Мұсабек ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасы бойынша 2013 жылға арналған жұмыс жоспарының орындалуы туралы ауыл әкімінің баяндамасы



жүктеу 122.01 Kb.
Дата14.04.2018
өлшемі122.01 Kb.
түріБағдарламасы

Мұсабек ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасы бойынша 2013 жылға арналған жұмыс жоспарының орындалуы туралы ауыл әкімінің баяндамасы

Ауыл округі экономикасы саласында біршама жұмыстар атқарылып, оң нәтижелерге қол жеткізді. Барлық салаларда өндіріс қарқыны сақталып, даму көрсеткіштерінің ілгерілуі байқалады.

Ұлт Көшбасшысы Нұрлұлтан Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында еліміз даму мен өркендеуінің даңғыл жолына түскенін көріп келеміз. «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттік жаңа саяси бағыты » атты Елбасының биылғы халыққа Жолдауы еліміздің 2050 жылға дейін даму бағытын айқындап берді.

Ел өмірінде саяси-мәдени ірі оқиғаларға толы болған 2013 жылда Мұсабек ауылдық округінде барлық салалар бойынша атқарылған жұмыстарға нақты тоқтала кетейін.

Мұсабек ауылдық округінде 5 елді мекен орналасқан : Мұсабек, Мәулімбай ауылдары және Мойынқұм, Быжы, Бақша бекеттері. Онда 1815 халық, 308 түтін бар. Қазіргі күні Мұсабек ауылында – 1200, Мәулімбай ауылында- 407, Быжы бекетінде – 108 адам , Бақша бекетінде -37 адам болса, Мойынқұм бекеттерінде 62 тұрады.

Округ бойынша жасына байланысты зейнетақы алатындар 240, асыраушысынан айырылғандар саны – 20. 3 – ші топ мүгедектер саны – 10, 2 топ мүгедектері- 20, 18 жасқа дейінгі 4 баласы және одан жоғары балалары бар көпбалалы отбасы 19, жасына байланысты мемлекеттік жәрдем ақы алатындар -15, 16 жасқа дайінгі мүгедек балалар 5, ҰОС ардагері - жоқ, 1 жасқа дейінгі жәрдемақы алатындар 35, «Алтын алқа» иегері 15, «Күміс алқа» иегері- 30.



Әлеуметтік сала бойынша: Ең басты мәселе-халықтың әлеуметтік тұрмыс жағдайына баса көңіл бөліп, оны жақсартуға белсене араласу, айта кететін болсақ: «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек беру» жәрдем ақысы тағайындалған жоқ.

18-жасқа дейінгі тұрмысы төмен отбасыларына жәрдемақы 16 отбасына 42 балаға төленіп, тұрғын үй коммуналдық жәрдемақы жыл бойы 12 отбасына тағайындалды. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жұмысқа орналасу жоспары 25 болса өтініш берген 25 адам -100% орындалды, мамандандыру оқуына 3 адам жіберілді. Қоғамдық жұмысқа жіберу жоспары 13 болса, 13-і орналастырылды, 100 пайызға орындалды,« Дипломмен ауылға» жобасы бойынша 2 жас маман жұмысқа Мәулімбай ауылында Жеңіс мектебіне алынды.


Ауыл шаруашылығы бойынша айтсақ , округ бойынша

Барлық жер 98610,82 га ,оның егістік жері барлығы -1495,07 га, тәлімді- 48 га, суармалы -1446, 27 га.

Алма бақ- 7.0 жайылымдық жер - 96039,7 га

Биылғы жылы күздік бидайдан жоспарланған 70 га жерге егіліп әр га жалпы 28 цн ден өнім алып, оның 187 тн таза түсімнен 160 тоннасын азық-түлікке, 9 тн жемге, 18 тн тұқымға қалдырып 1 мәрте зертханадан өтті. Жаздық бидай 240 га жерге егіліп әр га жалпы 16 цн ден өнім алып, оны 365 тн таза түсімнен 301 тоннасын азық-түлікке, 21 тн жемге, 43 тн тұқымға қалдырып 1 мәрте зертқанадан өтті. Арпа 620 га жерге егіліп әр га жалпы 24 цн ден өнім алып, оны 1414 тн таза түсім алып 1292 тн жемге, 122 тн тұқымға қалдырды.



Май бұршақ (соя) 805 га жерге егіліп, әр га жерден 25-30 центр өнім алды былтырғы жылға қарағанда 10 цн артық. Мал азығын дайындаудан 1250 га жерге көп жылдық, 631 га жерге біржылдық шөп егіліп жалпы шаруа қожалықтарында 4460 тн шөп, округ бойынша елді мекенде 8040 шөп дайындалды. Шаруа қожалықтарында 155 га жерге көкөніс оның ішінде 20,4 га сәбіз, 134,6 га жуа, 25 га жерге күнбағыс пен 25 га бақша өнімі қауын-қарбыз егіліп жинап алды.

Суға төленбей қалған қарыз 30%, 70% пайыз төленді. Шаруа қожалықтарымен жиын ашып іс-шаралар белгіленді.



Мал басы

Ауыл атауы

Ірі-қара

қой

жылқы

ешкі

құс

барлық

сиыр

барлық

саулық

барлық

бие

барлық

аналық

барл

мекиен

Мұсабек

2116

1005

9972

4478

581

216

1098

558

1682

395

Мәүлімбай

195

87

881

410

80

31

177

75

783

260

Быжы

2

1

812

390

15

5

106

41

699

149

Бақша

3

2

604

280

2

-

62

28

1110

213

Мойынқұм

184

80

798

390

32

13

293

128

726

83

Барлығы

2500

1175

12527

5948

710

275

1736

830

5000

1100

Малды қолдан ұрықтандыру 2013 жыл басынан бастап 410 ұрықтанды
Салық бойынша: Барлық салық 120000 мың оның : Мүлік салығы 30000 тенге-жер салығы 90000 тенге . Толық жиналып 100% орындалды.
Кіші және орта бизнес

Округ бойынша 6 дүкен оның 4-і Мұсабек ауылында, Мәүлімбай ауылында 2 сауда нүктесі ашылды, жұмыс жасап тұр.

Мұсабек ауылында 120 орындық асхана жұмыс жасайды, онда 2 жұмысшы белгіленген.

Аудан орталығымен қарым-қатынас ұйымдастырылған. Автобус күніне 1 рет жүріп тұр және басқа уақытта жеңіл автокөліктер тұрғындарға қызмет жасауда.

120 отбасына телефон нүктесі орнатылса және осы телефон ауылдық округіне, екі мектеп орындарына, екі дәрігерлік орындарына, пошта бөлімшесіне орнатылды.Әлі де болса телофон желісін орнату өз жалғасын табуда. Ғаламтор жүйесі әкімшілік пен екі мектептерде орнатылған. Сонымен қатар , АКТИВ ұялы байланысы биіктетілген мұнараға Мұсабек ауылында орнатылған.
Мәдениет және спорт саласына

Мұсабек ауылдық округі бойынша мәдениет орталығы жоқ. Сондықтан барлық мәдениет іс- шаралары мектептерде, жазғы уақытта спорт алаңында өткізіледі.

2013 жылы «Жаңа жыл-2013» Наурыз-2013 мерекесі аранайы іс-шарамен дайындалды, 8-наурыз-Халықаралық әйелдер күніне арналған іс-шаралар әзірленді, Жеңіс күніне қарай іс-шаралар жоспары түгел дерлік өз мерекелік жалғасын тауып толықтай атап өтіліп,Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік мереке күндері өтіп жатыр. «Сүргін жылдары құрбандары»-құғын-сүргінге ұшырағандарға бағышталған іс-шара ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасының Конситуциясы күніне арнайы іс-шара бойынша өткізіп, заң тұрғысына байланысты арнайы шаралар орындалды.

Мұсабек ауылының орталық асханасында «Қарттар күніне» арнап мерекелік дастархан жайылып, мүмкіндігі шектеулі 5 балаға сыйлықтар табыс етілді.

Округ бойынша барлық спорт шаралары Қызыларық орта мектебінің спорт залында өтуде. Мектептерде спортты дамыту мақсатында стол теннисі, тоғыз құмалақ, шахматтан үйірмелер құрылып жұмыс жасауда. Округ бойынша наурыз айынан бастап «Былғары доп» атты футболдан жарыс ұйымдастырылуда. Спорт саласы бойынша округтар арасында барлық ойындар арасында Мұсабек округі спортшылары 1 орында.

2013 есеп жылында қойылған тапсырмасы бойынша Қызыларық орта мектебінің спорт алаңы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2013 жылы Кеңес Одағының Батыры Мұсабек Сеңгірбаевтың 2014 жылы 100 жылыдығына арнайы іс-шаралар белгіленіп, аудан көлемінде тапсырыс берілді. Арнайы ауылдың кітабы, ауылдарда абаттандыру жұмыстары жоспарланды.



Білім саласы бойынша
Қай мемлекеттің де негізі тірегі - білімді де білікті, іскер де, белсенді адамдар.Сондықтан заман талабына сай қоғамды көркейтетін, дамытатын жастар тәрбиелеу ең маңызды мәселе екені даусыз. Елбасының Қазақстан халқына арналған Жолдауында білім саласына ерекше назар аударуды қажет ететін өзекті мәселелерге байланысты нақты әрекет ету жолдары айқын көрсетілген

Округта 2 мектеп бар. Олар: Мектепке дейін шағын орталығы бар Қызыларық орта мектебі және Мәүлімбай ауылында Жеңіс орта мектебі. Қызыларық орта мектебінде 25 мүғалім, 4 тәрбиеші, 152 оқушы, 19 жұмысшы бар. Биылғы жылы Біріңғай Ұлттық тесттен Қызыларық мектебі бойынша 10 бала қатысты, білім сапасы – 48,7 % . Мемлекеттік грантқа 2 оқушы ие болды. Жеңіс мектебінде 17 мұғалім, 10 жұмысшы, 62 оқушы бар.биылғы оқу жылында біріңғай ұлттық тестке 5 бала қатысып орташа балы 48,9 көрсеткішке ие болды. 13 оқушыны Бақша, Быжы бекетінен тасмалдау арқылы оқытып жатыр. Бүгінгі күнге білім сапасы 61,2 % көрсеткішті көрсетіп тұр.

Қызыларық орта мектебінің ішінен мектепке дейін шағын орталықта 35 бала тәрбиеленуде.

Бәріміздің ұлы мұратымыз-мемлекетіміздің дүниежүзінің экономикасы дамыған, бәсекеге қабылетті елу мемлекеттің қатарынан орын алуға ұмтылған, көсегесін көгеретін, даңқын аспандатып, жарқын болашаққа ұмтылып, құштарлықпен еңбек ететін, Отанымыздың мерейін өсіріп, ұлтымыздың ұлылығын танытатын ұрпақ тәрбиелеу болып есептеледі.


Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы
Мұсабек, Мәулімбай ауылына әр үйге су құбыры тартылып, ауылдар сумен қамтылған, осы су аудандық су құбырына алынды. Быжы, Бақша, Мойынқұм бекеттері толығымен тереңдетілген су құбырын пайдаланып отыр. Су ақысы Быжы, Бақша, Мойынқұм бекетінде 57 тенге болса Мұсабек, Мәулімбай ауылында 67 тенге.

Мұсабек ауылына көше жарықтары орнатылған,уақытылы өшіріліп, жанып тұр.

2013 жылдың көктем-күз айларында тазалық айлығы жарияланып

500 тн күл-қоқыс шығарылады. Барлық ауылдағы тұрғындардың үй қоршаулары әктеліп, сырланды. Ауылдың тазалығын сақтау мақсатында 4500 бас жекеменшік қой, 220 бас бойдақ ірі-қара мал сыртқа шығарылып бағылады. Күл-қоқыс полигон орындары тазаланды. Ауыл тұрғындарына ағаш, қоршау сылайтын 4 тн известь таратылды.

Ауылдарға кіріс жолдың екі жағаулауындағы талдар түбі , балақ бұтақтары шабылып, ақталды.Мектептер от-жағу маусымына толық дайындықпен кіріп, жылыту жұмысы дұрыс өтуде.Мектептердің әр сыныптарға жылу өлшемдері қойылды. Қызыларық мектебінің терезелері салафанмен толық қапталды. Ауыл тұрғындары қысқа көмірмен толық қамтылған. Ауыл тұрғындарына 3 көлік Талдықорған қаласынан көмір тасмалдап толық қамтылып отыр. Мұсабек ауылдық округі және ФАП мекемелеріне көмір түсірілді, көмір сақтау орындары тазаланып, ішіне кіргізілді. Жеңіс мектебіне 5148 тн сұйық отын, Қызыларық мектебіне 9663 тн сұйық отын құйылды.

2013 жылы қардың еруіне байланысты биылғы жылы Мұсабек ауылының оң түстігі жағынан ауылдың сыртынан ағып кететін канал қазылды. Бұл жұмыстарға аудан әкімінің жанындағы тұрғын үй және коммуналдық қызмет бөлімінің атсалысқан жұмысы жасалды, 3 км жер қазылып, ендігі су тасқынының алдын алу шаралары жасалды. Осы қазылған жерден елді мекендердегі мал өтетін жерлерден көпірлер орнатылды. Округқа қарасты барлық мекемелер көктемгі күннің жылуына байланысты дайындық жасалып, қардың суы келетін жақтарға Мұсабек және Мәулімбай ауылдарының сыртында бөгет жасалды.

Барлық елді мекендерде ауыл тұрғындарының қоқыс төгетін орындары белгіленіп , сілтемелері жазылып , көрнекі жерлерге ілінген.

Денсаулық саласы
Мұсабек ауылында 1 ауылдық дәрігерлік пункт, Мәүлімбай ауылында 1 дәрігерлік пункт жұмыс жасайды. Быжы бекетінде ауыл тұрғындарына 1 дәрігерлік пункт қызмет көрсетіп отыр.Онда 6 дәрігер қызмет жасайды, білімдері арнаулы орта.

Жоспарланған кесте бойынша ауыл тұрғындары барлық дәрігерлік тексерістен уақтылы өтіп отыр. Дәрігерліәк байқауда 1 жасқа дейінгі бала саны-25, мектеп жасындағылар-99, жасөспірімдер-71,әйелдер саны-350, оның ішінде туыт жасындағылар-148.

Жалпы округ бойынша диспансерлік түрлі аурулар бойынша тұратын адамдар саны-174

1. қанқысымымен-37, Ентікпен ,астма-2, асқазан,бүйрек бауыр-39

Қан ауруы, жүрек талма ауруы-13, жүйке ауруы-15,тері, көз, құлақ-18, эхинакокк ауруы-2, эндемич.Зоб-4, өкпе ауруы 3 , сары буын ауруы-5.

Көшіп келіп жатқан ҚХР адамдар тегіс өкпе рентгенінен өтті, күдіктілер тексерілді. Диспансерлік тіркеуде тұратын ауруларға 50 пайыздағы дәрілер беріледі және Жарлыөзек амбулаториясының дәрігерінің жолдамасымен күндізгі ем қабылдау бір жетілік ем тегін көрсетіледі.

Зертханаға жүкті әйелдерді және балаларды тасмалдау арқылы тексеріліп отыр жетісіне 1 рет. Жүкті әйелдер саны-30. Оларға тегін йод тапшылығына қарсы дәрі беріледі және ФАП кызметкерлерімен бірге малшылардың қыстауларын аралап мұң мұқтаждарын біліп дәрігерлік қызмет көрсетілді. Көктемгі сақманға баратын азаматтар барлығы бірдей тіркеуге алынып сараптама комиссиясынан өтті.
Ішкі саясат

Елбасының салиқалы саясатын халыққа жеткіп, енгізу мақсатында округта Ұгіт-насихатшылар тобы құрылып, жыл бойын халықпен ауылдарда 6 жиналыс өткізілді. Жиындарда Елбасының халыққа арналған Жолдауы талқыланып, сұқбаттар жүргізілді.

Мұсабек ауылдық округі бойынша 4 мемлекеттік қызметкер 1 әкім ауыл тұрғындарына қызмет көрсетуде. Аталған қызметкерлер барлығы жоғары білімді. Біліктілігін анықтауда әр үш жылда кезекті тесттен өтіп отыр. Қызметкерлердің еңбек өтелімі алды 21 жылы арты 4 ай.

Округте 55 жанұя 277 адам қоныстанды. Олардың ішінде 172 адам ҚР-ның азаматтығын алса, 20 адам ҚР-ның азаматтығын алуға өтініш білдірген. Ағайындар арасында жеке шаруа қожалығын құрған 5 отбасына 73 га жер бөлініп берілген. Ауыл тұрғындары уақтылы республикалық, облыстық, аудандық газет-журналдарын алып отыр. Пошта меңгерушісінен басқа 2 пошта қызметкері белгіленген.

Сонымен қатар Мұсабек ауылында 1 мұсылмандар мешіті биыл ашылып, халық жұма намазына барып атсалысуда. Құжаттары толығымен заңдастырылды, «Қызыларық» мешіті «Мұсабек» атындағы мешіт болып ауыстырылды.

Жастар бағдарламасы бойынша округта жыл бойы Жастар көшбасшысы жұмыс жасады. Ол арнайы жоспарлары бойынша ауылдағы барлық мәдени, спорт іс-шаралары бойынша жұмыс жасап ауыл жастарын белсене қатыстыруға жұмыс атқаруда.


Құқықтық тәртіп
Мұсабек ауылдық округі бойынша бір учаскелік полиция қызметкері жұмыс жасап келді. Осы уақтқа мектеп оқушылар арасында қылмыстың алдын алу іс-шаралары жасалып оқушылар арасында әңгімелесу жұмыстары есеп айында 8 рет өткізілді.

Округте өткізілген мәдени іс-шараларда кезекшілік орнатылып, арнайы күзет жұмысы ұйымдастырылады. Жазғы уақытта шаруа қожалықтарының егін алқаптарына бос малдар түспеу үшін шаруа қожалықтарының мүшелерімен бірлесе күзет орнатылды. Кешкі уақытта ауылдың тәртібін сақтайтын қоғамдық жерлерде халық жасақшылар жұмысы жандандырылды.

Осы жылы округ бойынша 6 мал ұрлығы тіркеліп , 1 ашылып, қалған 5-і қылмыс анықталу үстінде.

Ауылдағы отбасылық жанжал-келіспеушілік ауылдық округте ақсақалдар алқасы, әйелдер істері жөніндегі комиссия мүшелерінің қатысуымен қаралып өз алдына шешіліп жатыр.


Азаматтардан түскен арыз – шағым, ұсыныстармен жұмыс жасау.
Осы кезең ішінде барлық Мұсабек ауылдық округі әкімшілігіне 274 өтініш түсті оның 5 жазбаша түрде, ал қалғаны анықтама алу жөніндегі өтініштер.Олар: ауылдық жердегі үйінің маңындағы жерді заңдастыру болып отыр,ал анықтама малға,қосалқы шаруашылығы бар не жоқ екендігі туралы.Барлық өініш уақытылы қаралып,анықтамалары,жазбаша жауабы берілді.

Жоғары органдардан түскен тапсырмалар, кіріс құжаттар саны - 120,шығыс құжаттар – 130. Берілген тапсырмаларды орындау мақсатында арнайы бақылау жоспары бекітіліп,орындалуы қадағалануда.

Ауыл тұрғындарын ауыл округі әкімі,бас мамандардың қабылдау кестесі,сенім телефондары көрнекі жерге жазылып бекітіліп ілінді.

2013 жылға қойылған жоспардың орындалғаны:

1. Қызыларық орта мектебінің жанындағы орталық стадион күрделі жөндеуден өтті. Осы жұмыстарға 4млн.239 мың тенге қаражат жұмсалды.

2. Мәулімбай ауылы бойынша қаңғыбас иттер толығымен жойылып, иттерге егу жұмыстары жүргізілді.

3. Ауыл тұрғындарының малдары жаз мезгілінде 300 бас ірі қара малы, 1400 бас ұсақ мүйізді мал сыртқа шығарылып, бақташы белгіленіп бағылды.
2013 жылдың 3 айына арналған іс-шаралар жоспары:


  1. Жерді тиімді пайдалану, ауыспалы егін егу жұмыстарын ұйымдастыру, сүдігер көтеру.

  2. Жаңа жұмыс орындарын ашу, мамандандыру жұмыстарын жүргізу, жұмысқа орналастыру.

  3. Ауылдарда көркейту, қоғамдық жерлерде абаттандыру жұмыстарын жүргізу.

  4. ҰОС Батыры Мұсабек Сеңгірбаевтың 100 орай ұйымдастырылатын іс-шаралар жоспарын бекіту.

Округ көлемінде атқарылып жатқан іс-шаралардың нәтижесі халықтың бірлігі мен заманның тыныштығының арқасында. Оның дәлелі округтің экономикасы мен мәдениеті күннен күнге жақсарып, тұрғындардың рухани жағынан кемелденуі биік сатыға көтерілуде. Елбасының алға қойыған байыпты бастамаларын орындауға құлшыныс округтің әрбір тұрғыннын бойынан табылуда. Осылайша нарықтық қатынастың талабы-іскерлік, байлықтың бастауы-бірлік екеніне қол жеткізіп, алдағы асуларға жетеміз деген сенімім мол!


Мұсабек ауылдық округі әкімі А.Алпысбаев
Каталог: info -> ray
info -> Национальный банк
ray -> Алєабас ауылдыќ округі јкімініѕ баяндамасы
ray -> «Әкімдердің халыққы есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 013 жылғы 15 тамыздағы №615 Жарлығында округ әкімдері әр тоқсанның айында ауыл тұрғындары алдында есеп берсін делінген
ray -> Калиева-әлия
ray -> Лабасы ауылдық округінің әкімі Б. Егінбаевтың Лабасы ауылдық округінің 013 жылдың айындағы
ray -> Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың талай жылдан бері дәстүрге айналған Қазақстан халқына Жолдауы әдетте әрбір жылдың басында жария етілген болса, биыл сол дәстүрге өзгерістер енгізілді
ray -> «Бірлігі бар елдің өрлеуі бар»
ray -> Айнабұлақ ауылдық округінің әкімі Н
ray -> Қабылиса ауылдық округінің 2009 жылдық әлеуметтік экономикалық дамуының қорытындысы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет