«Құмның қасиеттері» Жумабекова Айкерим Сериковна «Айгөлек» бөбекжай-бақшасының І санатты тәрбиешісі



жүктеу 55.98 Kb.
Дата13.05.2019
өлшемі55.98 Kb.

«Құмның қасиеттері»
Жумабекова Айкерим Сериковна
«Айгөлек» бөбекжай-бақшасының І санатты тәрбиешісі
Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Егіндібұлақ ауылы
Білім беру саласы: «Таным» «Шығармашылық» Бөлімі: Жаратылыстану. Мүсіндеу. Тақырыбы: «Құмның қасиеттері». Мақсаты: Білімділік: балаларды құмның пайдасымен және қасиетімен таныстыру.Құмға қалып тармен ойыншықтардың бейнесін жасауға үйрету. Дамытушылық: Зерттеу жұмыстарына қызығушылықтарын арттыру.Саусақ моторика сын дамыту.Құм терапиясы арқылы табиғи дүниені сезіне білуін  жетілдіру. Тәрбиелік: тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Көрнекіліктер: интербелсенді тақта,слайдтар, құрғақ құм, табақшалар, ыдыстағы су, сүлгілер,таяқшалар,қалыптар,алжапқыштар. Әдіс-тәсілдер: көрсету,әңгімелеу,түсіндіру,сұрақ-жауап,тәжірибе жасау,құм терапиясы; (қолдарын құмға салу, құмды себелеп құю,саусақтарының арасы мен құмды уқалау). Сөздік жұмыс: сусымалы, құрғақ, дымқыл. Қостілділік компонент:құм-песок.

Мотивациялық-қозғаушы қызмет.

Тәрбиешінің әрекеті:

Сәлеметсіңдер ме,балалар?

Көңіл-күйлерің жақсы ма? Бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіне дайынсыңдар ма?

Балалардың іс-әрекеттері: Сәлеметсіздер ме?

Шаттық шеңбер.

Біздің топта ұл-қыздар,

Тату-тәтті ойнаймыз.

Айналаға,бар адамға,

Тек мейірім сыйлаймыз.

–Олай болса апайлармен амандасайық.

–Сәлеметсіздер ме?




Ұйымдастырушылық-ізденістік кезең.

(Тосын сәт)

Балалар, қараңдаршы бізге қонаққа не келді?

Балалар сұрақтарға жауап береді.

-Неліктен екен, ол өте көңілсіз.

–Не болды қоян?

Балалар аяушылық сезімін білдіреді.

Қоян: (жыламсырап):

-Мен жолдастарыма құмнан түрлі ойыншықтар жасап берейін деп едім. –Мен жасай алмаймын.

–Сендер маған қалай істеу керектігін үйретіңдерші.

-Балалар, сендер қоянға көмектескілерің келе ме?

-Міне, мен құм әкелдім, ол мына менің шелегімде.

-Қараңдар, шынымен қоянның шелегінде құм бар.

Қоян біз саған бүгін құм туралы бәрін айтып береміз.

Қазір біз сендермен құмның пайдасымен танысамыз, алдымен құммен ойындар ережелерін қайталап аламыз және қоянға айтып береміз:

-Құмды ауызға салуға болмайды.



- Құмды бір-біріне шашуға болмайды.

-Құмды ұстаған қолмен көзімізді уқаламауға болмайды.

Құм – ұсақ табиғи зат.Құм ақ, сары қоңыр, қара, қызыл, т.б. түсті болады. Құм – нағыз кең тараған пайдалы қазба. Құм – сусымалы зат. Құмды бір орыннан екінші орын ға сусытып себуге болады. Адам құрылысқа сазбен бірге құмды да пайдаланады. Құм қосылған саз дан кірпіштер жасалады. Үй салған кезде кірпіштерді құммен ұстатады. Қыста жол тайғанақ болғанда, құмды себеді, өртті құм мен өшіруге болады. Құм маңызды пайдалы, бізге өте қажет.

–Ендеше балалар,құмның қасиетімен танысайық. Біз құмды зерттейміз. –Олай болса біз зертханаға барайық. Зертханада түрлі тәжірибелер жасалады.

Зертхана – бөлме, онда білімді адамдар заттарды зерттейді, тәжірибелер мен сараптама лар жасайды.

Біздің киіміміз былғанбас үшін алдымызға алжапқыштар тағып алайық.

1тәжірибе «Сусымалы құм» -Қараңдаршы, қоян бізге сусымалы құрғақ құм әкеліпті. -Құм құрғақ, түсі қоңыр. -Айтыңдаршы, құм қандай? -Қанекей, шелектен құмды төгемін. Құм бытырап кетіп жатыр, саулап жатыр, ол сусымалы. –Қоян,сен есіңде сақта құм - құрғақ, сусымалы. Ыдыстағы құмдарыңды табақшаға төгіп,ұстап көріңдерші. Алақандарыңа құмды себіңдер. Балалар тәжірибе жасайды. -Қараңдаршы, құм қандай екен? -Қолымызда ұстауға қиын. Құмшалар қолымыздан жылжып кетеді. Бұл құм-құрғақ. -Дұрыс, олар құмшалардан және олар өте ұсақ. -Құмды қолда ұстай алмаймыз, қараңдаршы қолымыздан сусылдап төгіліп жатыр. Құм құрғақ, сол себепті сусылдайды. -Қазір, біз қоянға әртүрлі ойыншықтар жасаймыз, ол өзінің жолдастарына сыйласын. Алдымыздағы құмды қалыптарға саламын,одан пішіндер жасаймыз.Оларды қайтада табақшаға аударамыз. - Балалар, ойыншықтарды жасай алдық па? -Жоқ. -Неліктен жасалмады? -Өйткені құм сусымалы,құрғақ. Нәтижесі: құрғақ құм сусымалы. -Қоян,есіңде сақта құрғақ құм бір-бірімен бірікпейді. -Қараңдаршы, біздің қоян көңілсізденіп қалды, қанекей сергіту сәтін жасайық,көңілдендірейік. Сергіту сәті: Ұзын құлақ сұр қоян, Естіп қалып сыбдырды. Ойлы-қырлы жерлермен, Ытқып-ытқып жүгірді. Қарап еді артына, Қиғын салып көзінің. Келе жатқан томпаңдап, Көжегі екен өзінің.

2 тәжірибе «Дымқыл құм» Егер құмға су құйсақ не болады? Онда тексерейік. -Енді біз құмға су құяиық.

–Қараңдаршы,құмға су құйып едім құм дымқылданды.

–Енді сендер алдарыңдағы құмға су құйыңдар. –Құмды ұстап көріп,айтыңдаршы құм құрғақ па,әлде дымқыл ма?

-Құйған суымыз қайда сіңді?

Балалардың жауаптары.

-Ол құрғақ құм сияқты сусылдай ма?

-Байқап көріңдерші.

Балалар тәжірибе жасайды.

-Жоқ, құм сусылдамайды.



Нәтижесі: құм дымқылданып, бір-біріне бірікті.

-Қанекей, дымқыл құмнан әртүрлі ойыншықтар жасайық. Құмды қалыптарға нығыздап саламыз да оны мына қоянның табақшасына аударамыз.

-Балалар қандай бейнелер шықты?

Балалар: доп,тасбақа,көлік,саңырауқұлақ т.с.с.

-Құм дымқыл болғаннан кейін сендердің қалыптарыңнан әртүрлі бейнелер жасалды.

-Қоян, қарашы, біздің балалар саған қандай әртүрлі ойыншықтар жасады! -Біз тәжірибе жасап болдық енді балалар,қолымызды жақсылап сүртейік. Сөздік жұмыс: сусымалы, құрғақ, дымқыл.



Қостілділік компонент: құм-песок .

–Қоян,сен де бізбен бірге қайтала



Қоян:-Рахмет, сендерге балалар, енді мен жолдастарыма көрсетейін.

Мен сендерден құм туралы көп мағлұмат алдым.

-Сендер маған көмектескен үшін, сендерге мен сыйлық әкелдім (балаларға сәбіз қосылған пирог береді)

Қоян: -Ал енді менің орманға кетуім керек.Сау болыңдар!

-Балалар,олай болса қоянмен қоштасайық.



Рефлексивті- түзетушілік кезең. Қорытындылау:

-Балалар, бүгінгі оқу қызметінен қандай әсер алдыңдар? Сұрақтар қоя отырып пысықтау.



-Балалар, сендер оқу қызметіне өте жақсы қатыстыңдар,тәжірибені өте жақсы орындай білдіңдер. Балалар алған әсерлерін айта отырып, көңіл күйлерін айтады. Немен айналысқандарын, не үйренгендерін айтады.
Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: құмның қасиетін, пайдасын біледі;

Қандай түсініктерді игереді: құммен тәжірибе жасау арқылы оның құрғақ, сусымалы, дымқыл болатын түсінді;

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: құммен бейнелер жасауға іскерленді.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет