Мүлікті коммуналдық меншікке қабылдау туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»



жүктеу 12.02 Kb.
Дата18.01.2018
өлшемі12.02 Kb.

2016 ж. 26.02 № 84


Мүлікті коммуналдық меншікке қабылдау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 «Сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, «Шекті Тілеу батыр Айтұлы» мейірімділік қоры директорының 2016 жылғы 25 қаңтардағы № 16 хатының және Ақтөбе қаласы әкімінің 2016 жылғы 22 ақпандағы № 01-8/664 келісімінің негізінде Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Құны 32 282 655 (отыз екі миллион екі жүз сексен екі мың алты жүз елу бес) теңге құрайтын, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы Тілеу батыр көшесі мен Әбілқайыр хан даңғылының қиылысындағы гүлзарда Шекті Тілеу Айтұлының ат үстінде отырған ескерткішін 0,0100 га жер учаскесімен, кадастрлік нөмірі 02-036-154-2140 Ақтөбе облысының коммуналдық меншігіне қабылдансын және Ақтөбе қаласының коммуналдық меншігіне берілсін.

2. Ақтөбе қаласының әкімі, «Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын тиісті шаралар қабылдасын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары А.С.Биахметовке жүктелсін.



Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаев

Жобаны енгізуші:



«Ақтөбе облысының қаржы

басқармасы» ММ басшысы А.Давлетова


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет