Молекула-кинетикалық теория негіздері



жүктеу 396.02 Kb.
бет1/3
Дата21.08.2018
өлшемі396.02 Kb.
  1   2   3

Ақмола облысының білім басқармасының

«Шортанды ауданы,. Бозайғыр ауылы,

№5 агротехникалық колледжі» КММ


Физика пәнінің тәжірибелік жұмыстары.

(Оқу-әдістемелік жинақ)

2017 жыл.

Бозайғыр.

Құрастырғын: жоғары дәрежелі физика пәнінің оқытушысы

Нурсейт Бағдагүл

Бағдарлама әдістемелік кеңесте қаралды және бекітілді

Хаттама № 2 . «8 » қараша 2016.
Жинақтағы тәжірибелік жұмыстар колледждің

1- курс студенттеріне (арнайы бағытта оқитын студенттер өздігінен орындауға) теориялық білімдерін нығайтуға арналған. Тәжірибелік жұмыстар студенттердің меңгерген білімдерін зерттеу және тәжірибе жасау барысында терең қалыптастыруға бағыттталған. Тәжірибелік жұмыстарды қарапайым қолдағы заттарды пайдалапып жасауға мүмкіндік беріледі.



МАЗМҰНЫ


  1. Алғы сөз. 1-3

  2. Тәжірибелік жұмыстар:

Молекула-кинетикалық теория негіздері.6- 13

Температура. Молекулалардың жылулық қозғалыс энергиясы , 14-21

Термодинамика негіздері 22-30

Электродинамика 31-41

Электростатика 42-43

Магнит өрісі

Электромагниттік индукция 44-46

Тербелістер мен толқындар 47-53

Механикалық тербелістер

Оптика 54-71



3.Қолданылған әдебиеттер. 72


Алғы сөз.

Ұсынылған әдістемелік жинақ физика пәнінің бағдарламасы бойынша оқытылатын тарауларға құрастырылды. Атқарылған жұмыстарда қоршаған ортада болып жатқан құбылыстарды түсіндіруге назар аударылды. Физика пәнін оқу барысында студент теориялық және тәжірибелік білімін ұштастыруға мүмкіндік беріледі. Осы өзара байланысты сезінуі арқылы студенттер табиғатта және қоршаған ортада болып жатқан құбылыстарды өздігінен түсіндіре білуіне жағдай жасалады. Бұл студенттің пәнге деген қызығушылығын арттырады.

Тәжірибелік зерттеулік жұмыстарды орындау арқылы меңгерген білімдерін дәлелдеуге дағдыланумен қатар логикалық ой өрісі дамып,құбылыстарды зерттеуге деген қызығушылығы пайда болады. Тәжірибелік жұмыстарды орындау барысында студенттің өздігінен ізденісі,оқуға деген құлшынысы артады.

Физика пәнінің күрделі заңдарын қарапайым қолжетімді құралдар арқылы тәжірибе жасау арқылы меңгеріп, ғылыми көзқарасы қалыптасады.

Тәжірибелік жұмыстарды орындау нәтижесінде: құбылыстарды бақылау, тәжірибені жоспарлау, нәтижесін қорытындылау, шамалардың өзара байланысын көру,қортынды шығару т.б дағдылары қалыптасады.

Тәжірибелік жұмыстарды орындау арқылы меңгерген білімдерін қайталап, жаңа құбылыстармен танысады.. Табиғат құбылыстарын зерттеп, түсіндіріп, қорытынды шығаруды үйренеді. Тәжірибелерді жасау арқылы студенттердің ғылымға деген көзқарасы артып, ізденісі,шығармашылығы қалыптасады. Өз жұмысын қорғау үшін презентациялар құрастырып, өз ойын толық жеткізуді үйренеді.

Сонымен қатар жұмыстарды қарапайым үй жағдайында орындауға толық мүмкіндіктері бар.

Тәжірибелік жұмыс тапсырмасы сыпайылылыққа назар аударту, сенімділікті қалыптастыруды көздеп «сіз» деп жазылды.

Тәжірбелік жұмыстарды орындағанда төменгі ережелерді ұстану қажет.

1.Тәжірибелік жұмысардың тақырыптарын өздігіен таңдау

2.Жұмыстың мақсатын өздігінен қалыптастыру. Мақсаты нақты,іздеген сұрақтың жауабына бағытталуы қажет.

3. Қолданылатын құрал жабдықтар тізімі

4. Жұмыстың орындалу барысы нақты көрсетілу.Зерттеу нәтижелерін белгілейтін кесте .


Іс-әрекет

бақылау

Сурет










Кейбір жұмыстың нәтижелері график түрінде де көрсетіледі.

5. Есептеу нәтижесіне байланысты әдіс-тәсілдер қолданылады.

6. Қорытынды: Мысалы:Тәжірибе барысында анықталғандай төмендегідей қорытынды шығарылады.(Қайдай нәтижелердің негізінде қорытынды шығарылғандығын тізіп жазу)

Қорытындыны студенттің қалауынша жазбаша, шығарма түрінде, кластер, тақпақ,сурет, сызба т.б түрінде шығаруға мүмкіндік беріледі.





Тәжірибелік жұмыс №1 .

Беттік керілу коэффициентін анықтау.

Құрал жабдықтар: Салқын және ыстық су құйылған екі шыны ыдыс.(стақан), дәргерлік тамызғыш, бір кесек саз балшық,сымнан жасалған диметрі 3-4 см шығырық,сабын көпіршігі ,кішкене сабын, ұнтақ (тальк), аздаған тұз және қант,жіп.



Жұмысты орындау барысы:

1.Сазбалшықты шармен

а)Сазбалшықтан 2-3мм диаметрлі домалақ шар жасау.Сымнан жасалған шығырықтың көмегімен судың бетіне жасалған шарды абайлап салып, шардың айналасындағы су пішінін сызу қажет. Шардың айналасында болып жатқан құбылысты бақылап,су пішінін сызыңыз. Судың бетінде орналасқан шарға қандай күш әсер етеді? Шар неге судың бетіне ұсталып тұрады.

ә)Шарды ақырын суға батыру. Батырғанда қандай құбылыс байқадыңыз? Не себепті шар суға батады?

б)Шығырықтың көмегімен шарды судың бетіне орналастырып,дәргерлік тамызгышпен сабын көбігін тамызып, құбылысты мұқият бақылап, шардың батып кету себебін анықтап, қандай құбылысқа негізделгенін жазыңыз. Шар неге батып кетті?



2.Сымнан жасалған шығырық.

а)Сабын көбігі бар стаканға сымнан жасалған шығырықты салып, шығырықта сабын көбігі тұратындай етіп абайлап судан шығару.

ә)Шығырықтың жарты бөлігіне жіппен бөліңіз.. Құбылысты бақылап,қорытынды жазыңыз.

3. Тамызғышпен бақылау

а) Тамызғышқа су толтырыңыз. Оны стақанның үстіне ұстап, тамызғыштың резеңкесіне қысып, тамшы тамызыңыз.

ә)Тамшы қалай пайда болатынын бақылаңыз. Бұл құбылысты бақылап,суретін салыңыз. Тамшының бөлініп, құлап түсуіне неге уақыт қажет?


4. Сұйықтың беттік керілу күшінің сұйықтың температурасына және түріне тәуелділігін анықтау

1.Ермексаздан диаметрі 2-3см болатын шарды дайындаңыз. Сымнан жасалған шығырықтың көмегімен шарды суық суға, сосын ыстық суға салыңыз.

Тәжірибе нәтижесін салыстырып, түсіндіріңіз.



Сұрақтарға жауап беріңіз:

  • Судың беттік керілу коэффициенті температураға тәуелді ме? Қандай белгісіне қарап дәлелдей аласыз.

2. Стақандағы суық судың бетіне ұнтақты себіңіз.Ол үшін сүзгі мен жауып, су үстіне себу керек.

3. Судың бетіне сабынды тигізіп, қантты, содан соң тұз себіңіз Бұл құбылыстан нені бақыладыңыз.



Сұрақтарға жауап беріңіз:

1.Сабынмен араласқан кезде судың беттік керілу коэффициенті қалай өзгереді?

2.Қантпен араласқан кезде судың беттік керілу коэффициенті қалай өзгереді

3. Тұзбен араласқан кезде судың беттік керілу коэффициенті қалай өзгереді



Қорытынды шығарып және мысал келтіріңіз.______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Тәжірибелік жұмыс №2.

Қажетті құралдар: суы бар стақан, су сорғыш қағаз,мата қиындысы,сызғыш, «Сұйықтың беттік керілу коэффициентін» кестесі.

Жұмысты орындау барысы:

  1. Сорғыш қағаз бен матаға бір-бірінен 0,5-1 см аралықта белгі қою. Бірдей уақытта белгі қойған жерге дейін суға батырып, екеуіндегі судің көтерілуін бақылаңыз?

  2. Судың көтерілуі тоқтаған кезде қай заттағы судың диаметрі үлкен екенін анықтаңыз.

  3. Қажетті мәліметтерді кестеге толтырып,екі заттағы сұйықтың ортаға жайылу диаметрін есептеңіз.

Сұйықтың жайылу диаметрін есептейтін формула:

  • -су тығыздығы

  • -Еркін түсу үдеуі

  • -Сұйықтың көтерілу биіктігі

4.Өлшеу нәтижесін кестеге толтырыңыз



Затттар

Белгіленген жерден төменгі көтерілу биіктігі

Сұйықтың диаметрі (мм)

Сорғыш қағаз







Мата








Бақылау сұрақтары:

1.Судың бетіне тамызылған май тамшысы неге дөңгеленіп тұрады?

2.Майлы қағазға неге қалам жазылмайды?

3.Сулы көйлек неге денге жабысып тұрады?

4. Орамал қолдану қандай физикалық құбылысқа негізделген?

5.0,5 мм радиусты түтікте спирт қандай биіктікке көтеріледі?



Кейбір заттардың беттік керілу коэффициенттері.(200С тепмературада)

Заттар

Беттік керілу коэффициенті

10-3Н/м



Азот қышқылы 70%

59,4

Анилин

42,9

Ацетон

23,7

Бензол

29,0

Су

72,8

Глицирин

59,4

Мұнай

26

Сынап

465

Күкірт қышқылы

57,4

Этил спирті

22,8

Сірке қышқылы

27,8

Эфир спирті

16,9

Судағы сабын көпіршігі

40

Қорытынды шығарыңыз:_________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________

Тәжірибелік жұмыс №3

Қажетті құрал жабдықтар: таразы, сорғыш (шприц), колба, суы бар ыдыс.



Жұмысты орындау барысы:

Судың массасын өлшейтін таразы болмаса, дәргерлік шприцті қолдануға болады. Су тамшысы үзілген кезде тамшының ауырлық күшін тамшыға әсер етіп, беттік керілу күшімен теңеседі.

Тамшының диаметрі тамызғыштың ішкі диметрімен бірдей деп есептесек:

-бір тамшының массасы. кг


  • -тамызғыштың ішкі диаметрі. м

-тамшының саны өрнектесек

  • -судың массасы. кг .

Тәжірибе №

d, м

N

  • кг



Н/м

Н/м



1



















2



















3



















Орташа мәні




-

-










1Әр жағдайда беттік керілу коэффициентін есептеу (формула 1)

2. Беттік керілудің орташа мәнін есептеу.

3. Әр тәжірибенің абсолюттік қателігін есептеу.

4. Орташа мәнін есептеу.

5. Салыстырмалы қателігін есептеу.

6. Өлшеулер нәтижесін жазыңыз.





Бақылау сұрақтары:

1.Сұйықтың беттік керілуінің физикалық мағынасы қандай?

2.Сұйықтың беттік керілуі немен байланысты?

3.Температура өзгергенде сұйықтың беттік керілуі неге өзгереді?



Қорытынды жазыңыз:________________________________________

______________________________________________________________

Тәжірибелік жұмыс №4

Қажетті құрал жабдықтар: шыны, дәргерлік тамызғыш, май шам, су



Жұмысты орындау барысы:

1.Шынының жартысына май шамды жағыңыз.

2.Сорғышқв су сорғызып, шынының майланған бетіне абайлап тамызыңыз.

3.Екінші тамшыны шынының таза бөлігіне тамызыңыз.

4.Тамшылардың пішінін бақылаңыз, бақылаған құбылысты суреттеңіз.

5.Шыныны қыйсайтып құбылысты бақылаңыз. Өз бақылауыңызды жазыңыз.



Сұрақтар:

1.Шынының бір бөлігіндегі тамшы неге ағып кетті,ал (майланған бөлігіндегі) тамшы шар тәріздес болып жиналған себебін түсіндіріңіз?

2.Осындай құбылысты табиғатта қайда кезіктірдіңіз?

3.Бұл құбылыстарды МКТ-ның қай қағидасына негіздеп дәлелдеуге болады?


Тәжірибелік жұмыс №5

Қажетті құрал жабдықтар: екі шыны ыдыс (стақан),ыстық суы бар ұзыншақ ыдыс,картон қағаз бөлігі (ламинатты емес) марганец ерітіндісі.



Жұмысты орындау барысы:

1.Екі жылтыр ыдысты алып,стаканның біреуінің ¾ бөлігін ыстық сумен толтырып, бетін картон қағазбен жабыңыз. Картонның үстіне бос ыдысты түбімен қойып бақылаңыз, бос стаканның қабырғасы терлегенін аңғарасыз.Өз бақылауыңызды жазыңыз және суреттеңіз. Бұл тәжірибеден нені бақылауға болады?

2.Бір стақанға суық су ,келесі стаканға ыстық су құйыңыз. Екеуіне де марганец ерітіндісі түйіршіктерін салыңыз. Өз бақылауыңызды жазыңыз және суреттеңіз.Сұйықтағы диффузия құбылысының жылдамдығы температураға тәуілді ме? Түсіндіріңіз? Сізді қоршаған ортадан диффузия құбылысына мысал келтіріңіз?




Тәжірибелік жұмыс №6.

Қажетті құрал жабдықтар: орташа ауа шары,жіп, ыстық су бар ыдыс (500С-600С), суық суы бар стакан.



Жұмысты орындау барысы:

1.Шарды үрлеп жіппен аузын байлаңыз.

2.Ыстық судың үстіне шарды біраз ұстап тұрыңыз.

3.Шардың үстіне суық су құйыңыз. Өз бақылауыңызды жазыңыз.



Бақылау сұрақтары:

1.Шарды үрлеген кезде оның ішкі қысымы қалай өзгереді? Не себепті?

2.Суық суды құйғаннан кейін шардың пішіні неге өзгерді?

3.Түрлі қысымның әсеріне байланысты құбылыстарға мысал келтіріңіз?



Қорытынды шығарыңыз:

____________________________________________________________________________________________________________________________________
Тәжірибелік жұмыс №7.

Қажетті құрал жабдықтар: Шыны пластина, тамызғыш, екі стақан, аз мөлшерде сұйық май, аз мөлшерде спирт,термометр, секундомер.



Жұмысты орындау барысы:

  1. Шыны пластинаға бір тамшы су және бір тамшы спирт тамызыңыз. Уақытты белгілеп, булану уақытын өлшеңіз. Нәтижесін жазыңыз.

  2. Шыны пластинаға бір тамшы су және бір тамшы спирт тамызыңыз. Тамшыны үрлеңіз және булану уақытын өлшеңіз.

  3. Шыны пластинаға бір тамшы суық су және бір тамшы ыстық су тамызыңыз. Булану уақытын белгілеп,нәтижесін жазыңыз.

  4. Екі стаканға бірдей мөлшерде ыстық су құйыңыз.Бір стакандағы суға 4-5 тамшы сұық май тамызыңыз. 4-5 минуттан соң екеуінің де температурасын өлшеңіз. Тағы 3-5 мин тағы күтіп, тағы өлшеңіз. Тағы бірнеше рет өлшеңіз. (5-6)

  5. Жасалған тәжірибе нәтижесі бойынша судың және майы бар судың булану жылдамдығының уақытқа тәуелділік графигін сызыңыз. Сұйық буланған кезде неге салқындайды?

Табиғатта булану құбылысы қандай маңыз бар? Мысал келтіріңіз, қорытынды жазыңыз.

___________________________________________________________________________________________________________________________
Тәжірибелік жұмыс №8

Қажетті құрал жабдықтар.

стол шамы (қызғырғыш шамы болу керек), термометр, ақ және қара қағаз.





Тапсырма: бірілген құралдарды пайдаланып ішкі жағдайға термометр көрсеткішінің тәуелділігін зерттеңіз.

Жұмысты орындау барысы:

тәжірибе 1. Термометр алыңызда күн түсіп тұрған жердегі және көлеңкедегі температураны өлшеңіз. (сурет 1)Күннің орнына шамды қолданыңыз. Бірінші рет шамнан 15-20 см қашықтықтықта қойыңыз, екінші рет термометрді қозғалтпай қара қағазды шамға жақындатып көлеңке жасаңыз. Термометр көрсеткішін жазыңы з(1сурет)

1-сурет

тәжірибе 2. Ақ және қара қағаздың үстіндегі температураны өлшеңіз. Бірінші ақ қағаздың үстіне термометрді қойып, екінші рет қара қағаздың үстіне термометрді қойып өлшеңіз. Термометр көрсеткішін жазыңыз .(сурет 2)

2-сурет

тәжірибе 3. Термометрдің үстіндегі шамды ақ қағазбен жауып температураны өлшеп жазыңыз. Ақ қағазды қара қағазбен алмастырып тәжірибені қайталаңыз.(сурет 3)

3-сурет

Жасаған тәжірибе негізінде ойланып қорытындылаңыз. Даладағы ауаның температурасын өлшеу үшін термометрді қайда орналастыруға болады?



Қосымша тапсырма:Термометрдің көрсеткіші бөлмеде орналасқан орнына тәуелділігін зерттеңіз? Бөлмеде термометрді қай жерге орналастыру тиімді?

Тәжірибе нітижесін түсіндіріңіз және қорытындылаңыз:___________________________________________________________________________________________________________________
Тәжірибелік жұмыс №9

Қажетті құрал жабдықтар:

Термометр, біраз мақта немесе мата , бөлме температурасындағы суы бар аласа стакан, психрометриялық кесте.





Жұмысты орындау барысы:

  1. Бөлме ауасының температурасын өлшеңіз. Нәтижесін дәптерге белгілеңіз.

  2. Мақта немесе матаны суға матырып, термометрдің төменгі бөлігін орап қойыңыз. Ылғалды термометрді ауада біраз уақыт (5-10 мин) ұстаңыз. Терометр көрсеткіші төмендеуін тоқтатқан кездегі термометр көрсеткішін белгілеңіз.

  3. Құрғақ және ылғалды температуралар айырмасын есептеңіз,кестені пайдаланып ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтаңыз.

  4. Өлшеулер мен есептеулер нәтижесін кестеге жазыңыз.



    tқұрғақ 0С

    tылғал 0С

    t0С

    Ауа ылғалдылығы

    %
















  5. Сұрақтарға жауап жазыңыз.

    1. Ылғалды термометр көрсеткіші, құрғақ термометр көрсеткішінен неге төмен?

    2. Екі температуралар айырмасы неге тәуелді?

    3. Қандай жағдайда құрғақ және ылғалды термометрлер көрсеткіші тең болады?

    4. Екі температураның айырмасының ауадағы су буының қысымына қандай тәуелділігі бар?

    5. Қанықпаған будан қандай әдіспен қаныққан бу алуға болады?

    6. Температура жоғарлаған кезде идеал газдың қысымына қарағанда қанықпаған будың қысымы тез жоғарлайтын себебі неде?

    7. Ыстықта жоғары ылғалдылықты көтеру өте қиын болатын себебі неде?

    8. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығын өлшейтін құралдардың құрылымын, жұмыс жүйесін сызыңыз. Түсіндіріңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет