«Мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) бағалау жөніндегі қызметтерді жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғаны аккредиттеу» мемлекеттік қызметтерінің регламенті



жүктеу 146.46 Kb.
Дата08.05.2018
өлшемі146.46 Kb.
түріРегламент


Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі

Директорлар кеңесінің

2011 жылғы 29 желтоқсандағы



№ 259 қаулысымен
бекітілген

«Мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) бағалау жөніндегі қызметтерді жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғаны аккредиттеу»

мемлекеттік қызметтерінің регламенті



  1. Жалпы ережелер




    1. Мемлекеттік қызметтерді 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті
      (бұдан әрі – Комитет) сенбі, жексенбі, демалыс және мереке күндерінен басқа күндері, сағат 13:00-ден 14:00-ге дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін көрсетеді.

    2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің нысаны: автоматтандырылмаған.

    3. Мемлекеттік қызметтер «Көлік құралдары иелерінің
      азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң)
      1, 18-1-баптарының, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөнiндегi қызметті ұйымдастыруды және жүзеге асыруды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы» 2010 жылғы 1 наурыздағы
      № 27 қаулысының (бұдан әрі – қаулы) және Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 14 желтоқсандағы № 196 Жарлығымен бекітілген «Мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғаны аккредиттеу» мемлекеттік қызметтер көрсету стандартының (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетіледі.

    4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің нәтижесі аккредиттеу туралы куәлік не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

    5. Мемлекеттік қызметтер көрсету барысына басқа мүдделі мемлекеттік органдар қатыспайды.



2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар


    1. Мемлекеттік қызметтер құжаттардың толық пакеті ұсынылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде көрсетіледі.

    2. Осы мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартуға негіздемелер Стандарттың 16-тармағында көрсетілген.

    3. Тұтынушыдан мемлекеттік қызметтер алуға арналған сұратуды алған сәттен бастап және мемлекеттік қызметтер нәтижесін беру сәтіне дейінгі мемлекеттік қызметтерді көрсету кезеңдері:

Мемлекеттік қызметтерді алу үшін өтініш беруші Комитетке Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар пакетін жібереді;

қажетті құжаттар пакеті құжаттарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкерге кезек күтпестен тапсырылады (немесе хат-хабарды қабылдау үшін арнайы жабдықталған жәшікке салынады);

келіп түскен хат-хабардың мазмұны алдын ала зерттелгеннен кейін және тіркелгеннен кейін ол электронды құжат айналымы шағын жүйесі арқылы Комитет Төрағасының және оның орынбасарларының қабылдау бөлмелеріне тапсырылады;

Комитет басшылығы құжаттарды қарауды олар келіп түскен күні жүргізеді;

Комитет басшылығы құжаттарды қарағаннан кейін және оларға электронды құжат айналымы шағын жүйесінде және қағаз тасымалдауышта тиісті бұрыштама қойғаннан кейін бұрыштамасы бар құжаттар одан әрі орындау үшін Лицензиялау департаментіне беріледі;

Лицензиялау департаментінің басшылығы орындаушыны айқындайды;

өтініш беруші мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғаны аккредиттеу үшін берген құжаттарды Лицензиялау департаментінің орындаушысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келуін қарайды;

Құжаттарды қарау нәтижесі оң болған жағдайда Лицензиялау департаментінің орындаушысы аккредиттеу туралы куәлікті беруді негіздей отырып, Комитет Төрағасының аккредиттеу туралы куәлікті беру туралы бұйрығының жобасын және оған ұсынысты дайындайды және өтініш беруші аккредиттеуден өтуге берген барлық құжаттарды қоса бере отырып, заң бөлімшесіне келісуге жібереді;

заң бөлімшесімен келісілгеннен кейін аккредиттеу туралы куәлікті беру туралы бұйрықтың жобасына Комитет Төрағасы қол қояды және оны құжаттарды тіркеуге уәкілетті қызметкер тіркейді;



бұйрықта белгіленген мерзімде орындаушы Комитет Төрағасы қол қоятын аккредиттеу туралы куәлікті мемлекеттік және орыс тілдерінде және Комитет Төрағасы қол қоятын аккредиттеу туралы куәлікке ілеспе хатты ресімдейді;

мемлекеттік қызметтер көрсетудің нәтижесі почта бойынша жіберіледі немесе Лицензиялау департаментінің хатшысы тікелей өтініш берушіге немесе тиісті түрде ресімделген сенімхатты ұсынғанда оның уәкілетті өкіліне тиісті журналға қол қойғыза отырып береді;



ескертулер болған жағдайда орындаушы қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды.

9. Құжаттарды қабылдауды және тіркеуді хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті бөлімше немесе жауапты тұлға жүзеге асырады немесе құжаттар Комитеттің хат-хабарды қабылдауға арналған арнайы жабдықталған жәшігіне салынады не почтамен жөнелту арқылы жіберіледі.

Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін құжаттар қабылдауды жүзеге асыратын тұлғалардың ең аз саны құжаттарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті 1 қызметкер болады.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісіндегі іс-әрекеттер
(өзара іс-әрекеттер) тәртібін сипаттау

10. Өтініш беруші құжаттар пакетін қолма-қол тапсырған жағдайда өтініш берушінің қолына өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есептер саласындағы статистикалық қызметті жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша құжаттардың алынғаны туралы талон берiледi.

Талонды Комитеттің құжаттарды қабылдауға уәкілетті бөлімшесі немесе жауапты тұлғасы жазады.

Тұтынушы құжаттарды почтамен жөнелту арқылы жіберген немесе құжаттар пакетін хат-хабар қабылдауға арналған арнайы жабдықталған жәшiк арқылы тапсырған жағдайда құжаттардың алынғаны туралы талон берiлмейдi.

Хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті бөлімше немесе жауапты тұлға хат-хабарды қабылдауды, ашуды және электронды құжат айналымы шағын жүйесінде тіркеуді және Комитет басшылығының қабылдау бөлмесіне тапсыруды жүзеге асырады.

11. Ақпараттық қауіпсіздікке қойылатын талаптар жоқ.

12. Мемлекеттік қызметтер көрсету барысына қатысатындар:

1) құжаттарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті
қызметкерлер – қызметтерді тұтынушы ұсынған құжаттарға мөртабан белгісін қоя отырып және нөмір бере отырып қабылдау және тіркеу;

2) Комитет басшылығы – тиісті құжаттарға бұрыштама қою және қол қою;

3) Лицензиялау департаментінің басшысы – бұрыштама қою, құрылымдық бөлімшенің басқармасын айқындау, тиісті құжаттарға бұрыштама соғу және қол қою;

4) Лицензиялау департаментінің қызметкерлері – өтініш беруші ұсынған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келуін қарау және мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғаны аккредиттеу үшін қажет құжаттарды дайындау;

5) заң бөлімшесінің басшысы – бұрыштама қою, құрылымдық бөлімшенің тиісті басқармасын айқындау, құжаттарды келісу;

6) заң бөлімшесінің қызметкерлері – тапсырылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келуін талдау.

13. Әрбір әкімшілік іс-әрекеттің (рәсімнің) орындалу мерзімі көрсетілген Комитеттің әрбір құрылымдық бөлімшесінің әкімшілік іс-әрекеттерінің (рәсімдерінің) жүйелілігі мен өзара іс-әрекетінің мәтіндік кестелік сипаты осы Регламенттің 1-қосымшасында берілген.

14. Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісіндегі әкімшілік іс-әрекеттердің қисынды жүйелілігі мен Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің арасындағы өзара байланысты көрсететін схемалар осы Регламенттің 2-қосымшасында берілген.

15. Аккредиттеу туралы куәлік Қаулымен бекітілген Мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) бағалау жөніндегі бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалаушыны (тәуелсіз сарапшыны) аккредиттеу ережесінің 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ресімделеді.

16. Өтініш беруші осы мемлекеттік қызметтерді көрсету барысы туралы ақпаратты Лицензиялау департаментінің хатшысынан
8 (727) 2788 – 008 телефоны бойынша ала алады.




4. Мемлекеттік қызметтер көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі
17. Комитеттің мемлекеттік қызметтер көрсететін лауазымды тұлғалары мемлекеттік қызметтер көрсету барысында өздері қабылдайтын шешімдері мен іс-әрекеттері (әрекетсіздіктері) үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жауапкершілік атқарады.

18. Комитеттің жауапты тұлғалары мемлекеттік қызметтер көрсету барысында өтініш берушінің құжаттарында қамтылған ақпараттың сақталуын, қорғалуын және конфиденциалдылығын қамтамасыз етеді.

«Мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін,

материалдық емес активтердің құнын қоспағанда)

бағалау жөніндегі қызметтерді жүзеге асыруға лицензиясы

бар жеке немесе заңды тұлғаны аккредиттеу»

мемлекеттік қызметтерінің регламентіне 1-қосымша

1-кесте. Іс-әрекеттер сипаты

Мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) бағалау жөніндегі қызметтерді жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғаны аккредиттеу

мемлекеттік қызметтерінің регламенті





Негізгі үдеріс іс-әрекеттері (жұмыстың барысы, ағыны)




1

Іс-қимылдың № (жұмыстың барысы, ағыны)

1

2


3

4

5

6

7

2

ҚФБ атауы

Құжаттарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкер

Комитет Төрағасы орынбасарының немесе тиісті бөлімше басшысының қабылдау бөлмесі.

Лицензиялау департаментінің басшысы

Лицензиялау департаменті басқармасының уәкілетті қызметкері (орындаушысы)

Заң бөлімшесінің уәкілетті басшысы

Лицензиялау департаменті басқармасының уәкілетті қызметкері (орындаушысы)

Төраға/Төрағаның бақылау жасайтын орынбасары

3

Іс-әрекеттің (операция үдерісінің, рәсімінің) атауы және олардың сипаттамасы

тұтынушы ұсынған құжаттарға мөртабан белгісін қоя отырып және нөмір бере отырып қабылдау және тіркеу. Электронды құжат айналымы шағын жүйесінде тіркеу

оларға электронды құжат айналымы шағын жүйесінде және қағаз тасымалдауышта бұрыштама соғу және жауапты бөлімше болып табылатын Лицензиялау департаментіне

жіберу.


ЛД басшылығының бұрыштамасы негізінде құжаттарды тіркеу

Құжаттарды қарау. Қарау нәтижесі оң болған жағдайда аккредиттеу туралы куәлікті беру туралы бұйрықтың жобасын заң бөлімшесіне келісуге жіберу


Бұйрықты келісу және жауапты бөлімшеге қайтару


Аккредиттеу туралы бұйрықты және куәлікті ресімдеу.

Ескертулер болған жағдайда өтініш берушіге аккредиттеуден дәлелді бас тартуы бар хат дайындау



құжаттарға электронды құжат айналымы шағын жүйесінде және қағаз тасымалдауышта бұрыштама қою.


4

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-басқару шешімі)

Тұтынушы ұсынған құжаттар пакетін Комитетке тапсыру

Құжаттарды тиісті жауапты бөлімшеге беру

Келіп түскен құжаттарды жауапты бөлімшенің басқармасына беру

Заң бөлімшесіне беру

тиісті жауапты бөлімшеге қайтару

Құжаттарды жауапты бөлімшеге қайтару


Дайын құжатты тіркеу және тұтынушыға беру


5

Орындау мерзімдері

1 жұмыс күні

1 жұмыс күні


1 жұмыс күні

3 жұмыс күні

10 жұмыс күні


3 жұмыс күні

1 жұмыс күні

6

Келесі іс-әрекеттің нөмірі

2-бағана.

3-бағана

4-бағана

5-бағана

6-бағана

7-бағана.

8-бағана


1-кестенің жалғасы


1

Іс-қимылдың № (жұмыстың барысы, ағыны)

8

9


10

2

ҚФБ атауы

Лицензиялау және рұқсат беру басқармасы.


Құжаттарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкер

Құжаттарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкер

3

Іс-әрекеттің (операция үдерісінің, рәсімінің) атауы және олардың сипаттамасы

Дайын құжатты тіркеу және құжаттарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкерге құжаттарды жіберу.


Құжаттарды тіркеу, мекенжайын және қосымшаларын тексеру. Құжаттарды почта бойынша көрсетілген мекенжайға жөнелту.


Дайын құжаттарды беру (өтініш жасауға қарай 1 күн ішінде)


4

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-басқару шешімі)

Құжаттарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкерге құжаттарды жіберу.

Құжаттарды почта бойынша көрсетілген мекенжайға жөнелту.


Дайын құжатты тұтынушыға беру.


5

Орындау мерзімдері

1 жұмыс күні


1 жұмыс күні


1 жұмыс күні

6

Келесі іс-әрекеттің нөмірі

9-бағана.

10-бағана

-

«Мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін,

материалдық емес активтердің құнын қоспағанда)

бағалау жөніндегі қызметтерді жүзеге асыруға лицензиясы

бар жеке немесе заңды тұлғаны аккредиттеу»

мемлекеттік қызметтерінің регламентіне 2-қосымша


Функционалдық өзара іс-әрекет схемасы

Мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) бағалау жөніндегі қызметтерді жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғаны аккредиттеу

мемлекеттік қызметтерінің регламенті


3. Лицензиялау департаменті
ЛД басшылығының бұрыштамасы негізінде құжаттарды тіркеу, құжаттарды лицензиялау және рұқсат беру басқармасына беру

(1 жұмыс күні)




4. Лицензиялау және рұқсат беру басқармасы

Құжаттарды қарау және ескертулер болмаған жағдайда (+) бұйрықтың жобасын заң бөлімшесіне келісуге жіберу, ескертулер болған жағдайда (-)дәлелді бас тарту дайындау

(3 жұмыс күні)





+

    


6. Лицензиялау және рұқсат беру басқармасы

Құжаттарды ресімдеу және Төрағаның/Төраға орынбасарының қабылдау бөлмелеріне жіберу

(3 жұмыс күні)







5. Лицензиялау және рұқсат беру басқармасы

мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғаны аккредиттеу

бойынша дәлелді бас тартуды дайындау.

(1 жұмыс күні)






-







8. Лицензиялау және рұқсат беру басқармасы.
Дайын құжатты тіркеу және құжаттарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкерге құжаттарды жіберу.

(1 жұмыс күні)











Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет