Әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаев сотта өзіне-өзі қол жұмсамақ болғанын айтты. Сонымен қоса ол бұл әрекетке тергеу изоляторында барғанын жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Салтанаттың өлімі туралы фактінің анықталғаны көңілімді қатты түсіріп, күйзеліске түстім”, – деді Бишімбаев прокурордың сауалына жауап беріп тұрып.

Прокурор Бишімбаевтың Нүкенова мейрамхананың VIP бөлмесінде жатқан кезінде бейнебақылау камерасындағы жазбаларды жою, оның телефонын алып жүру сондай-ақ "Bau" мейрамханасының аумағында әйелдермен кездесу туралы тапсырма бергенін атап өтеді.

Сонымен қатар мемлекеттік айыптаушы тергеу изоляторында Бишімбаевты жеке бақылағанын және сол бес айдың ішінде экс-министрдің өзіне-өзі қол жұмсау әрекетіне бармағанына назар аударады.

  • "Медициналық көмекке жүгінгенде Салтанаттың аман қалу мүмкіндігі артар еді": Нүкенованың қандай жарақаттардан көз жұмғаны белгілі болды
  • "Қуандық, сен көзіме шөп салдың": Сотта Бишімбаев пен марқұм Нүкенова арасындағы хабарламалар оқылды

“Құрметті сот, құрметті алқабилер, Бишімбаев қамауға алынған сәттен бастап бес ай бойы мен өз басым процессуалдық прокурор ретінде тергеу изоляторындағы камераға орнатылған бейнебақылау камерасын бақыладым. Сол бес айдың ішінде сіз ешқашан өзіңізге зиян тигізуге тырысқан емессіз”, – деді прокурор.

Айыпталушы Қуандық Бишімбаев сот алдында жауап беруді жалғастырып жатыр. Бұған дейін сотта Салтанат Нүкенованы мейрамхананың дәлізінде ұрып-соғып жатқаны түсірілген видео көрсетілген.

Айта кетейік, бұған дейін бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен ұсталған. Кейіннен қылмысты жасырды деген айыппен Салтанат Нүкенова көз жұмған мейрамхананың директоры да тұтқындалды.

Сондай-ақ экс-министр Қуандық Бишімбаевқа Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігі ("Азаптау"), Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағы ("Аса қатыгездікпен адам өлтіру") бойынша жаңа айыптар тағылған еді. Ал оның туысы Бақытжан Байжанов — қылмысты жасырғаны және хабарламағаны үшін айыпталған.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.