Танымал блогер, актриса Әсел Асқар жаңа үй сатып алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/assel.askar

Блогердің айтуынша, бұл күнді ұзақ күткен. Көптен бері армандап жүрген жоспары іске асқанын айтты.

“Сүйінші! Алматының төрінен, Алатаудың бөктерінен үй алдым. 32 жастағы кішкентай ғана келіншек болсам да, көбісінің қолынан келмейтін үлкен іс жасадым. Осы үйді алу үшін 6 жыл бойы ақша жинадым. Өз мақсатыма жеттім. Пәтер емес, жер үй алуды ойладым. Сөйтіп 300 шаршы метр үй алдым. Құттықтап қойсаңыздар болады. Сіздерге де жұғысты болсын! Қуанғанымнан таңнан бері жүгіріп жүрмін. Тіпті мобилограф қызымды да демалысқа жібердім. Банкке де барып, контент те түсіріп үлгеріп жатырмын", – деді актриса. 

  • "Пентхаустың жалпы ауданы – 320 шаршы метр": Тележүргізуші Динара Сәтжан зәулім үйін көрсетті

  • "Табыс бар, талғам жоқ": Тұрсынбек Қабатовтың әйелі қандай үйде тұрып жатқанын көрсетті

Желі қолданушылары актрисаның қуанышына ортақтасып, жылы лебіз білдірді. "Құттықтаймын", "Жарайсыз", "Жұғысты болсын", "Осы үй бақыт әкелсін", "Қуаныштымын", – деп пікір білдірді желі қолданушылары.

Еске салайық, Әсел Асқар бейтаныс әйелді қуантып, оған сыйлық жасаған еді.  

 

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от Асель Аскар (@assel.askar)


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.