Морские лоцманы



жүктеу 187.76 Kb.
Дата12.04.2019
өлшемі187.76 Kb.


Қазақстан Республикасының

Инвестициялар және даму министрінің     


2016 жылғы «____»________
№ ___ бұйрығымен

бекiтiлген



Кемелердi лоцмандық алып өтудi жүзеге асыру қағидалары

1. Жалпы ережелер
1. Осы Кемелердi лоцмандық алып өтудi жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) «Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 45-бабы 1-тармағына сәйкес әзiрленді, және жүзу қауіпсiздiгiн қамтамасыз ету және кемелердiң оқиғаларға ұшырауын болғызбау, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мақсатында кемелердi лоцмандық алып өтудi жүзеге асыру тәртiбiн белгілейді.

2. Қағидаларда қолданатын түсініктер:

1) кемелердi лоцмандық алып өту - лоцман жүзеге асыратын кемелердi алып өту;

2) лидирлеу тәсілі – лоцмандық кеме алып өтетін кеменің алдында фарватер арқылы жүзіп, ал алып өтетін кеме оның артынан еріп жүрген жағдайдағы кемелерді лоцмандық алып өту тәсілі;

3) лоцман - кеменi арқанға байлайтын, зәкiрге қоятын және портта кемелердiң орнын ауыстыратын жерге қауiпсiз жеткiзу саласында белгiлi бiр бiлiмi мен дағдылары бар маман;

4) лоция – белгілі бір су бассейн ерекшеліктерінің толық сипаттамасы бар навигациялық құрал, ішіне айрықшаланған жерлер, белгілер мен жағалар сипаттамалары кіреді, сондай-ақ жүзудің қауіпсіз жолдары бойынша толық нұсқаулары, белгіленген акваториядағы гидрологиялық және метеорологиялық жағдайлары көрсетіледі;

5) лоцмандық кеме – лоцмандардың кезекшілік ету және кемелерді алып өту үшін, сондай-ақ лоцмандарды алып өтетін кемелерге жеткізу мен олардан түсіру үшін қолданылатын кеме;

6) шағын көлемді кеме – балық аулау, жүктерді тасымалдау, сүйретіп жүзу, пайдалы қазбаларды іздеуді, барлауды және өндіруді, құрылыс, жол, гидротехникалық және басқа да осыған ұқсас жұмыстарды, лоцмандық және мұзжарғышқа ілестіріп алып өтуді жүргізу, сондай-ақ су объектілерін ластанудан және қоқыстанудан қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру үшін жасалған немесе жабдықталған кемелерден басқа, ұзындығы жиырма метрден аспайтын, бортына алуға рұқсат етілген адамдар саны он екі адамнан аспайтын кеме.

Осы Қағидаларда пайдаланылатын түсініктер мен ұғымдар Заңға сәйкес қолданылады.

3. Лоцмандық алып өтудi жүзеге асыру үшін лоцман жұмыс істейтін ұйым лоцманда:

1) лоцмандық кеме немесе тікұшақ, не кемелерді лоцмандық алып өту ауданның ұзындығына және ұзақтығына, кеме қатынасының қарқындылығына, гидрометеорологиялық және басқа да кемелерді лоцмандық алып өту аудан ерекшеліктеріне сүйене отырып, қажетті техникалық сипаттамалары бар және жарамды күйдегі кемеге лоцманды қауіпсіз отырғызуды және түсіруді қамтамасыз ететін, лоцманның жағалаудан кемеге жеткізудің басқа құралдары;

2) кемелермен, теңіз порты қызметтерімен, кемелер жүрісін басқару жүйелерімен (бұдан әрі - КЖБЖ) қажетті байланыс құралдары;

3) КЖБЖ және порт қызметтерінің ақпараттық базамен ұштаса байланысқан кемелерді позициялау және идентификациялау жекеше жүйелері;

4) телефон байланысымен және ұйымдастыру техникасымен жабдықталған, лоцмандардың жұмысы мен демалысына арналған үй-жайлар;

5) лоцмандарды техникалық оқытуын өткізу үшін арналған үй-жай мен құрал-жабдықтар;

6) теңізшілер үшін соңғы хабарламалар бойынша түзетілген, кемелерді лоцмандық алып өту ауданына арналған теңіз навигациялық карталар мен құралдар;

7) кемелерді лоцмандық алып өту аудан бойынша навигациялық, гидрометеорологиялық және гидрографиялық ақпарат;

8) лоцмандық қызметке байланысты қажетті құжаттар, соның ішінде лоцмандық куәлік;

9) кемелерді лоцмандық алып өту ауданның климаттық жағдайларына сәйкес арнайы киім;

10) жеке құтқару құралдары және жеке байланыс құралдары;

11) алғашқы жәрдем көрсетудің медициналық құралдары бар болуын қамтамасыз етеді.

4. Лоцмандық қызметтің білікті және тоқтаусыз жұмысын ұйымдастыру мақсатында, лоцмандар жұмыс істетін ұйымы тағылымдамадан өтушілердің даярлығын, сондай-ақ қызмет ететін лоцмандардың біліктілігін арттыруын қамтамасыз етеді.

5. Лоцман болуға үміткердің тағылымдамадан өтуі, лоцман қызметіндегі жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес білікті лоцмандардың басқаруымен жүргізіледі.

Лоцман болуға үміткердің тағылымдамадан өтуі алты айдан кем болмауы тиіс. Бұл ретте, егерде аталған мерзімде лоцман болуға үміткер қажетті дағдыларға ие болмаса, тағылымдамадан өтудің мерзімі бір жылға дейін ұзартылуы мүмкін.

Лоцман болуға үміткердің тағылымдамадан өтуі, соның ішінде лоцманның біліктілікті арттыру кезінде де, КЖБЖ оператордың дублеры қызметінде жеті күннен кем емес уақытта жүргізіледі.

6. Лоцманның және лоцман болуға үміткердің теоретикалық және оқу-жаттығу даярлығы:

1) кемелерге радиолокациялық бақылауды жүзеге асыру мен ұйымдастыруы және соқтығысуды болдырмау мақсатында олардың қозғалыс траекторияларын салуды жүргізу;

2) электрондық карталарын және автоматты радиолокациялық салу құралдарын пайдалану (бұдан әрі - АРСҚ);

3) апат кезде жаһандық теңіздегі байланыс жүйесі (бұдан әрі - АЖТБЖ) көмегімен кемелермен және жағажай орталықтарымен радио байланысын жүзеге асыру;

4) тәуліктің кез келген уақытта және түрлі гидрометеорологиялық жағдайларда, соның ішінде қысылып өтетін жағдайларда түрлі типті және көлемді кемелерді басқару және маневр жасауды жүзеге асыру;

5) жәбірленгендерге алғашқы медициналық жәрдем көрсету әдістері және борт сыртындағы суға түскен жағдайдағы жеке өмірін сақтап қалу тәсілдерін қолдану;

6) лоцманның және лоцман болуға үміткердің денсаулығы туралы медициналық комиссияның қорытындысы оң болған жағдайда, кемелерді лоцмандық алып өту ауданында лоцманды кемеге отырғызу (түсіру) кезінде тікұшақ қолдану жағдайлары;

7) лоцманға өз ойларын стандартты және адекватты білдіруге мүмкіндік беретін, кемені басқару үшін ағылшын тілін қолдану (шетел туын көтеріп жүзетін кемелермен жұмыс істеген кезде) бойынша қажетті дағдылар қабылдауға, бекітуге және жаңарту мақсатында жүргізіледі.

Лоцман болуға қажетті теоретикалық даярлықтың ішіне, лоцман болуға үміткердің тағылымдамадан өтуі қарастырылатын кемелерді лоцмандық алып өту ауданында (аудандарда) кемелерді лоцмандық алып өтуді жүзеге асырудың теоретикалық даярлығы бойынша дәрістері кіреді.

7. Лоцмандар жұмыс істейтін ұйымдардың жоспарлары бойынша тоқсанда кемінде 1 рет өткізілетін техникалық даярлықтың ішіне:

1) лоцмандық алып өту ауданында кемелер ұшырайтын аварияларды және оқиғаларды талдау;

2) жүзу, маневр жасау және арқандап байлау жұмыстары кезінде кемені басқарған жағдайда жергілікті климаттық, навигациялық гидрографиялық, гидрометеорологиялық және кемелерді лоцмандық алып өту ауданының басқа ерекшеліктер әсерін есепке алу;

3) лоцмандық алып өту кезінде кеменің орналасқан жері бойынша бағдарлау және бақылаудың талдаулық, аспаптық және көзбен шамалау тәсілдерін қолдану;

4) лоцмандық алып өту ауданында жүзу, маневр жасау және арқандап байлау жұмыстары кезінде гидротехникалық құрылыстардың ерекшеліктерін есепке алу;

5) теңізде жүзу қауіпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында КЖБЖ-бен және басқа техникалық жүйелермен әрекеттесу;

6) кемелерді лоцмандық алып өту ауданында жүзу ерекшеліктері кіреді.

8. Порттың теңіз әкімшілігі құзырет шегінде лоцмандық қызметті бақылау және қадағалау бойынша:

1) лоцман жұмыс істейтін ұйымның осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лоцмандық куәлiктің берілуін келісуді;

2) лоцман болуға үміткер жұмыс істейтін немесе тағылымдамадан өтетін ұйымы әзірлеген, лоцман болуға үміткердің және лоцмандардың біліктілігін арттыру даярлығын өткізу бағдарламасын келісуді;

3) лоцмандардың даярлықтың және біліктілігін арттырудың ұйымдастырылуын және өткізілуін тексеруді;

4) кемелерді лоцмандық алып өтуді бақылауды жүзеге асырады.



2. Кемелерді лоцмандық алып өту тәртібі
9. Кемелерді лоцмандық алып өту уәкілетті орган немесе Заңның 47-бабы 2-тармағына сәйкес жеке жағдайларда теңіз портының капитаны белгілеген кемелерді лоцмандық алып өтудің міндетті және міндетті емес аудандарда жүзеге асырылады.

Кемелердi лоцмандық алып өту аудандары туралы ақпарат сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы уәкілетті органның, теңіз порттың ресми интернет-ресурсында, сондай-ақ лоцияларда, теңіз навигациялық карталарда және лоцмандық алып өту ауданына арналған құралдарда орналастырылады.

Бұл ретте өзінің қарауы бойынша кеме капитаны лоцмандық алып өту міндетті емес болып табылатын аудандарда лоцман қызметін пайдалануға құқылы.

10. Кемелерді мiндеттi лоцмандық алып өтуден кемелердің келесі санаттары босатылады:

1) әскери кемелер;

2) әскери-қосалқы кемелер;

3) шекаралық корабльдер және катерлер;

4) порттық немесе порттағы басқа қызметтерді көрсетуге арналған кемелер;

5) шағын көлемді кемелер;

6) кемелерді лоцмандық алып өтудің міндетті ауданында жалпы сыйымдылығы 3000 және одан артық регистрлі тонна кемелерінде жүзу тәжірибесі кемінде 24 ай болатын капитандар басқаруымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын көтерiп жүзетін кемелер.

Осы тармақтың 6)-тармақшасының талаптарына сәйкес келетін капитандардың басқаруындағы кемелерді мiндеттi лоцмандық алып өтуден босатуды Порт теңіз әкімшілігі, осы ауданда лоцмандық алып өту қызметін көрсететін ұйыммен келісілген растайтын құжаттарды ұсына отырып кеме иесі немесе кеме агенті өтініші бойынша береді.

11. Лоцманның бір мезгілде бір кемеден артық кемелерді лоцмандық алып өтуге жол берілмейді.

12. Кемелерді лоцмандық алып өту порттың диспетчерлік қызметіне кемелерді лоцмандық алып өту ауданына кірместен бұрын 24 сағатқа дейін кеме капитаны беретін өтінім бойынша жүзеге асырылады, онда келесі мәліметтер көрсетіледі: кеме атауы, оның сипаттамалары (ұзындығы, ені, отыруы, діңгектің судың үстіндегі биіктігі, жылдамдығы, рульдеу құралдарының бар болуы және тағы басқалар), шақыру белгілері, отыруы жөнінде мәліметтері, жүктелуі, орнықтылық және суға батпайтындығы, маневр жасау сипаттамалары және басқарылу ерекшеліктері, кеме теңіз агентінің атауы.

Бұдан кейінгі лоцмандық алып өту ауданына кіру уақытын кеме капитаны кіруге дейінгі 12, 4 және 1 сағат бұрын нақтылайды.

Лоцманды қабылдайтын жерге жақындағанға дейінгі 1 (бір) сағат бұрын, лоцмандық қызмет кеме капитаны және Порт теңіз әкімшілігімен келісуі бойынша лоцманды отырғызу уақытын және шарттарын, оған қоса кеме жылдамдығын, лоцманның отырғызуы жоспарланған бортын, лоцмандық траптың жабдықталудың бөлшектерін белгілейді.

13. Егер кеме лоцманды қабылдау жеріне бекітілген уақытта келмеген болса немесе кеменің лоцманды қауіпс қабылдауға мүмкіндігі болмаса, осы жағдайларға әкелген себептерді жойғанға дейін лоцмандық қызмет лоцмандық алып өту қызметін көрсетуден бас тартуға құқылы. Бұл жағдайда кеме капитаны немесе кеме агенті осымен байланысты шығындарды лоцмандық алым мөлшерінде төлейді.

Қайта берілген өтініш бойынша лоцмандық алып өту қызметін көрсету жеке, бөлек қызмет ретінде төленеді.

14. Кеме капитаны лоцманды шақырып және оның қызмет көрсетуінен бас тартатын болса, онда ол шақырылған лоцманның алып өтуге тиісті лоцмандық алымды толығымен төлеу үшін лоцмандық түбіртекті толтырады және оған қолын қояды.

15. Лоцман алып өтетін кеме мен лоцмандық кеме арасында тоқтаусыз және тұрақты байланыс қамтамасыз етіледі.

16. Лоцманды қабылдау және түсiру кезiнде кеме капитаны лоцман кемесімен тұрақты байланыс ұстайды және онымен өз әрекеттерiн келiседі. Лоцманның келу сәтiнен бастап және оның кетуiне дейiн кемеде халықаралық сигналдар жинағына сәйкес келетiн - "Менiң бортымда лоцман бар" деген «Н» (Hotel) жалауы көтерiледі.

17. Кеме капитаны лоцманды және тағылымдамадан өтушіні кеме бортына тез және қауiпсiз қабылдауды қамтамасыз етедi және лоцмандық кеменiң зақымдалуына жол бермеу үшін барлық шаралар қабылдайды.

Егер ауарайы жағдайлары лоцманның кемеге көтерілуіне мүмкіндік бермесе, ол жағдайда кеме капитаны және теңіз портының капитаны келісуі бойынша, лоцмандық алып өту лоцманның кемеге отырғызуға мүмкіндігі бар және қауіпсіз болған жерге дейін лидирлеу тәсілімен жүзеге асырылады.

Лидирлеу тәсілі кеме капитаны келісуі бойынша кемені порттан шығар кезде де қолданылады.

18. Лоцман кемеге келген кезде кеме капитанына лоцмандық куәлігін ұсынады.

Кеме капитаны лоцмандық алып өтудің қызметін тек қана лоцманда лоцмандық куәлігі бар болған кезде ғана пайдаланады.

19. Лоцмандық алып өтуді бастар алдында лоцман:

1) лоцмандық квитанцияда (2-қосымша) жазылған мәліметтерді, кемеде және кеме құжаттарында бекітілген лоцмандық кәртішкеге жазылған мәліметтермен сәйкестікке салыстырып қарайды;

2) кеме капитанынан навигациялық құралдардың, қозғалтқыш қондырғының, рульдік, рульдегіш, зәкір және басқа құралдардың контсруктивтік, пайдалану және ағымдағы жай-күйі туралы мәліметтерін алады;

3) кеме капитанын алдағы жүзіп барудың навигациялық гидрографиялық және гидрометеорологиялық жағдайлары, кеме қатынасының жай-күйі, сапар шегу жолындағы навигациялық және басқа қауіп-қатерлер мен ерекшеліктері туралы хабардар етеді;

4) кеме капитанын навигациялық қондырғы құралдарының сипаттамалары және сапар шегу жолындағы навигациялық бағдарлары, оларды қолдану тәсілдері мен ерекшеліктері туралы хабардар етеді;

5) кеме капитанын кемелерді лоцмандық алып өту ауданында бар КЖБЖ, басқа да теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйелері және олармен өзара әрекеттесу тәртібі туралы;

6) кемелерді лоцмандық алып өту жоспарын кеме капитанымен келіседі;

7) алдағы кемені зәкір тұрағына отырғызу және одан босатуды, айлаққа немесе шығарылатын жүк тиеу құралына арқандап байлауды кеме капитанымен келіседі;

8) кемені басқару бойынша ақпараттандыру және өкімдер беру, сондай-ақ алдағы кемені лоцмандық алып өту барысындағы сол өкімдерді орындау салдарлары бойынша бақылау тәртібін кеме капитанымен келіседі.

20. Қауiпсiз жүзу мақсатында кеме капитаны лоцманның ұсынымдарын ескередi. Рөлдеушiге барлық бұйрықтарды капитан өзi бередi. Кеме капитаны мiнбеден кеткен жағдайда лоцманға оның болмайтын кезiнде кеменi басқаруға жауапты тұлғаны көрсетедi.
Егер де маневрдi орындауды жеделдету мақсатында капитан лоцманның өзiне бұйрық беруге рұқсат етсе, онда бұл жағдайда олар капитан бұйрығы бойынша орындалған болып саналады, ол үшiн капитан жауапты болады.

21. Кеме капитаны лоцмандық алып өтуді өткізу үшін лоцманның пайдалануына кеме радиостанциясын, басқа байланыс құралдарын, сондай-ақ кеменің навигациялық қондырғының құралдарын және қосалқы құралдарын ұсынады.

22. Лоцмандық алып өту кезінде лоцман:

1) кемелерді лоцмандық алып өту ауданында өткізілетін кеме және басқа кемелердің қауіпсіздігі үшін мағынасы бар навигациялық, гидрометеорологиялық және басқа жүзу жағдайларының кез келген өзгеруі бойынша бақылауын әрдайым жүргізеді;

2) графикалық санау, талдау, аспаптық және навигациялық параметрлерді көзбен шамалап анықтау тәсілдерін қолдана отырып, кеменің орналасқан жерін үзбеусіз бақылайды;

3) кемені лоцмандық алып өту ауданында кеме қатынасының жай-күйі бойынша әрдайым мониторинг жүргізеді (бас және жанасқан фарватер арқылы жүретін кемелердің саны мен атаулары, олардың сапар шегу реті, арқанға байлау жұмыстарын және зәкірге отырғызу мен босату бойынша маневр жасауды жүзеге асыратын кемелер, маневр жасауда шектелген, апаттық, бортында қауіпті жүктері бар кемелер және тағы басқа);

4) КЖБЖ-бен және басқа теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйелерімен, сондай-ақ порттың диспетчерлік қызметімен байланысын әрдайым ұстайды;

5) теңіз порты капитанына дереу:

теңізде жүзу қауіпсіздігіне қауіп-қатер төнуі мүмкін фарватерлердегі, арналардағы, кіреберістердегі, порт айдынындағы және кемелерді лоцмандық алып өту ауданындағы кез келген өзгерістер туралы;

ол қызмет ететін ауданындағы лоцмандық алып өтуді жүзеге асыратын кемемен және басқа кемелермен болған оқиғалар туралы;

навигациялық қоршау құралдары қызметіндегі ақаулықтар мен бұзылу туралы;

алып өтілетін кеме капитаны кемені мұнаймен, зиянды заттармен, ағынды сулар және қоқыспен ластауды болғызбау туралы қағидаларды, сондай-ақ шекара және кеден бақылау талаптарын орындамауы туралы хабарлайды.

23. Маневр жасауды жеделдету мақсатында капитан лоцманға рульдеушіге жүзу және маневр жасауға қатысты өкімдер беруге рұқсатын беруге құқылы, бұл жағдайда кеме капитаны сол өкімдердің нәтижесінде пайда болуы ықтимал салдарлары бойынша жауапкершіліктен босатылмайды. Ал өкімдер кеме капитаны бұйрығымен берілгендей болып есептеледі.

Ағылшын тілін қолданған жағдайда лоцман барлық ұсынымдарын немесе бұйрықтарын «Теңізде байланысуға арналған ИМО-ның стандарттық сөз орамдарына» сәйкес береді.

24. Лоцмандық алып өту келесі жағдайларды тоқтатылады:

1) егер лоцмандық алып өтуді жүзеге асыратын кеменің капитаны жеткілікті негізсіз лоцманның ұсынымдарын ескеріп жүрмесе немесе алып өтілетін кеме навигацияның немесе қоршаған ортаның қауіпсіздігіне қауіп-қатер төндірген жағдайда;

2) егер кеменің қауіпсіз жүзуін жүзеге асыруға мүмкіндік бермейтін жағдайлары бар болғанда.

Кемені лацмандық алып өтуді тоқтатқан кезде, лоцман алып өтуді тоқтату себептерін көрсете отырып өзі жұмыс істейтін ұйымға және Порт теңіз әкімшілігіне дереу хабарлайды, сондай-ақ тиісті жазбаларды лоцмандық түбіртекке енгізеді және кеме журналына тиісті жазбаларды енгізуді талап етеді.

Бұл ретте кемені алып өтуді тоқтатқан лоцман навигациялық мiнбеде қалады, және егер кеме капитанына қауіпсіз жүзуге қажетті мәліметтер қажет болған жағдайда, лоцман оларды ұсынады.

Бұл жағдайда кеме капитаны теңізде жүзудің және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық шаралар қабылдайды және бұдан әрі теңіз портың диспетчерлік қызметтің және КЖБЖ нұсқауларын қолданады.

Қажет болған жағдайда лоцман жұмыс істейтін ұйымы лоцманды ауыстыру бойынша шараларын қабылдайды.

25. Лоцман ұсынымдарының дұрыстығына күмән келтiрген жеткілікті негіздер бар болған жағдайда, жүзудін қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кеме капитаны осы лоцманның қызмет көрсетуiнен бас тартуға құқылы немесе оны ауыстыруды талап етеді.

26. Лоцманның кемені қалдырып кету кеменің қауіпсіз зәкірге отырғызылған, арқанға байланған немесе теңізге шығарылған, не лоцман ауыстырылған кезден кейін кеме капитанының келісуімен жүзеге асырылады.

Бір лоцманды басқа лоцманмен ауыстырылған жағдайда, мұндай ауыстыру кеме навигациялық мінбесінде жүргізіледі. Бұдан кейін кемені алып өту бойынша міндеттерін тапсырған лоцман, кемеден кетеді.

27. Кемеде лоцманның бар болуы капитан мен барлық кеме экипажын, олардың кеме және жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша өз міндеттерін және міндеттемелерін орындаудан босатпайды.

28. Лоцмандық алып өту аяқталған кезде, кеме капитанының өтініші бойынша, жүкті тиеу немесе түсіру қажеттілігі, кеме тетіктері жарамсыздылығы, толық су деңгейін күту кезінде, кеменің карантин және капитанның пікірі бойынша лоцманның кеңестері қажет болған басқа да жағдайларда лоцман кемеде қалуға құқылы.

29. Лоцманның көрсетілген қызметін куәландыру негізі ретінде, кеме капитаны қол қойған және кеме мөрімен расталған лоцмандық түбіртек болып табылады.

30. Егер лоцман немесе лоцманның тағылымдамадан өтуші алып өтетiн кемемен олар қызмет көрсететiн ауданнан тыс әкетiлген жағдайда, осы кеме иесі оны тұрақты жұмыс орнына қайтып келуін қамтамасыз етеді (жол жүру билеті, қайтып келу уақытына тәулiктiк ақысы, қонақ үйде тұру және басқа), және лоцман немесе лоцманның тағылымдамадан өтуші үшін жұмыс істейтін ұйымда бекітілген нормалар бойынша төлемді өтейдi.

31. Лоцмандық алып өту қорытындысы бойынша кеме капитаны лоцмандық түбіртекке ескертпе ретінде лоцмандық алып өтуге қатысты шағымдар жазуға құқылы.

32. Тиесiлi емес лоцмандық алып өтуге кiнәлi лоцман, Порт теңіз әкімшілігінің, ол қызмет атқаратын ұйымның өкілдерінен құрылған бiлiктiлiк комиссиясы лоцманның лауазымдық міндеттерін орындауы кезіндегі әрекеті (әрекетсіздігі) нәтижесінде кемеге немесе су ортасына залал келтірген, адамдар өміріне тікелей қауіп төндірген жағдайда біліктілігінен айыруы мүмкiн.

Лоцманды біліктілігінен айыру лоцманды лоцмандық алып өтуді іске асыру құқығынан айыру деп ұғынылады.

Лоцманды біліктілігінен айыру кезінде лоцманнан лоцмандық куәлік алынады.

Лоцман Қазақстан Республикасының азаматтық процессуалды заңнамасымен белгіленген тәртіппен комиссияның біліктілігінен айыру туралы шешіміне шағымдана алады.

3. Лоцмандық алым
33. Лоцманның қызметін пайдаланатын кемелер лоцмандық алымды төлейді.

34. Лоцмандық алым ақысвның мөлшерін кемелерді лоцмандық алып өту бойынша қызметті көрсететін ұйымдары бекітеді.

Қазақстан Республикасының

Инвестициялар және даму министрінің


2016 жылғы «____»________
№ ___ бұйрығына

1-қосымша

№ _____ лоцмандық куәлік

____________________________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты)

ол, теңіз лоцманы болып табылатыны жөнінде берілген_____________________

____________________________________________________________________

(лоцмандық ұйымның атауы)

кемелерді лоцмандық алып өтуді жүзеге асыруға құқығы бар________________

____________________________________________________________________

(кемелердің мөлшері және типі)

кемелерді лоцмандық алып өту ауданы___________________________________

____________________________________________________________________

(бастап және дейін немесе акватория шегінде)

Фотоcурет орны Лоцман қызмет атқаратын ұйымның

басшысы ____________________________

_____________________________________

(порт атауы)

_____________________________________

(қолы)
Берілген күні 20___ж. "____"______________


Дейін жарамы 20___ж. "____"______________
Дейін ұзартылды 20___ж. "____"______________

Теңіз портының капитаны_______________

_____________________________________

(теңіз портының капитаны)

_____________________________________

(қолы)


Қазақстан Республикасының

Инвестициялар және даму министрінің


2016 жылғы «____»________
№ ___ бұйрығына

2-қосымша

№ ______ лоцмандық түбіртек

Теңіз лоцманның Т.А.Ә._______________________________________________

Лоцмандық ұйымның атауы____________________________________________

Кеменің атауы________________________________________________________

Кеме жалауы ________________________________________________________

ХТҰ нөмірі_____________________Кеме шақыру белгілері_________________

Кеме типі ___________________________________________________________

Кеме мөлшері: ұзындығы____________ ені__________борт биіктігі__________

Кеме сыйымдылығы: таза______________ жалпы__________________

Кеме шөгуі: ұшы _____________ артқы жағы _____________

Кіретін соңғы порты __________________________________________________

Баратын порты _______________________________________________________

Жүктің (жолаушылар) түрі мен саны_____________________________________

Кеме иесінің атауы____________________________________________________

Кеме агентінің атауы __________________________________________________

Лоцманның кемеге келу уақыты: күні_____________ уақыты______________

Лоцманның кемеден кету уақыты: күні_____________ уақыты______________

Кеме ____________________ бастап ____________________ дейін алып өтілген

Қолданылатын буксирлік қамтамасыз ету ________________________________

КЖБЖ қызметтері ____________________________________________________

Кеме капитанының ескертпелері ________________________________________

____________________________________________________________________

Кеме капитанының Т.А.Ә. _____________________________________________

Кеме мөрі (кеме штампы) Кеме капитанының қолы __________________

Күні 20____ж. "___"______________

Қазақстан Республикасының

Инвестициялар және даму министрінің
2016 жылғы «____»________
№ ___ бұйрығына

3-қосымша

Лоцмандық кәртішке

Кеменің атауы ______________________ Кеме жалауы _____________________

Кеме шақыру белгілері__________Сыйымдылығы: таза________жалпы_______

Кеме салынған жылы______________Салынған жері_______________________

Кеме шөгуі: Ұшы_______м_______см Артқы жағы ________м_______см

Әрекеттегі шөгу бойынша су ығыстыру _______________тонна

Кеме ерекшеліктері

Кеме ұшы мен арты қималары арасындағы ұзындығы _______ м

Перпендикулярлар арасындағы ұзындығы жүкпен_____м, балластпен _____м

Цилиндрлік ендірмесінің ұзындығы жүкпен______м, балластпен_____м

Ең үлкен ұзындығы _______ м

Ені _______ м

Ұштық бульбаның болуы ___ия/___жоқ

Ұштық қимасынан бастап алдыңғы бөліктің қондырмасына дейінгі аралық ___м

Кеме арты қимаcынан бастап алдыңғы бөліктің қондырмасына дейінгі аралық _____м

Ұштық қимасынан бастап манифолдқа дейінгі аралық _______м

Зәкір шынжырлары: Сол жақ _____ жапсарлас Оң жақ _____жапсарлас

Кеме арты _____ жапсарлас

1 зәкір жапсарластың ұзындығы ____________м/____________см

Кеменің су үстіндегі биіктігі: Жүкпен________м/________ см

Балластпен _______м/________ см

Кеменің кильден бастап ең жоғарғы нүктеге дейінгі биіктігі _______м/______см

Бұрандалар саны: оң айналым_____________, сол айналым _______________

Қозғалтқыш типі _______________

Ең жоғарғы қуаттылығы __________квт__________ а.к.

Кеме энергетикалық қондырғыларының маневрлік режимдері

Минутына айналымы/ реттелген айналым бұрандасының айналымы

Жүкпен жылдамдығы (торап) _________балластпен___________

Алдыңғы толық

Алдыңғы орташа Артқы жүріс режимдегі жұмыстың

Алдыңғы кіші шекті уақыты ______________минут

Алдыңғы ең кіші Алдыңғы толықтағы уақыттан -

Артқы ең кіші артқы толықтағы ________секунд

Артқы кіші Тізбектеліп іске қосудың ең

Артқы орташа жоғарғы саны ________

Артқы толық Ең кеміндегі тұрақты айналымдар /мин

Ең кеміндегі тұрақты айналымдардың жылдамдығы__________торап

Артқы жүрістің қуаттылығы алдыңғы жүрістің қауаттылығынан__________%

Рульдік құрылғының сипаттамасы

Рульдер саны______Руль типі_____Ауыстырудың ең үлкен бұрышы_____град.

Борттан бортқа ауыстыру уақыты: бір жетек құрылғының (насос) кезінде _____ секунд; екі жетек құрылғылар (насостар) _______секунд

Бұранданың қапталдық күштері орнын толтыру үшін рульдің орташа күйі_________градус.

Бұранданың жұмыс істемеуі кезіндегі кеменің ең аз жылдамдығы, егерде кеме бағытта тежеліп тұратын болса (рульге бағынуы)___________________торап

Рульдеу құрылғыларының саны_____________дана.

Кеме ұшы рульдеу құрылғысының қуаттылығы_______кВт/_______а.к.

Кеме арты рульдеу құрылғысының қуаттылығы _______кВт/______а.к.

Құрал-жабдықтың бар болуын және оның даярлығын тексеру

Зәкір_____________________Штаттық орындарда___________________ия/жоқ

Ысқырғыш_______________________Жалаулар___________________________

РЛС 3 см диапазоны_______________________________ АРСҚ ________ия/жоқ

РЛС 10 см диапазоны______________________________ АРСҚ ________ия/жоқ

Лаг___________Суға қатысты_____________Топыраққа қатысты_____________

Жылдамдықты өлшеу: бір білік бойынша_________екі білік бойынша________

Эхолот_________Кеме орналасуы автоматты орнатушы________Типі_________

Бағытты көрсету жүйесі____________Гидрокомпасты оңалту ___________град.

Рульдің жұмыс жасайтын жетек құрылғылардың саны______________________

Рульдің көрсеткіші: Аксиометр_____Бұрылыс жылдамдығының тахометрі____

Машиналық телеграфтар______________УҚТ радиобайланыс_______________

Спутникалық/радионавигациялық жүйе____________Типі__________________

Арқандаулы жүкарба мен тростар_______________________________________

Құрал-жабдықтағы ақаулардың бар болуы

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

Басқа да маңызды ақпарат

Күні 20____ж._______________ Кеме капитанының

Т.А.Ә.____________________

Қолы_____________________

______________________________






Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет