Мұсылман әйелдің хижабына қойылатын талаптар



жүктеу 53.94 Kb.
Дата04.03.2018
өлшемі53.94 Kb.

Мұсылман әйелдің хижабына қойылатын талаптар

Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен!

Әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мақтау-мадақтар, Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасы мүшелеріне және сахабаларына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!

Ал содан кейін:

1. Беттің жүзі мен қолдардың білектерінен басқа барлық жерлерді жабу

Аллаһ Тағала былай деді: «Мүмин әйелдерге де айт: (Бөгде ерлерден) көздерін сақтасын. Әрі ұятты жерлерін (зинадан) қорғасын. Сондай-ақ зейнеттерін көрсетпесін. Бірақ олардың өзіндігінен көрінгендері басқа. Және бүркеншіктерін омырауларына түсірсін. Зейнеттерін керсетпесін. Бірақ: ерлеріне, әкелеріне, қайын аталарына, өз ұлдарына, өгей ұлдарына, аға-бауырларына, олардың ұлдарына, әпке-сіңлілерінің ұлдарына, мұсылман әйелдерге, қолдарындағы күңдеріне, әйел керек қылмайтын қызметшілерге немесе әйелдердің ұятты жерлерін білмейтін балаларға көрсетулеріне болады. Және де көмескі зейнеттерін басқаларға білдіру үшін аяқтарын ұрып жүрмесін. Әй, мүминдер, түгел Аллаһқа тәубе қылыңдар! Әрине, құтыларсыңдар» («ән-Нур» сүресі, 31-аят).

Жабылмай қалдырылатын зейнеттің астарында бет пен қолдың білектері меңзелуде, сондай-ақ тіпті кең, жабысып тұрмайтын киіммен де жабылмайтын дененің пішіні. Сондай-ақ аяқтардың табанын да жабу керек, себебі олар да әурет болып табылады, әрі Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оны әуреттің шеңберінен шығарған жоқ.

Айша (Аллаһ оған разы болсын) бірде Асма бинт Абу Бакрдың үстінде жұқа, арғы жағы көрінетін киімімен Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын), кіргенін, ал ол одан теріс бұрылып: «Я, Асма, қыз бала балиғат жасына толғанда әрі оның етеккірі келе бастағанда, оған мыналардан басқа әлдебір нәрсесін көрсетуіне болмайды», - деп, әрі беті мен қолының білектерін нұсқап көрсеткенін баяндаған. Абу Дауд, хадис хасан (жақсы). Қз. «әл-Мишка», 4372.

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деді: «Әй, Пайғамбар! Жұбайларыңа, қыздарыңа және мүмин әйелдерге айт: үстеріне бүркеншіктерін орансын. Бұл олардың (күңдер мен бұзық әйелдерден ажыратылып) танылуларына, сондай-ақ кейітілмеулеріне жақынырақ. Аллаһ – Аса Жарылқаушы, ерекше Рахымды» («әл-Әхзаб» сүресі, 59-аят).

Абу Хурайраның сөздерінен Муслим жеткізген сахих хадисте Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені хабарланады: «Мен бұл уақытқа дейін тозақта азапталатындардың екі түрін көрген емеспін. Олар қолдарына сиырдың құйрығындай қамшы ұстаған әрі сонымен басқаларды ұратын адамдар, сондай-ақ киінген болғанымен, жалаңаштанған, арлы-берлі теңселіп әрі басқаларды осыған шақырып жатқан әйелдер, ал олардың бастары тербеліп келе жатқан түйенің өркешіндей. Олар Жәннатқа кірмейді, және тіпті оның хош иісін де сезбейді, (бұл) хош иіс өте үлкен қашықтықтан сезілсе де».

2. Хижаб көз тартатындай болмауы керек

Жоғарыда келтірілген «ән-Нұр» сүресінің аятында әйелдер өздерінің зейнеттерін көрсетпеулері керектігі белгіленген. Арабтың «Зинат» (сөзбе-сөз «зейнет») сөзі әшекейдің барлық түрлеріне, сондай-ақ еркектердің назарын еліктіретін әдемі киімге де қатысты. Сөзсіз, Аллаһ Тағала әйелдерге бір сұлулықтарын басқа бір әшекейлермен жабуды бұйыруы мүлдем мүмкін емес. Бұдан шығатыны – әйел адам бөтен еркектердің көзінше ою-өрнекті хижаб немесе асыл тастар тағылған орамалдар тағуына хақысы жоқ. Аллаһ Тағала былай деді: «Үйлеріңде отырыңдар, кәдімгі надандық дәурінше ашылмаңдар...» («әл-Әхзаб» сүресі, 33-аят).

Арабтың «табарруж» сөзі әйел өзінің сұлулығы мен зейнетін бөтен ер адамдарды еліктіре отырып жайып салғанда қолданылады. Өзін сыртқа жайып көрсету ауыр күнәлардың қатарынан. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұдан сақтандырған және: «Үшеу туралы тіпті сұрама да. Бұл – мұсылман жамағатын тастаған, өзінің имамын тыңдамаған және (сол) тыңдамаған күйі қайтыс болған адам; өзінің қожайынынан қашып кеткен күң немесе құл; және күйеуі оны асырайтын, бірақ оның жоқтығында сәнденіп және үйден шығатын әйел. Олар туралы тіпті сұрама!», - деген. Әл-Бухари «әл-Адабул-Муфрад», әл-Хаким. Қз.: «Сахих әл-Жәми’», 3058.

3. Хижаб хош иіспен аңқып тұрмауы тиіс

Бұл тақырыпқа байланысты әйелдерге үйлерінен иіс су сеуіп шығуларына тыйым салатын өте көптеген сахих хадистер бар. Мен тым ұзақ талқылауға кіргім келмейді әрі бір ғана мысал келтіремін. Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: «Егер әйел иіс суларын сеуіп үйден шықса, ал содан кейін өзінің хош иісін сезсін деп бір топ еркектің қасынан өтсе, онда ол - зинақор (әйел)». Ахмад. Қз.: Сахих әл-Жами’» 2701.



4. Хижаб тар әрі денеге жабысып тұрмауы тиіс

Имам Ахмад, Аллаһ оны рахым етсін, өзінің «әл-Муснадында» Усама ибн Зайдтың Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оған Дихия әл-Кәлбидің сыйлаған тығыз матадан көйлек бергенін баяндайтын хадисті жеткізді. Ол көйлекті алып, оны өзінің әйеліне сыйлады. Бірде Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) одан: «Сен ол көйлекті не үшін кимей жүрсің?», - деп сұрады. Ол: «Уа, Аллаһтың Елшісі! Мен оны өзімнің әйеліме сыйладым», - деп жауап берді. Сонда Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Бар, оған астынан бір нәрсе киюді бұйыр, себебі мен оның дене пішімі көрінеді ме деп қорқамын», - деді. Ахмад 5/205. Әл-Әлбани хадисті әд-Дийа, Ахмад және әл-Бәйһақи жеткізушілердің жақсы иснадымен жеткізгенін айтты.



5. Әйелдің киімі ерлердің киіміне ұқсамауы керек

Ибн Аббастың сөздерінен әл-Бухари жеткізген сахих хадисте «Аллаһ Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әйелдерге ұқсап-еліктейтін еркектерді және еркектерге ұқсап-еліктейтін әйелдерді лағынеттегені» жеткізіледі. Аллаһ Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сондай-ақ былай деді: «Аллаһ еркектерге ұқсап-еліктейтін және еркектердің киімін киетін әйелдерді лағынеттеді».



6. Киім тәкаппарлықты тудырмауы керек

Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: «Тәкаппарлықты туындататын киім киген адамға Аллаһ тура сондай киімді Қиямет Күні кигізеді де, сосын оны Отта жағып жібереді».

Сөз адамның басқалардан өзін жоғары көрсету үшін киетін киімі туралы болуда. Бұл өзінің байлығымен және тапқан дүниесімен (жеткен жетістіктерімен) даңдайсынып киетін қымбат киім болуы мүмкін. Жоғарыда айтылған талап тек әйелдерге емес, еркектерге де қатысты. Тәкаппарлық тудыратын киім киген әрбір адам егер осы күнәсына тәубе етпесе, жазаланатын болады.



7. Киім кәпірлердің киіміне ұқсамауы керек

Ибн Умардың сөздерінен Абу Даудтан және басқа да хадистану ғалымдарынан жеткен сахих хадисте Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Кім қандай да бір халыққа ұқсап-еліктесе, ол солардан», - дегені жеткізіледі.

Ал Аллаһ Тағала былай деді: «Иман келтіргендердің жүректері Аллаһтың зікіріне (Құранға) жүмсап, әрі түскен ақиқатқа жібімейді ме? Ал енді бұрын өздеріне Кітап беріліп, сосын ұзын мерзім өткендіктен жүректері қатайғандар сияқты болмаңдар. Олардың көбі бұзақылар» («әл-Хадид» сүресі, 16-аят).

Ибн Кәсир (Аллаһ оны рахымына бөлесін) осы аяттың тәпсірінде былай деді: «Аллаһ бұл сөздермен мүминдерге яһудилер мен христиандарға негізгі және екінші кезекті мәселелерде ұқсап-еліктеуге тыйым салды». Қз.: «Тафсирул-Куранил-’Азым», 4/484.

Шейхул-Ислам Ибн Таймия (Аллаһ оны рахым етсін) осы аяттың тәпсірінде былай деді: «Бұл жерде кез-келген бастамаларда оларға ұқсап-еліктеуге үзілді-кесілді тыйым қамтылған».

Әрі соңында әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мақтау-мадақтар болсын!

Дереккөз: «Путь к Корану»



Қазақ тіліне аударған: «Абу Ханифа мирасы» сайтының редакциясы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет