Шахтадағы апат кезінде ажал құшқан қарағандылық кеншілердің жақындары Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұжымдық үндеу жолдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Kozachkov offside Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Ашық дереккөзден

Олардың бас көтеруіне марқұмдардың құрметіне арналған ескерткіштің орнатылатын жеріне қатысты мәселе себеп болды. Жиналған жұрт мемориалдың қайғылы жағдай болған шахтада емес, Қарағандыда орнатылғанын қалайды. Осындай өтінішпен олар мемлекет басшысынан көмек сұрады. 

"Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев! Сіздің білікті басқаруыңыздың арқасында бейбіт әрі тыныш елде өмір сүріп жатырмыз. Алайда осындай заманда да жақындарымыз қаза болып жатыр. 28 қазан күні Костенко шахтасында болған жарылыс осыған дәлел. Бұл жағдай жұмысқа шығарып салған 46 азаматты үйіне қайтармады. 46 отбасы сүйікті әрі қымбат жақынынан айырылып отыр. Жарылыс дұрыс ұйымдастырылмаған жұмыс барысы мен салғырт қауіпсіздік шараларының кесірінен болды. Тергеу шаралары мұны 100 пайыз растап отыр. Азаматтарымызды қайтара алмаймыз. Алайда олардың ерлікпен қаза табуына байланысты ескерткіш орнатылса дейміз. Болашақта балаларымыз, немерелеріміз басына барып, құрметпен еске алса деймыз. Біздің өңірде әр түрлі шахталарда орнатылған ескерткіштер бар. Бірақ шахта жұмысын тоқтатқан кезде олар да қараусыз қалды. Сондықтан ескерткіш жақындарымыз қаза болған жерде емес, кеншілердің қаласы Қарағандының ортасында орнатылса дейміз. Осы өтінішке қолдау көрсетіп, ескерткіштің орнатылуын қадағалай отырып, тездетуін сұраймыз”, – дейді қаза болған марқұмдардың бірінің жақыны.

  • Костенко шахтаcында өндірісті қалпына келтіруге тыйым салынды
  • Костенко шахтасындағы апат: Төтенше жағдайлар министрлігі қайғылы оқиғаға қатысты айыптылардың аты-жөнін атады

Айта кетейік, былтыр 28 қазан күні төтенше жағдай аймағындағы өрттен кейін Костенко атындағы шахтада жарылыс болды. Салдарынан сол сәтте шахтада болған 252 адамның 46-сы қаза тапты. 

Бұған дейін Костенко шахтасындағы қайғылы оқиғаға кінәлі деген айыппен 9 шенеунік қамауға алынған еді.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.