Моңғол қазақтарының этнографиялық еңбектері



жүктеу 106.46 Kb.
Дата15.11.2017
өлшемі106.46 Kb.

ӘОЖ 39(517+574) Нигмет А., аға оқытушы,

гуманитарлық ғылымдар магистрі

Қазақ экономика, қаржы және

халықаралық сауда университеті




МОҢҒОЛИЯЛЫҚ ҚАЗАҚ ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРІ

Аңдатпа

Бұл мақалада Моңғолиялық қазақ тарихшы- этнографтарының Моңғолия қазақтары туралы этнографиялық зерттеулері қарастырылады.

Тәуелсіздік ел тарихындағы тарихи тұрғыдан өзекті мәселесі диаспорология тәрізді назардан тыс қалған кейбір салаларын өркендетуге кең жол ашып, шетелдегі қазақтардың тарихы жүйелі түрде зерттеле бастады.

Аталмыш мақалада осы қазақ диаспорасының бір шоғыры-Монғолия қазақтарының этнографиялық құндылықтары сөз болмақ.
Кілт сөздер: Моңғолия қазақтары, этнограф, этнография, этнология, әдет – ғұрып, салт-дәстүр, саятшылық, этнографиялық зерттеулер.

Жас ұрпақтың ұлттық сана-сезімін, өмірлік көзқарасын, рухани дүниетанымын қалыптастыруда, халық қазынасы бай мұраларымыз- этнографиялық құндылықтарымыздың алатын орны ерекше. Осы бір рухани бай қазынамызды жинау, зерттеу, өзіндік орнын белгілеу бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр.

Ата-бабаларымыздың ежелден-ақ еңбексүйгіш, өзіндік мәдениеті бар ел болғандығын дәлелдейтін фактілердің бірі – оның этнографиясы. Олар өздерінің қастерлеп жинаған рухани байлығын көп жағдайларда ауыз әдебиеті, салт-дәстүрі, әдет-ғұрыптары арқылы ғасырдан ғасырға жалғап сақтап келді. Бүгінгі өресі биік, озық мәдениетке бір күнде жеткен жоқ, бұл жолда небір қиян белестерден өтті.

Осындай тарих қойнауында жасалған ұшан теңіз рухани қазынамыз қаншалықты зерттелді?, қаншалықты жиналды?, бүгінгі ұрпаққа қаншалықты дәрежеде жетті? деген сауалдар туындайды. Осы орайда Тәуелсіздік -ел тарихының тынысын кеңейтті, оның диаспорология тәрізді назардан тыс қалған кейбір салаларын өркендетуге кең жол ашып, шетелдегі қазақтардың тарихы жүйелі түрде зерттеле бастады. Қазақтардың бір шоғыры-Монғолияның батыс өлкесі Баян-Өлгей аймағын мекендеген қазақтар – Монғолия қазақтары деп аталады. Монғолия қазақтары – қазақ халқының құрамдас бір бөлігі. Сондықтан олардың әдебиеті, мәдениеті, салт дәстүрі, тілі, діні бір. Бірақ шет елдегі қазақтар ата мекенінен жырақ кеткеннен кейін, тарих қойында, олар өзіндік мәдениетін, әдебиетін, тарихын жасады. Моңғолия қазақтарынының этнографиясы-ауыз әдебиеті, ұлттық сана сезімі, дүниетанымы, рухани бай қазынасы, ұлттық мәдениет сол бойымен тұнып тұрған кен қазына.

Осы игілікті істерді зерттеп, талдау мәселесі бүгінгі этнография ғылымының міндеті, әрі мәселенің өзектілігі де осында. Қазақстан тарихының кезек күттірмейтін өзекті мәселелері Моңғолия қазақтарының этнографиялық тұрғыдан зерделенуі, этнологиялық талдау жасаудың қажеттілігі өмірден туындап отыр. Аталмыш қажеттілікті өтеу мақсатымен Моңғолия қазақтарының этнографиялық мәселелерін сөз етуіміздің өзі тақырыптың өзектілігінен туындаған маңыздылығымен ерекшеленеді. Осы орайда, Моңғолиялық этнограф-тарихшыларының моңғол қазақтарына қатысты жазылған этнографиялық монографиялық және диссертациялық зерттеулеріне талдау жасау барысында Моңғолия қазақтарының этникалық құрамының қалыптасуында өзіндік орнын белгілеуге елеулі үлес қосатындығы тақырыптың өзектілігін одан ары арттыра түспек.

Қазақстанның тәуелсіз төл тарих ғылымын қалыптастыру жолында этнология ілімі туралы ой-пікірлердің қалыптасу деңгейі мен проблемаларын анықтау және жекелеген кезеңдерді диалектика аясында, жаңа көзқарас тұрғысында жете зерттелмегендігін анықтап, осы кезеңдерге зерттеулер жүргізудің маңыздылығы мен қажеттілігін айқындау, нақты дәйектемелер ұсыну бүгінгі этнология ғылымы үшін өзекті. Ал, аталмыш біз көтеріп отырған мәселе - Моңғолия қазақтарының этнографиялық зерттеу мәселелерін шешуге бағытталған ой – пікірлердің қарастырлатындығын ескерсек, зерттеудің өзектілігі арта түседі.

Бұл орайда, Моңғолия қазақтарының рухани және материалдық мәдениетін тек қана «Моңғол қазақтарына» қатысты құндылықтар ретінде ғана емес, олардың қазақ мәдени мұралары — көне қазақ тарихына да тікелей қатысы барлығын ескерсек екен дейміз.

Моңғолия қазақтарының этнографиялық еңбектерінің зерттелу мәселелесіне байланысты ілгеріде арнайы жеке зерттеулер жоқ. Алайда, жекелеген мәселелер бойынша; әдет – ғұрып, салт-дәстүр, саятшылық т.б., сонымен қатар Моңғолия қазақтарының ежелгі түркі мекенінде өмір сүруіне байланысты еңбектер баршылық.

Моңғолиялық қазақтардың тарихы ХІХ ғасырдың соңы- ХХ ғасырдың басында орыс ғалымдары Н. Аристов, В.Грумм-Гржимайло, Г.Н. Потанин, В.В. Сопажников, А.В. Бурдуков, Цевен Жамцранолардың арнайы зерттеу нысанына айналды. Олар өз еңбектерінде Моңғолиядағы қазақтар тарихын ғана емес, салт- дәстүрі, әдет -ғұрпы, мәдениеті мен шаруашылығына қатысты мол мағлұматтар қалдыруы моңғол қазақтары туралы зерттеудің қалыптасуына үлкен ықпал еткенін ерекше атап айтқан жөн.

Сонымен қатар, моңғол қазақтарының арасынан этнографиялық зерттеу саласында көшбасы ретінде Х. Шобайдың 1980 жылы жазған «Қазақ-уранхай халықтарының ұлттық қол өнері» атты еңбегінің алар орны ерекше[1]. 1991 жылы Баян –Өлгей баспаханасынан Моңғолия қазақтарына қатысты М. Нығметтің «Қазақ ұлттық қолөнері»[2], Халел Нүрке ұлының «Ұлттық мирас, ата мұра»атты еңбектері жарық көрді[3]. Сондай-ақ Закия Ақайқызының «Ою-өрнек ой айтар» деп аталатын моңғолия қазақтарының қолөнеріне қатысты еңбегі жарық көрді[4].

Бұл аталмыш зерттеулерде Моңғолия қазақтарының рухани және материалдық мәдениетінің мәселелері қарастырылады. Моңғолия қазақтарының материалдық мәдениетінің ерекшелігінің бірі, ғасырлар бойы көшпелі өмір сүрген киіз турлықтылардың баспанасы жылжымалы киіз үйін болып табылады. Сондықтанда киіз үй өзінің мән мағынасынан айрылмай күні бүгінгі дейін «шыққан қара шаңырағымыз» аман болсын деген аталы сөзді ешбір ұрпақ аузынан тастамай, сол қалпында сақтап келуін ерекшелегі деп айта аламыз. Моңғолия қазақтарының әдет-ғұрып, салт-дәстүрі ерекшеліктері, наным-сенімдеріне қатысты мәселелері қарастырылған.

Моңғолия қазақтарының этнографиялық зерттеу мәселесіне қатысты белгілі этнограф ғалым Б. Камалашұлының еңбектері бүгінгі моңғол қазақтары этнографиясының қалыптасуында ерекше орын алады[5].

Б. Камалашұлы Моңғолия қазақтарының шаруашылығына, кәсібіне қатысты мәселелерді зерттеді. Мұндағы басты ерекшеліктің бірі қазақ халқының дәстүрлі мал шаруашылғының Моңғолия қазақтарында ата кәсібі мал бағу дәстүрі- жайлымдық бағу әдісі(қыстау, күзеу, жайлау,мал отарлату т.б.) Моңғолия қазақтарында сол бойы сақталғандығын айрықша атап көрсетеді.

Танымал зоотехник Х.Шобайдың Моңғолия қазақтарының климаттық географиялық ерекшелігіне сай тебіндік жайлымға негізделген қылшық жүнді қазақ қойына қатысты («Керейдің қызыл» қойы), Моңғолия қазақтарының малшаруашылығы туралы, «Керей» қызыл қойының моңғол қойларынан ерекшелігі жайлы қызықты мәліметтері тақырыбымыздың өзектілігін тағы да дәлелдеді. Ал, Моңғолия қазақтарының саятшылық өнерінің өзі бір төбе-бүркітшілік өнері, аңшылық дәстүрі жайлы Б. Камалашұлының зерттеулерін ерекше атап айтуға болады. Мұнда баға жетпес Моңғолия қазақтарының құсбегілік өнері және аңшылық құралдарына қатысты этнографиялық материалдар берілген.

Моңғолия қазақтары этнографиялық және этникалық тарихына қатысты қалам тартып жүрген Моңғолиялық қазақ этнограф-тарихшыларының елеулі еңбектері баршылық. Моңғолияны ІХ - ХІІ ғғ. мекен еткен түркі тайпалары туралы Зардықан Қинаятұлының «Моңғол үстіртін мекен еткен соңғы түркі тайпалары» моңғол жеріндегі мекен етіп отырған қазақ рулары Керей, найман, уақ т.б. тарихынан сыр шертсе[6], қазақ қауымдастығының тапсырумен жарық көрген Моңғолия қазақтары туралы «Моңғолиядағы қазақтар» атты екі кітабы осы Моңғолия қазақтарының тарихынан, тұрмыс тіршілігінен, салт санасынан хабар береді[7-8 ].

Осынау біз зерттеп отырған елдің көне тарихының тастағы ойып жазылған жазу сырын, тастағы жансыз бейнелерді (петроглифтерді) зерттеп қалың оқырманға, ғылыми ортаға кеңінен насихаттап жүрген Сартқожаұлы Қаржаубайдың [9], тіл маманы Базылхан Бұқатұлыныңк да біршама ғылыми зерттеу еңбектері сонау түркі дәуірінен бастау алатын көне мәдениетіміздің маңызын ашып беруге көмектесті [10].

Бұдан басқа да Моңғолияда туып өскен тарихшылар өз еңбектерінде біздің зерттеу обьектімізге қатысты жекелеген тақырыптар мен мәселелерге тоқталып өтеді. Моңғолия қазақтарының этникалық құрамының зерттелу мәселесі және Моңғолия қазақтарының қоныстану тарихы мен географиялық орналасуы мәселелерінің зерттелуі жөнінде біршама зерттеулер баршылық.

Алтай тауының теріскей бетіндегі кеңістікте табан тіреген қазақтар этнобио, этномәдени, қоғамдық дамуда кеңістік пен уақыт белгілерінің табиғи бірлігінде-қазақ этникалық тобы ретінде ХІХ ғасырдың ортасында тарих сахнасына пайда болып, Моңғолияның батыс өлкесінде - Моңғолия қазақтары деген ұғымды қалыптастырды. Моңғолиядағы қазақтардың ру тайпалық құрылымы негізінен Абақ Керейлер құрайды.

Алайда, ХІХ ғ. аяғы- ХХ ғ. алғашқы жартысында әр кезеңде әр қилы тағдырмен Моңғолияға қоныс аударған найман, уақ, арғын тайпаларының өкілдерімен толықты.

Бұл мәселеге қатысты А. Минис [11], Асқанбайұлы Сарай «Революциядан бұрынғы Моңғолия қазақтарының тарихы» [12], Ислам Қабышұлының «Керейлер керуені», «Тұран әлемі» [13-14], Құрметхан Мұхамадиұлының «Моңғолиядағы қазақ этникалық тобының қалыптасуы және дамуы» [15]- атты диссертациясын және т.б. еңбектерді ерекше атап айтуға болады.

Бұл еңбектердің құндылығы қазақ халқының түп тамырының түркі тайпалары негізінен бастау алатынын Моңғолиядағы қазақ этникалық тобының қалыптасуы және дамуы ежелгі түркі мекенінде өсіп өніп жатқанын жан-жақты зерттеп ежелгі және орта ғасырлардағы Қазақстанның этно-саяси мәселелерінмен байланыстыруымен ерекше атап айтуға болады.

Қазақ автохтонды жергілікті Ғұндар, Аландар, Үйсіндер, Қаңлылар тәрізді тайпалар бірлестігінен және шығыстан, Алтай-Саян, Моңғолия аймағынан батысқа көшіп келген ежелгі түркі тайпаларының бірлестіктері бастан өткізген күрделі этно-саяси, тарихи процестерде біртіндеп қалыптасқан этнос.

Сондықтан да тарихшылар баса назар аударатын күрделі ғылыми мәселе. Нақтырақ айтар болсақ, қазіргі зерттеушілерді Алтай-Саян және Моңғолия аймағындағы қазақтың арғы тегі болып табылатын түркі тайпаларының этно-саяси тағдырлары айтарлықтай қызықтыруда. Мұның басты себебі - ХХ ғасыр басында қазақты құраған қырықтан астам тайпалардың басым көпшілігінің ата-тегінің, тарихи тамырының ежелгі және орта ғасырлардағы аталмыш аймақтардан бастау алуында болып отыр.

Алайда осынау тарихи концепцияны зерттеушілердің барлығы дерлік мойындағанына қарамастан әлі күнге дейін қазақтың ежелгі және орта ғасырлардағы тарихын жазуда қазақты құраған ру-тайпалардың тарихи тамырларына, алғашқы этно-саяси бастауларына жете көңіл бөлінбей келе жатыр.

Осынау мәселелердің бірі Моңғолия қазақтарының этникалық құрамының негізгі бөлігін құрайтын Керейлердің этногенез мәселелесінің зерттеу кезек күттірмейтін мәселе. Жекелеген мәселелер бойынша қазақ, моңғол халықтарының тарихи тамырластығы, сабақтастығы, әдет – ғұрпының ұқсастығына байланысты, сонымен қатар моңғолия қазақтарының ежелгі түркі мекенінде өмір сүруіне байланысты тың ойларға жетелейді, зерттеуді қажет етеді. Осы орайда орыс ғалымдары Н. Аристов, В.Грумм-Гржимайло, Г.Н. Потанин, В.В. Сопажников, АВ. Бурдуков. Цевен Жамцранолардың моңғол қазақтарының этникалық құрамына қатысты ой пікірлері, этнографиялық мәліметтер қалдыруы моңғол қазақтары туралы зеттеудің қалыптасуына үлкен ықпал еткенін ерекше атап айтқан жөн.

Өйткені жоғарыдағы тарихшылар Моңғолия қазақтарының этникалық тарихынан, тұрмыс тіршілігі, әдет-ғұрпы, шаруашылығы мен мәдениеті хақында тарихи танымдық еңбектерін жазды.

Зерттеу жұмысымыздың негізгі обьектісі Моңғолия қазақтарына қатысты этнографиялық тұрғыда жазылған зерттеу еңбектер, сондықтан да Моңғолия қазақтарының этнографиясына ғылыми талдау - бүгінгі күннің негізгі міндеті болып отыр. Әрине, моңғолдық авторлардың этнография мәселесіне жазылған барлық ғылыми мақалаларын санап шығу және талдау аса көлемді, әрі қиын шаруа. Әйтсе де, олар жоғарыдағыдай негізгі зерттеулер қатарына жатпаса да, Моңғолия қазақтарының этнографиялық зерттеулерінің қалыптасуына едәуір үлес болмақ. Бұл дегенің болашақта жазылатын іргелі зерттеулер этнографиялық талдауларға әрқашан мұқтаж бола береді деген қортындыларға итермелейді. Олай болса, этнология ғылымының маңыздылығы мен біздің зерттеу обьектіміз Моңғолия қазақтарының этнографиялық мәселелерінің зерттеу маңыздылығы арта бермек және этнология саласында жаңа зерттеулер өмірге келе бермек деп ойлаймыз.

Моңғолия қазақтарының этнографиялық зерттеу мәселесіне қатысты ой-пікірлердің қалыптасу деңгейін анықтау және осының нәтижесінде тақырыптық тұрғыдан зерттеулер жүргізу бағыттарын айқындау. Осы мақсаттан барып зерттеудің мынадай міндеттері туындайды:

-Моңғол қазақтарының этнографиялық еңбектерін зерттеп, талдаулар жасау, олардың ғылыми нәтижелері мен қорытындыларын обьективті бағалау;

-Моңғолия қазақтарының этнографиялық зерттеу мәселелеріне байланысты балама көзқарастарды талдау және осы мәселеге қатысты өзіндік пікір білдіру;



Аталған міндеттерді іске асыру барысында төмендегідей бағыттар бойынша жұмыс жасауды қажет етеді;

  • Моңғолия қазақтарының этнографиялық еңбектерінің негізгі бағыттарын айқындау, талдау жасау

  • Моңғолия қазақтарының этнографиялық мәселелерінің басты бағыттарын көрсету;

  • Моңғолия қазақтарының этнографиялық мәселелерінің негізгі зерттеу бағытын ашып көрсету;

Бұл маңызды міндеттерді шеше отырып, зерттеу жұмысымызда болашақ зерттеу мәселелерін айқындауға баса назар аударып, анықтау мәселесін баса мән берілмек.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕК КӨЗДЕРІНІҢ ТІЗІМІ

  1. Х.Шобай. Қазақ-уранхай халықтарының ұлттық қол өнері.- Улаанбаатар, 1980

  2. М. Нығмет. Қазақ ұлттық қолөнері.-Өлгий, 1991.-

  3. Халел Нүрке ұлы. Ұлттық мирас, ата мұра.- Өлгий, 1991.- 133 б

  4. Закия Ақайқызы Ою-өрнек ой айтар.- Алматы: Рауан,- 1996

  5. Кәмалашұлы Биқұмар Қазақ халқының салт-дәстүрлері.- Улаанбаатар, 2013.- 987 б

  6. З.Кинаятұлы. Моңғол үстіртін мекен еткен соңғы түркі тайпалары: ІХ-ХІІ ғасыр. – Астана: Елорда, 2001. -208 б.

  7. З.Кинаятұлы. Моңғолиядағы қазақтар.-Алматы, 2001-320 б.

  8. З.Кинаятұлы. Моңғолиядағы қазақтар.-Алматы: Дүние жүзілік қазақтар қауымдастығы, 2007-256 б

  9. Қ.Сартқожаұлы. Орхон мұралары. Астана: 2004

  10. Б. Базылхан. Көне түрік этнографиясының бітіктастардағы деректанулық негіздері. // Шығыс.- №1-2004., Б. Базылхан. Основные аспекты истории письменности у степных кочевников Центральной Азии.// Урбанизация и номадизм в Центральной Азии: история и проблемы. Материалы международной конференции. -Алматы -2004.

  11. А. Мініс., А. Сарай. БНМАУ. Баян-Өлгий аймгийн казах ард түмний түүхээс. Улаанбаатар, 1960

  12. С.Асқанбайұлы. Революциядан бұрынғы Моңғолия қазақтарының тарихы.- Өлгий: 1991

  13. И.Қабышұлы. Керейлер керуені.- Өлгий, 1978

  14. И.Қабышұлы. Тұран әлемі. /Түркі, моңғол халықтарының тарихы. -Алматы: «Санат», 2007-320 б.

  15. Қ.Мұхамадияұлы. Моңғолиядағы қазақ этникалық тобының қалыптасуы және дамуы. т.ғ.д... дисс.автореферат.- Алматы, 2000

Резюме
В данной статье рассматриваются проблемы этнографического исследования о казахов Монголии. Огромное место в формировании национального сознания, мировозрения, духовного мира молодого поколения занимает богатое наследие нашего народа-этнографическая ценность, знакомство,поиск и исследование.

Summary
Problems of ethnographic research of Kazakhs in Mongolia. The huge place in formation of national consciousness, outlook, and an inner world of young generation occupies a rich heritage of our people - the ethnographic value, acquaintance, search and research.


Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Беткі сулардың сапасын талдау: НҰра өзені алабының мысалында
publications -> Этносаралық Үйлесімділік жүйесіндегі саяси-мәдени механизмдердің орны әлеуметтік ғылым магистрі, аға оқытушы Сыздықова С. М
publications -> Қазақ әдебиетін дәуірлеу мәселесі Темірбай Мұқашев
publications -> Спортшылардың интеллектуалдық ой өрісі және оның спорттық Қызметтегі маңыздылығы абусейтов Бекахмет Зайнидинович
publications -> Ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа бағыттары түйін Мақалада ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа жолы «Агробизнес 2020»
publications -> Қазақстандағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік: құқықтық реттеу
publications -> 1 қаңтар 2012, 12: 09 Бұл дағдарысты әлем экономикасының уақытша тежелуі деп түсіну қажет 49
publications -> Қазақстандағы корей тілін оқытуда интерактивті құралдарды қолдану әдісі
publications -> Әож 378-1а оқУ Үрдісінде мультимедиялық ҚҰрылғыларды қолданудың Қажеттілігі
publications -> Үндістан-Бангладеш қарым-қатынастарының кейбір астарлары


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет