Бүгін парламент отырысының кулуарында жаңа сайланған қаржы министрі Мади Такиев тілшілердің сұрағына жауап беріп, қанша айлық алатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Үкімет отырысынан скрин

Ол тілшілердің “жалақыңыз туралы ақпарат алдыңыз ба” деген сұрағына жауап берді. 

"Жалақым қанша болатынын білдім. Бізде мемлекеттік қызметкерлерге бірыңғай кесте бар. Кестеге сай аламын. Миллионнан сәл жоғары, миллион немесе еңбек өтілімді ескеріп бір жарым миллион аламын”, – деді ол. 

Жақында ғана қаржы министрі болып тағайындалған Мәди Такиев “өз табысын жария ете ала ма” деген тілшілер сұрағына жауап беріп, “менің декларацияма келсек, мен оны жариялай аламын. Бірақ сіздер ол жерден ештеңе түсінбейсіздер”, – деп жауап берген еді. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.