келіп, Алматыға қайта барғанымда Жұбақаң мені оңашалап алып ел жағдайын егжей-тегжейлі сұрағаны бар. Тіпті қай ауылға электр жарығы беріледі, радио желісі қай жерге дейін жеткізілді, Мектепқұдық пен Төбеқұдықта, Майқан мен Қарақырқада кімдер тұрады, Кеңтүбек пен Қараобада кімдер қыстап шықты деген сұрақтардың астына алған. Мен, әрине, білгенімді барымша баяндап бердім. Содан көп кешікпей «Бүгінгі ауыл бейнесі» деген тақырыпта «Лениншіл жас» (қазір «Жас алаш») газетінің бірінші бетінен басталып, жалғасы екінші бетке көшірілген көлемді мақаласы жарияланды. Сол мақалада былай деп жазған болатын:

«Жақында менің КазГУ-да оқитын Қуатов Базарғали деген інім туған ауылымызға барып, ел өміріндегі өзгерістер мен жаңалықтарды маған жеріне жеткізе әңгімелеп берді. Байқағаным, ол көрген-білгенін зерделеп, айналадағы құбылыстарға өзінше баға беріп жүретін аңғарымпаз жас сияқты. Бұл - болашақ әдебиетшіге аса қажет қасиет».

Осыған қарағанда Жұбақаң мені мұғалім де, журналист те емес, әдебиетші болады деп үміттенген сыңайлы. Шамасы, ол менің ара-тұра азын-шоғын қаламақы алу үшін жас ақындардың өлеңдер жинагына сын-пікірлер жазатынымды қадағалап жүрген болса керек. (өзің жазбаған өлеңге сын айту қиын емес қой). Бұлай дейтінім, мен университет бітірер қар-саңында «Ауылға барсаң, әдеби ортадан алыстап кетесің. Алматыда қал. Мен «Жұлдыз» журналына, не «Лениншіл жас» газетіне орналастырамын,» - деп «үгіттеген» болатын. Мен «Ауылға барамын, әке-шешемнің қасында боламын», - деп «қасарысып» қалдым ғой. Бірақ ақын ағаның айтқаны болды. Мен «Орал өңірі» газетінің ауыл шаруашылығы бөліміне қабылдандым да көбінесе мал кыстату, көктемгі егіс, қой төлдету, пішен дайындау, егін орағы, сүдігер жырту сияқты біріне-бірі жалғасып жататын науқандық жұмыстар туралы жазуға тура келіп, әдебиет мәселесі солардың тасасында қалып қойды.

Жасыратыны жоқ, менің «Орал өңірі» газетінің редакциясына алғаш қабылдануыма да Жұбақаңның ықпалы болған. Бірақ бұл ұзағырақ әңгіме. Әйтсе де мен Жұбан ағаның өзіме жасаған тағы бір жақсылығын айта кеткенді жөн санап отырмын.

1977 жылы мен жаңадан ашылған Ақжайық аудандық газетіне редактор болып кеттім. Газет редакциясына бұрын аудан басшылары төрт-бес жыл пайдаланған «УАЗ» машинасы берілген. Содан үш-төрт ай өткен соң Оралға Жұбақаң келе қалғаны. «Самал» саяжайына сәлем бере бардым. «Сен, немене, аудан асып кеткенбісің, жағдайың қалай?» - деп бастады Жұбақаң аман-саулық сұрасуды. «Қайтейін, обком жұмсаған соң... - деп міңгірледім мен. -Бірақ жағдайым жаман емес. Тек машинамыз ескілеу болып тұр...».

Осы сәтте Жұбақаң ойланбастан «Мен мұны Шериязданға айтармын», - деп қалды. Ш. Елеукенов ол тұста баспасөз жөніндегі мемлекеттік комитеттің төрағасы болатын. Содан екі-үш апта өтпей жатып Ақжайық аудандық газетінің редакциясына кезектен тыс автокөлік бөлу туралы шешім қабылданғаны жөнінде хабар да келіп жетті.

Өзіңіз де байқап отырған шығарсыз, мен Жұбақаңа өздігімнен шаруа салып барған емеспін. Бірақ ол мені үнемі назарында ұстап. реті кепген жерде тікелей қамқорлық жасап жүрген сыңайлы. Және.ол мұндай қам-қорлықты тек маған ғана емес, мен сияқты ауылдан келген жастардың қай-қайсысынан да аяп қалған емес. Бұл жөнінде жазуды сондай қамқорлықты сезінген адамдардың өздері де ойланар деген сенімдемін.



Осы тұста ескеретін тағы бір жайт, біз Жұбан ағаның ақындығы мен батырлығы туралы да, атқарған лауазымды қызметтері мен алған абырой-атақтары туралы да аз жазып жүрген жоқпыз. Ал оның Ұлы Отан соғысы жылдарында майдандық газет редакциясында істеген кездері қалыптасып қалған журналисгік қарымы жөнінде ешкім жазып көрген емес сыңайлы. Мысалы; оның жоғарыда аталған таңдамалы шығармалар жинағының үшінші томына енгізілген «Тайпақ деген бір жер бар», «Тағы да Тайпақта» атты екі очеркін де газет жанрының, озық үлгісіне қосуға болар еді. Бірақ кітаптың шыққанына отыз жылға жуықтады. Сондықтан ол оқырмандар жадынан да өше бастағаны сөзсіз. Егер жүздеген адамның аты-жөні ата-латын очерктерді ақынның 90 жылдығына орай аудандық, облыстық газеттерде қайталап жарияласа, нұр үстіне нұр болар еді. Өйткені сонда аталған адамдардың өздері болмаса, көздерін көре қалғандар мен артында қалған ұрпақтары бар. Солардың бірі бол­маса бірі көріп, «Міне, біздің атамыз туралы да жазыпты ғой», - деп масаттанып қалары сөзсіз.

Базарғали Қуатов

Қазақстанның құрметті журналисі.

«Инфорбиржа» газеті. 2010 жыл 22 шілде
(осы сайттың «Кітапхана» бетінен журналист атаған Жұбан Молдағалиевтің «Тайпақ деген бір жер бар», «Тағы да Тайпақта» деген очерктерінің мәтінін оқуға

болады)
Каталог: zkolib -> kaz
kaz -> Батыс ќазаќстан облысыныѕ МЈдениет, МЎраєаттар жјне ќЎжаттама басќармасы
kaz -> Сы батыс Қазақстан облысы бойынша 2015 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегі Знаменательные и памятные даты по Западно-Казахстанской области на 2015 год Орал, 2014
kaz -> 2Естественные науки
zkolib -> 2 Естественные науки
kaz -> Аудандыќ орталыќтандырылєан кітапхана жїйесі бойынша «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында О
kaz -> Аќўштап Баќтыгереева


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет