Моногибридті будандастырудыњ цитологиялыќ негіздері



жүктеу 43.57 Kb.
Дата17.04.2018
өлшемі43.57 Kb.
түріСабақ

Мизамбекова Нұргүл Өмірзаққызы

Целиноград ауданы, №9 агротехникалық колледжі

биология пәні мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: ГЕНЕТИКАНЫҢ НЕГІЗДЕРІ.

Сабақтың мақсаты:

1. Жеке тапсырмалар орындау арқылы моногибридті будандастырудың

цитологиялық негіздерін ұғындыру.

2.  Генетикалық заңдылықтар жөніндегі білімдерін кеңейту.

3. Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, мамандықтарына деген

қызығушылығын арттыру.



Сабақ типі: қайталау сабақ.

Сабақ әдісі: есептер шығару, сұрақ-жауап, әңгімелеу, кластер әдістері.

Пәнаралық байланыс: химия, математика

Сабақ көрнекілігі: 

  1. Интерактивті тақта

  2. Тақта

  3. Карточкалар

 

Сабақ барысы:



1.Ұйымдастыру:

а) ұжымдық әрекет,

ә) санитарлық-гигиеналық ережелерді  сақтау әрекеті,

б) қауіпсіздік техника ережесін сақтау әрекеті,

в) студенттердің назарын аудару.



«Бақытты сәт» интеллектуалды ойыны

1 гейм «Бой сергіту»

Психологиялық икем: «Кім шапшаң?»


Кестеде 10 сөз берілген, осы сөздерді есте сақтап қайталап айтуыңыз керек.
1. жасуша
2. көбею
3. митоз
4. мейоз
5. ұрықтану
6. зигота
7. хромосома
8. ген
9. гамета
10. генетика
Берілген сөздерді қатыстыра отырып бір - бір сөйлем құрастыру арқылы студенттерді сабаққа тарту.
2. Биологиялық терминдермен жұмыс

ІІ гейм «Қапшықтан шыққан бас қатырғылар» Генетикалық есептер шығару

№ 1 есеп. Сары түсті ас бұршақты, жасыл түсті ас бұршақпен будандастырғанда бірінші ұрпақта қандай белгілер тұқым қуалайды?


№ 2 есеп: Есептеу бойынша бірінші ұрпақтың генотипі мен фенотипін

ата.


Р     ♀  АА    ×    ♂   аа

Ғ                Аа


Шешуі: Фенотипі-сары түсті, генотипі - гетерозиготалы.

 

№3 есеп: Төмендегі буданның ұрпақтары қандай?

Р      ♀   Аа      ×     ♂   Аа

Г        А    а         А     а

Ғ     АА ,  Аа ,  Аа, аа

Шешуі:   1 сары, гомозиота: 2 сары, гетерозигота: 1 жасыл, гомозигота.

 

 ІІІ гейм «Жұмбақ тас». Биологиялық диктант

«Қайталау - оқу анасы»
Өткен тақырып бойынша биологиялық диктант
1. Бірдей гендерді_______деп, ал әр түрлі гендерді______деп атайды.
2. Басым гендерді_______, ал басылыңқы гендерді________дейді.
3. Ата - ананы____әрпімен белгілейді, ал ұрпақтарды____әрпімен белгілейді.
4. Гендердің жиынтығы______деп аталады.
5. Гендердің сыртқы көрінісін_____деп атайды.
6. Генетика дегеніміз_______.
7. ______бір нәруыз туралы ақпарат жазылған ДНҚ үлескісі.
8. Моногибридті будандастыру дегеніміз ______.
9. Бір белгілердің екіншісінен басым болуы___.
10. Тұқым қуалаушылық заңдылықтарын ашқан ғалым__________.



Жауаптары: 1 - гомозигота, гетерозигота; 2 - доминантты, рецессивті; 3 - Р, Ғ; 4 - генотип; 5 - фенотип; 6 - белгілердің тұқым қуалау заңдылықтарын және олардың өзгергіштіктерін зерттейтін ғылым; 7 - ген; 8 - бір жұп белгілері бойынша ерекшеленетін шағылыстыру; 9 - басымдылық; 10 - Г. Мендель.

1.Моногибридті будандастыру дегеніміз не?

2.Дигибридті будандастыру дегеніміз не?

3.Мендельдің екінші заңы қалай аталады?
Сәйкестігін табу:

Доминантты-                  сыртқы белгілердің жиынтығы

Рецессивті-                    2 аллель (әртүрлі)

Финотип-                        Бірдей аллель

Генотип-                         гендер жиынтығы (АА,Аа,аа)

Гомозиготалы-                  басымдық қасиет көрсетуі

Гетерозиготалы-            басылыңқы(1-ұрпақта көрінбей қалуы)

Моногибридті-                ата-ананың бір белгісі бойынша 

                                        Шағылыстыруы
ІV-гейм «Сен маған, мен саған»

Ой шақыру. Генетиканың маңызын тұжырымдау.


V-гейм «Көсемдікке ұмтылу»

Мендельдің заңдарын тұжырымдау
VІ-гейм «Білімділер»

 Тест жауаптары (Жеке жұмыс):


1.Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін ғылым:
А) Цитология В) Экология С) Генетика Д) Селекция

2.Генетика терминін қалыптастырған ғалым:


А) Ч. Дарвин В) У. Бэтсон С) В. Иогансен Д) А. Вейсман

3.ХІХ ғасырдың 80-жылдарында пангенезис теориясын сынға алған ғалым:


А) Т. Морган В) В. Иогансен С) Н. И. Вавилов Д) А. Вейсман

4. Генетиканың негізін қалаушы:


А) Г. Мендель В) Т. Морган С) Ч. Дарвин Д) Н. И. Вавилов

5. Тұқымқуалаушылықты дәлелдеу үшін Г. Мендель қандай еңбек жазды?




А) Хромосомалар және тұқымқуалаушылық


В) Өсімдік будандарымен жүргізілген тәжірибелер
С) Пангенезис теориясы
Д) Тұқым қуалайтын өзгергіштіктегі гомологтік қатарлар заңы

6. Тұқым қуалаудың хромосомалық теориясының негізін қалаған ғалым:


А) Г. Мендель В) Н. И. Вавилов С) Т. Морган Д) В. Иогансен

7. Г. Мендель заңдарын екінші рет ашып дәлелдеген ғалымдар:


А) Х. Де Фриз В) К. Корренс С) Т. Морган Д) Э. Чермак – Зейзенегг

8. Ген деген терминді ғылымға кім енгізді?


А) Т. Морган В) И. Павлов С) С. С. Четвериков Д) В. Иогансен

9. Тұқым қуалайтын өзгергіштіктегі гомологтік қатарлар заңын ашқан ғалым:


А) Г. Мендель В) Н. И. Вавилов С) Де Фриз Д) О. Эври

10. Пангенезис теориясының авторы:


А) А. Вейсман В) К. Корренс С) Ч. Дарвин Д) Дж. Уотсон
Жұптық жұмыс. Сәйкестігін тап (жауаптары):

 

VІІ-гейм «Қорытындылау»



    1.Мына сөйлемді толықтырыңдар:
Бірдей гендерді --------- деп, әртүрлі гендерді ---------- деп атайды. Басым гендерді ---------, ал басылыңқы гендерді --------- дейді, ата-анасы ------ әрпімен, ұрпақтарын ---- әрпімен белгілейді. Гендердің жиынтығын -----------, ал сыртқы көрінісін --------- деп атайды.

“Фенотип” тобы:


Қызан өсімдігінің жемісінің қызыл түсін анықтайтын В гені сары түсін анықтайтын в геніне қарағанда басым.Гетерозиготалы қызыл жемісті қызанды сары түсті түрімен будандастырғанда алынатын өсімдіктердің жемісінің түсі қандай болмақ?
“Генотип” тобына:
Бес саусақты әйел гетерозиготалы алты саусақты ер адамға тұрмысқа шыққан. Егер алты саусақты белгі басым болса, олардың балаларының генотипі мен фенотипі қандай болмақ?
5.Үйге тапсырма: Дәрісті оқу, толықтыру

6.Оқушылардың білімін бағалау

7.Сабақты қорытындылау

 

 
Каталог: images -> Razrabotkaurokov
Razrabotkaurokov -> Физика пјнінен «Ќызыќты физика кеші» таќырыбында ґткізілетін сыныптан-тыс іс-шараныѕ јдістемелік јзірлемесі
Razrabotkaurokov -> Сабақтың тақырыбы : «Біріккен сөздер»
Razrabotkaurokov -> Ахметова Орынкїл Јбілќызы
Razrabotkaurokov -> Технология 7сынып
Razrabotkaurokov -> Сабақтың тақырыбы: «Табиғаттағы су айналымы»
Razrabotkaurokov -> Ханаева Лаззат Кайкеновна Бұланды ауданы Макинск қаласы мектеп-лицейінің педагог -психологі Тақырып
Razrabotkaurokov -> «эрудит» /тарихи- танымдық ойын
Razrabotkaurokov -> Сабақтың тақырыбы: «Өткенді пысықтау»
Razrabotkaurokov -> Сабақтың тақырыбы: «ҚҰрылымы күрделірек теңдеуді шешу»
Razrabotkaurokov -> Бердигулова Айна Женисовна бастауыш сынып мұғалімі Есіл ауданы Есіл қаласы №3 орта мектебі Тақырыбы: «болар бала жасынан» Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет