Танымал тележурналист, продюсер Ләйлә Сұлтанқызы анасының көрген қиындықтарын айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/sultankyzy/

Продюсер туған анасын “Дишинка” деп атайды. Жеке парақшасында жазба жариялап, анасының қандай жұмыс істегенін баяндап берді. 

“Әр қалтада бір бет орамал… Еее, біздің аналарымыз не істемеді, не көрмеді…?! Ала дорба арқалағандар, пістені стақандап сатқандар да солар. Газет, хат тасып почтальон да болды, солтүстікке жеміс тасыды, нан пісіріп, базарға сатты. Бәрі бізді өсіріп, оқыту үшін…

Зейнетке шығар кезде 8-9 ай шотына ағам екеуміз ақша салып, 57 жасында 42 000 теңгемен зейнетке шықты. Қазір 70 жасында 150 000 тг алады. "Бәріне жетеді, той-томалаққа барам, немерелеріме де берем, шүкір" дейді. Бізді жеткіземіз деп тыным таппай еңбектенді. Сонда бір "шаршадық" дегенін естіген жоқпыз ғой.

Ал қазір бізде мүмкіндік көп. Ата-анамыздан көргеніміз бізге өмірлік сабақ болды. Ол кісілердің тәрбиесіне ешбір мектеп жетпес. Өзім де бір 25 жылдықта осыған жетіп қалармын. Әрқайсымызға әдемі қартаюды жазсын”, – деп жазды журналист. 

  • "Спортпен айналыспасам, ауырып қаламын": 62 жастағы қазақстандық қартаймаудың құпиясымен бөлісті

  • Игі істер марафоны: Астанада еріктілер қарт кісілердің ауласының қарын тазалауға көмектеседі

Желі қолданушылары тележүргізушінің анасына ұзақ ғұмыр, әдемі қарттық тілеп жатыр. 

“Айналайын, анаңызға жасаған көмегіңіз Алла тағаладан еселеп қайтсын, ғұмырлы және бай-қуатты болыңыздар!”, “Керемет, жасына лайық. Қазір 70-ке келген апаларымыз шалбар киіп, жалаңбас жүреді. Әдемі қартайған осы”, “Анаңыздың көзі әдемі екен, жарқырап тұр, ғұмырлы болсын”, “Қайтпаста тұрған үйлеріңізден әрі-бері өткенде Ләйлә Сұлтанқызының үйі деп айтып өтемін”, – деп жазып жатыр оқырман қауым. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.