Ақтөбе облысында 42 жастағы келіншек пойызда босанып қалды. Жолай толғағы қысқан анаға жолсеріктер көмек беріп, әйел бөпесін бауырына алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Айнагүл Тілеубергенова облыс орталығына жету үшін Шалқар ауданындағы Тоғыз бекетінен пойызға отырған. Жем қаласына жақындағанда толғағы басталыпты.

Дереу шойын жол бойындағы дәрігерелерге хабар беріп жедел жәрдемді күткен. Бірақ пойыз ішінде босанып, салмағы 3 келі 700 грамм қызды дүниеге әкеледі. Атын Малика қойыпты. Келіншек алтыншы бөпесін облыс орталығындағы перзентханада босануды жоспарлаған екен. 

"Сол кезде бала мен әйелді алып Ембі ауданы ауруханасынасының перзентхана бөліміне салынды. Бүгінгі күні бала мен әйелдің жағдайы жақсы. Анасы емізіп жатыр. Құдай қаласа ,ертең үйіне шығарылады”, – дейді Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Бақытжан Түлкібаева.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.