Мобильді ХҚко көшпелі қызмет көрсетеді «Халыққа қызмет көрсету Орталығы»



жүктеу 11.25 Kb.
Дата24.12.2017
өлшемі11.25 Kb.

Мобильді ХҚКО көшпелі қызмет көрсетеді
«Халыққа қызмет көрсету Орталығы» Арал аудандық бөлімінің шалғай елді-мекендерді аралап қызмет көрсетететін «Мобильді ХҚКО» қызметкерлері ай сайын баспасөз бетіне және Арал ауданы әкімдігінің сайтына жарияланатын кесте бойынша тұрақты түрде қызмет етіп келеді. Жоғарыда айтып өткендей, шалғай елді-мекендерден аудан орталығына қатынасуы қиын тұрғындарға ХҚКО-ның барлық қызметін алу мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, мобильді ХҚКО мүмкіндігі шектеулі жандарға, оның ішінде 1 және 2 топ мүгедектеріне көрсетілетіндігін атап өту керек.

Енді «Халыққа қызме көрсету Орталығы» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалы мен Зейнетақы төлеу орталығының Қызылорда облысы бойынша филиалының бірлескен жұмыс жоспарына байланысты, «Мобильді ХҚКО» мен бірге ауылдарға қызмет көрсету үшін сапарға зейнетақы төлеу орталығының мамандары да шығатын болды. Атап айтсақ, Зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығының Арал аудандық бөлімшесінің маманы ХҚКО Арал аудандық бөлімінің «Мобильді ХҚКО» тобымен бірге сапарға шығып, өз саласының шеңберінде қызмет көрсетеді. Яғни, бала туғанда және бала күтімі жөніндегі жәрдемақы тағайындау, арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау т.б. қызметтер бойынша қызмет көрсететін болады. Сонымен қатар, халық арасында аталған қызметтерге байланысты жадынамалар таратылып, кеңестер беріледі.

Бұл сапардың мақсаты, шалғай ауыл тұрғындарын ЗТМО бойынша көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз етіп, құқықтық кеңестер беру.

 



ХҚКО Арал аудандық әкімшілігі
Каталог: img lib
img lib -> Арал аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты мекемелердің аудан әкімінің ресми веб порталына енгізілетін материалдар тізімі
img lib -> Арал ауданындаѓы білім саласы бойынша
img lib -> Аудан әкімі А. Мұхимовтың тұрғындар алдындағы кезекті
img lib -> Аудандық мәдениет үйі мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорынының 015 жылдың айына мәліметі
img lib -> Хабарландыру №10
img lib -> Арал ауданындаѓы білім саласы бойынша
img lib -> Дзэами Мотокиё «Предание о цветке стиля» «Фуси Кадэн»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет