Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жекке шақырып жүрген Джермалл Чарло (33-0, 22 KO) келесі жекпе-жегін Сауль «Канело» Альвареске қарсы өткізеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Ring сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Сар Стир/Getty Images
WBC тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Джермалл Чарло отандасымыз Жәнібек Әлімханұлымен емес атақты “Канелоға” қарсы жекпе-жек өткізетін болды. Супер орта салмақтағы әлемнің абсолютті чемпионы Сауль Алварес өзінің чемпиондық атақтарын америкалық былғары қолғап шеберіне қарсы қорғайды. Жекпе-жек мексикалықтардың тәуелсіздік күніне орай, 4 мамыр күні Лас-Вегас қаласында өтеді деп жоспарланған.
- "Чемпиондар, қайдасыңдар?": Әлімханұлы кезекті жеңісінен кейін "Канелоны" жекпе-жекке шақырды
- Канело Қазақстанға келуге келісімін берді — Бірақ ол Геннадий Головкиннің жанкүйерлерінен қорқатынын жеткізді
Айта кетейік, “Канело” соңғы жекпе-жегін 2023 жыдың қыркүйегінде Джермаллдың егізі Джермелл Чарлоға қарсы өткізіп, төрешілердің бірауыздан шешімі бойынша жеңіске жеткен болатын.
Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.