Қазақстанда экономиканың салалық санаттарының саны өсті. Мұнда жалдамалы қызметкердің орташа айлығы 1 миллион теңгеден асады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pexels.com

Finprom сарапшыларының мәліметінше, 2022 жылдың төртінші тоқсанында тек үш санат бойынша статистика жүргізілген. Оларға теңіз және жағалау жүк көлігі, қаржылық және сақтандыру саласы, міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы қызметтер жатады. 

Ал 2023 жылдың желтоқсанына қарай бұл тізім тағы үш тармақпен толықтырылды: әуе көлігі, сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру, бас компаниялардың жұмысы және басқару мәселелері бойынша кеңес беру. Сонымен бірге өткен жылдың төртінші тоқсанында ең жоғары номиналды жалақы бойынша жаңа рекорд орнатылды. 2023 жылғы қыркүйек пен желтоқсан аралығында әлеуметтік сақтандыру саласында жалақы жылдық мәнде бірден 48,3%-ға өсіп, шамамен 1,6 миллион теңгені құрады.

Ел бойынша орташа есеппен өткен жылдың соңғы тоқсанында атаулы жалақы 393,6 мың теңгені құрады. Бір жыл ішінде ол 16,2%-ға өсті. Алайда экономиканың барлық саласы мұндай өсіммен мақтана алмады. Мәселен, өнеркәсіп қызметкерлерінің – 14,1%, құрылысшылардың – 6,7%, HoReCa саласы мамандарының жалақысы – 5,5% шегінде өсім байқалды.

Ал теңіз жүктерімен айналысатындар номиналды жалақыны 24,5% азайтса, сауда саласында да 15,7% төмен нәтиже көрсеткен.

Айта кетейік, 2023 жылғы номиналды жалақы деңгейі бойынша ұлттық статистика бюросынан және рекрутингтік алаңдардан ресми ақпарат алынды.

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, салалардағы 13 мың түрлі кәсіп пен лауазым ішінен 10 миллионерді таңдау оңай болмаған. Себебі 1 миллион теңгеден аса қаражат табатанындардың легі көп болық шықты. Осылайша, ең жоғары номиналды жалақысы бар топ 10 тұлғаның айына 3,5 миллион теңгеден аса табыс табатыны анықталды. Ал таңдалған он лауазымның ішінде алтауы көш бастады. 

  • Тоқаев тәулігіне 12 сағат жұмыс істейтін мемлекеттік қызметкерлерге өтемақы төлеуді ұсынды

  • Елімізде әйелдердің жалақысы ерлердікіне қарағанда 34%-ға аз

Бірінші орында айына 5,8 миллион теңге жалақы алатын сауда компаниясының басқарма төрағасы тұр. Оның нәтижесі бұл саладағы орташа жалақыдан 192 есе көп. Топ үштікте 5 миллион теңге табатын инженерлер де бар. Мұнай саласы бойынша тек бір үміткер болды. Ол мұнай және газ өндіру кәсіпорнының бас директоры болып қызмет атқарады. Лауазым иесі айына 3,9 миллион теңге айлық алады. Бұл лауазым рейтингтің сегізінші қатарына орналасты. Айта кетерлігі, дәл осы "мұнай саласы" бойынша түрлі кәсіп иелерінің жалақысы миллион теңгеден асатыны белгілі болды.

Бұдан бөлек, алғашқы ондыққа кірмеген, алайда қызмет барысында өте жоғары ақы төленетін миллионердің кім екені анықталды. Бұл тізімде мұнай өндіруші компанияның корпоративтің хатшысы топ жарды. Ол былтыр 2,2 миллион теңге табыс тапты. Бұл еліміздегі министрлердің жалақысынан әлдеқайда көп екенін атап өткен жөн.

Ұлттың бюроның дерегінше, 2023 жылдың төртінші тоқсанында министрлік басшыларының жалақысы 1,4 миллион теңгеге жуықтаған.

Ал облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері, министр хатшыларына қарағанда айлығы екі есе аз: 928 мың теңге. Кәсіптер тізімінде диспетчер-оператор – 2 миллион, аудармашы – 1,8 миллион, маркетолог – 1,5 миллион, сауда агенті – 1,3 миллион теңге айлық алатыны белгілі болды.

Фото: Finprom

Бұдан бөлек, ашық рекрутингтік алаңдар ең жоғары ақы төленетін бос жұмыс орындарынының тізімін жаңартты.
Бақылау кезінде мемлекеттік еңбек биржасының базалары, яғни Enbek.kz және Hh.kz-тің (Қазақстандағы ресейлік интернет-рекрутинг компаниясы) онлайн-жұмыспен қамту платормасындағы жалақылар сараланды. Сайтта ақпарат жариялау кезінде Enbek.kz-ке 24,5 мың бос жұмыс орны орналастырылған. Соның 9,6% – 300 мың теңгеден жоғары жалақы алатыны көрсетілген.

Сонымен қатар мұнда миллионерлердің бірнеше бос жұмыс орны жарияланды. Ал Hh.kz сайтында бос жұмыс орындары көп болды. Мұндағы 46,5 мыңның ішіндегі 1,2 мың бос жұмыс орнына 1 миллион теңгеден аса жалақы берелетіні жазылған.

Аталған екі сайт бойынша ең жоғары 10 жұмыс орны анықталды. Мұнда алғашқы үштікке маркетплейстегі сауда бойынша екі лауазым және жабдықтарды сату саласында 1 лауазым кірді. Жылжымайтын мүлікті сату жөніндегі жұмыс беруші тәжірибелі агенттерге 5 миллион теңгеге дейін бос жұмыс орнын ұсынған. Сайтта жұмыс беруші Senior деңгейіндегі IT-мамандарына 2,7 миллион теңге төлеуге дайын екені жазылған. Жалақысы жоғары бос жұмыс орындарының көбі Алматыға тиесілі.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.