Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы, әнші Мадина Сәдуақасова оқырманына ерекше образын көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/sadvakasovamadina/

Өнер иесі бұл жолы қалыңдық көйлегін киген. 

“Жақында үйлену тойы”, – деп жазды әншінің өзі.

Желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бірі қолдап, сұлу қалыңдыққа теңеп жатса, енді бірі жасыңа сай келмейді деп сынап тастады. 

“Жасы 40-тан асты. Төсін жалтыратып жүруге ұялмайды”, “Тағы да күйеуге шықты деп ойлап қалдым”, “Уақыт өзінікін алады екен, мына көйлекке түріңіз кәрі болып тұр”, “Мінсіз сұлу екенсіз”, “Боянбаса да әдемі екен”, “Қалыңдық болатын жастан өттің ғой, өнегелі іс істесеңші” деп жазып жатыр әншінің оқырмандары. 

  • Тойда еден опырылып жас жұбайлар мен қонақтар төменге құлап кетті (видео)

  • "150 қонақ шақырып қойғасын бас тарта алмадым": Қалыңдық үйлену тойына не үшін жалғыз қатысқанын түсіндірді

Алайда әншінің образы жиі сынға қалғанымен, әндері хитке айналады. Өнер иесі ән мен сәнді қатар алып жүретінін жиі айтады.

“Менің шығармашылық тобымда түгел жастар. Репертуарымдағы әндерімнің де авторы – жас композиторлар. Стилистім де жас жігіт. Олар жас болғанымен талғамдары өте жоғары. Мені бірден баурап алады. Жақында 4 жаңа әнім жарық көреді. Қазіргі заман талабына сай түрлі сала мамандарымен жұмыс істеп жатырмын. Шынымды айтсам, 12 адамға жұмыс беріп отырмын”, – деген еді эстрада жұлдызы. 

 

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от Мадина Садвакасова (@sadvakasovamadina)


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.