Мұнайлы ауданы әкімінің 2014 жылдың қорытындысымен ауданның әлеуметтік экономикалық дамуы



жүктеу 107.23 Kb.
Дата20.04.2018
өлшемі107.23 Kb.


Мұнайлы ауданы әкімінің 2014 жылдың қорытындысымен

ауданның әлеуметтік - экономикалық дамуы

және алда тұрған міндеттері туралы

ЕСЕБІ
2014 жылдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы бойынша:

  • халық саны 127,2 мың адамды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 8 мың адамға өскен. (көшіқон есебінен – 3 749, туылғандар саны – 4 251)
  • өнеркәсіп өнімдерінің өндіріс көлемі 53 млрд. 277 млн. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге дейін өскен; (2013ж. – 27 411 млн. теңге)

  • негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 23 млрд. 716 млн. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 131%-ға өсті; (2013 ж. – 18 114 млн. теңге)


  • жалпы көлемі 139,1 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды. Соның ішінде 3,3 мың шаршы метр коммуналдық тұрғын үй есебінде, қалған 135,8 мың шаршы метр жеке тұрғын үй үлесі болып табылады.

  • ауданда 4 469 шағын кәсіпкерлік субъектісі тіркелген, ол 2013 жылмен салыстырғанда 405-ке өскен. (2013 ж. – 4064)

  • шағын кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандардың саны 4 935 адамды құрап 2013 жылмен салыстырғанда 84 адамға өскен. (2013 ж. – 4 851)

  • халықтың экономикалық белсенді тобының құрамында шағын кәсіпкерліктің үлесі 12,7%. (2012 ж. – 12,5%)

  • барлық экономикалық қызмет түрлері бойынша орташа жалақы 129 411 теңгені құрады немесе 2013 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 110,3%-ға өсті. (2013 ж. – 117 323 теңге)

  • құрылған жаңа жұмыс орындар саны 845 немесе өткен жылмен салыстырғанда 11,3% өсіп отыр. (2013 ж. – 759)

  • халықтың экономикалық белсенді тобының құрамына жұмыссыздық бойынша тіркелген адамдардың жалпы құрамы 0,4% құрап, өткен жылмен салыстырғанда бірқалыпты жағдайда.

  • жергілікті бюджетке салықтардың және басқа да төлемдердің түсімдерінің орындалысы 4 млрд. 174 млн. теңгені құрап, 104,5 пайызға орындалды.

  • бюджеттің шығыстар бөлігі 10 млрд. 844 млн. теңгені құрады, орындалысы 10 млрд. 798 млн. теңге, яғни 99,6%. Соның ішінде жергілікті бюджеттен – 7 млрд.  734 млн. теңге, яғни 99,5%, республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер – 3 млрд. 064 млн. теңге, яғни – 99,8% орындалды.

2014 жылы облыстық бюджеттен Мұнайлы ауданының бюджетіне 1 млрд. 997 млн. теңге субвенция берілді, ал 2015 жылы ауданға 522,6 млн.теңге көлемінде субвенция қарастырылды.

Білім саласы. Ауданда 11 жалпы білім беру мектебі және Қызылтөбе лицейі, 8 – мемлекеттік мектепке дейінгі балалар мекемесі, 4 мектеп жанынан ашылған шағын орталықтар және 13 жекеменшік мектепке дейінгі балалар мекемесі, 1 – үйлестіру орталығы, 1-өнер мектебі және 4 аула клубтары жұмысын жүргізуде.

Жер қойнауын пайдаланушы компаниялар есебінен Маңғыстау-4 тұрғын үй массивіндегі 1200 орындық орта мектеп құрылысы аяқталып, өткен жылдың ақпан айынан бастап жұмысын бастады.

Аудан бойынша 18 234 бала білім алуда, мектептердің жалпы сыйымдылығы 10 560 орын. Аудан мектептеріне оқушылар орнының жетіспеу салдарынан Атамекен ауылдық округтерінен Ақтау қаласына 2 483 бала және Басқұдық ауылдық округтерінен Маңғыстау ауылының Маңғыстау-4 тұрғын үй массивіндегі орта мектепке 804 бала тасымалданып оқытылуда. Осыған орай, Атамекен ауылдық округінен 1200 орындық орта мектептің құрылысы басталып, 2015 жылдың қыркүйек айында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Сонымен қатар, Атамекен ауылдық округіндегі қолданыстағы 640 орындық орта мектеп ғимаратына 320 орындық қосымша құрылыстың, Басқұдық және Қызылтөбе ауылдық округтерінен әрқайсысы 600 орындық орта мектеп құрылысының ЖСҚ-сы жасақталуда.



«Балапан» мемлекеттік бағдарламасы бойынша аудандағы 3-6 жас аралығындағы 11 713 баланың 6647-сі мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтылуда, яғни балаларды балабақшамен қамту үлесі 56,7%-ды құрап отыр.

Өткен жылы Баянды ауылынан және Маңғыстау ауылының Маңғыстау-4 тұрғын массивінен 280 орындық балабақша құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Одан басқа, Маңғыстау ауылының Маңғыстау-5 тұрғын үй массивінен 280 орындық балабақша құрылысы аяқталды. Дәл осындай балабақшалар құрылысы Атамекен және, Дәулет ауылдық округінде басталды, ағымдағы жылы құрылыс жұмыстары аяқталады.

Өткен жылы 380 орындық 4 жекеменшік балабақша ашылды.

Қызылтөбе ауылдық округінен 280 орындық балабақша және Қызылтөбе-2, Маңғыстау-2, Маңғыстау-3 елді мекендерінен 140 орындық балабақша құрылыстарының ЖСҚ-сы жасақталуда.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, ағымдағы жылы білім беру саласына 5 млрд. 352 млн. теңге (2013ж – 5 576 млн.теңге) бөлінді, бұл барлық аудан бюджетінің 51,2 пайызын құрап отыр.

Бүгінгі күні мектеп жұмысының сапалы көрсеткіші - Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындылары. Биыл Мұнайлы ауданындағы 486 түлектің 225-і Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысып, тестілеудің қорытындысы бойынша 78 орта балмен облыстың қала аудандар арасында бірінші орынды иеленді. (2013 жыл 71,2 орта балмен 3 орын). Жас түлектердің 4-еуі алтын белгі, 6-уы үздік аттестатқа ие болды. Мектеп бітірген түлектердің 278-і жоғарғы оқу орындарында, 158-і арнаулы орта білім орындарында білім алуда, 1-еуі Отан қорғауға аттанса, қалған 49 бала әртүрлі салада жұмыспен қамтылған.

Қазіргі таңда, мектеп оқушыларының 16 465 (90,3%) ыстық тамақпен, оның ішінде 4 944-і тегін ыстық тамақпен қамтылуда. Тегін ыстық тамақ ішетін балалардың 2 323-і мүжәлсіз отбасы балалары, ал 2 621-і бірінші сынып оқушылары құрайды.

Денсаулық сақтау саласында 13 мемлекеттік медициналық мекемелер жұмыс жасауда, оның ішінде 1 – орталық аурухана, 1– орталық емхана, 4 – бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсету орталығы, 4 – дәрігерлік амбулатория, 1 – фельдшер-акушерлік пункт, 1 – жедел жәрдем және 1 тубдиспансер.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бағытында аудан бойынша бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылды.

Денсаулық сақтау саласында медициналық қызмет сапасын жетілдіру және тұрғындардың денсаулығын жақсарту шаралары тұрақты түрде жүргізіліп, бақылануда. Соның негізінде, аудан бойынша өткен жылмен салыстырғанда туылған сәби саны 399 балаға өсті. (2013ж. – 3 852 бала, 2014ж.-4 251 бала). 2014 жылы ауданда 1-жасқа дейінгі 44 сәби өлімі тіркеліп, көрсеткіш туылған 1000 сәбиге шаққанда 10,3 промилді құрады..

Туберкулез ауруымен ауыратындар саны 100 адамды құрап, көрсеткіш 100 мың тұрғынға шаққанда 80,9 промильді құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 9,5 промилге төмендеген. (2013ж.-90,4 промиль).

Ана өлімі тіркелген жоқ.

Батыр ауылдық округінен ауысымына 40 адамды қабылдайтын дәрігерлік амбулатория құрылысы басталды.

Маңғыстау ауылынан 150 төсектік аудандық аурухана құрылысын бастауға 100 млн. теңге қаржы бөлінді.



Мәдениет және спорт саласы. 2014 жылы аудан көлемінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекелері мен атаулы күндерге орайластырылған 75 мәдени-спорттық шаралар ұйымдастырылды. Оған 19 535 тұрғын қатысты.

Ауданда жүйелі түрде спортпен айналысатындардың санын көбейту мақсатында, жер қойнауын пайдаланушы компаниялар есебінен Басқұдық ауылдық округінде спорт мектебінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, қазіргі таңда Атамекен ауылдық округінен 2 спорт зал құрылысы мен Маңғыстау ауылынан 160 көрерменге арналған денешынықтыру-сауықтыру кешені құрылысының ЖСҚ-сы жасақталуда.

Әлеуметтік қолдау саласы. 2014 жылы әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру саласына 371,8 млн. теңге қарастырылды.

2014 жылы кедейшілік шегінен төмен тұрған 275 адамға 11 млн. 926 мың теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді, орташа табысы азық-түлік себетінен аспайтын 323 балаға 7 млн. 659 мың теңге балалар жәрдем ақысы төленді.

Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне, катысушыларына және соларға теңестірілген 307 адамдарға, қаза тапқан жауынгерлердің отбасыларына біржолғы жәрдемақы төлеуге жұмсалған қаржы 10 млн. 620 мың теңгені құрады.

Аудан бойынша материалдық көмекке мұқтаж 127 адамға 2 млн. 019 мың теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді.

2014 жылы аудан аумағындағы ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген 608 әлеуметтік сала мамандарына (білім саласынан-479, денсаулық саласынан-125, спорт саласы – 2, ветеринариялық қызметкер – 2,) 78,8 млн. теңге көлемінде біржолғы көтерме жәрдем ақы, тұрғын үй сатып алу үшін 135 маманға (білім саласынан-111, денсаулық саласынан-23, ветеринариялық қызметкер – 1) 372,9 млн. теңге бюджеттік несие берілді.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының 1-бағыты: «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» бойынша 2014 жылға бөлінген жалпы соммасы 801,9 млн. теңгені құрайтын 56 жоба іске асырылып, 214 адам жұмысқа жолданды. Барлық ауыл, ауылдық округтердің елді мекендерінде жаяу жүргінші жолдары төселіп, балалар ойын алаңдары мен спорт алаңдар салынды. Сонымен қатар, Баянды, Даулет және Маңғыстау ауылдарының инженерлік желілеріне, жылу жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, Маңғыстау ауылының автомобиль жолдарының бойына көше жарығы орнатылды.

2-ші бағыты: «Ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамыту» аясында жыл басынан 20 адам «Кәсіпкерлік негіздері» курсынан өтіп, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 24 адамға 67,9 млн. теңге несие берілді (техникалық қызмет көрсету, шаштараз, мал шаруашылығы және басқа да қызмет көрсету орындары).

Сонымен қатар, «Каспий» Микроқаржы ұйымы арқылы 15 кәсіпкерге 49,7 млн.теңге несие берілді.



3-ші бағыты «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу; жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру үшінші бағыты бойынша 2014 жылы жастар іс-тәжірибесіне республикалық бюджеттен 5,9 млн теңге қаржы бөлініп, жастар іс-тәжірибесі арқылы 37 жұмыссыз жастар мамандықтары бойынша 19 мекемеге жұмысқа жолданды. Әлеуметтік жұмыс орындарына 6,5 млн теңге бөлініп және әлеуметтік жұмыс орындары арқылы 46 адам 16 мекемеге жұмысқа жолданды.

Сонымен қатар, аталған бағыт аясында 2014 жылға біліктілігін арттыру курсына 15 адам (есепші, электромонтер) және қайта даярлау курсына 36 адам (тігінші, тәрбиеші, аспаз, шашатраз) жолданды. Бір жылдық кәсіби даярлау курсына 14 адам (тігінші электрик) оқуға жолданды.

2014 жылы шағын кәсіпкерлікті қолдау мақсатында Бизнес-инкубатор ғимараты салынып, пайдалануға берілді.

Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған Үдемелі индустриялық-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2014 жылы 2 жоба Аймақтық Үйлестіру Кеңесіне ұсынылды:


  1. 100 мың бас тауық өсіретін «ТехПромМаркет» ЖШС-гі.

  2. Жылына 6 600 ш.м. гипсокартон өндіретін «СтройПластАқтау» ЖШС-гі.



Ауыл шаруашылығы.

Аудан бойынша 46 004 мал басы тіркелген. (ірі қара-1049, қой, ешкі -24075, жылқы-4159, түйе-3937 және құс-12760, шошқа-24). Бірдейлендірілген барлық мал саны – 26 163. Есепті кезеңге аудан аумағында 182 шаруа қожалығы қызмет көрсетуде, оның ішінде 150 мал шаруашылығы, 32 қожалық егін шаруашылығымен айналысады. 24 шаруа қожалығы тамшылата суару әдісімен 191,9 га. алқапқа, 26 шаруа қожалығы ашық топырақта 202,7 га. алқапқа көкөніс екті. Егін шаруашылығымен айналысатын 26 шаруа қожалығына 202,7га. алқапқа пайдаланған суға 14 млн. 032 мың теңге көлемінде субсидия бөлінсе, 6,15 га жылыжайға көкөніс егіліп, оған 32,8 млн. теңге субцидия бөлінді.

2013 жылдың қаңтар-қазан айларында өндірілген тірі салмақтағы мал мен құс өнімдері-942,2 тонна, сиыр сүті 263,9 тонна, жұмыртқа 121,7 мың дана өндірілді.

2011-2014 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы бойынша "Қолжетімді тұрғын-үй-2020" бағдарламасы бойынша Маңғыстау ауылынан 24-пәтерлік 4 қабатты 2 жалдамалы тұрғын үй құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

Батыр ауылдық округінің Емір елді мекенінен 4-пәтерлік 20 тұрғын үй құрылысының және Маңғыстау ауылынан салынатын 24-пәтерлік 4-қабатты жалдамалы 10 тұрғын үй құрылысының ЖСҚ-сы жасақталып қорытындысы алынды.

Аудан бойынша тұрғын үй кезегіне барлығы 1 594 азамат тіркелген.

Аудан аумағындағы елді мекендердегі әлеуметтік нысан құрылыстарын және инженерлік инфрақұрылым желілерін дамыту бойынша:


  • Басқұдық ауылдық округіндегі «Жаңа қоныс» елді мекеніндегі тұрғын үйлерді газбен қамтамасыз ету жұмыстары аяқталды;

  • Маңғыстау ауылында көпқабатты тұрғын үйлердің инженерлік желілер құрылысы жүргізілуде;

  • Батыр ауылдық округінің елді мекендерін газдандыру және электрмен қамтамасыз ету жұмыстары басталды.

Қазақстан Республикасының 2011 - 2020 жылдарға арналған "Ақ бұлақ" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, аудан тұрғындарының сумен қамтылуы 15,7 пайызды құрайды. 2020 жылға дейін елді мекендерді сумен қамтуды 80 пайызға жеткізу үшін Дәулет, Атамекен ауылдық округтеріндегі су жүйесі құрылысы жобалық сметалық құжаттамасының оң қорытындысы алынып, 2014 жылы Дәулет ауылдық округін сумен қамтамасыз ету жұмыстары басталып кетті.

. Сонымен қатар, Маңғыстау, Басқұдық ауылдарының және Баянды-3 тұрғын үй массивінің су жүйесі құрылысының жобалық сметалық құжаттамасы жасақталуда

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында: 2 ауылдық округтерде 64,3 млн.теңгеге 5 жоба іске асырылып, Қызылтөбе ауылдық округіндегі №2 орта мектептің ғимаратына ағымдағы жөндеу жүргізілді және ауласы темір шарбақпен қоршалды, Лицей мектебінің ғимараты ағымдағы жөндеуден өткізілді, Қызылтөбе ауылдық округінде газ жүйесі қайта жарақтандырылды, Басқұдық ауылдық округіндегі ВЛ-0,4 электр желісіне ағымдағы жөндеу жүргізілді.

2015 жылдың 1 қаңтар жағдайына аудан көлемінде 704 қылмыстық оқиға тіркелді, соның ішінде ашылғаны – 354 қылмыс. 2013 жылмен салыстырғанда (556) қылмыс 26,6 пайызға көбейіп отыр. Соның ішінде, жасөспірімдер арасында жасалған қылмыстар саны – 19, қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар саны – 59, ұрлық, қарақшылық, бұзақылық және т.б. қылмыстар саны-626.


2015 жылға арналған жоспар:


  • Атамекен ауылдық округінен 1200 орындық мектеп құрылысын аяқтау;

  • Атамекен ауылдық округіндегі 640 орындық мектепке 320 орындық қосымша құрылыстың ЖСҚ жасақтап, қорытындысын алу;

  • Басқұдық және Қызылтөбе ауылдық округтерінен 600 орындық орта мектеп құрылыстарының ЖСҚ жасақтап, қорытындысын алу;

  • Атамекен, Дәулет ауылдық округіндегі 280 орындық балабақша құрылыстарын аяқтау;

  • Қызылтөбе ауылдық округінен 280 орындық балабақша құрылысының ЖСҚ –сының қорытындысын алу және құрылысын бастау;

  • Қызылтөбе-2, Маңғыстау-2, 3 елді мекендерінен 140 орындық балабақша құрылысының ЖСҚ-сының қорытындысын алу;

  • Маңғыстау ауылынан 150 төсектік аудандық аурухана құрылысын бастау;

  • Атамекен ауылдық округінен 2 спорт зал құрылысының ЖСҚ жасақтап, қорытындысын алу;

  • Маңғыстау ауылынан 160 көрерменге арналған денешынықтыру-сауықтыру кешені құрылысының ЖСҚ жасақтап, қорытындысын алу;

  • Маңғыстау ауылынан жүзу бассейні, әмбебап залы және мұз айдыны бар спорт кешені құрылысының ЖСҚ-сын;

  • Атамекен және Дәулет ауылдық округтеріндегі 200 орынға арналған кітапханасымен бірге ауыл клубының ЖСҚ-сын аяқтап, қорытындысын алу;

  • Маңғыстау ауылынан 500 орынға арналған кітапханасымен бірге мәдениет үйінің құрылысының ЖСҚ аяқтап, қорытындысын алу;

  • Батыр ауылдық округінен әкімшілік ғимарат құрылысын салу;

  • Дәулет селолық округінен сумен қамту желісінің құрылысын аяқтау;

  • Басқұдық, Қызылтөбе ауылдық округтерінің және Баянды-3 елді мекенінің сумен қамту желісінің құрылысының ЖСҚ жасақтау;

  • Маңғыстау ауылының канализация жүйесі құрылысының ЖСҚ-сын жасақтау;

  • Маңғыстау ауылындағы көпқабатты тұрғын үйлердің инженерлік желілер құрылысын жалғастыру;

  • Батыр ауылдық округінің Емір елді мекенінен 4 пәтерлі 20 тұрғын үйдің құрылысын бастау;

  • Маңғыстау ауылынан әлеуметтік сала қызметкерлеріне арналған 100 орындық жатақхана құрылысының ЖСҚ жасақтап, қорытындысын алу;

  • Батыр ауылдық округінің елді мекендерін газдандыру мен электрмен қамтамасыз етуді жалғастыру;

  • Атамекен ауылдық округінің елді мекендерінің электр желісін қайта жарақтандыру;

  • Баянды ауылындағы қатты-тұрмыстық қалдықтарды көму полигоны құрылысының 2-кезеңін бастау;

  • Маңғыстау ауылындағы «Жеңіс» алеясын қайта жарақтандыру;

  • Маңғыстау ауылындағы вокзал жанының аумағын және көлікпаркін көркейту және көгалдандыру бойынша ЖСҚ жасақтап, қорытындысын алу;

  • Баянды ауылының 15 шақырым ауылішілік автомобиль жол құрылысының ЖСҚ жасақтау;

  • Маңғыстау ауылының Маңғыстау-5 тұрғын үй массивінің 15 шақырым ауылішілік автомобиль жол құрылысының ЖСҚ жасақтау;

  • Маңғыстау – Маңғыстау-5 автокөлік жол құрылысын салу.



Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет